Өндіріс шығындары және өзіндік құн

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Файлы: 1 файл

kursach (1).docx

— 97.99 Кб (Скачать файл)

Өнімнің  өзіндік  құнын  азатуды  қамтамасыз  ететін  жалпы  факторларға  мыналар  жатады:

Шикізат,  материал,  электроэнергия  және  жанармайды  экономдау;

  • өндірістің  негізгі  құралдарын  қолдануды  жақсарту;
  • ресурсүнемдеуші  жаңа  технологияларды  қолдану;
  • өнімді  өткізу  бойынша  шығындарды  азайту;
  • кәсіпорынның  тауар  саясатын  қайта  қарастыру;
  • жұмысын  тоқтату  және  ақаулардан  жоғалтуларды  азайту;
  • сатып  алынатын  материалдардың  оптимальды  көлемін  және  өндіріс  процесінде  өндірілетін  өнім  көлемінің  дұрыстығын  қадағалау  және  бақылау;
  • жалпы   заводтық  (жалпы  шаруашылық)   және  цехтық  шығындарды  азайту;

Шаруашылықты  жүргізудің   жаңа   жүйесі  үнем   тәртібін   қатаң  сақтап  өзіндік  құнды   төмендетуді   көздейді.  Өнімнің,  жұмыстың  өзіндік  құны  материал  мен   еңбек   ресурстарының    үнемделу, өндірістің    техникамен   жарақтану   дәрежесін,  сонымен   бірге   шаруашылық   есеп негіздерінің   сақталуын   көрсетеді.   Кәсіпорындардың    өзіндік құнына   өндірістен тыс   сатуға   жұмсалған   шығынды   қосып   өнімнің   толық    өзіндік   құнын   есептеп   шығарады. Толық   өзіндік   құн - өнімді    өндіруге   және    сатуға   кеткен   шығындар   жиынтығы, құнның   негізгі   бөлігі.

Өнеркәсіптегі  өнімнің  өзіндік  құнын  талдау   тауарлы  өнімнің   1  теңгеге   шығынын   қысқартудан  басталады,   өйткені  ол  өзіндік  құнның  негізгі   көрсеткіші   болып   табылады.  Ол  өзіндік  құн  динамикасын   және  шығын  деңгейін  сипаттайды.

 

3.2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың есепке алу әдістер түрлері.

 

Қалькуляцияның қарапайым (процесстік) әдісі - Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар)пайдаланады. Оларда әдетте аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты – натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен, көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өндеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады.

Екінші нұсқасы аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданылады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығарылады бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағаштдайындау өнеркәсібінде қолданады. Аяталмаған өндірісті, әдетте, инвнтарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энетгиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорында қолданады. Мұндай жағдайда шығындар тұтас алғанөндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен  калькуляцияланады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын аяқтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістер үйлесімді пайдаланады.

Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі - шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудыңтапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке –дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады.Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң орындаушы-цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі,онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Осы тәсілдердің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:

— барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;

— уақыт аралығында емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;

— тек бір ғана шотты жеткізу, «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау тек осы «аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетіледі ). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады.

Тапсырыс өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады. Тек дайындау цехында (құю, ұсталық-пресс және т.б) шалафабрикатты әдіс пайдаланады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппацды.

Цехтар шығындары әрбір табыстың кескінінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық отындар мен энергиялар- белгіленген топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.

Ал үстеме шығындар олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылдаған таратутәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік құнына жатқызылды. Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.

Тапсырыс орындалып біркен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содаң соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесң тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалы,электротехникалық өнеркәсібінде).

Кәсіпорынның экономикалық қызметтің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар тапсырылып, өндіріс есебінің карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды. 

Калькуляциялаудың бөліністік әдісі - шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады,онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өндеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарда: металургиялық, химиялық,мұнай өндеу және басқа салаларда қолданылады. Мысалы,мата тоқу кәсіпорында үш қайта жасау- иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металургияда- домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өнеркәсібінде- күлді. Тері илеу және әрлеу саласы бар.

Дайын өнім мен шалафабрикаттар шығарумен аяқтайтынтехнологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептеледі. Әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптен келгенде- дайын өнім алынады. Бөлініс тізбегі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің  арасындағы үзіліс- іркілестер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алу мен бағалауды ұйымдастыруд, өзі өндірілген шалафабрикаттр мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.

Тікелей шығыстар ( шикізат,негізгі материалдар, шала фабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының, жалақысы т.б) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде- әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады.

Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде- шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффиценттердің базасында жасалуы мүмкін. Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері- нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.

Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел (оперативтік) есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгілеген технологиялық процесстің ауытқуынан, жұмсалған метериалдық шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығырылған өнімнің ассортиментінен, олардың соттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.

Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және щған үстеме шығын қоса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық жіне еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.

Бөлістік әдісі кезінде өндірістьегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомостарында жүргізіледі. Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффицентін пайдаланады. Мысалы, ағаш кесу кезінде алғашқы бір шикізаттан кесілген тақтайлар да, кесілмеген тақтайларда, жаңқалар және отындық кесінді шеттақтайлар да алынады. Мұндай жағдайлар да белгілі бір атаудың бірінші сорты өлшем бірлігі (единица) ретінде қаылданады, ал қалаған сорттарын коэффицинттердің көмегімен анықтайды.

Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығырылымның өзіндік құны  нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады. Ал нормативтік өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы: осы кездегі жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процесстің, сондай-ақ материалдық , еңбек және басқа дашығындардың прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі  ұйымдық техникалық жоспарлы  шараларын жүзеге асырудәрежесіне қарай нормалардың өзгерістері енгізіледі.

Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындардың нормасынан материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өндіріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмылдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен,  кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады.  Кәсіпорын  табысы  өндірісіне  шығындар  тәуелді  болады.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар- ол  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді. 

Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады.

Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

  Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

         Кіріспе……………………………………………………………………..         Негізгі  бөлім

Информация о работе Өндіріс шығындары және өзіндік құн