Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 10:36, реферат

Описание работы

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Содержание работы

Кіріспе
1.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру
1.1Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есері
1.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі
2. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1. Қаржылық инвестициялардың есері
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау
2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

1 тапс,3 апта-Реферат.doc

— 331.50 Кб (Скачать файл)

1)  842 шоты дебеттеліп, 402 шоты - 1000000теңгегс кредиттеледі;

2)  334 шоты дебеттеліп, 723 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;

3)  441 шоты дебеттеліп, 334 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі.

403 шотта: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, кыска және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты  бағалы  қағаздар  есепке  алынады.                                                                                                                                                                                                                                       

Депозитті сертификат – салушының  депозитті алуға құкығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар  талап  етілгенше (депозитті  сертификатты  көрсету   арқылы  депозитті   бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген) түріңде болады. Депозит  сертификаттар банкке немесе делдалдарға (құнды қағаздарды, тауарларды және валютаны сату және сатып алу сауда делдалдарының мәмілесінде) пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурстарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады. Енді осы депозитті сертификат бойынша   шаруашылық операциялары төмеңде  келтірілген.

Шаруашылық  операцияларының  мазмұны

Сомасы,  тенге

Шоттардың  корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Кәсіпорын  банктен  депозиттік   сертификатын   алады:

  • банкідегі
  • банкі  салымшыларында  немесе олардың  қабылаушыларында

 

 

160 000

100 000

 

 

423,

403, 403

 

 

441,

423,441

Барлығы

260 000

х

х

2

Депозиттік   сертификаттары өтеу үшін:

  • тікелей  банктегі
  • салымшыларында  немесе олардың  заңды қабылдаушыларында

 

160 000

100 000

 

441

441

 

403

403

Барлығы

260 000

   

3

Депозиттік  сертификаттары бойынша  есептелген   пайыздары (бүкіл сертификаттың  әрекет  ету мерзімінің  барысында,  ай  сайын жазбалары  жазылып отырады) осы  мысалда  шартты  түрде  барлық сомасы  есептелінген.

 

 

54 380

 

 

332

 

 

724

4

Депозиттік  сертификаттар бойынша  пайыздары алынды

54 380

441

332

5

Кәсіпорынның  депозиттік   сертификаты  сатылды.

  • баланстық құнына
  • сату құнына

 

 

80 000

90  000

 

 

843

334

 

 

403

723

6

Депозиттік   сертификат  үшін алынған  сомасы

90 000

441

334


 

Депозиттер — бос ақша қаражаттарының  банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның  салыным иесі атына  салған қаражаттары) болып бөлінеді.

Бондар – мемлкеттік   қазына, жекеленген  мекемелер  мен кәсіпорындар шығаратын  қарыздық міндеттемелері. Бондарды    сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының  ролін атқарады.

Қазыналық вексельдер — мемлекеттік қыска мерзім   міндеттемелердің  түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің  иелері көрсетілген (номиналдык ) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең  табыс алады.

Қазыиалық ноталар - қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың  түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күшке ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

Шартты бағалы қағаздар  — бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.

Опцион — опциондық контрактінің  натижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың  бірі біршама уакыт өткен соң бғгалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйакы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

Опциондық шарт (контракті) жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының козғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының  табысы болып есептелінеді. Опцион  сатып алушының  пайдасы ("колл"), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалыптасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң  ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі ("путы") жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.

Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның  несіне белгілі бір уакыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құкық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.

Варрантты сатушы түлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) және варрант сатыгі алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді кабылдайтындар. Бағалы кағаздардың варрантбойыншаалынған бағасы, сол варранттын аткаратын бағасы-болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы кағаздын өзімен бірге үсынмлады және олардын құны бағалы

варрантгардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы кағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса жәнё дербес қызмет ете алса.

Фъючерлік контракт - мәміле жасасу кезіндебелгілі бір уакытмерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген қүндылыктар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған кұнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор күндылыктарын жеткізумен ғана аякталмауы мүмкін, бірақ ол накты тауарды жеткізіп беруд; де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт мәмі леге катысушылардың біріне контрактының күны мен биржалык баганын арасындагы айырманы төлеуді карастырады, Фьючерлік контракттар бойынша есеп айырмсу әрбір катысушыға міндеттемелерінін орычдалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалык есеп айырысу (клирингтік) палатасы аркылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың  ағымдағы құнын  және ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.

 

Қысқа  мерзімді инвестициялардың  ағымдағы  құнын  анықтау. Әрбір шаруашылыкты жүргізуші субъект ағымдағы (нарықтық) құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы.  Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарык, құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иеленгендегі алынған қаржылык инвестициялары листингтік биржаның  қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық  құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық  инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.

Табыстың тіркелген (фиксаждалған) деңгейі бар облигациялардың құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқынының құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыздық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облигацияны бағалау үшін  мынадай теңдік пайдаланылады:

 

Мұндағы:  Р - облигацияныц ағымдағы құны;

С — жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық табыстың пайызы;

к — жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс;

п - облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне дейінгі қалған мерзімі. Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір рет емес, екі реттеленеді. Соның нәтижесінде тендікті былай етіп өндеуге болады:

 

Мысал. Субъект өзінін есеп саясатында кыска мерзімді каржылык инвестицияларды ағымдағы (нарықтағы) құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болған, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған.

Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезеңі үшін (6 жыл) табысы, 36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер жылына екі рет төленеді. Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай еткен соң  кәсіпорын оларды сату жөнінде шешім қабылдайды. Есеп саясатына сәйкес қыска мерзімді инвестиииялардың  ағымдағы кұны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз облигациялардың   ағымдағы  құнын   анықтайық.

— жабу мерзіміне дейін алынатын табысы — 25% (облигациялар бойынша барлығы 36% қарастырылған, оның 11%-і төленіп үлгерді, сол себепті қалған  табыс 25% (36-11));                                                                                                                                                                                                                                                                       

—          номиналдық проценттік табысы - 154 теңге құраған (1400 х 11%), (154:2= 77 теңге);

—    облигациялардың  жабылуына дейінгі мерзімі - 5 жыл (6-1).

Бұл жағдайларда облигациялардың нарықтық құнының формуласы мына түрде  көрінеді.

 

Осыдан р=871,9 тенге болған.

25% бойынша жыл сайынғы төлемдердің 5 жылға арналған дисконттау ставкасы 2,689-ға тең - 5 жылдан кейінгі бір мезгілдік төлем үшін дисконттау ставкасы 0,327-ге тең. Жыл сайынғы проценттік төлемдер 154 теңге құраған. Сонда р=. 2,683 х 154 + 1 400 х 0,327 = 871,9 тенге.

Мерзімі шектелмеген облигациялярдың ағымдағы құнын анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық консоли, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген проценттік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік алып отыруды қамтамасыз ететін болса, онда оның ағымдағы құны р=С/к-ге тең, мұндағы к - тәуекелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

Біз жылына 1000 теңгелік төлеммен мәңгілік қамтамасыз ететін бағалы қағазды сатып алдық делік. Егер к-ның қолданыс таба алатын деңгейі 14%-ті құрайтын болса, онда облигацияның нарықтық құны:

р = 1 000/14% * 100% = 7 142 теңгені құрайды.

Табыстың қолданыс таба алатын денгейі өзгерген кезде (табыстылықтың нарықтық деңгейі) облигациялардың да құны өзгереді.

Шартты бағалы қағаздардың құнын  анықтау. Варрант белгілі бір акциялар саны  бойынша белгілі бір акциялардың бағасын анықтауға болатындағын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір бағасы бойынша белгілі санын анықтайды. Акциялардың нарықтық бағасы р-ға тең делік; варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:

 

Цв=(p-П) x V

 

Мұндағы  Цв — варрант құны.

Акциялардың  нарықтық бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың ағымдағы  құны   да  өзгереді.                                                                                                                                                                

Опцион — бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі бір баға бойынша, белгілі бір акцияның санын сату ("колл"-опцион) немесе сатып алу ("пут" опцион) құқығын көрсетеді.

Опционның  ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды:

Цо=(р-П)xк--S,

Мұндағы:

р - контракт біткен күніндегі акцияның бағасы;

П — опциондык контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;

к - опциондык контракт бойынша акцияның сомасы;

S — опционның сатылатын бағасы

Егер де акцияның нарыктық бағасы өзгерсе, опционның ағымдағы бағасы да өзгереді.

Акцияның ағымдағы құнын аныктау. Акцияның  әрекет ету мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл сайынғы  алынатын дивиденд тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі "Д"-ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

Мұндағы:

Ца- акцияның  құны;

к, - пайыздық  мөлшерлемесі

Акцияның  нарықтық құны әртүрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың  екі типі бар деп топшыланады. Олардың  бірі дивидендті жабуғ а талпынса, ал басқасы акция құнының  өсімін көздейді. Осыған сәйкес, акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:

 

Мұндағы:

Р – акцияның  нарықтық құны

Х-акцияның  бағамдық  құнының өсетіндігін  көздейтін инвесторлардың  үлес  салмағы «бағамдық» (у=1)

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі