Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 10:36, реферат

Описание работы

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру
1.1Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есері
1.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есері
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау
2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1 тапс,3 апта-Реферат.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

Ұзақ мерзімді қаржылык инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың  баланстық  құны  қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету  әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек.  Қаржылык инвестициялар   есептен   шығарылғанда,  оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың  құнының  арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердін немесе диллердін қызметі) ол не табыска, не шығысқа жатқызылады.  Егер инвестиция бұрынырақта  қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбенген табыска жатқызылады.

Ұзак мерзімді қаржылық инвестиция қыска мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның  сатып алу мен баланстық   құны ең  төменгі баға бойынша аударылады.

Егер инвестиция бұрынырақта  қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.

Егер де қысқа  мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық  құн бойынша аударылады.

Бұл арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.                                                                                                                                                                                                                                            

Қысқа мерзімді инвсстицияларды ұзақ  мерзімді инвестицияға аударсак, онда: олар сатып алу және  ағымдағы құнның   ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша  (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

Енді біз бұл калай есептелетіндігі туралы, бір мысал қарастырып көрейік:

-   акцияның инвестициясы;

-   облигацияның инвестициясы;

-   басқа да қаржылық ивестициясы.

401 "Акциялар" шотында кәсіпорынның, баска кәсіпорындардың, банктердің және т.б.-дың акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді Акция — акционерлік қоғамнын капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын жөне ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу кұқын беретін бағалы қағаз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Мысал. "Шығыс" ААҚ ағымдағы жылдың маусымында жай акцияны алған болатын:

-  "Цемент"   А АК - 10000 дана 300 теңгеден әрбір данасын;

-  "Темир"     ААҚ — 8000 дана 450 теңгеден әрбір данасын;

-  "ІВ8"          ААҚ - 5000 дана 200 теңгеден әрбір данасын.

Осы алынған акциялардың жиынтығы, "Шығыс" ААҚ акцияларының шамамен 20 %-тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың кызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.

"ІВ8' ААҚ-ында акцияны алуымен байланысты брокерлердің қызметі 15 мың теңге құраған.

Бір акциямын ағымдағы құны мынаны құрады:

 

Ағымдағы жылдын

1-ші маусымына

Ағымдағы жылдың- 31-ші желтоқсанына

Келесі жылдың

1-ші маусымына

"Цемент" ААК

295

315

300

Темір" ААК

455

475

460

"ТВS" ААҚ

200

250

250


"ІВ5" ААҚ ағымдағы  жылдың қарашасында қайта сату  мақсатында алған болатын, бірақ ол сатылмай қалды,сондыктан оны келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвестицияға өткізу туралы шешім қабылданды.

"Темір" А АҚ үзақ  мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында езгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың. мамырында сатуына тура келді, бұндай шешім акданда қабылданған болатын.

"Цемент" ААҚ 10000 дана акциясына 100 мың тенге дивиденд тиесілі болатын, бірак сол дивиденд сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.

"Цемент" ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның деңгейінде 150 мың тенгеге дивиденд жарияланды.

Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.

Енді біз осымен байланысты шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

 

Сомасы, теңге

 

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

1.

Қаржылық инвестициясы алынған: -"ІВS" ААҚ компаниясы қысқа мерзімді - сатып алынған акцияның құнына (5000x200)

- брокерлік кызметтің кұнына жиыны

- ұзақ мерзімді:

"Темір" ААК акциясы 

"Цемент" ААҚ акциясы

"Шығыс"' ААҚ акциянын құнын да, өткен жылдың  дивидентін де төледі

 

1 000 000

15 000

1 015 000

 

3 600 000

2 900 000

100 000

 

401

401

 

 

401

401

332

 

671, 687 671

 

 

441

671

671

Сатып алынған қаржылық инвестицияның құны, барлығы

7 515 000

   

2

Сатушыға   қаржылық  инвестицияның құны  төленді

(1000000+15000+2900000+100000)

4 015 000

671,687

441

3

«Цемент» ААҚ  акцияға  қосылған  дивиденд  құны төленді

100 000

441

332

4

Қысқа  мерзімді  қаржылқ инвестицияның   ағымдағы  құнының өзгеруіне  байланысты  және ұзақ мерзімді   категориясына  өтуіне   байланысты, 1-ші  қаңтардан    бастап  оның баланстық құны  болып  саналады.    «IBS» ААҚ  акциясы 

(5 000х250-1 015 000)

 

 

 

 

 

 

 

235 000

 

 

 

 

 

 

 

401

 

 

 

 

 

 

 

727

5

«Цемент»  ААҚ  акциясы  бойынша  дивиденд  есептелінді

150 000

332

724

6

«Темір» ААҚ 5 000 акциясы  сатылды

  • инвестицияның  баланстық  құнына (5000х450)
  • сатудан түскен табыс сомасына

 

 

2 250 000

2 250 000

 

 

843

441

 

 

401

723

7

«Цемент»  ААҚ  акциясы  бойынша  дивиденд  алынды

150 000

301,441

332

8

Қысқа  мерзімді  қаржылық инвестицияның  ағымдағы  құнының  өзгеруіне  байланысты «Темір»  ААҚ акциясы  ұзақ мерзімді  инвестициясынан қысқа  мерзімді  инвестициясына  ауыстырылды  30 000 тенге 

(8000-5000)х460-8000-5000)х450)

 

 

 

 

 

 

 

30 000

 

 

 

 

 

 

 

401

 

 

 

 

 

 

 

727

«Шығыс»  ААҚ 1-ші  маусымға  қалған қаржылық инвестициясын  көрсетті.

  • ұзақ мерзімді
  • «IBS» ААҚ  акциясы -1250 мың  тенге  (23500+1015000)
  • «Цемент» ААҚ  акциясы -2900 мың тенге
  • Қысқа  мерзімді

«Темір»  ААҚ  акциясы – 1380 мың  тенге  (3600000-2220000+30000)

     

 

Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдын бір түрі. Облигациянын акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

402 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті зайымдардың проценттік облигаиияларына салынған қаржылық инвестициялардын нақты бары  мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация —' белгіленген нақты (номиналдык) құны бойынша егесіне процент телеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегілей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялык банктер, акцианерлік қоғамдар_және"басқалар шығарған); атаулы және__талап етушіге арналған; проценттік жөне проценттік емес, еркін айналымдағы жөне айналым шеңбері шектеулі.

Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияны талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) талеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитентгін өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын өтілдіретін міндетті реквизит облигациянын қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларяы өтеу мерзімін жөне, шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.

Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейі не байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдык құнына үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдык құнынан темен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық кұны бойынша, немесе облигация сыйлығымен (сыйакысымен), немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.

1. Облигация, номиналдык, құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын. әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік, бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20% төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардын құнына:

Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық  проценттердің сомасы: 1 000 000 теңге х20%: 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге күраған. Есептелген процентгердін сомасына 332-ші "Есептелген проценттер" шотыныңдебеті және 724-ші "Акциялар бойынша дивидентгер және процент түріндегі табыстар" шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бугалтерлік жазбасы жазылып отырады.

Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер төленіп отырады: ол кезде 441 шоты дебеттеліп, 332 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.

Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдыкқ кұны бойынша қайтарады:  ол кезде бухгалтерлік жазудың  үш жазбасы жасалады:

Дт 843,   Кт 402 - 1 000   000;

Дт 334,   Кт 723 - 1000 000;

Дт  441, Кт 354 -1000 000.

                                                                                                                                              

2. Сыйақысымен (сыйлығымен) шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 теңге  сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын,  2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық  25%-ік  міндетті түрде  төлемін жасап  отыратын облигацияның   1000 данасын басып шығарады.  Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарыктық кұны хабарланған номиналдан 3% артык немесе 1 030 теңгеден  астам  болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым  жоғары  проценттер төлемі жөнінде хабарлаған болатын.                                                                                                                                                                

Облигациялардың  номиналдық құнына қосылған (плюс) сыйлықты қоса есептегенде, оның сомасы 1030000 теңге  кұраған (1 000 000 + 1000 х 3: 100)х100, ол кезде 702 шоты дебеттеліп, 441 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.

Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1000 000:100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 тенге) 332 шоты дебеттеледі де, 724 шоты 20 833  теңгеге кредиттеледі.

3. Жеңілдіктерімен (скидкасымен) шығарылған облигация. Кәсіпорын бір облигацияның  номиналдық құны 1 000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған  және жылына екі рет жылдык 25%-тік төлем жасап отыру үшін,   1000 дана облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылдығы 125 000 теңге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.

Сатып алу кезіндегі оның проценттік  ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір  облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 - 33 =967 теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең болған жағдайда, онда  сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000 (1000 000 -33 000) теңге болады.                                                                                                                                      

Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу  құны 402 шотының дебеті   және  44 шотының   кредиті  бойынша  967 000 теңге көрініс  табады.

Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250 000 : 12) сомасына 332 шоты дебеттеліп, 724 шоты кредиттеледі.

Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге  441 шоты дебетгеледі де, 332 шоты кредиттеледі. [9,358 бет]

Проценттерден   түсетін табыстың   әрбір есептелуі кезінде

кәсіпорынның  табыс сомасын,  яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін

(33 000:24 = 1375 теңгені)  402 шотының дебеті мен 724- шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған кезде, жоғарыдағыдай   үш бухгалтерлік жазба  жазады  (1 млн. тенгеге).

Кәсіпорын облигациядан  тіркелген  пайызды  алуды   көздейді.

Облигацияны сатып алғанда   олар н е номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу кұны мен номиналдык құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың  төңірегінде жасалады.

Егер де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі үшін есептелген пайызымен сатылса, онда олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі мүмкін, ол кезде сәйкес келмеген пайызын сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген пайызы келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп таратылады. Мысалға, мамыр айында 1000 дана облигациясы 1000  теңгелік номиналдық құны бойынша сатып алынған,  оның  пайызымен  жалпы құны 1036667 теңге құраған,  оған сәуір мен мамыр айында  - 36667 теңге пайыз есептелінген (1000 х 1000 х 22% х 2:12),  2 жылға, әр үш ай сайын, ол бойынша эмитентке 22% жылдық  пайызын төлеп тұруды міндетіне алған.

Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 402 шоты дебеттеліп, 671 шоты кредиттеледі. Ал  келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 332 дебеті мен 724 кредиті бойынша көрініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының  сомасы 55000 теңгені құраған және оған 441 шоты дебеттеледі де, 332 шоты кредиттеледі.

Қалған кезеңдерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық  құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі