Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:59, реферат

Описание работы

Мұнайдан кейінгі жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері.................4

2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері.....................................11

Қорытынды..........................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................16

Файлы: 1 файл

Мунай-газ жане комир-реферат.docx

— 72.40 Кб (Скачать файл)

Дербес газдың барланған  қорларын арттырудың шын мәніндегі  мүмкіндігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жаңа кенорындардың, олардың  ішінде ірі кенорындардың да ашылуымен  байланысты. Және де мұндағы өнімді болып табылатын мезозой кешендерімен байланысты жатындар мен кенорындар күкіртсутекті кіріктіріп жарымайды, мұның өзі олардың тез арада игере бастау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Қазақстанның газға деген  потенциалында мұнайда еріген газдардың  үлкен маңызы бар, олардың барланған  қорлары дербес газдың барланған  қорларынан артық. Еріген газдар қорының 85 %-дан астамы Атырау облысындағы Қашаған және Теңіз кенорындарында шоғырланған, сондықтан бұл кенорындарды игеру барысында алынған газды мұнай жатындарына жарым-жартылай қайтадан айдау шараларымен анықталатын технологиялық іс-шаралар жоспарланған. Алайда бұл кенорындардан алынған еріген газдың бүкіл мөлшері жатындарға қайтадан айдалмайтындығы сөзсіз, сондықтан олардың бір бөлігі республиканың ішкі өңіріндегі және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.

Пайдалы қазбалардың мемлекеттік  балансымен 130 газ кенорны есепке алынған. Олардың ішінде 3 кенорын  бастапқы өндірілмек қорларының пайдалы  қазба қорларының Мемлекеттік комиссиясының  жіктемесіне сәйкес бағаланған мөлшері  жағынан ғаламат ірі (300 млрд. м3), екеуі өте ірі (100,1-300 млрд. м3), төртеуі ірі (30,1-100 млрд. м3), сегізі орташа (10,1-30 млрд. м3), он жетісі шағын (3,1—10 млрд. м3), жиырма бесі кішірек (1-3 млрд. м3) және жетпіс бірі өте кішкентай (1 млрд. м3-ге дейін) кенорындарға жатады. Республика бойынша дербес газға 41, еріген газға 44 кенорын игерілуде.

Конденсат Мемлекеттік баланспен 42 кенорында есепке алынған. Олардың 30-ы мұнай-газ-конденсатты, 12-і газ-конденсатты кенорындар. 42 конденсатты кенорынның 18-і игерілуде, 18-і игеруге дайындалған, 6 кенорын барлануда. Қарашығанақ дербес газ тұрғысынан ғана емес, конденсат тұрғысынан да ғаламат ірі кенорын. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан аймағында тау шайырлардың 64 дербес шоғыры әртүрлі дәрежеде зерттелген, олардың 18-і барланған, 2 кенорында (Қарамұрат, Иманқара) тәжрибелік өндіру шаралары жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы мұнай өндіру тұрғысынан дүние жүзіндегі ежелгі елдердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көмірсутек шикізаты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында өндіріледі [2].

Республикада табиғи газдың айтарлықтай қоры бар, алайда ол өз қажеттілігінің үлкен бөлігін Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей газдары  есебінен жабады. Мұның негізгі себебі газбен қамтамасыз етудің әбден қалыптасқан, яғни бұрынғы КСРО-дан мұраға қалған инфроқұрылымы болып табылады, бұл инфрақұрылым газ өндірілетін және газды тұтынатын аймақтардың бір-бірінен қашық орналасуымен, газ құбырларының тармақталған тораптары болмауымен сипаттала отырып, барланған және игеруге дайындалған кенорындарды іске қосу ісіне айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Газ негізінен Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, азырақ мөлшерде Атырау және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Маңғыстау облысында газ 8 конорыннан өндіріледі, олар - Теңге, Оңіүстік Жетібай, Батыс Теңге, Тасболат, Жетібай, Ақтас, Қарамандыбас және Өзен кенорындары. Республикада өндірілетін газдың негізгі бөлігі (50 %-дан астамы) соңғы жылдары Қарашығанақ кенорнының үлесіне тиіп отыр. Республиканың табиғи газға деген қазіргі таңдағы сұранысы жылына 7-8 млрд. м3.

Сонымен, Қазақстан өте  ірі мұнай-газ потенциалына иелік етеді, оның ішінде сұйық және газ түріндегі көмірсутектердің барланған қорының биік үлесімен сипатталады. Мұның өзі мұнай мен газды өндіру деңгейін арттырып қана қоймай, мұнай-газ өндіру өнеркәсібінің шикізат базасын жаңадан ашылған, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторынан табылған жаңа кенорындар есебінен нығайта түсуге де мүмкіндік береді.

2015 жылы тәулігіне 300 мың  тонна (2,3 млн баррел) мұнай өндіру  болжамы мұнай өндіру қарқынын  жылына 5,7 %-ға өсіре отырып, 8-9 жылдан  соң Қазақстанның мұнай шығарушы  мемлекеттердің алғашқы ондығында  болуын қамтамасыз етеді.  Қытаймен  стратегиялық серіктестік құруға емес, мұнай-газ саласында бір-бірімізге пайдалы қызмет істеуге сенім артап отыр. Біріншіден, инвестиция, технология, логистика, тәжірибе алуда көмек күтеміз. Одан кейінгі кезекте қайта өңдіру салалары мен экономиканың шикізатты емес салалары.

Қазақстан нарығында Қытай  өзінің компанияларымен танылған, бұның  ішіндегі ең бастысы  ҚҰ МК-сына тиесілі. Тиімді бірлестіктін жарқын үлгісі «Петро Қазақстан» болып табылады. Оның акционерлері – 2 ұлттың, ҚР және ҚХР мұнай-газ  компаниялары - «КазМұнайГаз» және «ҚҰ МК». Компанияның өзінің интеграциялануы  арқасында өндіріс сапасын жақсартуға, қарқынын көтеруге үлкен мүмкіндігі бар. Шикізаттың (2012 ж - 8,4 млн т) және өңдеудің (2012 ж - 8,3 млн т) көлемі бойынша ПҚИ Қазақстан территориясындағы мұнай қорын пайдалануда ең жемісті мұнай-газ компаниясына кірді [3].

Технологиялық тұрғыдан қытай  компаниялары - мұнайды барлау, бұрғылау, қойма мекені мен мұнай мен  газды өңдеу, жемістілігін көтеруде табысты. Мысалы, ҚҰ МК технологиясының  арқасында геологиялық тұрғыдан күрделі болып табылатын Кенкияк  кен орнында күрделі жұмыс  басталып кетті. Жаңа технологияны ендіру нәтижесінде қысқа уақыт арасында орта көлемі 28 млн қоры бар мұнай  орнын игеруге мүмкіндік алды, мұндағы мұнай өндіру күші жылына 2 млн т құрайды.

Сонымен қатар, ілеспе газды  пайдаға жарату жұмысы жүргізілуде. Мәселен, Қызылорда облысында «Петро Қазақстанның» Оңтүстік Торғай бассейніндегі  мұнай орнында ілеспе газды пайдаға  жарату жобасы өз уақытында жеміс  бермекші. Бүгінгі күні Қызылорда  өңірінде 160-тан аса факел сөндірілген.

Ақтөбе облысы Жаңажол  аулындағы 2 жаңа газ өңдеуші зауытты  салу мен ескі зауытты жаңарту  жұмысына 600 млн доллар жұмсалды.

Қазақ-Қытай серіктестігінің  нәтижесінде жүзеге асырылған ірі  жобаларға газ өндіруші зауыттарын, Мұнай магистралі мен газ құбырларын жатқыза аламыз. Жақын арада 2733 км алатын Түркістан мен Хоргос арасында магистральді газ құбыры жүргізілмекші. Оның 1304,5 км-і ҚР-да жатады. Қытайға шығаратын газ көлемі шамамен 30 млрд м 3болмақшы (40 млрд м 3-қа дейін).

Айта кетерлік тағы бір  жағдай, газ құбырын салудағы «ҚазСтройСервис» компаниясымен бірлесіп істелген жұмыста, бір жұмыс ауысымында 262 шва құбыр дәнекерленіп, әлемдік рекорд жасалды. Бұл жетістік құбыр салушы компаниялардың халықаралық ассоциация каталогында ресми түрде тіркелген. Оның алдындағы рекордта осы бірлестікпен 2010 жылғы Атасу-Алашанкоу мұнай құбырын салуда жасалған болатын. Шикізат өнімімен ғана шектелмей, Қазақстан Қытаймен серіктестігін ары қарай күшейтуді көздеп отыр [4]. 

Қазақстанның шикізат  өнімі мен квалификациясы машина  құрастыру, металлургия, азық және текстильдік  өндіріс, көлік және логистикалық қызмет, құрылыс материалдарын шығару сияқты салаларда жеміс алу мүмкіндігін  ашады Қазақстан капиталымен  Қытай жерінде де ортақ серіктестікті  дамытуда ойға қонымды.

Мұның бәрі де екі елдің  арасындағы серіктестіктің үлкен мүмкіндігі мен тиімді жұмысын айқындай отырып, шын мәнінде стратегиялық масштаб  пен мінез қалыптасуы мүмкін екенін көрсетеді. Екі жақтыңда қызығушылығы мен мақсатын, талабын орындап, екі жақтық пайда тең дәрежеде болуының қамтамасыз етілуі өте маңызды. Үлкен жоба да бір күні өз мәресіне жетпейді ме? Кімнің жерінде жүргізілгеніне қарамастан, болашақ алдында оның экономикалық, саяси, экологиялық, қоғамдық әсері үшін екі жақта бірдей.

Жоғарыда келтірілген  өте маңызды қорытынды Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, бұл бағыттың негізгі міндеті көмірсутектердің қазіргі бар қорларын ұтымды пайдалана отырып, қазіргі таңдағы белгілі кенорындарды игеру шараларын тұрақтандыру болып табылады.

 

 

2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері

 

Көмір халық шаруашылығы  мен өнеркәсіп кешенінде кеңінен  қолданылатын өнім. Ол – энергетика, металлургия, химия өндірісі, коммуналдық  шаруашылық саласында және халықты  отынмен қамтамасыз етуде маңызы зор. Көмірді түрлі әдістермен өңдеу арқылы шаруашылыққа қажетті 350-ден астам құнды заттар алуға болатынын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. 2012 жылы Қазақстандағы көмірдің барланған қоры 28,6 млрд. тоннаны құраса, оның ішінде тас көмір – 3,2 млрд. тоннаға, қоңыр көмір – 25,4 млрд. тоннаға жеткен. Есептелген қордың 63 пайызы Қарағанды, Екібастұз, Теңіз-Қоржанкөл бассейндерінің, Қушоқы, Бөрілі, Шұбаркөл, Қаражыра сынды кеніштерінде орналасқан. Ал, қалған 37 пайызы Торғай, Төменгі Іле, Майкөбе бассейндері мен басқа кен орындарында жинақталған.

Қазақ жерінде көмір өндіру ісі ерте замандарда пайда болғаны  белгілі. 1833 жылы Аппақ Байжанов мал  жайып жүріп, Қарағандыда алғаш  рет «отқа жанатын қара тасты» кездейсоқ тауып алғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы оқиғадан кейін 23 жыл өткеннен кейін ірі кәсіпорын  иелері еліміздегі көмір кеніштеріне назар аудара бастады. 1857-1887 жылдар аралығында Қарағандыда жылына орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілген. Ал 1899-1920 жылдары жыл сайын қазып алынатын көмір 860 мың тоннаға жеткен деседі. Тарих беттерін парақтасақ, 1905 жылдары Қарағанды көмірін француздар мен ағылшындардың игергенін байқаймыз. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла мен күрек болса, тасымалдауға сүйретпе шаналар пайдаланған. Көмір, негізінен, «Кариб», «Карно», «Герберт» секілді шағын шахта кәсіпорындарында қазылған. Дерек көздерін саралағанымызда 1920 жылдары көмір кеніштерінде 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 тоннадан көмір өндіргеніне көз жеткіземіз. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші ашылады. Кеңес өкіметі кезінде көмір өндіру қарқынды түрде дамып, 1930 жылы Қарағандыда алғаш рет 4 шахта ашылады. 1937 жылдың өзінде-ақ Қарағанды көмір тресі жылына 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, бүкіл одаққа танылғаны мәлім. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндіру кең көлемде жүргізілгені белгілі. 1941-1945 жылдар аралығында Қарағандыда 23 шахта ашылып, миллиондаған тонна көмір өндіріліп, ірі өндіріс ошақтарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Соғыс жылдары Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 8 пайызын бергенін айта кетуіміз керек. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80 пайызы көмір қопарғыш машиналармен атқарылған болатын. Дәл осы уақытта жер астынан көмірді шығаруда мейлінше механикаландыру ісі қарқынды жүрді. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 тоннаға дейін жетіп, Қазақстанда көмір өндіру жылына 12 млн. тоннаға өскенін байқаймыз. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналып үлгерген еді. Ал соғыстан кейінгі 10 жылда Қарағанды көмір алабында жаңа шахталар салынып, Саран, Шерубайнұра тіліктері игерілді. Сондай-ақ, шағын шахталарды біріктіру, көмірді ашық әдіспен өндіру жолға қойылды. Нәтижесінде көмір өндіру екі есеге артып, жылына 28 млн. тонна қара отын өндіретін деңгейге жеттік. 1955 жылдан бастап Қазақ жерінде көмір өндіру елеулі кезеңге аяқ басқанын байқау қиын емес. Дәл осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға беріліп, жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін дүниежүзіндегі ең ірі «Богатырь» кеніші пайда болғанын қазақ кеншілері мақтанышпен еске алады. Мамандардың пайымдауынша, Екібастұз алабындағы көмір қоры 10 млрд. тоннаны құрайды. Сондай-ақ, жер бетіне таяу, әрі көмір қабаты 200 метрге дейін жетеді. Сондықтан мұнда көмір әлі күнге дейін ең тиімді ашық әдіспен өндіріліп келеді. Ал 1988 жылы Қазақстанда 143 млн. тонна көмір өндіріліп рекордтық деңгейге жеткен [6].

1990 жылы елімізде 131 млн. тонна  көмір өндірілсе, 1997 жылы өндірілген  көмірдің көлемі 72,6 млн. тоннаны  құрады. Ал 1990-1997 жылдары елімізде  көмір өндіру деңгейі 44,6 пайызға  дейін құлдыраған еді. Нарықтық  экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде  көмір өндіру саласында мұндай  дағдарыстың орын алуының өзіндік  себебі бар. Біріншіден, одақ тарқағаннан кейін еліміздің отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеу жүйесі өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіш көмір өндірісінің басты сипаты болса, ендігі жерде көмір стратегиялық шикізат қорына айналды. Екіншіден, нарық заңдылықтары бойынша көмір кеніштері мемлекет меншігінен жеке және ұжымдық меншіктердің қарауына өткені белгілі. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарып, басқару қайта ұйымдастырылды, тиімсіз, залалды шахталар жабылғанын білеміз.

Еліміз егемендік алып елдің барлық өндірісі өз қарамағымызға толықтай өтті. Дегенмен қиыншылықтар да аз болмады. Мәселен, 1990-97 жылдары дағдарыс белең алып, елде көмір өндіру көлемі 44,6 пайызға құлдырады. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік обьективті себептері болды.

Елдегі көмір кәсіпорындарының басты сипаттамалары сандық көрсеткіштер болған соң, сапаға назар аударылмады. Жаппай мемлекеттік меншіктен жекеше, ұжымдық, аралас қолдарға өте бастады.  Көптеген   шахталар жабылды.  Осы   саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты, салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды. Экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда, көмір өнеркәсібіне жіті назар аударылмады. Тек саланың жағдайы 1999 жылдың 2 жартысынан бастап жақсара бастады.

Көмір өндіру көлемінің өсу  қарқыны (58,2 млн тонна) 1999 жылмен салыстырғанда, 2000 жылы (74,8 млн тонна) 28,5 пайызға өсті. 2001 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шетелге экспорттау ұлғайып, отандық көмірді Румыния, Польша, Эстония сияқты елдер тұтына бастады. Қазіргі кездегі өндірістік әлеует республиканың шетелге шығарылатын көмір көлемін 30-35 млн тоннаға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл, Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіншілік туды.

Тәуелсіздік жылдары Қарағанды  көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің  арақатынасы айтарлықтай төмендеп, Екібастұз көмір алабының рөлі артқаны  белгілі. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. «Богатырь Көмір» және «Шығыс» кеніштерінде жаңа технологиялар мен заманауи техникалар енгізіліп, еңбек қауіпсіздігі артып, еңбекшілердің жалақысы жақсарғанын айтуға тиіспіз.

Нарықтық экономика жағдайында «Богатырь Аксес Көмір» Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, «Богатырь» кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түскендіктен Үкімет «Екібастұз көмірі» бағдарламасы мен «Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасы» әзірленгені белгілі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған болатын. 2011 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару аумағы кеңейтілді, Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің 30-35 млн. тоннасы жыл сайын сырт елдерге экспорттайтынын айтуға тиіспіз. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштері пайда болып, елімізде сапалы көмірдің үлесі молайа түскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың қоры 176,7 млрд. тоннадан асады. Соның ішінде барланған көмір қоры – 38,63 млрд. тонна болса, бүгінде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. тоннаға жетіп отыр. Тас көмірдің негізгі кеніштері ретінде Қарағанды, Екібастұз алаптарын атауға болады. Осы ретте кокстелген көмір Қарағандыда өндірілетінін және оның үлесі 50 пайызды құрайтынын айта кетуіміз керек. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. тоннаға тең. Олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. тонна) және С2 (0,31 млрд. тонна) санатына жатады. Елімізде көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан. Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. тонна (3,04 млрд. тоннасы барланған), Батыс Қазақстанда 2,9 млрд. тонна (1,79 млрд. тоннасы барланған), Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. тонна болып жіктеледі. Бүгінде еліміздің көмір өндірісінде 62 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Осы ретте Үкімет «Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдаған. Бұл құжатта көмір өндіру көлемін 2012 жылғы 98,90 млн. тоннадан 2020 жылы 158,35 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген. Өндіру өсімі көрсетілген кезең ішінде 59,45 млн. тонна көмірді немесе 60,1 пайызды құрайды. Жаңа тұжырымдама еліміздегі көмір өндіру ісіне жаңа деңгейге көтеріп, ел ырысын арттыратыны анық.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, қорытындылай келе, Қазақстанның басты өндірістері – мұнай-газ және көмір өндіру саласына талдау жасадық. Басты деректерге тоқтала кетсек, Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді. Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай фонтаны атқылап, теулігіне 25 тонна мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған. 1915 жылы Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры Ракушечная айлағына дейін салынды. Ол жерден мұнай баржаға жүктеліп, Каспий теңізі одан ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.

Информация о работе Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі