“Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 08:48, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Содержание работы

1. Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу........3
Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні.........................................................................................................................6
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы ............................15
1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ....................................................15
1.4 Концептуалдың сызба нұсқасы ........................................................................26

2. Ақпарат жүйесін жобалау................................................................................29
2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..................................................................29
2.2 Есеп қойылымы..................................................................................................29
2.3 Кіріс ақпараты.....................................................................................................30
2.4 Шығыс ақпараты.................................................................................................32
2.5 Ақпараттық база.................................................................................................34
2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.......................................................39
Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .......................................................................................................41

3. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала......................................................................................................................49
3.1 Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу.................................................................................................................49
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау...................................................................................................................56

Қорытынды.................................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-“Бизнес-проектіні-моделдеу-және-басқару”ақпараттық-жүйесін-тұрғызу.doc

— 1.37 Мб (Скачать файл)

Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:

1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.

 

    1. Бизнес-жоспар    жаңа    кәсіпкерлік    идеяны    нақты    бағалауға 
      көмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге 
      асырылуына негіз болады.
    2. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады. 
      Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен 
      тең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.
    3. Бизнес-жоспар    фирманың    бизнес-идеяларын    фирмадан    тыс 
      тұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тарту 
      немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.

Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:

    • Сізге қанша ақша қажет?
    • Ол сізге қашан қажет болады?
    • Қаражат сізге не үшін қажет?
      • Оны  сіз  қайтара  аласыз  ба  және  қашан  қайтарып  бере 
        аласыз?

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.

5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз 
оқиғаларға   жауап   беру   арқылы   жүзеге   асырғанға   қарағанда 
табысқа   әкеледі.   Өйткені   бизнес-жоспар   басты   мақсатқа   зер 
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды 
шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлі құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды қүру ЮНИДО-ның ұсынған стандарттары бойынша жүргізіледі. Соның құрылымын қарастырайық. Негізгі тараулар келесідей:

    1. Жобаның    қысқаша    сипаттамасы     (мақсаттары    мен    бизнес 
      стратегиясын анықтау). Құрал-жабдықты қою және орналастыру 
      мерзімдері;
  1. Жобаның алғы шарттары және идеясы;
    1. Нарықты  талдау  және  маркетинг  концепциясы  (баға белгілеу 
      стратегиясы). Нарықтағы сұранысты бағалау;
  1. Жобаның орналасуы, құрылыс участкесі және қоршаған орта;
    1. Техникалық   жабдықтау   және   технология.   Жобаның   базалық 
      технологиясы;
    2. Өндірісті ұйымдастыр және басқару. Өндірістік процесс. Өндіріс 
      көлемі. Өнімнің стандарттаы мен технологиясы;
    3. Қаржылық    жоспар     және     инвестиция    тиімділігін    бағалау. 
      Қаржылық бағалау негіздері (INPUT).
    4. Жобаның ел әкологиясына және әкономикасына тигізетін әсерін 
      анықтау;

Енді тауарлардьщ әрқайсынына қысқаша сипаттама берейік.

Жобаның қысқаша сипаттамасы. Бүл тауарда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлері, заңгерлік тіркелген және орналасқан жері, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының мөлшері, құрылтайшылық құжаттарында келтіретін бірқатар маңызды деректер беріледі. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвестициялық жобаға қысқаша сипаттама беріледі. Жобаны жүзеге асыру мерзімі, оның құны және қаржыландыру көздері, жобаны жүзге асыру кестесі т.с.с. мәліметтер осы тарауда көрсетіледі.

Қажетті ақша құралдарына деген қажеттілікте 2 бағанға бөліп көрсеткен дүрыс: ақша қүралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздері. Бүл екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық қажетті ақша құралдарының мөлшерін анықтап қана бермейді, сонымен бірге жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелді толық ақтайтындығына көз жеткізу қажет.

Жобаның алгышарттары және идеясы. Бүл тарауда үсынып отырған жобаны жүзеге асыру үшін қажетті алғышарттар қарастырылады. Компанияның бизнесіне қатысты қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерді келтіріп, оларды қалай жүзеге асыру ниетін көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрі айқын түрде тұжырымдалуы керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойға, мақсаты негізделеді. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негізін құрайды. өйткені потенциалдық инвесторлар үшін қазіргі және болашақтағы бизнестің соңғы нәтижесін нақты сандық көрсеткішпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып отырған товар немесе қызмет түрінің бизнестегі компангияның мақсатарына қол жеткізуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.

Мақсат дегеніміз - бір уақыт аралығында қол жеткізуді көздеп отырған қызмет нәтижесі. Міндет - бірқатар сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын, берілген уақыт мерзімі ішінде қол жеткізілетін қажетті қазмет нәтижесі.

Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткізуді көздеп отырған жетістіктері ретінде белгілі бір иерархиялық тізбекте болуы мүмкін, нгемесе басымдықты мақсат бөлініп көрсетілуі мүмкін, немесе компания қызметінің әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берілуі мүмкін. Осы тарауда сондай-ақ, өндірілетін өнім ассортименті, жобаның жүзеге асырылатын жері, экономикалық тиімділігі, оның заңгерлік рәсімделуі, мемлекеттің жүргізіп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесімділігі туралы қысқаша мағлұматтар беріледі.

Нарьқтьщ талдау және маркентинг конңепңиясы. Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдйы жақсы білетіндігін көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсілдері және т.б.

 

Маркетинг жоспары фирма қызметін ішкі ұйымдастыру үшін, сондай-ақ серіктестер және инвесторлармен келіссөздер жүргізу кезінде қажетті құралдар болып табылады.

Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серіктестермен өзара арақатынастар негізнде қалыптастырады, оның мақсатты товарды бөліп тарату схемасы туралы, баға белгілеу, мен өткізудің ынталандыру әдістері туралы анық көрініс беру.

Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданылатын баға белгілеу стратегиясы, нарықтық мақсатты сегменттеріне таңдау, сату болжамдары, товарды бөліп тарату схемасы, клиеттерген сатудан кейін де қызмет көрсету, жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелері, дайын өнімді немесе товарды өткізу каналдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, компанияның товарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткізуді ынталандыруда қолданылатын маркентингтік тәсілдері көрсетіледі. Жалпы маркетингтік концепциясына сипаттама беріледі.

Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзінің нарыктағы алатын үлесін және ролін көрсетуі қажет. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өндірілетін товар немесе қызметті өткізу тұрғысынында қолданылатын маркентингтік әдістер мен тәсілдер кешені және бәсеклестермен күресу техникасы қажетті нарық үлесін жаулап алуға және анқты уақыт мезетіне өткізу көлемін нақты сандық шамаға жеткізуді қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуі керек.

Жобаның орналасуы, цүрылыс учаскесі және цоршаган орта. Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшін жерді таңдау туралы шешімді қабылдау негізделеді. Өнімді өндіру ісі жүзеге асырылатын қүрылыс үйлері, жер учаскелері қандай қағидаға сүйеніп алынғаны көрсетіледі.

Техникалық жабдықтау және технология. Бұл тарауда жоба шеңберінде қарастырылған ұснылып отырған товар немесе қызмет өндірудің технологиясы мен техникалық сипаттамалары келтіріледі. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.

Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, олардың өндірушілер туралы, құрал-жабдықтың жұмыс істеу режимі, техникалық-технологиялық линия жұмысы туралы мағлұматтар беріледі.

Өндірісті ұйымдастыру және басқару, ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент - бұл фирманың іскерлік кестесі, қызметінің құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары, кәсіпрорында басқаруды ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің өзара қызметін үйлестіру.

Іскерлік кесте - бизнес-жоспардың қажетті бөлігі. Мұнда өнімді өндіру, нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешуші іс-әрекеттердің уақыт кестесін бекіту қажет. Істі табыстылыққа жеткізетін мейлінше маңызды тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады.

Басқару құрылымын қалыптастыруда мынаны есте сақтаған жөн: ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырудың техникалық шешім қабылдаудың ерекшелігі сол, компания қызметінің барлық кезеңінде адам факторы   маңызды   рөл   атқарады.   Жеке-дара   және   топтық   мүдделер,

тәжірибе және дәстүр, жетекшілер мен мамандардың біліктілік және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын жобаны құрудың алғашқы кезеңдерінде ескеру қажет. Егер компания көлемі жағынан өте үлкен болмаса, шешуші мамандар мен жетекшілерді компанияны тарту үжымының тиімді жүмыс істеуіне кепілдік береді.

Сондай-ақ, бұл тарауда өндіріс процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, өндіріс көлемі, шығарылатын дайын өнімнің стандарттары мен технологиясы туралы ақпарат беріледі.

Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау. Қаржылық багалау негізі (INPUTТ). Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті ағымдық және ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтау болып табылады. Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерінің көлемін және олардың қаржыландыру көздерін анықтаудан басталады.

Қаржылық жопарлаудың объектілері болып мыналар табылады: өнімді өткізуден түскен түсім, пайданың қалыптасуы және қолданылуы, шығындарды жабу көздері, бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.

Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлігінде жоспарланған пайда, әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлікті сатудан түскен түсімдер және т.с.с табыстар көрініс тапса, шығындар бөлігінде-салықтық төлемдер, несие үшін төленетін проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтік қорлар бейнеленеді.

Кез-келген экономикалық есептеулер нәтижесі компанияны қоршаған ортадағы көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігі белгілі, яғни алуан түрлі ішкі және сыртқы тәуекелдер болады. Сондықтан қаржылық жоспарды кұру кезінде жасалатын есептеулер бірқатар шарттарға сүйеніп жүргізіледі. Экономика математика сияқты дәл ғылым емес, абстрактілі ғылым екені белгілі, сондықтан кез-келген экономикалық құбылысты қатып қалған дәл формула арқылы бағалау дұрыс емес, сондықтан экономикалық есептерді шешу кезінде математикалық әдістерді қолдану бірқатар пайымдауларға неғізделеді. Осы пайымдаулар ЮНИОДО үсыныстарында ІКРІІТ деп аталады. Ол жобаның негізделген мынадай параметрлерін қамтиды: өнімнің бағасы, салық ставкасы, инфляция деңгейі, несие бойынша проценттік ставка, дисконттау ставкасы, оптимистік және пессимистік варианттар бойынша өндірістің көлемі, тұрақты және өзгермелі шығындар арақатынасы, жарнама шығындарының мөлшері, жөндеу шығындарыньщ мөлшері, амортизация ставкасы және т.с.с.

Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигізетін әсерін анықтау. Бұл тарауда үсынылып отырған жобаның ел экономикасы және экологиясына тигізетін әсері негізделеді. Яғни жобаның барлық қатысушылар үшін әкелетін пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешімін қабылдаған потенциалдық инвесторларға келетін үтыс дәлелденеді. Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетін салдары көрсетіледі. Егер өндірістің табиғатқа теріс салдары болса, оларды жою немесе кері салдарын мейлінше   төмендету   шаралары,   бұл   шараларды   қаржыландыру   көлемі сияқты мәселелері де осы тарауда бейнеленеді.

    1. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

 

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты жобаны басқару жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл  талаптар мыналар:

  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
  • Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

 

  • Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
1.3 Ақпараттық  жүйелер ресурстарына қойылатын  талаптар

 

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Информация о работе “Бизнес-проектіні моделдеу және басқару” ақпараттық жүйесін тұрғызу