Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа

Описание работы

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті.docx

— 188.02 Кб (Скачать файл)

б) Еңбекақыға жұмсалған  шығындар;

1) іс жүзінде орындалған  жұмысқа еңбекақы төлеу;

2) жұмысшыларға заттай  төлеу түрінде берілетін өнімдердің  құндары;

3) өнімдік сипаттағы төлемдер (қалыптық жағдайлардан тысқары  жұмыстарға, кәсіптерді қатар атқару, денсаулық үшін қауіпті жағдайлардағы  жұмыстар үшін);

4) демалысқа төлеу және  т.б. 

в) заңменен белгіленген  нормалар бойынша міндетті ақша аудару - әлуметтік қажеттілікке ақша аударуға жатады. Жалпы шығын мөлшерінің еңбекақы төлеуге байланыстылығы анықтайтын әлументтік сақтандыру қорына, зейнетақы  қорына (мемлекеттік және мемлекеттік  емес, халықты жұмыспен қамту қорына). Материалдың шығын секілді (I бөлім), еңбекақыға жұмсалатын шығындар. (II бөлімнің) әлументтік қажеттілікке аұша аудару да (III бөлім) кәсіпорынның меншікті капитал  айналымын пайдаланумен байланысты. Төртінші бөлімде көрсетілген шығындар кәсіпорынның негізгі капиталын  пайдаланумен байланысты.

г) негізгі капиталдың амортизациясы  - ол негізгі капиталдың құнын оның тозуына қарай сол капиталдың көмегімен өндірілетін өнімге көшірілетін  және осы құнды негізгі капиталды  одан әрі ұдайы өндіру үшін пайдалану  процесі болып табылады.

Амортизацияның әр жылғы  нормасы салық және басқа да міндетті өлемдер заңда белгіленген.  

Сонымен, кәсіпорын бір  уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің  қызметкерлеріне  сыйлық, банктік несиеге процент  төлеу, әлеуметтік  обьектілерді  ұстау, бюджеттен тыс қорларға  аударым жарналарын жасау – бұл  шығындар  кәсіпорынның  қосымша  шығындарын құрайды.

1.3  Көмекші өндірістің шығындарының есебі

 

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл  қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау. Жөндеу –механикалық  цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі Парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

8310  - «Көмекші өндірістер (қорытушы шот)»;

8311  - «Материалдар»;

8312 – «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу»;

8313  -«Еңбекақыдан қаржы бөлу»;

Көмекші өндірістердің әрбір  цехтары бойынша шығындарды есепке алу «цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, оның түрлері (егер олар арқылы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделігі мен сипатына тәуелді болып? келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектесеместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі өндірісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашина мен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек. Ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық не есептік өзіндік құны бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаданылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады. сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық пен  аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі ол кезде 1340 - «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8310-«Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі. бұл операцияның көмегімен аяқтамаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 - «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеліп, 1340 - «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен  қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар  бойынша тарату үшін «Көмекші өндірістің керсеткен қызметін тарату» деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы, қысылған ауаның куба метрі, электростанция киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнынын бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

«Көмекші өндіріс қызметін таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімше өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және-көмекші өндірістердің шығындарынан ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тек болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметі тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде көрсетілген  қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу қазандық компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

Көмекші өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың өнімдердің жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Көмекші өндіріске қандай шығындар жатқызылатынын 4-ші кестеден көреміз.

 

Кесте 4

Көмекші өндіріске жатқызылатын шығындар

 

Шаруашылық  операцияларының мазмұны

Сома 

теңге

Шоттар  корреспонденциясы

Дебет

Кредит

Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдық құндылықтар 

-автотранспорт цехына

-бу қазан цехына

   1410000

350000

793000

273000

 

 

8310

 

 

1310-1318

Көмекші өндірісте істейтін еңбеккерлерге  жалақысы есептелінді

- автотранспорт цехынадағы

 

3190000

165 0000

980 000

360 000

 

 

8312

 

 

3350

-бу  қазан цехынадағы

-жөндеу механикалық цехынадағы

Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталды.

- материалдық шығындары

- еңбекақы шығындары

- еңбекақыдан аударылатын аударымдар

- үстеме шығыстары

шығындар цехтар бойынша қорытындыланды.

-автотранспорт цехы бойыншы

-бу қазан цехы бойынша

 

7334545

141 0000

319 0000

602910

2131635

3414419

   2610080

8310

 

8310

8310

8310

8311

 

8312

8313

8314

Бір–біріне  қарама–қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылды

1159810

253681

 

 

8310 сәйкес супб шоттары бой-ша

- автотранспорт  цехы бойынша

-бу қазан цехы бойынша

-жөндеу механикалық цехы бойынша

557869

   348260

   

Көмекші өндіріс бойынша жасалған шығындар (барлығы) 8494355тең (7334545+1158810)

8494355

   

Бір біріне өзара көрсеткен қызметтермен жұмыстары есептен шығарылды.

1159810

8310

8310 сәйкес суб шоттары бойынша

Көмекші өндіріс цехтары бойынша шығарылған дайын өнім кірістелді.

114400

1320

8310

Негізгі өндіріске көрсеткен қызметімен атқарған жұмыстары

- Кескіш цех үшін 

- Пішетін цехы үшін

- Дайындаушы цехы үшін

- Аяқ киім тігетін цехы үшін

5058038

 

1414650

1623758

166671

3252959

8410

8310

Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін орындалған жұмыстар мен қызметтер

526237

7210

8310

Өнімді  сатумен байланысты жұмыстармен  қызметтер

1051092

7110

8310

Тыс жақта орындалған жұмыстармен қызметтерді  есептен шығару

584778

7010

8310

жиыны

8494355

   

Ескерту - [10] қайнар көзі негізінде құастырылған


Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік. Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық жөндеу механикалық бу қазандық цехтары бар болсын делік, Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады.

«Негізгі материалдар», «қосалқы материалдар», «Негізгі және қосымша жалақы» және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.

Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған енді ол счехчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады.

Қарпайым өндірістің калькулациясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметінің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылган өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп барып). Анықталған өнімнің қызметтін, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 8310 шотынын кредитінен есептен шығарылады.

1. Бу қазан цехы. Бу  қазан цехының таза өзінің  шығыны 2610080 теңге құраған. ал  жөндеу –механикалық  цехының  көрсеткен қызметі (кұрал-жабдыктарды  жөндеу бойынша) - 175150 теңге құраған,  автотранспорт цехының көрсеткен  қызметі (есептің құны бойынша)  — 382719 теңге құраған.

1 тонна будың есептің  өзіндік құны - 85 теңге құраған  (өткен айдағы нақты шығындарының  деңгейінен алынған).

Негізі тұтынушыларға  көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны 2920049 теңге құраған (6 кестеге қараңыз): 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185 (жоспарлы өзіндік құқы бойынша жөндеу -.механикалық цехының көрсеткен қызметі). Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік құнының бірлігі 223.64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057).

Негізгі; тұтынушыларға көрсстілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттын негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт  целының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал автотранспорт цехының. өзі жасаған шығын 3414419 теңге құраған, қарама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі - 25386І теңге құраған жөндеу-.механикалық цехының көрсеткен қызметі, Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір ткм-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.

Жоспарлы өзіндік құн  бойынша қарсы көрсетілген қызметін сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:

бу қазан цехы бойынша  — 382719 теңге (1983 т/кмх193);

жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 теңге (520 т/км.193).

Жоғарыда келтірілген  мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға  көрсетілген қызметтің нақты  өзіндік құнының сомасы 3185021 теңге  құраған (3414419+253681 382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтін көлемі 16454 т/км құраған (.18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар  бойынша шығындардың жалпы денгейін (3)85021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген  қызметтің көлеміне 16454) бөлеміз  де. 1т/км нақты өзіндік құнын табамыз, ал ол біздің мысалда — І9357 теңге  құраған (3185021:16454).

Бу қазаны мен автотранспорт  цехының жөндеу-механикалық цехына көрсеткен кызмет қарама-қарсы қабылданған  өткен айдағы кызметті нақты өзіндік  құны туралы мәліметтін негізінде анықталған есептік құны бойынша көрсетілген:

- бір т/км өзіндік құны  — 193 теңге:

- бір тонна будың өзіндік  құны — 185 теңге.

Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтін өзідік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған  өндірістің денгейін анықтаудың үлкен  маңызы бар екенін атай өткен абзал. Нақтылап айтқанда. осы екі әдіс бойынша. яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолыменде бағалауға болады.

Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған  өндіріс объектілерінің саны және  олардың дайындық денгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп  шығарып және бір норма сағаттын жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған  өндірістегі жалақының үлесін табады. Материалдардық құнын нормативтік  калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын  құрайды.

Сонымен, күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстармен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішінде есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңында аяқталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.

 

 

 

2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің   шығындарын  талдау

2.1 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің  қаржылық жағдайын есептеу   және талдау

 

Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті