Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 22:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................
6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

9
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................
9
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......
12
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........
19
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................
23
2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............
23
2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................
26
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....
30
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................
39
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................
39
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................
43
Қорытынды..............................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Файлы: 1 файл

Doc.finance.doc

— 970.50 Кб (Скачать файл)

Белгіленген формамен және бекітілген тәртіппен жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану  жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен  кейін ақпарат ретінде Қазақстан  Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны  басқару жоніндегі жылдық есеп пен жүргізілген аудит нәтижесі бойынша ақпарат бүқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке тиiстi қаржы жылына арналған  дамудың бюджеттiк бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларын) iске асыруға арналған кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде;

2) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан республикалық  бюджеткe Қазақстан Республикасының  Президентi айқындайтын мақсаттарға  берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;

3) Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқаруға және  жыл сайын аудит өткiзуге байланысты  шығыстарды жабуға жұмсалады.

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорының сақталуын;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруды;

3) тәуекел деңгейi қалыпты  болған жағдайда ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры кiрiстiлiгiнiң жоғары  деңгейiн;

4) ұзақ мерзiмдi перспективада  инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген шетелдiк қаржы құралдарына орналастырылады.

3. Материалдық емес  активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген  шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесiн  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын жеке және заңды  тұлғаларға кредит беруге және  мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.

5. Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген  трансферт мөлшерi республикалық  бюджеттi әзiрлейтiн жыл алдындағы  қаржы жылының соңындағы жағдай  бойынша Қазақстан Республикасы  Ұлттық қоры активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауға тиiс.  
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан үш жылдық кезеңге арналған кепiлдiк берiлген трансферт мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

6. Активтердi Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының  есебiне жатқызу және Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорын  пайдалану тәртiбiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi айқындайды.

7. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына түсетiн немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.

 

2 Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының қызмет ету  механизмін талдау

 

2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 мамырдағы               № 985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  туралы 2009 жылғы есеп бекітілді.[19]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражаты 2009 жылғы 31 желтоқсанға 4 500 703 126 мың теңгені құрады. Ұлттық қордың таза активтері 4 009 528 878 мың теңгені (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

2009 жылы Ұлттық қорға 2 339 499 532 мың теңге түсті (кесте 1). [20]

Кесте 1

Ұлттық қордың 2009 жылғы  түсімдерінің құрылымы

 

р/р №

Түсімдер

Сомасы,                           мың теңге

1

- мұнай секторы кәсіпорындарынан  алынатын тікелей салықтар (жергілікті  бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда)

1 371 362 802

2

-  мұнай секторы кәсіпорындарының  жүзеге асыратын операцияларынан  түсетін басқа түсімдер ( жергілікті  бюджетке есептелетін салықтарды  қоспағанда)

6 083 054

3

- республикалық меншіктегі және  тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

467

4

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерін сатудан түсетін  түсімдер

654 091

5

- Қорды басқарудан түскен инвестициялық  кірістер

961 397 341

6

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен  тыйым салынбаған өзге де түсімдер  мен кірістер

1 777

 

Барлығы

2 339 499 532


 

 

2009 жылғы түсімдерінің ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 1 371 362 802 мың теңге, оның 467 377 170 мың теңгесі (3 329 148 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын оперциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 6 083 054 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 654 091 мың теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер – 961 397 341 мың теңге.

Ал енді түсімдердің  жалпы сомасындағы әрқайсысының үлесін қарастырайық (сурет 2).[20]

Сурет 2 Ұлттық қордың 2009 жылғы түсімдерінің құрылымы

 

Суреттен, Ұлттық қор  түсімдерінің көп ьөлігін мұнай  секторынан алынатын тікелей салықтар мен қорды басқарудан түсетін  инвестициялық шығындар алатыны  анық. Қалғандары елеусіз орын алады.

Келесі суретте мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) құрылымы көрсетілген. [20]

 

Сурет 3 Мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салықтар (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) құрылымы

 

Суреттен, мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салықтар ішінде үстеме пайдаға салынатын салық – 49,2 пайызға, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 27,9 пайызға, рента салығы - 18,0 пайызға, өнімді бөлу жөніндегі ҚР-ның үлесі - 4,6 пайызды және бонустар - 0,4 пайызды құрайды.

Ал енді мұнай секторы кәсіпорындарының жүзеге асыратын операцияларынан түсетін басқа түсімдеріне ( жергілікті бюджетке есептелетін салықтарды қоспағанда) келсек, оның құрылымы келесідей:[20]

 

 

Сурет 4 Мұнай секторы кәсіпорындарының жүзеге асыратын операцияларынан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджетке есептелетін салықтарды қоспағанда) құрылымы

 

Мұнай секторы кәсіпорындарының жүзеге асыратын операцияларынан түсетін басқа түсімдердерінің құрамы ең алдымен, мұнай секторындағы кәсіпорындарына салынатын айыппұлдар мен санкциялардан тұрады.

Мемлекеттік бюджетті  2011 жылға жомпарлау кезінде Ұлттық қор түсімдерін құрылым ыкелесі  түрде болды (кесте 2). [21]

Кесте 2

2011 жылға арналған жоспарлық бюджет құрамындағы Ұлттық қор түсімдерінің құрылымы

 

р/р №

Атауы

Сомасы, 
мың теңге

Үлесі, %

 

Салықтық түсімдер

1 648 500 410

99,97

1

Корпоративтік табыс салығы

576 604 003

34,97

2

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

1 071 896 407

65,00

 

Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

500 000

0,03

1

Жерді  сату

500 000

0,03

 

Барлығы

1 649 000 410

100


 

2011 жылға арналған  жоспар бойынша Ұлттық қор түсімдерінің көп бөлігі салықтық түсімдерден тұрады, ал оның ішінде жоғарғы үлес 65,0 пайызды алатын табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдерге тиесілі. Ал корпоративтік табыс салығына шамамен 35 пайыз тиесілі.

Ұлттық қорды басқару  мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2 898 030 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»  Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңына сәйкес 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 843 100 000 мың теңгенің 843 100 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 100 % құрады.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға  арналған нысаналы трансферт туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 777 Жарлығына  сәйкес 2009 жылы Ұлттық қордан республикалық  бюджетке жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі өсу деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін мақсатты трансферт түрінде жоспарланған 347 900 000 мың теңгеден 261 500 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 72,2%-ын  құрады.

Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2009 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.

 

 

2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау

 

 

Ұлттық қордың сенімгерлік  басқарудың қорытындылары бойынша            2009 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 919 317 487 мың теңгені құрады (кесте 3). [22]

Кесте 3

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік  басқару жөніндегі Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

 

Баптың атауы

2009 жылы 

2008 жылы

Активтер

   

Ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн  бойынша ескерілетін қаржы құралдары

 

 

 

 

3 536 888 162

 

 

 

 

3 258 923 673

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын  инвестициялар

276 814 215

 

Туынды қаржы құралдары

1 568 264

4 901 962

Кесте 3 жалғасы

   

Дебиторлық берешек

2 543

1 259 171

Активтер жиыны

4 015 702 184

3 314 245 989

Міндеттемелер мен таза активтер

   

Туынды қаржы құралдары

1 956 773

2 466 448

Кредиторлық берешек

4 216 533

2 408 017

Міндеттемелер жиыны

6 173 306

4 874 465

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

 

 

4 009 528 878

 

 

3 309 371 524


 

Ұлттық қордың портфелінің 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы  нарықтық құны 26 216,8 млн. АҚШ долл. тең болды, оның ішінде валюталық портфель – 24 352,3 млн. долл. (92,89%) және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның облигацияларының портфелі – 1 864,6 млн. долл. (7,11%). Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің нарықтық құны – тиісінше 5 989,8 (24,60%) және 18 362,5 (75,40%) млн. долл.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі