Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 14:31, курсовая работа
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Кіріспе
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
Жалпы, өнімнің өзіндік құны дегеніміз – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.
Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнды, яғни өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына негізгі бағыттарын айтуға болады:
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл, бір жағынан, өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан, тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгендегі басты талап болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық үрдістердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларын неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс - ысырапты қысқарту есебі мен шығындарды үнемдеу, сонымен қатар нақты еңбектің шығынын үнемдеу болып табылады. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда, едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл - өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және тағы басқа көптеген жүйелер.
Сонымен қатар, өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Курстық жұмыстың мақсаттары – кәсіпорында басқару есебіндегі өнімнің өзіндік құнынң аңықтау және оны есептей алу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері – таңдап алынған тақырыпқа сай келтірілген кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық құжаттарын өз бетінше қолданып, оған талдау жасау, кәсіпорынға іс жүзінде нәтиже берерлік жаңа ұсыныстарды қарастыру.
Бұл курстық жұмыста Ержанов А.К, Айтанаева Ә.К, Жұманова Г.Ш, Баянова М.С, Иматаева Ә.Е авторлардың «Басқару есебі» оқу құралын негізге ала отырып жаздым. Оқулықта өнімнің өзіндік құнын басқару есебін жүргізу туралық толық мәлімет ащық және түсінікті жазылған.
Курстық жұмыс негізгі 3 тараудан тұрады:
Бірінші тарауда тақырыпқа қатысты теориялық анықтамалар, аспектілер қарастырылады. Мәселен, көптеген әдебиеттерді, оқу құралдарын қолдана отырып, өнімнің өзіндік құны дегеніміз не, шығындар туралы жалпы түсінік, олардың мазмұны, құрылымы, жіктелімі, ерекшеліктері, тағы басқа мәселелерді теориялық тұрғыда сипаттау.
Екінші тарауда таңдап алынған тақырыпқа сәйкес талдаулар практика жүзінде кәсіпорнының мәліметтерімен жасалады. Бұл тарау кәсіпорынның экономикалық белсенділігін, өнімдерінің өзіндік құн құрылымын, шығындарының қалыптасуын талдап көрсетеді.
Үшінші тараудың ерекшелігі – бұл тарауда калькуляцияны, шығынсыздықты есептеудің тиімді жолдарын есептеу, ауытқуды талдауды қарастырамыз. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес, қазіргі нарық жағдайында әр түрлі ұсыныстар жасап, осы өндірістік салаға өз үлесін қосу керек.
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты. Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі. - Нарықтық экономикадағы шығындар:
• айқын (бухгалтерлік);
• жүктеме (арттыру);• қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді. Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады. Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады. Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі. Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар. Мысалы: • кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;
• үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар. Ал, өзгермелі шыгындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Бұған:
• жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
• материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
• энергия, отын;
• басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс-әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді. Осы кезеңде шығарылған өнім
№2 «Қорлар» деп аталатын ХҚЕС-на және ҚР-сы ұйымдарындағы әдістемелік нұсқауларға сәйкес өндірістік өзіндік құн деп аталады.
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор. № 2 ХҚЕС сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
— пайда болу орнына байланысты:
— өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша;
— шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша;
— өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
—өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты:
— экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша;
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:
1) Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша:
негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар);
қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша:
тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;
жанама — өнімнің жеке
3) Құрамы бойынша:
бір элементтік – бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары);
кешенді – бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін);
4) Өндіріс көлеміне байланысты:
өзгермелі — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия);
тұрақты — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары);
5) Пайда болу мерзімділігі бойынша:
ағымдағы — жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал);
бір жолғы – еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары;
6) Басқару міндеттері бойыша:
өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік құнын құрайтын шығындар;
әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты;
коммерциялық — өткізу бойынша шығындар.
7) Тиімділігі бойынша:
өнімді - жоспарланатын;
өндіргіш емес – жоспарланбайтын;
8) Бақыланатын мүмкіндігі бойынша:
реттелетін – егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса;
реттелмейтін – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар;
9) Орташалау дәрежесі бойынша:
жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы;
орта — өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
— өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
— басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
— жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмаларды ұсынаты тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.