“Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 08:48, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Содержание работы

1. Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу........3
Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні.........................................................................................................................6
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы ............................15
1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ....................................................15
1.4 Концептуалдың сызба нұсқасы ........................................................................26

2. Ақпарат жүйесін жобалау................................................................................29
2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..................................................................29
2.2 Есеп қойылымы..................................................................................................29
2.3 Кіріс ақпараты.....................................................................................................30
2.4 Шығыс ақпараты.................................................................................................32
2.5 Ақпараттық база.................................................................................................34
2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.......................................................39
Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .......................................................................................................41

3. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала......................................................................................................................49
3.1 Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу.................................................................................................................49
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау...................................................................................................................56

Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-“Бизнес-проектіні-моделдеу-және-басқару”ақпараттық-жүйесін-тұрғызу.doc

— 1.37 Мб (Скачать файл)

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы.

Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

1-Кесте. Ақпараттық жабдықтау

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.


 

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды /2/.

Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

  1. Ақпаратты алу.
  2. Ақпаратты түрлендіру.
  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:

  1. ақпаратты жинау және тіркеу;
  2. ақпаратты өткізу;
  3. машиналық тасығыштарды дайындау;
  4. ақпаратты өңдеу;
  5. ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

 

2-Кесте. Техникалық құралдар кешені

Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Перне  тақтасы

Тышқан

Іntel, 1 MHz

 

128 Mb

10 Gb

17 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы

Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk


 

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың (драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін  программалар жатады.

Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін, оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық   жүйеде қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.

Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.

Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны қолданбалы программалар пакеті арқылы:

  • Мәліметтерді басқаруда ;
  • мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
  • деректі программалық әдістерін;
  • дискретті программалар әдістерін;
  • үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды

орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.

 

 

 

3-Кесте. Программалық жабдықтау

Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0

MS Offіce XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер  базасын жинақтау.

 

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы программа

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.


 

Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық, үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. «Есепке алу және талдауң ақпараттық жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету керек.

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

    • Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
    • Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).

Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар кіреді:

    • Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
    • ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
    • Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
    • Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы, сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

    • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
    • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
    • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
    • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
    • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
    • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет.

Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар

Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) - АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.

БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:

- түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға 
кітапханаларды    ұйымдастырудың    дамыған    құралдарын    пайдаланудың 
мүмкіндіктері;

Информация о работе “Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу