Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:59, реферат

Описание работы

Мұнайдан кейінгі жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері.................4

2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері.....................................11

Қорытынды..........................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................16

Файлы: 1 файл

Мунай-газ жане комир-реферат.docx

— 72.40 Кб (Скачать файл)

Жоспары

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері.................4

 

2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері.....................................11

 

Қорытынды..........................................................................................................15

 

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

      Қазақстанның басты стратегиялық мақсаты – экономиканың шикізат өндіру бағытын бәсекеге қабілетті тауар және қызмет өндіруге ауыстыру  болып табылады. Сонымен қатар тауар және қызмет өндіруде жаңа технологияларға  сай интеграциялық үрдістерді енгізу.

Еліміздің өнеркәсіптік салалары әлемдік рынокта беделді орынға ие екенін білеміз. Соның ішінде мұнай-газ және көмір өндірісі үздік ондықтың қатарында, ал ТМД елдері арасында мұнай және газ қоры бірінші орынды иеленсе, көмір қоры және оны өндіру жағынан үшінші, адам басына шаққанда қолдану жағынан бірінші орын алады.

Қазақстанның мұнай-газ  өнеркәсібінің потенциалы мұнай  мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі (перспективалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игеріліп немесе барланып жатқан, әйтпесе уақытша сақталып қойылған кен орындармен байланысты. Келелі және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әртүрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар болып табылады.

Мұнайдан кейінгі  жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.

Көмір өнеркәсібі – елдің  халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат  кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың  әр саласына қажетті 350-ден астам  құнды заттар алынады.

1955 жылдан бастап Қазақстанда  көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі  кезеңге аяқ басты. Соңғы жылдары  Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра  кеніштеріндегі сапалы көмірдің  үлесін молайту есебінен өндірілетін  көмірдің құрылымын жақсартуға  мүмкіндік туды. Қазіргі кезде  Қазақстанда 100-ден астам көмір  кеніштері орналасқан. Тас көмірдің  негізгі кеніштері – Қарағанды,  Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды  алабында өндіріледі және көмір  өндіру көлемінің 50%-ын құрайды.

 

 

 

 

 

1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері

 

Бүгінгі күні де ел экономикасының аршындап алға басуын қамтамасыз етіп отырған басым бағыттардың бірегейі мұнай-газ саласы болып табылады. Табиғи ресурстар қайтарымын арттырып, қазақстандық қамтудың көлемін арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығару және ІЖӨ құрамындағы көмірсутегі шикізаты үлесін кеміту өндірістік-технологиялық базаны белсенді дамытуды талап етіп отыр. Осы орайда елімізде әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру жөнінде ауыз толтырып айтарлық іс тындырылғанын атап өтуіміз керек.

Мұнай-химия өндірістерін құру, мұнай мен газды тереңдетіп өңдеу технологияларын тиімді пайдалану  жөніндегі отандық тәжірибе халықаралық  сарапшылар және Exxon Mobil, Shell, Basell, Jacobs Consultance компанияларының, Nexant консалтингтік  компаниясының маркетингтік зерттеулер орталығы тарапынан өз бағасын алды. Өз кезегінде шетелдік мамандар Қазақстанның көмірсутекті шикізат саласын заман  талабына сай өркендету жөнінде  нақты ұсыныстар берген болатын. Мәселен, газ-химия кешенінің ресурстары – этилбензол, стирол және полистирол, этиленгликоль, терефтал қышқылы және полиэтилентерефталат, дихлор-этан, винилхлорид  және поливинилхлорид, бутадиен және синтетикалық каучукты пайдалану саласында, сондай-ақ мұнай-химия өндірісін дамытудың  басқа да бағыттары бойынша техникалық шешімдер қабылданды. Айталық, «Бірлескен химия компаниясы» ЖШС жобаны қаржыландыру бойынша әлеуетті инвесторлармен, оның ішінде Германияның Lanxess, Үндістанның Reliance Industries Limited компанияларымен және Таяу Шығыстың бірқатар кәсіпорындарымен келіссөз жүргізуде. Бутадиен шикізатын  жеткізу бойынша «Теңізшевройл» ЖШС ауқымды шараларды қолға  алды. Жобалар жүзеге асырылған жағдайда жаңа инновациялық өндірістер құру үшін ішкі нарықта жаңадан шағын және орта кәсіпорындар пайда болады. Сыртқы нарықтарға мұнай тасымалдау да назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан-Қытай  мұнай құбыры-ел экономикасы үшін аса маңызды жобалардың бірі. Бұл  жобаны одан әрі қарай дамытудағы негізгі түйіндердің бірі қазақстандық экспорт ресурстарының мәселесі болып табылады. Мұнай құбырын  ұлғайту шарттарын реттеу мақсатында баға мен тариф белгілеу мәселесі бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында екі ел үкіметтері арасындағы келісім  жобасы талқыланып, нақты уағдаластыққа  қол жеткізілді. Келесі бір жоба-Қазақстан  Каспий Тасымалдау Жүйесі Қашаған кен  орнынан Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан  жүйесі мен басқа да транзиттік елдер  аумағында орналасқан мұнай құбыры жүйелерінің көмегімен отандық  мұнайдың халықаралық экспортын  қамтамасыз етуді көздейді.

Осы сараптамалар мен өзіндік  зерттемелер негізінде Мұнай  және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз»  АҚ саланы дамытудың қысқа кезеңдік және ұзақ мерзімді жоба-жоспарларын  жасаған болатын. Еліміздің Үдемелі  индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сала ауқымында атқарылатын іс ауқымы айқындалды, атап айтқанда кен көздерінің қуаттарын арттыру, мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту көзделіп отыр. Жүзеге асқан жобалар көлемі сөз бен істің арасында алшақтық жоқтығын көрсетіп отыр. Сала жұмысын зерделейтін «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректері бойынша республиканың мұнай өндіруші компаниялары 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында газ конденсатын қоса алғанда 39,7 млн. тонна мұнай өндірген. Мұнай өндірудің негізгі өсімін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «КазГерМунай» БК ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ сияқты жетекші компаниялар қамтамасыз еткен. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында газ конденсатымен бірге мұнай экспорт көлемі 33,96 млн. тонна немесе 2010 жылмен салыстырғанда 92,4 % деңгейді құраған. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарында 7 186 мың тонна мұнай өңделді. Өңделген мұнайдан 1484 мың тонна бензин, 2095 мың тонна дизель отыны, 1773 мың тонна мазут, 195 мың тонна авиакеросин өндірілген. Шығарылатын өнім сапасы Еуро-2 экологиялық стандартына сай. Қазіргі уақытта елдегі мұнай өңдеу зауыттарында мұнай 68 пайызға өңделуде. Зауыттарды жаңғырту жобалары толық іске асқаннан кейін өңдеу 90 пайызға дейін артады. МӨЗ мүмкіндігін толық пайдалануға жол ашылғаннан кейін, өңделген мұнайдың 1 тоннасынан алынатын мұнай өнімдерінің құны 2016 жылға қарай орта есеппен 95 АҚШ долларына артады, мұның өзі жанар-жағар май бағасының тұрақтанатынын көрсетсе керек.

 

 



 

Мұнайдың дәлелденген қорларының мөлшері жағынан, яғни республикада қабылданған қорлар жіктемесінің А+ В+С1 категориялары бойынша, Қазақстан дүниежүзіндегі мұнайдың дәледенген қорларының 90 %-ын иеленген 16 елдің қатарына кіре отырып, осы тізбекте 14-нші орынды иеленеді. Ал шындыққа сәйкесу деңгейі өте жоғары бағаланатын Қашаған және Теңіз кенорындары бойынша есептеліп шығарылған шамамен бағаланған қорларды (С2 категориясы) есепке алар болсақ, Қазақстан дүниежүзі елдерінің алғашқы ондығына кіре отырып, осы тізбектегі, Ресей Федарациясынан кейінгі, 8-нші орынды иеленеді. Сұйық кемірсутектердің, яғни мұнай мен газды конденсаттың жиынтық мөлшері тұрғысынан да Қазақстан осы тізбектің 8-нші орнында. Сұйық кемірсутектердің дәлелденген және шамамен бағаланған қорлары жағынан республиканың жиынтық потенциалы әлемдік дәлелденген қорлардың 3,5 %-н құрайды [1].

Отандық және шетелдік мамандардың  болжамдық бағалау деректеріне  сәйкес, барланған қорлардың еселей артуы тек қана Каспий теңізі айдынының  табанынан ғаламат ірі кенорындардың  ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған болатын. Осы болжам республика мұнайының қорын 35 %-ға өсіруге мүмкіндік берген Қашаған кенорнының ашылуымен расталып отыр. Мұндай ғаламат ірі кенорындардың болашақта да табылу мүмкіндігі күмәнді, десек те біршама ірі ашылулар жоққа шығарылмайды, олар бірінші кезекте Каспий теңізінің бозщылық бөлігіндегі мезозойлық түзілімдермен, атап айтқанда Құрманғазы алаңшасымен, Каспий айдынының солтүстігіндегі палеозойлық карбонатты массивтермен, сол сияқты Оңтүстік Маңғыстау алабындағы Песчаномыс-Ракуш және Беке-Басқұдық бөліктерімен байланысты болуы тиіс. Шөгінді алаптардың құрлықтағы бөліктері ауқымынан ірі-ірі кенорындар ашылу мүмкіндігі тамамдалғанға ұқсайды, сондықтан барланған қорлардың бүгінгі қол жеткен деңгейі тұрақты деңгейге жақындап келеді. Бозащы секторының мезозой түзілімдерінен және Каспийдің солтүстік бөлігіндегі тұз үсті түзілімдерінен қоры жағынан ұсақ және орташа кенорындар санатына жататын, негізінен мұнай кенорындарының ашылу мүмкіндіктері әлі де болса өте жоғары бола тұрса да, бұл ашылулар қорлар балансын күрт жоғарлатып жібере алмайды, себебі, біріншіден, бұл ашылулар ұзақ уақыттарға созылатын болады, екіншіден, жаңадан анықталатын қорлар қазір игеріліп жатқан кенорындардан алынатын сұйық көмірсутектердің мөлшерін белгілі дәрежеде жауып отыруға ғана жететін болады.

Сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін алыс перспективаларға анықтайтын негізгі базалық кенорындар қатарына Қашаған мен Теңіз кенорындарын жатқызуға болады, бұлар өздерінің мүмкіндіктері жағынан бір-бірімен шамалас кенорындар, оларда бүкіл барланған қорлардың 70 %-ы шоғырланған. Игеріліп жатқан кенорындардағы мұнай мен газды конденсаттың қалдық қорларын қоса есептегендегі барланған қорлардың 90 %-дан астамы 15 кенорынға тиесілі, олар - Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Королев, Жаңажол, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы, Құмкөл, Қаламқас, Жеті- бай, Әлібекмола, Ақшабұлақ, Кеңқияқжәне Кенбай кенорындары.

Бұл кенорындардың кейбіреулерің игерілу мерзімінің ең жоғарғы көрсеткіші 25-40 жыл аралығында, алайда бұл кенорындардағы мұнайдың өндіріп алуға болатын қалдық қорлары да біршама жоғары деңгейде. Кенорындардың бір бөлігі әлі де болса игерілмеген, немесе игерудің бастапқы сатысында. Олай болса, 15 базалық кенорындардағы сұйық көмірсутектердің барланған қорларының дайындалған базасы және олардың жоғары дәрежеде шоғырлануы болашаққа сеніммен қарай отырып, мұнай мен газды конденсат өндіру деңгейін өсірудің геологиялық мүмкіндіктері шынында да жоғары дәрежеде деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Бұл орайдағы негізгі кедергі кенорындарда жинақталған мол мұнай шоғырларындағы еріген және дербес газдар құрамындағы күкіртсутектердің жоғары концентрациясын аластайтын, сол сияқты мұнайды тазартатын қуатты қондырғылардың әлі де болса жетімсіздігі болып табылады.

Мұнайдың жинақталған  мол мөлшерлерін сыртқы рынокқа тасымалдаудың тиімді жолдарын қарастыру мәселесі де принциптік мәселе дәрежесін иелене бермек.

Сонымен, Республиканың негізгі  мұнай-газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда  облыстары мен Жезқазған аймағында. Кен орындарының 70 пайызға жуығы  Атырау мен Маңғыстау облыстарының территориясында.

Мұнай қоры жағынан болашағы зор – Атырау облысы. Табиғи қорының  сипаты және халықшаруашылығына мамандануына қарай облыстың аумағын үш негізгі  экономикалық-өндірістік ауданға бөліп  қарауға болады. Олар- Жайықтың төменгі  ағысының бойы мен сағасы, Оңтүстік Жем алабы және Тайсойған. Жайықтың төменгі ағысы мен сағасында  мұнай өңдеу, химия, машина жасау, балық  аулау және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған. Оңтүстік Жем алабы мұнай өндіру және оны тасымалдаумен шұғылданады. Ал Тайсойған атырабы негізінен  төрт түлік өсіруге қолайлы [2].

Мұнай-газ саласы облыстың экономикасының басқа салаларының  да қарыштап дамуына мүмкіндік бере бастады. Мұнай мен газ өндіру және өңдеу, тасымалдау көлемінің артуына  байланысты көлік қатынасы, энергетика, телекоммуникация, жол қатынасы дамыды. Рас, мұнай-газ секторы өзінің алғашқы  қалыптасу кезеңінде өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың қиыншылықтарын бастан өткерді. Бұл салада түбегейлі  құрылымдық өзгерістер жүзеге асып, басқару  құрылымында заман талабына сай  реформалар жүргізілді.

Қазақстанның газға деген  потенциалы да дербес газдың барланған  қорларымен және әзір барланбаған, яғни күтілген (перспективалық) және болжам ресурстарымен анықталады. Дербес газдың, яғни газ жатындары мен газды  тақия газдарының қоры жағынан Қазақстан  барланған газ қорының 90 %-ына иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеленеді. Қазақстан дүниежүзіндегі газ қорының 1,3 %-на ие. Газдыңбарланған қорларының 97 %-ға жуығы Батыс Қазақстан аймақтарында, оның 75 %-ы Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының үлесіне 7-8 %-дан келеді. Газдың басым белігі Қарашығанақ кенорнында шоғырланған.

Республиканың газдық потенциалы Каспий теңіз айдынының табанынан жаңадан ашылған газконденсатты-мұнайлы кенорындар есебінен артатын болады. Дербес газдың жыл сайынғы өнімінің 80 %-ын Батыс Қазақстан облысы, 13 %-ын Маңғыстау облысы қамтамасыз етеді, қалған бөлігі өзге облыстар мен аудандардың үлесінде. Газ өндіру деңгейін Қарашығанақ, Имашев, Чинарев, Ұрықтау, Жаңажол, Теңге, Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Амангелді, Шағырлы-Шемішті кенорындары және кенорындардың Пророва тобы қамтамасыз етеді, бұл кенорындарда дербес газдың қазіргі кезде барланған қорының 95 %-ға жуығы шоғырланған. Алайда аталған кенорындардың кейбіреуінде газасты мұнай жастықтары мен мұнай жұрындарының болуы сол жатындардың газды белігін игеруге енгізуге мұнайды түгел алып болғанға дейін кедергі келтіретін болады. Газды оның құрамындағы күкіртсутектердің мол концентрациясынан тазарту проблемасы Имашев кенорнын игеруге күні бүгінге дейін кедергі келтіріп отыр.

Информация о работе Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі