Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 18:59, реферат

Описание работы

Мұнайдан кейінгі жер асты қазба байлығы саналатын көмір өнеркәсібі елдегі отынның 1/2 бөлігін құрап отыр. Табиғаттың қытымыр қысында әр жанұяны жылытып отыратын көмірдің маңызы зор.
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібі және оның жетістіктері.................4

2. Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің көкжиектері.....................................11

Қорытынды..........................................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................16

Файлы: 1 файл

Мунай-газ жане комир-реферат.docx

— 72.40 Кб (Скачать файл)

Теңіз мұнай кен орны дүниежүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар ауданға жатады. Кен орнының ұзындығы 19 км, ені 21 құрамында мұнайы бар тау жыныстарының калыңдығы 1,6 км. Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылды. Зерттелген қоры 3 млрд тоннадан артық, оның ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд т, ұңғының орташа тереңдігі 5500-6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т мұнай өндірді.

Қашаған мұнай кенішінің  геологиялык қоры 4,8 млрд т. Кен орнындағы  қабаттың қысымы (820 бар) өте жоғары. Сонымен бірге құрамында ілеспе газ және күкірттісутек бар. Мұнайды  игеру 2010 жылы басталды. Кенішті игеру 40 жылға жоспарланды. 136 млрд АҚШ доллары жұмсалатыны жөніндегі шартқа кол қойылды. Оны «Солтүстік Каспий басқарушы компаниясы» (СКБК) консорциумы игереді. Бұл консорциумға: Қазмұнайгаз (Қазақстан), «Эксон-Мобил», «Шелл», «Эксон-Мобил», «Конокофиллипс» (АҚШ), «ЭНИ» (Италия), «Тоталь» (Франция), «Инпекс» (Жапония). «Қазмұнайгаз» компаниясының үлесі - 16,81%.

Каспий теңізінің солтүстігінде Қазақстанның тарихында бұрын соңды болмаған Солтүстік Каспий жобасы іске асырылуда. Негізгі мақсаты мұнай және газ кеніштерін барлау және Қашағанды игеру. Теңіз акваториясының барланатын ауданы 5600 км2. Ұңғыны бұрғылау жасанды аралдар арқылы іске аспақ. Мұнай және газ қабаты орналасқан тереңдік 4300 м.

Ал, көмір өндіру саласында  да жетістіктер жетерлік. Бүгінде аса ірі көмір өндіруші  елдердің  қатарында Қытай көш бастап тұр, АҚШ екінші, үшінші Үндістан. Ал Қазақ елі  үздік  ондықта Польшадан  кейінгі тоғызыншы орында. Бұл дегеніміз – үлкен жетістік. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд тонна.

Республика аумағы бойынша көмір қорлары елдің төрт аймағында бар. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд тонна геологиялық қор және 3,04 млрд тонна барланған қор. Батыста 2,9 млрд тонна, Солтүстікте 81,8 млрд тонна, ал Оңтүстік Қазақстанда 33,0 млрд тонна және осы салада 62 кәсіпорын мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998 жылдан). Олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн теңге болады. Бірақ стратегиялық шикізат көзі ретінде жекешеленген көмір шахталарын мемлекет қармағына қайтаратын уақыт жетті.

Қазақта «Жері байдың, елі  бай» деген мақал бар. Халықтың несібесі мол болса, өмір сүру деңгейінің де артары сөзсіз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында халықаралық бейбіт келісім, ұлтаралық татулық жақсы жолға қойылған. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға жыл сайын күш салып келеді. Әр жылға жылдық жоспарлар мен бағдарламалар дайындалады. Кейде бәрін жоққа шығарып, ретсіз реніш білдіріп жатамыз. Анау жоқ, мынау жоқ деп ауызды құр шөппен сүртуге болмас. Елдегі білім, денсаулық, экономика, мәдениет салалары жаңа сатыларға көтерілуде. Сондықтан әр Қазақстан азаматы халық мүддесі үшін тер төгіп, еңбек етуі керек.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «ҚазМұнайГаз» барлау  өндіру» АҚ // Болашаққа қатысты  мәлімдеме, 2012ж.

2. Қазақстанның мұнайгаз саласы: қазақстандық мазмұнның үдемелі даму бағыты // Сараптамалық қорытнды, 2012ж.

3. Қазақстанның Ұлттық банкі, Мұнай және газ министрлігі, 2010 ж. ВР дүниежүзілік энергетиканың статистикалық шолуы

4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

5. Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

6. Көмірдің көзі – өмірдің  өзі // Егемен Қазақстан. 27 қаңтар 2012, № 5 -4б.

 


Информация о работе Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібі