Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 10:36, реферат

Описание работы

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру
1.1Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есері
1.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есері
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау
2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1 тапс,3 апта-Реферат.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

Мысал. "Шығыс" ААҚ коғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААК,-нын 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардын құны: 3110 мын тенге және 4600 мың тенге құраған.

"Шығыс" ААҚ сатып  алғаннан кейін, бір жылдан сон. "Темір" ААҚ өзінің   кейбір негізгі кұралдарына 300 мың теңгеге кайта бағалауды жүргізген.   Бірінші жылдың корытындысы  бойынша "Темір" ААК. 9900 мын тенге зиян шексе, ал "Цемент" ААК 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария  еткен.    Ал келесі жылы   "Темір" ААҚ   кейбір негізгі құралдарының   бағасын 410 мың теңгеге түсірген,  ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың  тенгеге көтерген.

Екінші жылдың қорытындысы бойынша Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза табыс  тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ — 1500 мыңтенге деңгейінде зиян   шеккен.

Ендеше  жасалған  операцияларымен  байланысты шоттар  корреспонденциясын   қарастырып көрейік.

Құн  әдісі - инвсстицияны алу кезінде сатып алу кұны бойынша көрсетілетін   есептік   әдіс. Инвестордық  қаржылық - шаруашылық кызметінің    нәтижелері   туралы  есепте   инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің  жинакталған  жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері  алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді,  егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң   ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру  қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің  қатарына: реттеуші органның  бақылауында болса, сондай-ак олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек койылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдын өзгеруі  кәсіпорынның  шаруашылык қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде  қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және баска да кедергілердің   болуы мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды. [4,32 бет]

Енді біз жоғарыда  келтірілген  мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың  (яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААК – 3  500 000 теңгеге, ал "Цемент" ААК 5 000  000 теңгеге өз акцияларын сатқан.

Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.

Тәуелді   шаруашылық  серіктестік   деген  анықтамаға   сәйкес   келмеген   құннен  бастап,  инвестициялар  ұзақ  мерзімді  инвестицияны   есептейтін  есепке  алу  саясатына  сәйкес  есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Еншілес  шаруашылық  серіктестіктерінің   инвестициясының  есебі.

    Еншілес  шаруашылық    серіктестік – негізгі  серіктестіктің  бақылауында  болатын серіктесті. Бұндай  бақылау  қаржыландыратын  обьтектінің 50% астам  акциясын тікелей  немесе  жанама  емденсе  жүзеге  асуы  мүмкін. Еншілес  серіктестіктің   көрсеткіштері  негізгі  серіктестіктің   қаржылық  есеп беруінде,  біріктірілген (консолидалынған)   есеп беруінде  көрстеіледі.,  бірақ  онда  қабылданған  есептік  саясаты  ескеріледі,  сондықт ан  олар мына  екі әдістің  бірін пайдалануы    мүмкін:

-  үлестік   қатысу  әдісі;

-  ұзақ   мерзімді  инвестицияны   есептеу  әдісі.

Негізгі  серіктестік  өзінің  еншілес  серіктестігіне инвестициясын  бөліп,  біріктірілген (консолидалынған)   қаржылық  есеп беруін  жасайды, ол кезде  барлық жергілікті  және  шетелдік  еншілес  серіктестіктерді  өзіне   енгізеді,  те ондағы мына жағдайларды  қоспағанда:

-  егер де еншіліс  серіктестік  жақын келешекте  сату  мақсатында  алынған  болса, онда олар   оның   уақытша      бақылауында;

-  егер де  еншілес  серіктестік   ұзақ  мерзімді  қатаң   шектелген  жағдайында   әрекет   ететін  болса,  бірақ  бұл соңғы   жағдай  негізгі  серіктестіктің   қаражатын   қайтару  қабілетін  төмендетеді.

Негізгі   серіктестіктің  біріктірілген  (консолидалынған)  есебіне   енбей  қалған жағдайда  қаржылық инвестициясының   есебі  бойынша  ескеріледі  (8 –БЕС). Бірлесіп  бақыланатын шаруашылық  серіктестіктің    инвестициясының   есебі.    Бірлесіп бақыланатын шаруашылық  серіктестіктің  инвестицияны  жүзеге  асыруы   - бірлесіп  жасайтын қызметтің  бір нысаны,  онда  бірлескен бақылау  қызметін бекіткен кезде әрбір  қатысушы  шаруашылық  серіктестікте өзінің  қатысу үлесі  бойынша  топшыланған  келісім  -  шартын жасайды.

Бірлесіп бақыланатын  заңды  тұлғалар  активтерді  бірігіп   алады,  жасалған шығындарды  таниды  және алынған  табысты  анықтайды. Олардың әрқайсысы  өз  атынан   мәміле  жасай  алады, өз қызметін  қаржыландыру  үшін  капиталдарды  тарта  алады. Бұл  кезде  бірлескен  қызметке  қатысушылардың  әрқайсысы  қызмет нәтижесінде  алынған  олжадан  өз  үлесін алуға құқылы.  Бірлесіп   бақыланатын  заңды тұлға  басқа да  бірлескен  қызметтерді   келесі  нысанда  жүзеге   асыруына  болады;

  • бірлесіп бақылайтын активтер;
  • бірлесіп  бақылайтын өндіріс.

Бірлесіп бақылайтын  өндіріс – заңды  тұлғаны  құрмай  тұрып, қатысушылар  өздерінің  жалпы  шаруашылық  мақсатына  жету үшін активтерді  пайдалануын  топшылайды.

Әрбір    қатысушы  бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша  өзіне  тиесілі  шығындарын  алады және олар алдын –ала  өнімді   сатудан алынған   табысты  таратудың    тәсілін  қарастырып  қояды. Осы  процесстің  барысында  пайдаланған  негізгі  құралдардың,  тауарлы – материалдық  запастардың   және т.б.  активтердің  құнын,  әр  қатысушы  өз балансында ескереді.

Бірлесіп  бақылайтын  активтер -  жалпы   мақсат  үшін алынған  немесе  салынған активтерді  қатысушылар   бірлесіп  иелік   етуді  топшылайды.  Бұл  арада  олардың негізгі қызметі  үшін   салынған   активті  барлық қатысушылар   теңдей  пайдаланады.  Әрбір   қатысушының   табысы  олардың  кәсіпорын  экономикасына   қосқан  үлесі  арқылы  анықталады. Әрбір  қатысушы   өзінің  қосқан  үлесін  басқа  қатысушыларға  сатуға, тегін беруге  құқылы.

Төменде  еншілес,   тәуелді   және бірлесіп  бақыланатрын  серіктестіктерге   салынған   инвестициялар  бойынша  шоттар корреспонденциясы  келтірілген.

 

 

 

2.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

2.1.  Қаржылық  инвестициялардың есебі.

 

Қаржылық инвестициялардың есебі 2-бөлім "Қаржылық  инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі.  Оған 401

 

 

 

 "Акциялар", 402 "Облигациялар" және   403  "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.

"401 - 403 шоттары  активті,  күрделі,  негізгі  болып  табылады. Осы  шоттардың  дебетіне қаржылық  салымдардың   айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,  инвестициялардың   ұлғаю операциялары;  кредит бойынша қаржылык инвестициялардың кему операциялары жазылады.                                                                                                                                                                                                                                                     Қаржылық   инвестициялардың   шоттары  бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша   жүреді.

Қаржылық   инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен  байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының  комиссиондық төлемдері кіреді.

Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының   арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.       

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар   бухгалтерлік баланста: не  ағымдағы құнымен,  не сатып алу құнымен немесе ағымдағы кұнының ең  төменгі бағасымен есептелінеді.

Егер де қысқа мерзімді   қаржылық  инвестиция ағымдағы (нарыктық) құнымен  есептелінсе, онда тұрақты   түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның  котировкасы  сияқты.

Қыска мерзімді  қаржылық  инвестиция  өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Егер де  қыска мерзімді  қаржылық   инвестиция ағымдағы немесе сатып алу кұнының ең   төменгі бағасымен алынса, онда оның  баланстық құнын   келесі негізде аныктайды:

-           жалпы қоржындық  (портфельдік) жиынтығымен;

-             инвестицияның  түрі бойынша  қоржындық  жиынтығымен;

-              жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан  жоғары болса, онда олардың   айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда —  табыс ретінде танылады.

Енді біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.

Инвестициялардың  түрлері

Сатып  алу құны

Сатып  алынған кезеңдегі (моментіндегі) ағымдағы (нарықтық) құны

Ауытқулары

(+,-)

Акция

«А» компаниясы

280,

300,0

+20,0

«Б» компаниясы

220,00

210,0

-10,0

«С» компаниясы

150,0

150,0

-

«Г»  компаниясы

170,0

165,0

-5,0

Акция  жиыны

820,0

825,0

+5,0

Облигация

«К» компаниясы

100,0

130,0

+30,0

«М» компаниясы

150,0

40,0

-110,0

«Н» компаниясы

170,0

180,0

+10,0

«П» компаниясы

190,0

200,0

+10,0

«О» компаниясы

200,0

190,0

-10,0

Облигация жиыны 

810,0

746,0

-70,0

Қоржынның барлығы

1630,0

1565,0

-65,0


 

Жоғарыда көрсетілген варианттың   біріншісі бойынша қысқа  мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсак, онда ағымдағы кезендегі құны сатып алу құнынан 65 мын теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз,  демек ол шығыс ретіңде танылады.

Ал екінші вариант бойынша акцияны  баланстык құны ең  кіші баға ретінде сатып алынды (820 мын тенге 825 мын теңгеден аз), ал облигацияның баланстык кұны ең  кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мын тенге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген,  яғни ол табыс ретіңде танылды, ал екіншісі 70 мың  теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың  да айырмашылығы бірдей соманы (65 мың   теңгені) берген.

Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық құны құрайды:

"А" компаниясы  -             280,0 мын тенге     сатып алу құны бойынша;

"Б" компаниясы   -            210,0 мын тенге      ағымдағы құны бойынша;

"С" компаниясы -              150,0 мын тенге      сатып  алу құнымен ағымдағы 

                                                                              құны бірдей;

"Г" компаниясы -               165,0 мын тенге     ағымдағы құны бойынша;

"К" компаниясы -               100,0 мын тенге     сатып  алу құны бойынша;

"М" компаниясы-      40,0 мын тенге       ағымдағы құны бойынша; 

"Н" компаниясы-               170,0 мың тенге     сатып алу құны бойынша;

"П" компаниясы-              190,0 мын тенге      сатып алу құны бойынша;

"О" компаниясы -              190,0 мын тенге      ағымдағы құны бойынша;

              -? -                         1495,0 мын тенге

Бұл варианттағы  135 мың  теңге (1630,0 – 1495,0)  теріс  айырмашылығы  ретінде, шығыс ретінде танылады.

¥зақ мерзімді  қаржылық  инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

-  сатып алу құнымен;

-  қайта бағалау құны ескерілген құнмен;

-  сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның  ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық  бағалы қағаздар негізінде.

¥зак мерзімді қаржылық  инвестицияларды қайта бағалау үшін:  қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың  бір ғана түрі қайта бағаланады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік капиталының  өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту  сол инвестицияның  үстеме бағасьның сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жок  болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның  үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның  зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады,  яғни сол сомаға өседі.

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі