“Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 08:48, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Содержание работы

1. Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу........3
Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні.........................................................................................................................6
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы ............................15
1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ....................................................15
1.4 Концептуалдың сызба нұсқасы ........................................................................26

2. Ақпарат жүйесін жобалау................................................................................29
2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..................................................................29
2.2 Есеп қойылымы..................................................................................................29
2.3 Кіріс ақпараты.....................................................................................................30
2.4 Шығыс ақпараты.................................................................................................32
2.5 Ақпараттық база.................................................................................................34
2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.......................................................39
Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .......................................................................................................41

3. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала......................................................................................................................49
3.1 Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу.................................................................................................................49
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау...................................................................................................................56

Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-“Бизнес-проектіні-моделдеу-және-басқару”ақпараттық-жүйесін-тұрғызу.doc

— 1.37 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

                                        

«Инженерлік-экономикалық» факультеті

                                 

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

 

                                     

 

Дипломдық жұмыс

 

 

Тақырыбы: “Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу

 

                                                                                    Сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенті

Мамандығы: Экономикадағы ақпараттық жүйелер

Смайлханов Даулет

 

                                                                            Ғылыми жетекшісі: профессор, тғд

                                                                           

 

Рецензент: Қазақ Бас Архитектура және Құрылыс Академия профессоры, т.ғ.д. Айдосов А.

 

 

Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді:

“Қолданбалы информатика” кафедрасының меңгерушісі

                                                                        ф-м. ғ.к., доцент  Заурбеков Н.С.

 

 

Алматы - 2006

 

 

Мазмұны

 

1.  Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу........3

    1. Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні.........................................................................................................................6

1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы ............................15

1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ....................................................15

1.4 Концептуалдың сызба нұсқасы ........................................................................26

 

2.   Ақпарат жүйесін жобалау................................................................................29

2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..................................................................29

2.2 Есеп қойылымы..................................................................................................29

2.3 Кіріс ақпараты.....................................................................................................30

2.4 Шығыс ақпараты.................................................................................................32

2.5 Ақпараттық база.................................................................................................34

2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.......................................................39

    1. Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .......................................................................................................41

 

3.   Ақпараттық жүйе  деңгейін бағалау және қолдануы  мүмкін болатын сала......................................................................................................................49

3.1 Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу.................................................................................................................49

3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау...................................................................................................................56

 

Қорытынды.................................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................59

Қосымша.....................................................................................................................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Кіріспе

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалык қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Фирма экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде фирманың мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы , мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік

 

кызметтер,  фирманың     мемлекеттік және  өзін-өзі  басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттык заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» бағамен зерттелуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

    • фирма   меншік   нысанына   және   салалық   құрамында  болуына 
      қарамастан       бірінші      буыны      халық      шаруашылығының 
      экономикалық    негізі    болып    табылады,     ақырғы    соңында 
      фирманың     тиімді     жұмыс     істеу     деңгейі     жалпы     халық 
      шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың  әл-ауқатының 
      деңгейіне байланысты болады;
    • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылык 
      тетігін      жан-жақты   қарастыруды,   оның   құрылымына   жаңа 
      нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес- 
      жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. кажет етеді.

Қандай да бір фирма болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке фирмалардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке фирманың мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға кажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді    жинауды,    өткізіп    беруді,    өңдеуді,    сақтауды,    жинақтап

 

толтыруды және шығарып беруді    АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды кұрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс кұжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Дипломдық жобаны жазудағы басты мақсатым проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялык бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ПРОЕКТІЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

 

1.1 Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның

маңызы

Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамысы туралы, жер, әнергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және әкономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді.

Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.

Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы әкономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады.

Бизнестің табысты дамуының шешуші әлементі - сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.

Жоспарлау - болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені әкономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.

Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.

Сонымен, бизнес-жоспар - бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың   қағаз   жүзіндегі   жазылған   моделі   және   осы   алға   қойған

мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал.

Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:

    • әкономикаға  қазір   кәсіпкерлердің   жаңа  ұрпағы   келіп  жатыр., 
      олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып 
      көрген емес, сондықтан нарықтық әкономиа жағдайында оларды 
      күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп 
      біле алмайды;
    • шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі 
      жетекшілердің     алдында     болашақтағы     шараларын     жаңаша 
      көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;
    • Инвестиция алу және әкономиканы көтеру үшін инвесторларға 
      жоспарлардың өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;

Бизнес жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

    • Болашақ     өткізу     нарығының     сыйымдылығын     және     даму 
      перспективасын айқындау;
    • Осы   нарыққа   қажетті   өнімді   өндіруге   қажетті   шығындарды 
      бағалау және оларды товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін 
      түсіммен  салыстыру  арқылы  жоспарланған  істің табыстылығн 
      анықтау;
    • өнімді өткізу алдында кезедсуі мүмкін кедергілерді алдын ала 
      айқындау;
    • өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік 
      беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау;

бизнес-жоспар қазіргі нарықтық әкономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.

Информация о работе “Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу