Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 22:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................
6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

9
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................
9
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......
12
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........
19
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................
23
2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............
23
2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................
26
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....
30
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................
39
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................
39
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................
43
Қорытынды..............................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Файлы: 1 файл

Doc.finance.doc

— 970.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
  2. Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;
  3. Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
  4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржы  активтерін және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұснысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқындайды.

Ұлттық қоры жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді  орындауды қамтамасыз ету ретінде  пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен Республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының есебінен республикалық  бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің  көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. [12]

Активтерді Ұлттық қорға  есептеу және Ұлттық қорды пайдалану  тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды  басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.[13]

Қазақстан Республикасының  Президенті:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестік құрамын құрады;
  2. Қор мәселелері жөнінде Кеңесте, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
  3. Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;
  4. Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;
  5. Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

  1. есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;
  2. ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойнша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;
  3. Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөнінде ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
  4. Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  5. Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;
  6. Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды  Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

  1. Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;
  2. Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
  3. Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;
  4. Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер. [14]

Қорды тиімді сенімгерлік  басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы  лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының  орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігінен Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Ұлттық банк қорды  басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқару жөніндегі  кеңес Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап - жасайтын консультатциялық – кеңесші орған болып табылады.

 Кеңестің негізгі  міндеті қорды пайдалану мәселелері  бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президентін немесе оның тапсыруы бойынша кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп дауысымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы. [15]

Кеңестік жұмыс орғаны Қазақстан республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқару жөніндегі  кеңестік функциялары:

  1. ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап жасау;
  2. қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап –жасау;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап -жасау болып табылады.

Қазақстан Респубубликасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.

Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін  Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы  және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Рсепубликасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастыруылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының парламентіне ұсынады.

Қордың қалыптастырылуы  және пайдаланылуы туралы жылдық есепнамаларды  кіріктіруі тиіс: [16]

  1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегші қызметі туралы есеп;
  3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзгеде мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға  байланысты қызметін транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының  тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы  көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері  республикалық бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан  бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін  нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің  бірде болуы, бірде болмай қалуы  мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен  берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі  кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл  жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.

 

    1. Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану

 

 

Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды.

Ұлттық қор елдің  тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділіктілігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін томендету мақсатпен қүрылған. Бүл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мүқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және түрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономиканың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген болігінен қүрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамасыз етеді. Екінші функциясы мемлекетгік бюджет шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары конъюктурасының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді (сурет 1). [17]

Ұлттық қор құралдарыньщ негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:

  • шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың бекітілген жылдық колемдері араларындағы айырмасы мөлшерінде:
  • шикізат табу мен өндеу салаларына жататын мемлекетгік мүліктерді жекешелендіруден түскен түсімдер молшерінде;
  • шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларынын 10 пайыз мөлшерінде.

Жергілікті бюджеттер  бойынша ресми трансферттер көлемі ауыл шаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.

Ұлттық қорды тиімді басқару мақсатпен Қазақстан  Республикасының Президенті маңында кеңесші орған - Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес құрылады. Бүл орған қорды тиімді пайдалану мен оның құралдарын қаржы активтеріне жайғастыру бойынша үсыныстар жасайды. Осы Кеңесті қүру мен қүрамын анықтап, оның ережелерін бекітетін Ел Президенті.

Кеңес келесі функцияларды атқарады:

  • қорды қалыптастыруы мен пайдалануының тиімділігін үлғайту жөнінде үсыныстар жасайды және дәйектейді;
  • қорды пайдалану бағыттары мен көлемдері жонінде ұсыныстар қарастырады және жасайды;
  • қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар жасайды.

 

 



 

 

 

 


 




 

 




 

 

 

 


 

 


 

 

 

 

Сурет 1 ҚР Ұлттық қорын  қалыптастыру және пайдалану көзі

 

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің  және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фискалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымаі қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген және нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын  қалыптастыру көздерi

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:

1) осы Кодекстiң 49-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына жiберiлетiн бюджет  түсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған  өзге де түсiмдер мен кiрiстер  болып табылады.

2. Мұнай секторы кәсіпорындарына  шикі мұнайды және газ конденсатын  өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар жатады.

3. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқарудан түсетiн  инвестициялық кiрiстер, материалдық  емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын шетелдiк қаржы құралдарына орналастырудан құралады.

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру ҚР Үкіметінің құзыретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің негізінде қордың іс- әрекеті жөнінде жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің іс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жоніндегі басқа да мәліметтер келтіріледі.[18]

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі