Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 22:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................
6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

9
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................
9
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......
12
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........
19
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................
23
2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............
23
2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................
26
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....
30
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................
39
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................
39
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................
43
Қорытынды..............................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Файлы: 1 файл

Doc.finance.doc

— 970.50 Кб (Скачать файл)

ЬІнтымақтық принцип бюджеттік жүйенің ұйымдастыру экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі қезеңде жергілікті билік орғандарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босатылып қалды.

Республика аумағында  әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы  бірыңғай жүйесі бар екені осы  ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау  әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау озара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік орғандар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.

Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай қүқықтық база, бірынғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статистикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджепік баптардың болмауына әсерін тигізеді.

Толығу принципі бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар қүқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді кәрсетеді.

Қазіргі кезеңде әлемдік  тәжірибеде бұл принңиптің лайықтылығы  шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес оз алдына белек болағын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы құралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған. [3]

Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған керсеткіштерініц республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және ондіріс колемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.

Шынайшылық принцип  бюджет атқару жөнінде есеп беруді бұрмалауын болдырмау мен жоюға  қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барльщ кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.

Бюджет жүйесінің жайдарыльщ принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бүқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Жайдарылық принңиптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-қүқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.

Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді түрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады. [4]

Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы орғандарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жүмсау женіндегі қүқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті бюджеттер Қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.

Бюджеттердің дербестігін  бюджет жүйесінің барлық буындарыньщ  түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет құралдарын әрбір деңгейдегі билік орғандарыныц заңмен анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану құқыктары қамтиды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен бекіткенде олардың тапшылықтарының шекті мелшері тағайындалуы мүмкін.

Бюджеттік жүйе қашанда  болса тұрақты әрекетте болуы  керек, яғни бюдасеттік құрылыста, бюджеттік  процесте, бюджеттік процедуралар мен  қатынастарда ешқандай дәрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару орғандары бюджеттік қатынастар аумағындағы бұрын қабылданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.

Кейбір уақытта мелекетте  экономиканың болек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті болады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сондықтан, басымдылықтық принңиптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылықғы бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді. [5]

Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін  бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын  оңтайлы көлемінде пайдалана  отырып, бюджеттік бағдарламалар  паспорттарымен қарастырылған белгілі  бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оның керек екендігі болып бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістіктерді қамтамасыз ету табылады.

Бюджеттік процестің  әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан бюджеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері

 

 

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің  қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық  емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік  түріндегі активтерді Қазақстаннның  Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. [6]

Жинақтаушы функция  қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану  дүниежүзілік және ішкі товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды  ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын  сенімгерлік басқару туралы шарттың  негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.

Қаражаттардың көздері  мен қорды қалыптастырудың тәртібі  мынамен анықталады. Қазақсстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының бес  жылдық индикативтік жоспарының құрамында  Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздық болжалды негіздей отырып белгіленеді. [7]

Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Ұлттық қор мына түсімдердің есебімен қалыптасады. [8]

  1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
  2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
  4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
  5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиім салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстардың өндіру мен өңдеу болып  табылатын заңи тұлғалар шикізат  секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының  тізбесін Қазақстан Рсепубликасының  Үкіметі белгілейді. [9]

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

  • Корпорациялық табыс салығы;
  • Қосылған құнға салынатын салық;
  • Үстеме пайдаға салынатын салық;
  • Бонустар;
  • Роялти;
  • Жасасқан келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан  түсетін түсімдер болжамы шикізат  секторының тауарларына республиканың  әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші  тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті тақару жөніндегі орталық уәкілетті ортған айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген  ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық  меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік  мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер участкелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер маслихаттың тиісті қаржы жылына арналаған жергілікті бюджет туралы шешіммен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орған жергілікті бюджетті атқару барысында оны маслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударады. [10]

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналасуынан құрылады.

Қордың қаражаттары  мына бағыттар бойынша жұмсалады: [11]

  1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойныша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы срмасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтемжүзеге асырылмайды;
  2. Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансфеттер түрінде;
  3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі