«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 22:40, реферат

Описание работы

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі - Регламент) өнімнің немесе қызметтердің регламенттермен, стандарттармен немесе шарттардың талаптарымен (бұдан әрі - нормативтік құжаттар) белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) қолданылады.
2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады.
Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

ТР О сертификации.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

55. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу іс-шараларын Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі. 

 

 

 

 

3-тарау. Қызметтерді сертификаттау 

 

1. Негізгі ережелер 

 

56. Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

57. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:

1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;

2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.

58. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.

59. Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.

Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтірілген.

60. Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді. 

 

 

 

2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі 

 

61. Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:

1) Органға сертификаттауға өтінім беру;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау;

3) сертификаттау схемасын таңдау;

4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).

62. Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.

Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.

63. Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.

64. Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

65. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:

1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

66. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

67. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

68. Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

69. Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

70. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

71. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

72. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

73. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:

1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;

2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

3) тексерістер жүргізу;

4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

74. Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

75. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

76. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.

Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.

77. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:

1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;

2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;

3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;

4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

78. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

79. Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.

80. Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:

1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;

4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;

5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

81. Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.

Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды. 

 

 

 

4-тарау. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау 

 

82. Сәйкестік туралы декларация - жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.

83. Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) төлейді.

84. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.

85. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:

1) жеткізуші (дайындаушы, сатушы) және (немесе) басқа да аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары;

2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары;

3) өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;

4) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік процесс, жинау, дайын өнім, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, сапа менеджменті жүйесінің немесе кәсіпорын өндірісінің сертификаттары.

86. Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.

87. Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып жеткізуші (дайындаушы, сатушы) белгілеген мерзімге қабылданады.

Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жеткізуші (дайындаушы, сатушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.

88. Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.

89. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.

90. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар қоса беріледі:

1) тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) өнімнің осы Регламенттің 89-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);

4) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Қажетті құжаттары бар декларацияны жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.

91. Орган 10 күннен аспайтын мерзімде қарайды және:

1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталуы мүмкін өнім тізбесінде бар болуын;

2) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;

3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;

4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;

5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді.

92. Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді.

Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады.

Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.

Информация о работе «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті