Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 15:05, дипломная работа

Описание работы

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1.Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
2.Негізгі өндіріс шығындарының есебі
3.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындарын талдау
2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау
2.2 Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің шығындары мен баланысын талдау
3 Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың аудиті
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері
3.3 Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығындардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті.docx

— 188.02 Кб (Скачать файл)

Қаржы жүйесінің бұл буында нарық жағдайындағы басқару қаржы  менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік  қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік – экономикалық процесстерді басқарудың нысаны болып табылады. Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интелектуальдық) қызметтің нәтижелер, материалдық емес игіліктер. Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгері де баяндалған қағидаттарына негізделген ол басқарудың тиісті элементтерін – ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды біріктіреді.

Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның  болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен  қызметердің рыногымен қатар  еңбек, капиталдар, өндіріс құрал  жабдықтар рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік  реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі  кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есенп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік  береді. Қаржы менеджментін мына кезеңдердің  дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:

а) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;

ә) ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;

б) қабылданған шешім бойынша  инвем\стициялау жөніндегі шешімді  бизнес жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс -әрекеттердің бағдарламасын  жасау;

в) жобанаң орындалуын ұйымдастыру;

г) атқарылу барысына бақылау  жасау және қажетті зерттеулер жасау;

д) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.

Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелділіктерімен, яғни жобалаған  нұсқамен салыстырғанда табысты  кем алу немесе зиянның пайда  болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағымы – құн  нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды  қалыптастырудың экономикалық процесстерін ортақтастыратын қолма қол және қолма қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Қаржы  менеджментінде ақша оның іс - әрекетінің мезгілдік (уақытша) межелдемелері  тұрғыснан функцияларды атқару кезіндегі  өзге нысанға, санаға айналғанға дейін  қаралады. Бұл аспектіде ақшаның  “уақытша құнының” барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақшамен  келешектегі ақшаның сатып алу  күші бірдей болмайды. Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау болып  табылады. Бұл кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығын (рентабельділікті, төлем  қабілеттілік, несиені өтеу қабілетін), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет.

Қаржы – экономикалық механизмінің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың  жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес – жоспарға немесе дамыту жобасында берілген қаржы  – шаруашылық процесстерді бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік  береді. Қаржы менеджменті кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз етілуінің тактикасымен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс - әрекет етуінің мақсаттары үшін оның ағымдарын басқаруға мүмкіндік береді.

Cонымен, кәсіпорынның жиынтық ақша айналысын басқару жөніндегі қаржы менеджментінің стратегиялық нұсқамасы ұдайы өндірістік процессті қамтамасыз етуге, берілген критерийлерде ақша қорларын қалыптастыру, оларды нысаналы арналым бойынша пайдалануға болады.

 

 

3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және ақпарат көздері

 

Аудит -  тәуелсіз, қаржылық бақылау, мемлекеттік қаржылық басқаруды ауыстыра алмайтын тәсіл болып табылады. Аудиттің мемлекеттік бақылаудан айырмашылығы ол бухгалтерлік ақпаратты пайдаланып, талдаумен айналысатын мамандарға кеңесші, консультант, көмекші ретуінде болады. Аудитор кәсіпорын қаржылық есептілігінің нақтылығын, жасалынған шаруашылық операциялардың заңдылығын бағалап қана қоймай, сонымен қатар жіберілген қателерді табуға көмектесіп, оларды дұрыстауға және, болашақта қате жібермес үшін жаңа, оңай есептеу жүйесін ұсынады[21].

1998 ж. 20-қарашаның Қазақстан  Республикасының  Аудиторлық  қызмет туралы заңының 4-бапының  бірінші тармағына сәйкес Аудит  дегеніміз – жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республскасы заңдарына сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі аудитттелетін ұйымдардың) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруі болып табылады.

Шет елдік мемандардың пікірі  бойынша аудит ол – жетік әрі  тәуелсіз тұлғамен орындалатын эконмикалық  ұйымның қызметіне әсері бар  фактілерді жинау мен бағалауды  қорытындылайтын қызмет түрі. Ол ақпартта тәуекелділігін төмендетеді яғни, қаржылық есептілікте пайдаланушы үшін нақты  емес мәліметтердің болуы. Аудитті  бақылйтын негізгі қағидат белгілі  бір этикалық және мамандық нормалардың  жиынтығы болып табылады: тәуелсіздік, шындылық, аудитордың объективтілігі, оның мамандық жетіктігі, адамгершілігі, ақпарттың құпиялылығы, т.б.

Аудит мақсаты – заңдар мен аудиторлық қызметті басқаратын нормативтік жүйелер және клиент пен аудитордың келісім шарт міндеттемелері арқылы нақты мәселені шешу. Аудит  мақсатына мыналар жатады: бухгалтерлік есеп жағдайын бағалау, бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің шындылығын тексеру, құнды қағаздар эмиссиясын нақтылау, қаржылық – шаруашылық қызметіне  талдау жүргізу, клиенттің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға ұсыныстар  дайындау, шығындарды оптиималдау, бухгалтерлік есеп, салық салу шаруашылық құқық  бойынша кеңес беру. Егер аудитті  топтастырсақ оның келесідей түрлері  бар:

Сыртқы аудит – тәуелсіз аудиторлық фирма және экономикалық ұйымдар арасында келісім-шарт арқылы жүргізіледі. Басты мақсаты –  бухгалтерлік  және қаржылық есептіліктің нақтылығын тексеру, сонымен қатар  әкімшілікке кеңес беру қызметімен айналысады.

Ішкі аудит – кәсіпорынның басқару, бақылау жүйесінің бөлігі болып  табылады. Оның мақсаты: кәсіпорынның басқару жүйесінің жұмысының  тиімділігін бағалау, ол кәсіпорында  құрылған арнайы (Ішкі Аудиторлық Қызмет) органында бухгалтерлік есептілігінің  нақтылығына шығындар сметасының орындалуына, мүліктің сақталуына, өндірісті ұйымдастыру  тәсілдерін дамытуда орындалады.

Нарықтық қатынастарға көшумен  байланысты әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындар қызметін бақылау  жүйесінде өзгерістер туды. 90-жылдардың  басында туған аудиттің кезеңі ревизиондық  бақылау қызметіне теңестіріліп, кейіннен ақырындап «кәсіпорынның  қаржылық есептілігінің аудиті мен  талдауына көштің. Бұған шаруашылық қызметтің динамизмі, қаржылық тәуекелділіктің  жоғарғы деңгейі, салық заңдылықтарының  тұрақсыздығы, ірі кәсіпорынның құрылымының  бөлімшелерге филиалдарға ыдырауы  нақты бақылауды және т.б. талап  етті.

Аудиттің қазіргі кездегі  кәсіпкерлік қызметтің жеке түрі болып, Қазақстаг Республикасының 1998 жылғы 20 қарашада қабылданған «аудиторлық қызмет туралы» заңына өзгерістер мен толықтыруарға байланысты аудитор мен аудиторлық ұйымдардың беделі мен деңгейі одан да жоғарлады. Бұл заңда аудиттік ұйым ұсынатын қызметтің барлық түрі , сонымен қатар, бухгалтерлік есепті құру мен жүргізу, салықтық жоспарлау, қаржылық-шаруашылық қызметті талдау қарастырылған.

Бірақ аудит түрлерінің ішіндегі маңызды орын алатыны – Ішкі аудит.

Өкінішке орай Ішкі аудит  проблемалары республика бойынша теория жүзінде де тәжірбие жүзіндед де нашар  дамыған. Шет елдерге қарасақ, кәсіпорынның кез-келген меншік формаларында ішкі бақылау  жүйесі яғни ішкі аудит жақсы ұйымдасқан. Ерекше қызығушылықты білдіретін АҚШ  тәжірбиесі: онда ішкі аудиторлар институты құрылған (ІNSTІTUTE OF ІNTERNAL AUDІTORS). Ішкі аудитор институты 1978 жылы Ішкі аудитор стандартын шығарды. (SІAS) 25 стандарт және 5 негізгі топқа бөлінген: тәуелсізік мамандылық, жұмыс көлемі, аудиторлық тексерісті жүргізу ішкі аудиттің басқару бөлімі[22].

Жалпы шетел әдебиеттеріне  Ішкі бақылау құрылымының тиімділігін  анықтау үшін қажет басқарудың ең жоғарғы органы Ішкі бақылау ортасын құрайтын маңыздыларының бірі яғни «Ішкі бақылау жүйесін құру мен ұстауға бағыттанған ұйым меншіктері мен нақты басшылар қызметі және хабардарлық Кәсіпорынның ең жоғарғы басшысымен орындалатын бірнеше басқару мәселелерін шешеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: активтердің бақылау жүйесімен танысу, кәсіпорынның құрылған саясатына сәйкестігін тексеру, ұсынылған өндірістік есептілікке талдау жасау, сыртқы ауди\ке шығарылған шығындарды азайту. Ішкі аудит бақылауының ең маңыздысы болып, жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есептеуді ұйымдастыру. Ішкі аудит жоғарғы мамандық деңгейде өтіп нақты және болашақтағы мәселелердің шешілуіне ұсыныстардың болуы. Ішкі аудиттің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: Толықтық, тиімділік және шығындар. Соңғы екеуі ішкі аудит қызметі шығындарының оның құрылуы мен қызмет етуінің тиімділігіне қатынасы.

Ішкі  аудит мәні мен қызметі. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға кезеңінде Қазақстанда кәсіпкерлік қызметі ақпараттың елггісіздік және экономикалық ортаның құбылмаушылығында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге аырудың жоспарланған соңғы нәтижені алуда түсініспелік пен сенімсіздік сонымен қатар алдын ала жоспарланбаған жоғалтулар ұлғайды.

Нарық дегеніміз – ең бастысы экономикалық бостандық. Болашақтағы  белгісіздік пен жоғалту тәукелділігін  экономикалық бостандыта алдын-ала  анықтайтын тәуекелділік. Бұнда кәсіпкердің  басты қызметі болып: тәуекелділіктен  қашу емес, оны алдын-ала көріп, ең төменгі деңгейге дейін төмендету. Бұл үшін кәсіпорын қызметіне  бухгалтерлік есеп пен есеп беруіне  экономикалық-құқықтық жұмысына қойылған т.б. тұрақты әрі уақытылы бақылау  керек.

Ішкі бақылау жүйесінің  тиімділігі кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымындағы орнына байланысты. Кәсіпорынның ұйымдастыругшылық құжаттарына  сәйкес ревизор, ревизиондық комиссия, немесе ішкі аудитор қызметі құрылуы  мүмкін. Егер ішкі шаруашылық бақылау  ішкі аудиторлық қызмет немесе ревизиондық  комисиясымен орындалса, онда тәжірбиеде көрсетілгендей, басшылар бақылау жүйесін  елемей, қаржылық есептілік мәліметерін  искажать. Егер ішкі шаруашылық бақылау  ішкі аудиторлық қызметіне немесе ішкі аудит депортаментіне салынса жұмыс  басқаша болар еді.

Халықарлық 50000-нан астам  мүшелері бар. Ішкі аудиторлар институты ішкі аудитке келесідей анықтама береді: Ішкі аудит- кәсіпорынның өз мүдделері үшін өз жұмыстарын бағаайтын және тексеретін ұйымдағы тәуелсіз қызмет. Ішкі аудиттің мақсаты – ұйым мүшелерінің өз функцияларын тиімді орындау үшін көмектесу. Ішкі аудиторлар өз ұйымына тексерістің қорытындысынан пайда болған маңызды ақпараттарға бағалау мен талдау ұсыну. Ішкі аудиттің мәнділігін көрсететін көптеген басқа да анықтамалар бар:

Ішкі аудит тәуелсіз объективті бағалау және кеңес беру қызметін ұсына отырып, ұйым операциясының  сенімділігі мен тиімділігін  көтереді, оның көмегімен ұйым өз мақсатына, бағалаудың жүйелігі мен салдарын, тәуекелділікті басқару, бақылау процесінің тииімділігін арттыру арқылы жетеді. Жоғарыда берілген анықтамаға негізделе отырып, ішкі аудиторлық қызметтің мақсатын, кәсіпорын қызметінің қаржылық бағытын объективті бағалау мен тәуелсіз жүргізу. Ішкі аудиторлардың жұмысы тәуелсіздік, объективтілік, мамандық жетіктілік принциптері негізінде жүргізілуі қажет

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері. Бухгалтерлік есеп жүйесіне қатысты ішкі бақылау төмендегідей міндеттерді шешумен тығыз байланысты:

  • Операцияларды ұйым басшылығының жалпы немесе арнайы рұқсатына сәйкеc атқару.
  • Барлық операциялар мен басқа да оқиғаларды, қаржылық есепті қаржылық есеп ұсынудың тағайындалған концептуалдық негізіне сәйкес әзірлеуге мүмкіндік жасау үшін дәлме-дәл сомаларда, тиісті есеп-шоттарда және тиісті есеп беру мерзімдеріне сай, дер кезінде есептеу.
  • Активтер мен жазбаларға тек ұйым басшылығының рұқсаты бойынша ғана қол жеткізу.
  • Есепке алынған активтерді қонымды уақыт аралықтарында қолдағы накты активтермен салыстыру және жекелеген ауытқушылықтар бойынша тиісті шаралар қолдану.

Ішкі бақылауға қатысты  шектеулер

Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелері ұйым басшылығына  олардың өзіне тән шектеулер нәтижесінде мақсатқа қол жеткені туралы қорытынды айғақтар беруді қамтамасыз ете алмайды. Бұл шектеулер төмендегілерді қамтиды:

-Ұйым басшылығының ішкі бақылауды іске асыруға байланысты алынуға тиісті тосылатын пайдадан асып кетпеуі үшін қоятын әдеттегі талабы.

- Ішкі бақылаудың сирек операциялардан гөрі көбінесе күнделікті операцияларға бағытталуы.

- Ебедейсіздік, алаң ғасарлық, пікір түюдегі қателік және нұсқауларды дұрыс түсінбеуден болатын субъективтік фактор салдарынан қате жіберудің ықтимал мүмкіндігі.

-Басшылық мүшелерінің немесе қызметкердің ұйымның ішкі немесе сыртқы тараптарымен сөз байланасуы ішкі бақылауды айналып өту мүмкіндігі.

- Ішкі бақылауды іске асыруға жауапты тұлғаның өз жауапкершілігін теріс пайдалану мүмкіндігі, мысалы ұйым басшылығы мүшесінің ішкі бақылауға елемеуі.

- Жағдайлардың  өзгеруіне  байланысты  процедуралардың   сәйкеспей қалу мүмкіндігі, соның салдарынан процедураларды сақтау нашарлауы ықтимал[23].

Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсіну. Аудитті жоспарлау үшін қажет болатын бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін түсіну процесінде аудитор осы жүйелердің құрылымдары және олардың жұмысы жағдайында білім алады. Аудит жүргізу үшін маңызды болып табылатын бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін аудитор тарапынан түсіну ұйыммен соның алдындағы жұмыс тәжірибесі негізінде іске асырылады және төмендегілермен толықтырылады:

а) Клиенттің жұмыстық міндеттер және блок-сызбаларды сипаттайтын процедуралар бойынша нұсқаулық тәрізді қүжаттамасына сілтеме жасаумен қатар ұйым басшылығының, басшылықтың орта деңгейінің тиісті мүшелеріне және ұйымның ұйымдық құрылымының әртүрлі деңгейіндегі басқа да қызметкерлерге сауалдама жүргізу;

Информация о работе Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті