Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Файлы: 1 файл

Риски по финансам каз.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

Тәуекел-менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады.

Тәуекел-менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға  жету үшін қаражаттарды пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Тактика – нақты жағдайларда  қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті ең оптималды шешім және берілген шаруашылық жағдайда оптималды басқару әдістері мен тәсілдерін таңдау болып табылады.[16, 50]

Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде екі ішікіжүйеден тұрады: басқарылатын ішкіжүйе (басқару объектісі) және басқаратын ішкіжүйе (басқару субъектісі).

Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық қатынастар  табылады. Бұл экономикалық қатынастарға сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші, кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және т.с.с.

Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).

Субъектінің басқару объектісіне  әсер еті процессі, яғни басқару  процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады. Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәуекел менеджментінің қызмет етуінде  ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттың түрлі типтерінен тұрады: статистикалық, экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.б.

Бұл ақпарат белгілі бір ықтималдылық туралы сақтық жағдайдың тауарларға және капиталға сұраныстың бар-жоқтығы және сұраныс мөлшері, өздерінің клиенттері, серіктестері, бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы және төлемқабілеттілігі,бағалар, бағамдар және тарифтер, сонымен қатар сақтандырушылар шарттары жөнініде, дивидендтер және пайыздар туралы мәліметтерден тұрады [17,78б.].

Кез келген шешім ақпаратқа негізделеді. Ақпараттың сапасы өте маңызды. Ақпарат қаншалықты аутқыған болса, соншалықты  шешім анықты емес болады. Ақпарат сапасы оны алған кезде бағалануы тиіс. Ақпарат жылдам ескіреді, сондықтан ол жедел қолданылуы қажет.

Тәуекел менеджменті белгілі бір  қызметтер атқарады.

Тәуекел менеджментінің қызметтерінің  екі типі бар:

    • басқару объектісінің қызметтері;
    • басқару субъектісінің қызметтері.

Тәуекел менеджментінде басқару объектісінің қызметтеріне келесілерді ұйымдастыру жатады:

– тәуекелді шешу;

– тәуекелді капитал салымдарын;

– тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстарын;

– тәуекелді сақтандыруды; шаруашылық процесс субъектілері арасында экономикалық байланыстар мен қатынастарды.

Тәуекел менеджментінің басқару субъектінің  қызметтеріне келесілер жатады:

– болжамдау;

– ұйымдастыру;

– координациялау;

– ынталандыру;

– бақылау.

Тәуекел менеджментіндегі болжамдау  объектінің толықтай немесе оның бөлшектерінің қаржылық жағдайын келешекте өзгерістерін қалыптастырумен түсіндіріледі. Болжамдау – белгілі жағдайды алдын ала көру. [18, 95б] 

Болжамдау жасалған болжамдарды тәжірибеде бұлжытпай жүзеге асыру міндетті емес. Болжамдау ерекшелігі бағыталған беталыстар негізінде басқару объектісінің  қаржылық жағдайын дамуының түрлерін анықтайтын қаржылық көрсеткіштерді құрудағы баламалылық (альтернативтілік) болып табылады.  Тәуекел динамикасында болжамдау өзгеріс беталысын эксперттік бағалау есебімен өткенді болашаққа экстраполяциялау негізінде де, өзгерісті тікелей елестете көру негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер күтпеген кезде болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді алдын ала елестете көру негізінде басқару менеджердің нарықтық механизм бойынша сезгіштік болуын және жедел шешім қолдануды талап етеді.

Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру  белгілі бір ережелер мен процедуралардың  негізінде тәуекелді капитал  салымының бағдарламасын өткізетін  адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен процедураларға басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.

Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады. Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан шараларды қамтиды.

Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің  барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.

Координациялау басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару  аппаратының және бөлек жұмысшының бірлігін қамтамасыз етеді. [19, 81б]

Тәуекел менеджментінде ынталандыру қаржы менеджерлерін, басқа мамандарды өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылықпен түсіндіріледі.

Тәуекел менеджментіндегі бақылау  тәуекел деңгейін төмендету бойынша  жұмысты ұйымдастыруды тексерумен түсіндіріледі. Бақылау арқылы тәуекелді капитал салымының табыстылығы, пайда мен тәуекелдің арақатынасы туралы, қызмет етудің бағытталған бағдарламасын іске асыру деңгейі туралы ақпарат жиналады. Осы ақпарат негізінде қаржылық бағдарламаларға, қаржылық жұмысты ұйымдастыруда, тәуекел менеджментін ұйымдастыруда өзгерістер енгізіледі.

Тәуекел деңгейін төмендету бойынша  шаралар нәтижесін талдауды ұсынады.

 Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығынадардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтерме аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.

Коммерциялық тәуекел  кәсіпкер өндірген немесе сатып алған  тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялык тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасыныц жоғарылауы, сатьш алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен катынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:

  • қарыз  және  меншікті  қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы;
  • кредиторларға тәуелділік;
  • капиталдың әрекетсіздігі;
  • бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда керсетіледі: несиелік, инвестициялық, кұнды кағаздар эмиссиясы.

Айналым және өндіріс  өрісіндегі кәсіпорындар үшін каржылық тәуекелдің кұрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып калған пайда тәуекелі, инвестициялык тәуекел, салықтық тәуекел.


Несиелік тәуекел нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиентгің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді. [20, 231б]

Тәуекел менеджменті - ол кәсіпорынның кызметімен байланысты тәуекелдерді басқару және каржылық катынастарды ұйымдастыру.

Тәуекел менеджментінің обьектісі: тәуекелдер және қаржылық қатынастар; субъектілері: мамандар. Жалпы басқару жүйе болғандықтан тәуекел менеджменті баскару стратегиясынан және тактикасынан тұрады.

Қаржылық тәуекелді  шешуге нақты қаражаттарды талдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы. [22, 141б]

Тәуекел менеджментінің ұйымдастыру немесе жүзеге асыру 
тәртібі:

1 .Кәсіпорынның қызметімен байланысты мақсаттарды анықтау;

2.Тәуекелдерді анықтау;

3.Тәуекелді бағалау;

4.Тәуекелдерді төмендету әдістерін жүзеге асыру;

5.Нәтижелерді бақылау;

6.Келешек кезеңге жоспар  құру.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Мақсат кәсіпорынды сырткы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан корғау болып табылады.

Тәуекелділік ықтималдылығы  ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.

Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге белуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін косымша ресурстардың қажеттілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.

Қаржылық тәуекелді  басқарудың ең күрделі кезеңі тәуекелді  талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады. [23, 78б]

 

Сурет 3 – Тәуекел менеджментін ұйымдастыру

 

 

2.  «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» ММ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ

 

2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама

 

Менің осы дипломдық  жұмыста қарастырған ұйымның толық атауы/заңды мекен-жайы келесідей: Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» Мемлекеттік Мекемесі, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Чехоев көшесі, 14А (бұдан әрі – Мекеме). Ең алдымен, мемлекеттік мекемеге жалпылай шолу жасайық.

Мекеме "Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк  бейiмделу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысына сәйкес құрылған. Өз қызметін "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 99-п Бұйрығына сәйкес «Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк

бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру» ережесi негізінде атқарады. Астана қаласындағы Орталық Астана қаласының әкімінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы №3-1-13 шешімімен құрылған. Осы Ереже Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының (бұдан әрi – Орталық) қызметiн ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.Жоғарыда аталған Ережеге сәйкес Орталықтар белгiлi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ, медициналық және өзге де көмектi, әлеуметтiк еңбекпен бейiмдеудi қажет ететiн адамдардың уақытша болуы үшiн құрылды.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты елордада қолайлы психологиялық жағдай жасау және қылмыстық жағдайды төмендетуді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлғалық мәртебеге ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық ерекше мемлекеттік меншіктегі мекеме және ерекшелендіруге жатпайды. Орталықтың құралтайшысы оған қатысты мемлекеттік меншік құқық субъектісінің қызметтерін жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігі болып табылады. Орталықтың заңнамаларға сәйкес дербес балансы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарындағы шоттары, бланкілері, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өзінің атауымен мөрлері мен мөртабандары бар. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құралтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Орталық өз міндеттемелері бойынша иелігіндегі ақша қаражаттарына жауап береді.

Орталықта қамқорға алынатындардың саны 150 адамға есептелген.  2008 жылдың 01 қаңтарына санағанда қамқорға алынғандардың саны 108 болса, 2009 жылдың 01 қаңтарына санағанда қамқорға алынатындардың саны 182 адамға дейін  жетті

Орталықтар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнiң  шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады  және таратылады және Жарғының негізінде  жұмыс істейді. Орталықтар 100 мың адамнан астам халқы бар қалаларда құрылады. Олар мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық аумақтық органдардың келiсiмi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Орталықтың балансына берген, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, өртке қарсы талаптар мен техника қауiпсiздiгi нормаларына жауап беретiн үй-жайларда орналасады.

Информация о работе Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері