Өндіріс шығындары және өзіндік құн

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Файлы: 1 файл

kursach (1).docx

— 97.99 Кб (Скачать файл)

МС= ТС/ Q

Өнім шығару көлемі өскен  кезде  тұрақты  шығындар  (ҒС) өзгермейді. Сондықтан  жалпы  шығындардың  (ТС) өсуі  айнымалы  шығындардың  (VС) өсуіне  тең  болады.

МС= VС/ Q

Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады.

Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен болатын тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің тоқтау уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда  фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды  жалға беру  туралы  түрлі  шарттар  мен  келісімдерден құтылу  мүмкіндіктері пайда  болады.

Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.

Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай пайда  ала-алатынын  анықтап  алады.

Кәсіпорын табысы  2  түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным  өзара  байланысының нәтижесі болып  табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе  тұтынуш қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген көздерін қарастырады, ол  оны өзінің  тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары жән басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге шығындарды бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс шығындарына және  өнім  өткізуге  төмендегілерге байланысты  шығындар  қосылады:

ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

табиғи шикізаттарды қолдану;

өндірісті дайындау  және үйрену;

өндірісті ұйымдастыру мен технологиян жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын  жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу және  т.б;

өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау,  санитарлы гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты өкілеттілік  шығындар  және  т.б.

кадрларды дайындау және қайта дайындау;

мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

 

 

    1. Өнімнің  өзіндік  құнының  қалыптасуы  және мәні.

 

   Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын  қажет етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар соңында  әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік  құнға  негізделеді.

Аталған  шығындар, өнім және қызмет  көрсетуге аударылған, өзіндік құнға  қосылғандар  оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын шығынының  жиынтық  көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне  бөлу арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық  өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін қайта  өндіру: өндірістік  қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік  құнның негзгі элементі  болып амортизация, яғни шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да басқа да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне  пайыз төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды, бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

Өнімнің  өзіндік  құны –синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

1) Өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

2) Өзіндік құн көтерме бағаны  қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  2  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

Шығындардың  алғашқы  элементтері  бойынша.

Пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:

а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;

c)өнім  өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:

материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);

тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік   

сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге  төлемдер және т.б. );

               д) шығындарды басқаша топтастыру  оларды мүмкін болатын өнім  өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:

материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);

еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы );

жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;

құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;

цехтық (өндірістік) шығындар;

жалпышаруашылық шығындар;

е) дайын өнім шығындар құнын  аудару  әдісі  бойынша:

тікелей шығындар;

жанама  шығындар;

f) қалыптасу уақыты бойынша:

ағымдық  шығындар;

болашақ кезең  шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );

 

 

1.3 Калькуляция принциптері, оның объектісі мен тәсілдері

 

 

         Калькуляция өнімнің  сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін  бақылауды жүзеге асыру үшін  мағызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.

Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.

Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.

Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзідік құны калькуляцияланады.

Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары №2 «Қорлар» ХҚЕС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.

Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі – өзіндік құн.

Информация о работе Өндіріс шығындары және өзіндік құн