Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 22:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................
6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

9
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................
9
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......
12
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........
19
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................
23
2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............
23
2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................
26
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....
30
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................
39
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................
39
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................
43
Қорытынды..............................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Файлы: 1 файл

Doc.finance.doc

— 970.50 Кб (Скачать файл)

Ұлттық қордың валюталық  портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon Asset Servicing кастодиан-банкінің деректеріне негізделген.

BNY Mellon Asset Servicing кастодиан-банкінің  деректері бойынша 2009 жылы инвестициялық кіріс құралған, ол 1 464 млн. долл. құрайтын базалық валютада – АҚШ долларымен есептелген.

Ұлттық қор активтерін басқару кезіндегі кірістілік. 2009 жылы Ұлттық қордың кірістілігі 7,31% болды. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында кірістілігі 54,98% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,24% болды. Кірістілікті есептеу Ұлттық қордың базалық валютасы – АҚШ долларында жүзеге асырылды. Ол келесі суретте көрсетілген: [22]

 

Сурет 5 Ұлттық қордың құрылғанынан бастап кірістілігі, АҚШ долларымен

2009 жылы жинақ портфелінің  кірістілігі 10,19% болды, эталон  портфелінің кірістілігі 11,95% болды. Жинақ портфелінің 2009 жылғы асқан кірістілігі теріс болды және – (-) 1,76 болды, бұл облигациялар портфелінің пайдасына 15.12.0910 дейін әлемдік қор нарығының өсу аясында активтерді тактикалық бөлу бойынша белсенді позициямен негізделген (сурет 6). [22]

 

Сурет 6 Жинақ портфелінің 2009 жылғы кірістілігі

 

Суреттен, жинақ портфелінің  кірістілігінің ең жоғары мәні наурыз және мамыр айларында байқалады. Ал төменгі мәнге қаңтар және ақпан айлары ие.

Келесі суретте жинақ  портфелінің мандаттүрі бойынша  кірістілігі көрсетілген (сурет 7). [22]

Сурет 7 Жинақ портфелінің мандат түрі бойынша кірістілігі

 

«Ауқымды облигациялар»  мандатының түрі. Мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 98,30% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 1,70%-ы сыртқы басқаруда болды (сурет 8). [22]

Сурет 8 Басқарушылар бойынша «Ауқымды облигациялар» қосалқы портфелінің активтерін бөлу

 

2009 жылы облигациялардың  қосалқы портфелін немесе жинақ  портфелінің активтерін басқарудың кірістілігі «Ауқымды облигациялар» мандатының түрі бойынша 5,76% болды. Осы қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі 5,96% болды. Сөйтіп, осы мандат түрін басқару нәтижесінде алынған асқан кірістілік (-) 0,20% болды.

«Ауқымды акциялар»  мандатының түрі. Мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 5,14% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 94,86%-ы сыртқы басқаруда болды. Бенчмарк кірістілігі 29,71% болғанда, мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқарудың кірістілігі 30,80% болды.

Осылайша, осы мандат түрі бойынша активтерді басқарудың нәтижесі эталондық портфельге қатысты оң болды, асқан кірістілік 1,10% құрады.

«Ауқымды тактикалық бөлу» мандатының түрі. Жинақ портфелінің «Ауқымды тактикалық бөлу» мандатының түрі бойынша активтерін басқару инвестициялық басқару жөніндегі 2 халықаралық компания (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырды (кесте 4). [22]

Кесте 4

Жинақ портфелін басқарушылар бойынша 2009 жылғы үстеме кірістіліктің салыстырмалы кестесі

 

 

Бенчмарк кірістілігі 11,95% болғанда, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың кірістілігі 20,83% болды. Сөйтіп, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың нәтижесі эталондық портфельге қатысты оң болды, асқан кірістілік 8,88% болды.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары

 

 

Дағдарыс кезінде халықтың және отандық кәсіпорындардың әл-ауқатын  жоғарылату мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды. Оның мақсаты жалпы Ұлттық қордың құрылу мақсаттарымен сәйкес келеді. Ал енді осы акционерлік қоғамға толығырақ тоқталайық.

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды. [23]

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы  өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік  нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру  үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды  тұлғалардың өзіне меншік құқығында  тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар  болып табылады:

  1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
  2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
  3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
  4. жауаптылық және есептілікте болу.

Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып  табылады:

  1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
  2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
  3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан  Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.

Ұлттық экономиканы  тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым  секторларында белсенді инвестициялық  қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

  • мұнай- газ секторы;
  • электр энергетикасы;
  • металлургия;
  • химия, мұнай- химия;
  • инфра құрылым.

Қордың негізгі  міндеттері мыналар болып табылады:

  1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
  2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;
  3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
  4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.

Қаралатын міндеттер  шеңберінде Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және (немесе) іске асыру, және (немесе) <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 14pt; color: #040404;

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі