Өндіріс шығындары және өзіндік құн

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Файлы: 1 файл

kursach (1).docx

— 97.99 Кб (Скачать файл)

 

Өнімнің бір данасына кеткен шығындар мен шикізаттардың шығыны өнімнің сапасына, оны басқа материалдардың түрлерімен алмастыруға, шикізат түрінің құрамын өзгерткенге, техника мен технологияға және өндірістің ұйымдастырушылығына, жұмысшылардың квалификациясына, шикізаттар қалдықтарына және тағы басқа факторларға байланысты болып келеді. Ең алдымен, осы немесе басқа факторлардың әсерінен болатын материалдық шығынның өзгерісін білу керек. Содан кейін ғана, жоспарланған бағаны нақты өнім көлеміне көбейту керек:

∆МЗхі = ∆УРхі × Ціпл × ∆МЗхі × VВПіф.  

Материалдың орташа бағасының деңгейі шикізат нарығына, инфляциялық факторларға, материалдық ресурстардың топтық құрылымына, дайындалатын транспорттық шығындар деңгейіне, шикізат сапасына және тағы басқаға байланысты болады. Олардың әрқайсысы үшін, жалпы материалдық шығындардың соммасының өзгерісін білу үшін басқа түрдегі немесе басқа фактордағы материалдық топтардың орташа бағасы өзгеру керек. Оны сәйкес түрдегі қолданылған материалдардың фактілік көлеміне көбейту керек:  

∆МЗхі = ∆Цх і× УПіф × ∆МЗхі × VВПіф.

Көп кәсіпорындарда жоспардан жоғары шикізат қалдықтары болады, бірақ оларды өткізуге немесе басқа мақсаттарда қолдануға болады. Егер оларды мүмкін болатын және бір шикізат құнымен бағаласа, онда өзіндік құнға кірген өнімнің материалдық шығындарының неше соммаға ұлғайғанын көруге болады.

Жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтар өнім бағасының қымбаттауына және оның өндірісінің азаюына әкеледі. Материалдық емес шығындардың соммасы нешеге өскенін анықтау үшін жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтардың көлемін түпкі материалдардың жоспардағы бағасына көбейту керек.

Бір материалды екінші материалмен алмастыру өнімнің бір данасының, тұтынушылық материалдарының көлемінің өзгерісіне ғана емес, сонымен қатар оның бағасына да әсер етеді. Оның өнімнің бір данасына кеткен материалдық шығындарға байланысты өзгерісін анықтау үшін алмастыратын материалдар шығындарының айырмашылығын алмастыратын материалдар құнына көбейту керек, ал материалдарды алмастыратын баға мен алмастырылған материалдар бағасы арасындағы айырмашылықты алмастыратын шығындар нормасына көбейтіп, шыққан нәтижені қосу керек:

∆УМЗ = (УР1 - УР0) × Ц0 ,   ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .

Құрал-жабдықтарды және машиналарды эксплуатациялап, қамтамасыз етуге кететін шығындардың өзгеру факторлары және құрамы жеке және жалпы шығындар статьяларына байланысты: цехтық және жалпы шаруашылыққа кететін шығындарды талдау әдістері, коммерциялық шығындар бойынша жоспарды орындау бағалары.

Жанама шығындар - өнімнің өзіндік құнында келесі баптарда кешенді түрде берілген: құрал-жабдықтың эксплуатациясына және оны қамтамасыз етуге кеткен шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар. Бұл шығынның талдауы олардың нақты көлемінің 5-10 жылға арналған тауарлық өнімнің бір өнімге шаққандағысын салыстыру жолдарымен, сонымен қатар есептік кезеңдегі жоспар деңгейімен жүзеге асады. Бұндай белгілер олардың динамикасында өнімнің өзіндік құнының денгейі жоспармен  салыстырғанда қалай өзгергенін және оның тенденциясының үлкейгенін немесе кішірейгенін көрсетеді.

Қолданудың келесі үрдісінде қосымша шығынның қатысты және абсолютті өзгерістермен байқалған себептері анықталады. Өзінің құрамы бойынша олар - кешенді баптар. Ереже бойынша олар шығынның бірнеше элементтерінен тұрады: құрал–жабдықтарды және машиналарды ұстауға және экспуатациялауға кеткен шығындар, оған техникалық құрал–жабдықтар мен машиналардың амортизациялық шығындары, жөндеуге кеткен шығындар, тауарларды зауыт ішінде тасымалдауға кететін шығындар, МБП–ның ширауы және тағы басқа. Кейбір шығындар (мысалы, амортизация) өнім өндірісінің көлеміне байланыссыз және шартты-тұрақты болады. Ал басқалары жалпылай және толықтай өзгеріске байланысты да, шартты–ауыспалы болып табылады. Олардың өнім көлеміне байланыстылық денгейі коэффициент көмегімен анықталады. Олардың көлемі тәжірибелік жолмен немесе сол шығынның соммасының және өнім өндірісі көлемінің үлкен жиынтығының корелляциялық талдау көмегімен анықталады.

 

   10-кесте - 2013-2014 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның негізгі қорының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

Ауытқулар

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

+/-

%

1

Бастапқы құны

263254

302875

302875

353103

50228

16,6

2

Жиналған тозу

31567

66927

66927

107453

40526

60,5

3

Қалдық құны

231687

235948

235948

245650

9702

4,1

4

Орташа жылдық құны

233817,5

240799,0

6981,5

3,0


 

Кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны әлдеқайда жоғарылаған. 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы орташа жылдық құны 6 981,5 мың тг. құрап, 3 %-ға артты. Оны анықтау үшін қалдық құнының жыл басындағысын жыл аяғындағысына қосып, 2-ге бөлеміз.

11-кесте - 2013- 2014 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның ағымдағы активтерінің айналым коэффициентін сипаттайтын көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқулар, +/-

2013

2014

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

250633,0

362648,0

112015,0

2

Ағымдағы активтердің орташа көлемі

95106,5

110676,5

15570,0

3

Ағымдағы активтердің

айналым коэффициенті

2,64

3,28

0,64

4

1 күндегі ағымдағы активтердің

айналым ұзақтығы

136,4

109,8

-26,6

5

Айналым корының беріктік коэффициенті

0,38

0,31

-0,07


 

Бұл кестедегі ағымдағы активтердің айналым коэффициенті өткізілген өнімнен түскен түсімнің ағымдағы активтердің орташа көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол 2013 жылы 2,64 болса, 2014 жылы 3,28 болып өсті.

Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер жанама шығындарға өз әсерін тигізеді.

Келесіде шығындардың әр бабы бойынша қорларды үнемдеу немесе шығындарды артық төлеуге қатысты себептерді анықтау керек.

Амортизацияның жалпы соммасы машиналар мен құрал-жабдықтың санына, оның құрылымына, құнына және амортизация нормасына байланысты. Құрал–жабдықтардың құны аса қымбат машиналарды сатып алуға және де инфляцияның арқасында жоғары бағалауға байланысты өзгеруі мүмкін. Амортизация нормасы қор құрамында құрылымдық жылжуға байланысты өзгеруі мүмкін:

∆ НА = (УР1 - УР0) × Ц0 ,   ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .

Өнімнің бір данасына шаққандағы үнемді амортизациясы өнім өндірісінің көлеміне де байланысты. Берілген өндірістік қуатта неғұрлым көп өнім өндірілсе, соғұрлым амортизация аз және де өнімнің бір бірлігіне басқа да тұрақты шығындар аз келеді.

Эксплуатациялық шығындардың көлеміне эксплуатацияланған объектілердің саны, олардың жұмыс уақыты немесе бір сағат жұмысқа кететін шығындар жатқызылады.

Толық, ағымдағы және профилактикалық жөндеуге кеткен шығындар жөндеу жұмыстарының көлеміне, ауырлығына, негізгі қорлардың тозу деңгейіне, қосымша бөлшектердің құнына және материалдарды жөндеп, оларды үнемді ұстауға байланысты болады.

Тауарларды завод ішінде тасымалдауға кететін шығындар соммасы транспорттық қор түрі, оларды қолдану кеңдігі, өндірістік бағдарламаны орындау деңгейі, эксплуатациялық және қамтамасыз етудегі жылжымалы құрамдағы қорларды үнемді қолдануға әсерін тигізеді.

МБП тозу соммасына, өнім өндіріс көлеміне және өнімнің бір данасының шығындар денгейіне байланысты өзгереді және ол, өз алдына, құрал-жабдықтардың, бағалы емес инвентарьдың қаншалықты рационалды және үнемді қолдануына байланысты. Сонымен қатар, оларды сақтау мен түзету үшін, шын мәнінде, орнатылған бақылауға да байланысты.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.

 

 

3.1. Өнімнің  өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

 

Дәстүр  бойынша  шығындарды  азайтудың  маңызды  жолдарының  бірі  болып  өндіріс  процесінде  тұтынылатын  ресурстардың  барлық  түрлерін  тиімді  немесе  эконоиды  пайдалану:  еңбектік  және  материялдық.

Өзіндік  құнды  азайтуда  еңбек  өнімділігін  арттыру  қажет.  Еңбек  өнімділігі-еңбек  шығынының  тиімділігін  арттыру.  Бұл  өндіріс  процесінде

жұмсалған  қоғамдық  еңбектің  тиімділігі,  нәтижелілігі,  жемістілігі.  Қызметкерлердің  еңбек  өнімділігі  бір  уақыт  өлшемі  ішінде  өндірген  өнімнің  немесе  орындалған  жұмысының  көлемі (мысалы,  1  сағатта  10т  өнім  шығарады),  немесе  бір  өнімге  кеткен  уақыт  (10т  өнім  алуға  1  сағат  уақыт  жұмсады)  немесе  ұлттық  табыс  мөлшерімен  есептелінеді.

Еңбек  өнімділігі=Жиынтық  қоғамдық  өнім /  Жұмыс  атқаратындар  саны

Кәсіпорын  деңгейінде: 

Еңбек  өнімділігі=Q  (өнімнің  саны)/ Т (уақыт)

Еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін  жұмыс  уақытын  үнемдейтін  факторларға  назар  аударылады.  1)  жұмыс  уақытын  ұтымды  пайдалану;

2)  жұмыста  кездесетін  тиімсіз  үзілістерді  азайту.  Жұмыс  уақытын  ұтымды,  үнемді  пайдалануға  техника   мен  технологияларды  жетілдіріп,  өндірісті,  еңбекті  ұйымдастыруды  жақсарту,  ал  екінші  әдіске - өндірістің  жоспардан  тыс  тоқтап  қалуын  қысқарту,  сөйтіп  үзілістерді   азайту

жолдарымен  қол  жеткізеді.

Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіші  қызметкерлердің  материалдық  жағдайын  жақсартумен  тікелей  байланысты.  Еңбек  өнімділігі  арттқан  сайын  еңбекақы – оған  төленетін  ақы да  өсіп  отыруы  тиіс.  Жалақының  еңбек  өнімділігінің  өсу  қарқынан  кейін  қалуы  немесе  артып  кетуі  дұрыс  емес.  Бұл  қатынас  бұзылса,  ол  еңбек  өнімділігін  арттыруға  деген  материалдық  мүдделілікке  кері  әсер  етеді.

Осылайша,  өндірістің  шығындар  құрылымындағы  көп  бөлігін  еңбекақыға  шығындар  алады  (   Қазақстан  өнеркәсібінде  13 -14 % ,  дамыған  елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда  шығарылатын  өнімге  еңбек  сыйымдылығын  азайту,  еңбек  өнімділігін  өсіру  мәселелерінде  өндірістің  әкімшілдік  қызметтігі  персоналдың  санын  азайту  орынды  болады.

Еңбек  өнімділігін  арттыру  оны  ұйымдастыруға  да  көп  көңіл  бөлу  қажет:  жұмыс  орындарын  дайындау,  оның  толықтай  жұмыс  жасауы,  еңбектің  арттыруға  басқада  әдістерді  қолдану.

Еңбек өнімділігін  арттыру  мақсатында  Кәсіпорындарда  жұмыс  күшінің  бәсеке  қабілеттілігін,  сапасын  жоғарылату  қажеттілігі  мына  факторлармен  анықталады: 

Өндірістік  ресурс  ретінде  персонал  құнының  өсуі;

Еңбекті  тиімді  қолдануды  және  ұйымдастыруды  жаңа  әдістерді  талап  ететін  бәсекелестер  тарапынын  қысым;

Өндірісті  басқаруда  және  ұйымдастыруда  жаңа  әдістерді  талап  ететін  технологиялық  өзгерістер;

Өз  жұмысшыларының  потенциалының  өсіміне  кәсіпорын  басшыларының  әлеуметтік  жауапкершілігі;

Автоматтандырылған  жүйелердің  енгізілуі  және  оларды  басқаратын  жұмысшылардың  квалификациялық  деңгейінің  сәйкестілікті  талап  ету;

Жұмысшылардың  интелектуалдық  дайындығын  арттырудың  қажеттілігі.

Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындардың  мөлшерін  азайту  үшін  үнемі    экономикалық  талдау  жасау  қажеттілігі  туындайды. 

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.

Информация о работе Өндіріс шығындары және өзіндік құн