Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 10:36, реферат

Описание работы

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру
1.1Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есері
1.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есері
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау
2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1 тапс,3 апта-Реферат.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

у – акцияның  бағамдық құнының  өсетіндігін көздейтін инвесторлардың үлес салмағы, "бағамдык" (у~1);        

ц,- бұрындары сатылып кеткен акциялардың бағасы.

Акцияның  нарықтық  бағасын шығарған кезде х пен у деңгейінің  тәуелділігі байқалады: бір кезде "бағамдық" басым болса, ал бір кезде керісінше, "дивидендтік» басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның  нақты бағасын бағалай алмайды.

Акцияның ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан жоқ.

Дегенмен де, акцияның  нарыктық бағасын болашақта күтілетін дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жок емес. Ол, негізінен өткен жылдардың  орташа деңгейінен алынады. Акцияның  нарықтық  құнын анықтайтын формуланың  түрі мынадай болады:

Мұндағы:

Д1- кезең үшін күтілетін дивиденд;

к - акция бойынша қажетті табыс денгейі;

∑- 1 ден ∞ дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконтталған құнының сомасы;

Рак - акцияның нарықтық құны.

Егер инвестор акцияны бір жыл ұстап және акцияның құнын п мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:

  немесе  

 

Мұндағы:

Д - жыл соңына күтілетін дивиденд;

п - жыл бойындағы акцияның  өсу қаркыны, %

і – дисконттың  мөлшерлемесі (күтілетін дивидендті ағымдағы құнға келтіру).

Мысалы, кәсіпорын өткен жылы акцияға өз пайдасынан 1 мың теңге

дивиденд төлеген және сәйкесінше бірнеше жыл ішінде жыл сайын орташа

есеппен дивидендті 5% өсіп отырған, сондықтан инвестор өсу қарқынын сақтаса, акцияның  бағасын 5% өсірсе, ол кезде күтілетін дивидендтің  деңгейін анықтауға болады:

  мың тенге.

 

Қазіргі жағдайда, бағалы қағаздың  ағымдағы құнын анықтаған кезде міндетті түрде дағдарысқа сай етіп түзетулер жасау керек. Шамамен дағдарыстың  өсім қарқыны (һ),  бірліктің үлесі ретінде көрсетілсе, онда дағдарыстың  жылдық өсімі былайша бейнеледі (1+һ).

Шын мәніндегі жылдык табыс (Кр), былайша анықталады:

немесе 

 

Мұндағы:

Ки – жылдық  номиналдық (атаулы) мөлшерлемесі.

Инвестицияларды қайта бағалау. Ұзақ  мерзімді  қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін қайта бағалаудың мерзімділігін  анықтау керек; ұзақ мерзімді инвестициялардың  бір түрін бір мезгілде ғана қайта бағалаған жөн.

Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялардың үстеме бағасының сомасы меншік капиталын өсіреді. Инвестицияның  құны кеміп кетсе, онда ол инвестицияның үстеме бағасының есебінен төмендетіледі. Егер инвестицияның  үстемесі болмаса, онда ол шығынға жатқызылады.

Бұрындары төмендетілген инвестиция құны осы кездегі инвестицияның  үстемесінің есебінен өтеліп, қалған сомасы меншік капиталына қосылады.

Егер де ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қайта бағалаудың нәтижесінде азайса, содан соң  көбейсе, алдынғы ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияның  азайған құны өзінің  бастаг.кы калпына келтіріледі. Сол калпына келтірілген сома кабылданған есеп саясатына байланысты табыс немесе таратылмаған табыс ретінде танылады.

Мысал. "Шығыс" ААҚ 800 мын теңгеге үзақ мерзімді каржылык инвестициясын алған. Есептік саясатқа байланысты үзақ мерзімді каржылык инвестициясы каржылық есеп беруде жылына бір рет жүргізілетіндіктен кайта бағаланған сомасымен көрсетіледі. Ал егер де бүрындары кайта багаланған инвестициялар есептен шығарылған кезде сомалар калпына келтіріліп, содан сон сол сомалар таратылмаған табыс ретінде көрініс табады.

Инвестицияны игерудің  бірінші жылыңда ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция 120 мың теңгеге қайта бағаланған (яғни, бағасы өскен), ал екінші жылы, керісінше.

180 мың теңгеге азайған, ал үшінші жылы 190 мың теңгеге қайта бағаланған (яғни, бағасы өскен), Бірінші жылдың соңғы күндері ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның 50% категориясы қысқа мерзімді инвестицияға көшірілген.

Есептік саясатта қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы немесе сатып алу құнының ен төмен бағасы бойынша есептелуін қарастыруы мүмкін. Екінші жылдың басында 500 мың теңгеге инвестиция сатылған, төртінші жылдың   басында инвестицияның  қалған  бөлігі 600 мың  теңгеге  сатылған. Соңғы екі жылдың барысында жыл сайын 300 мың теңгеден дивиденд есептелген. Енді осы операциялардың шоттар корреспонденциясын жасаймыз.

Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық  бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылык туғызатын каржылык мәселелер болып табылады. Инвестор әркашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі акция қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірак ондай болжамды тек қана инвестициялык жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың төрт әдісін паңдаланады:

-   инвестициялық табыстың орташа нормасы;

-   өтеушілік;

-   табыстың  ішкі нормасы;

-   таза ағымдағы құны.

Инвестициялык табыстың  орташа нормасының  әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеніндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық  табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның  орташа денгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялык табыстың  орташа нормасы инвестицияның  не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде оларды қата бағалауға тура келеді,  демек оның  әділ құнын  қалпына келтіру керек.

3 жылдың  орташа баланстық  табысы 21 мың теңге құрады делік, ал таза инвестицияның  құны 180 мың  теңге болған, олай болса табыстың орташа нормасы 11,67% құрайды [(21:180)х100%].

Егер де табыстың  орташа нормасы 5,3 мың  теңгеге өссе, онда ол инвестицияның сомасын 45 мың  тенгеге өсіреді (5,3 : 2 х 180).

Қаржылық  инвестицияны өтеушілік әдісімен бағалаған кезде бірнеше жылдардың   қатар санын пайдаланады. Қаржылық  жобасына: бірінші жылы — 40 мың  теңге, екінші және үшінші жылдары — 60 мың теңге, төртінші, бесінші жылдары   - 40 мың теңге салынады деп топшыланған. Шын мәнінде ол 180 мың  теңге құраған, яғни инвестицияның  кұны 20 мын теңгеге азайған.

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Инвестицияның  өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу.

Инвестицияның өтеушілік - мерзімін есептеу әдісі негізінен инвестицияның  бастапқы салынған сомасын жабу үшін кажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция  сомасына  тең болғанға  дейін созылады  және де ол  инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялык сомаларды қайтару мерзімінін ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қыска болған сайын, жобадан түсетін акшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылык субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылык субъектілерінің  тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады; ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер  керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың  тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның  әртүрлі құнын ескермейді (яғни, дисконттау процесі оңда қолданбайды), сондай-ақ  өтелу мерзімі  аяқталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің  бірі ретінде ғана  қарастырылады.

Шаруашылық субъектісінің  ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады  және сол бойынша инвестициялық  жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық  пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконталған құны сол жобанын дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

Егер де алғашқы бастау алатын шығыны  0  уақытына сәйкес келетін болса, ал оның  ішкі табыстык нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға  болады:

 

Сонымен, 1 - бұл болашақ кезеңде болатын ақша ағынының  дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі х1 -ден хn-ге дейін  бірақ ол кезде бастау алған шығының  олардың ағымдағы  құнына теңестіру керек.

Егер де табыстың  ішкі нормасы  артатын  болса, онда ұзак мерзімді қаржылық   инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабельділігі артады, немесе керісінше болса, онда жобаның рентабельділігі төмендейді,  демек  одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.

Таза ағымдағы құн — бұл ұзақ  мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау  түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына  тең.

Ал инвестициялық  жобаның  таза ағымдағы кұнын мына формула бойынша   аныктайды:

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Мұндағы l - табыстың қажетті нормасы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Кәсіпорынның табыс нормасы салық салынғаннан соң 12% құрады делік, ал инвестицияның  денгейі 180 мың  теңге кұраған  және  бес жыл бойына жыл сайынғы  төлемі  57 мың теңге болған, яғни оның  ағымдағы құны мынаған тең:

 

 мың  тенге

 

Ал егер де табыс нормасын 14%-ке дейін өзгертсек, онда оның  ағымдағы құны   10 мың  теңгеге азаяды.

 мың теңге 

Нәтижесінде,  қаржылық инвестициясы 70,5 мын теңгеге азайған

(180-180x15,5:25,5).

Инвестицияларды мүліктік түгелдеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа көсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Құнды қағаздардың (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаментер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы;  құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен) құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды. [11,102 бет]

Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгелдеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның , кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.                                                                                                                                         

Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде   атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін жәнс жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір кұнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтериясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.

Банкке немесе депозитарийға (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің  тиісті шоттарындағы сомасының  қалдықтарын банктің  немесе депозитарийдың мәліметтерімен салыстырады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу кезінде банктен немесе депозитарийдан арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.

Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың нақты құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардын, қор нарығының (рыногының) жағдайы және қор биржаларындағы , акциялардың  бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі