Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:30, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік адам өмірінде де, сондай-ақ жануарлар тіршілігінде де орасан зор қызмет атқарады. Адам мен жануарлардың негізгі азық қоры - өсімдіктер. Өсімдіктерден азық түлік қана емес, сонымен бірге, дәрі-дәрмек, қара май, мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және т.б. техникалық шикі заттар алынады.

Содержание работы

Кіріспе
1.1 Дәрілік өсімдіктердің маңызы
1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы дәрумендер
1.3 Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

дарилик.doc

— 1.20 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

 

    Кіріспе

 

      1.1 Дәрілік өсімдіктердің маңызы

 

     1.2 Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы дәрумендер

 

     1.3 Дәрілік өсімдіктерге сипаттама

 

 

Қорытынды

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

3

 

4

 

6

 

8

 

 

13

 

 

14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Өсімдік адам өмірінде де, сондай-ақ жануарлар тіршілігінде де орасан зор қызмет атқарады. Адам мен жануарлардың негізгі азық қоры - өсімдіктер. Өсімдіктерден  азық түлік қана емес, сонымен бірге, дәрі-дәрмек, қара май, мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және т.б. техникалық шикі заттар алынады.

Қазақстан да өсімдіктердің 6000-нан астам түрлері бар. Өсімдіктер дүниесінің ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Қазақстан территориясының көп жеріндегі дәрілік өсімдіктер барынша аз зерттелген. Олар әсіресе шөл және шөлейт жерлерде көп.

Соңғы жылдары  көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың, ойланбай ойсырата жинаудың, жерді  аяусыз жыртудың, мал жайып, таптаудың  салдарынан мүлдем жоғалып барады. Сондықтан біз тек қана дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды  да насихаттауымыз керек.

  Табиғат  қорғау мәселесіне қазір жер  жүзі бойынша көңіл аударылуда.  Тірі табиғат мәңгілік емес, дұрыс  пайдаланбаса азаяды, ақыр аяғында құрып кетеді.

     Сондықтан әр адам табиғаттың бір бөлігі екенін сезіну керек, табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану керектігін түсіну қажет. Табиғаттың миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан  биологиялық жүйесі бар. Онда ешқандай керек емес зат жоқ.  Әр жануардың, әр өсімдіктің өзінің атқаратын маңызды қызметі бар. Адам да осы жүйенің бір бөлігі болып саналады, оған тыныс алу үшін  өсімдіктер шығаратын оттегі қажет. Ал өсімдіктер жануарларсыз өмір сүре алмайды. Микроағзалар топырақты құнарландырады. Жалпы тірі ағзаларды адам қорек ретінде, энергоресурс ретінде, стройматериал ретінде, дәрі ретінде  пайдаланады.  Сондықтан да биологиялық түрдің біреуінің жоғалып кетуі адам үшін өте қауіпті.

 Адамзат  көптеген жетістіктерге  қол  жеткізіп отыр,  бірақ  жоғалған биологиялық түрді қайтадан қалпына келтіре алмайды, ол оның қолынан келмейді. Сондықтан биоалуантүрлілікті сақтау қазіргі кезде адамзаттың глобалды мәселесіне айналып отыр.

Осы өзекті мәселелерді  шешуге үлесімізді қосу мақсатында тұған  өңірдегі  дәрілік шөптердің түрлерін зерттеуді көздедік. Себебі мұның ғылыми маңызы өте зор.

Жұмыстың мақсаты – жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін, өмірде керек кезінде пайдалануды білу.

 

 

 

 

 

 

 

1.1  Дәрілік өсімдіктердің маңызы

 

Қазақстан Республикасының территориясында  6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли ибн-Сина, Беруни, әл-Дуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы басқа да Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.

Бұған қоса қазақтың халық медицинасы көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет және Ауғанстан  халықтарының медицинасындағы дәрілік өсімдіктер туралы деректермен байытылып, одан әрі дамыды. Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың емдік қасиеттерімен халықты таныстыру ісінде республикада бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жолда медициналық институты, ботаника институты үлкен еңбек етті.  Сондай-ақ Қ.Үшбаев, М.Қожабеков, К. Доброхотова сияқты авторлар дәрілік өсімдіктер туралы кітаптар жазды. Арыстанғалиев пен Рамазанов «Қазақстан өсімдіктері» атты кітап жазып, өсімдіктердің қазақша-орысша-латынша аттарын анықтауда және бір жүйеге келтіруде елеулі еңбек сіңірді. Республикада дәрілік өсімдіктердің ерекше мол екендігін ескеретін болсақ, бұл аталған еңбектердің жеткіліксіз екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Айта кету керек, ботаниктер мен медиктердің, фармакологтардың алдында әлі де орасан көп жұмыстар тұр. Көптеген әдебиеттерде өсімдіктердің атаулары әртүрлі, яғни атаулар бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан  бүкіл халыққа ортақ атауларын табу ғалымдардың міндеті.

Әр облыстың, аймақтың халқы дәрілік өсімдіктің әртүрлі қасиеттерін өздерінше  пайдалану да мүмкін.  Себебі кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері болады. Олар да зерттеліп бір жүйеге келмеген. Халық медицинасында қолданылатын көптеген дәрілік өсімдіктер ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болып келеді.  Оның үстіне өнеркәсіпте дәрілік шикізаттардың күннен-күнге көп керек бола бастауына байланысты олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау аса маңызды міндет болып табылады.

Адам баласы алғаш жер басып жүре бастаған кезде табиғатпен жекпе-жекке шықты. Санасы әлі жетіле қоймаған алғашқы адам көзіне көрінген өсімдікті аузына салды. Оның дәмдісін тауып, азық етті. Осылай адам  көп жылдық тәжірибеден тағамдық өсімдіктерді пайдаланудың алғашқы қарапайым әдісін үйренді. Бірақ бұл өсімдіктердің азаюына нұқсан келтірмей тепе-теңдігі сақталатын. Кейін өсімдікті адамның қажет етуі күшейе бастады да, аяусыз жоюдан кейбір өсімдіктер мен жануарлар құрып кетті.  Енді табиғатты қорғау қажеттілігі туды.

Осы айтылғандар  республиканың барлық жерін аралап зерттеу жүргізуді талап етеді.

Қай заманда  болсын,   адам өсімдік өнімдерінің  тағамдық жағына ғана емес, сонымен  қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.  Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, имунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ.

Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қол жазбалардан  айқын көрінеді. Айталық, жидектің  бойындағы дәрімендердің, микроэлементтердің көп болғандықтан, тамақтың сіңіру процесін күшейтеді. Жүрек –тамыр жүйесі ауырған кезде, жүйке жүйесі жұқарған кезде ампелотерапия (жүзіммен емдеу) пайдаланады. Жапония мен Қытайда гипертонияны (жоғары қысым) емдеуде сарымсақ терапиясы кең өріс алған.  Көптеген ауруларды (тұмау, жоғары тыныс жолдарының қатары, тіс еті, тері аурулары)  фитонцидтік қасиеті бар әралуан өсімдіктерді пайдалану арқылы емдейтін әрі профилактика жасайтын фитонцидотерапия да өмірде кең орын алды. 

Қазіргі  кезде  белгілі болғандай, өсімдіктер биологиялық өте сіңімді болуымен қатар, басқа тағамдардың да бойға таралуына әсер ете отырып, олардың сіңімді болуын жақсартады, зиянды заттарды бейтараптандырады да олардың ағзадан шығуын тездетеді, ағзаның қорғанғыш күшін күшейтеді. 

Өсімдіктердің жұғымды тамақтанудың негізі – олар алуантүрлі, құнды және сіңімді. Осы жөнінде Көне Шығыстың энциклопедияшы-ғалымы Әбу Әли Ибн Сина  (Авиценна) атақты «Дәрігерлік ғылымның қағидасында» былай деп жазды: «Ағзаны нығайту және жақсарту үшін тағамдық өсімдіктердің әртүрлісі қажет». Ағзаның дұрыс қызмет етуі үшін  әртүрлі тағамдарды пайдалану керек.  Әртүрлі өсімдік тағамдарын  пайдалану ағзада зиянды заттардың біркелкі жинақталуын болдырмайды.

Қазіргі кезде  біздің денсаулығымызды қорғауда бау-бақша дақылдарын өсіру мәселесі ерекше мән алады.

Шипалы өсімдіктер қатарына  әртүрлі сәндік өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі  тек ләззат сезім беріп, бойындағы сергек заттардың арқасында (меруертгүл, шегіркүл, гүлшетен) олар денсаулығымызды жақсартады.

Сондай-ақ  біздің бау-бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны  айтуға болады, өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ -  атам заманнан «өмірдің нәрі» аталған, немесе, қалақай – дәрумендер  қоймасы саналады. Арамшөптерді отап тастауға асықпай, алдымен  олардың  пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.  Қала берді, сәнді  және арамшөптерге жататын әртүрлі өсімдіктердің тағамдық қасиеттері көптен белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Дәрілік өсімдіктердің  құрамындағы дәрумендер

 

 

Құрамында биологиялық  белсенді заттары бар және емдік  мақсатта пайдаланылатын өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атайды. Кептірілген дәрілік өсімдіктерді тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданады. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Осы тұстан өте абай болу керек.

Биологиялық белсенді заттарға көптеген  қосылыстар  жатады: дәрумендер, фитонцидтер, микро- және макроэлементтер және тағы басқалар.

Дәрумендер – ағзаның қалыпты тіршілігіне қажетті биологиялық белсенді заттар.  Дәрумендер зат алмасу процестеріне қатысады,  қан тамырларында холестериннің жинақталуын тоқтатады және қанның қалыпты құрамының сақталуына, жалпы ағзаның солмауына әсер етеді. Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер, олар: А, В2 (рибофлавин), B1 (тиамин), В6 (пиридоксин), В12, С (аскорбин қышқылы), D т.б.

Өсімдік шикізаты – адам ағзасына қажетті дәрумендердің  құнды негізі.

Майда еритін дәрумендер - А, Д, Е және суда еритін дәрумендер – С және В болады.

А витамині - каротин пигменті. Итмұрын және шырғанақ жемістерінің,  қалақай, жолжелкен жапырақтарында, кәдімгі шетен жидектерінде, қаражемісті шетенде, бүлдіргенде, сәбіз, шпинат, асқабақ, жүгері дәні, ақжелкен, өрікте, шашыратқы, жөке ағашының құрамында болады.

Аскорбин қышқылы (С) – дәрумені шырғанақ және итмұрын жемістерінде, пиязда,  қалақай жапырақтарында, таңқұрай, қара қарақат, бүлдірген жидектерінің, аскөк, ақжелкен, қымыздық, көкөніс қызыл бұрышы мен қабықты бұрыш құрамында болады. С дәрумені ағзаның дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайлы әсер етуіне қарсылықты, жұқпалы ауруларға деген төзімділікті күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Р дәрумені тек қана өсімдіктерде болады.   Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді. Сондықтан  Р витамині аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде  көп болады. С және Р витаминдері ағзадағы аса уақ қан тамырлары – капиллярлардың қабырғасын нығайтады.

В-тобының витаминдері : В1, В2, В3, В6, В9, В12 .

В1 дәрумені (тиамин) көптеген өсімдіктерде: өрікте, дәнде, бұршақ өсімдіктерінде, картоп пен сәбізде, пиязда, балдыркөкте, салатта, аскөкте кездеседі. Оны С витаминімен бірге пайдалану керек.  В1 витамині жүйке жүйесінің қызметінде үлкен роль атқарады, жүрек бұлшық еттері мен ішек-қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. 

В2 дәрумені (рибофлавин) көкөніс өсімдіктерінде (сәбізде, жуада, ақжелкенде),  фасоль мен жасымықта, жүгері дәнінде, жеміс дақылдарында –алхорыда, шиеде, өрікте, итмұрында болады.

В дәрумені (пантотен қышқылы) жидектерде (қара қарақатта, таңкурайда, бүлдіргенде), жемістерде (өрікте, шиеде), көкөністерде (көк бұршақта, картопта, түсті капустада, томатта, сәбізде, ақжелкенде, пиязда) болады.

В6 дәрумені (пиридоксин) картопта, жүгері дәнінде, алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерінде, алмада болады.

В9 дәрумені немесе фолий қышқылы бірінші рет шпинат жапырақтарынан алынды. Өсімдіктердің көк бөлігінде, сондай-ақ капустада, қарлығанда болады. Фолий қышқылы темірмен бірге қанның жасалу қызметін күшейтеді, анемияға шалдыққанда өте пайдалы.

В12 (кобаламин) молекулінде кобальт бар. Қан түзу мүшелеріне жақсы әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Түркістан қаласында өсетін дәрілік өсімдіктер

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адыраспанның емдік қасиеттері мына суретте келтірілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

Адыраспанды емдік мақсатпен пайдалану үшін түтетеді, немесе тұнбасын жасайды.

 


Кейде жәндіктер гүлді  түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің  күлтелері, жабылады.

Итмұрынның ерекшелгі  – бағалы витаминдере бай, жемісі және одан дайындалған дәрі- дәрмектер медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы – парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

 


Жалбыздың жапырағында  ментол болады. Одан жасалатын дәрілер  жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыз жүйке жүйесіне тыныштандырушы әсер етеді. Оны суық тигенде демдеп, ішіп, тер шығаруға тырысады. Сонымен бірге жалбыздың тұнбасы және оның балғын жапырақтары тамақ ауруы мен түйілуін жазуға көмектеседі. Бұрышты жалбызды дәмдеуіш ретінде қолданады. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Информация о работе Дәрілік өсімдіктер