Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Файлы: 1 файл

Риски по финансам каз.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

 

№8 Кестенің жалғасы

3.4.Тұрақты қаржылан-

дыру  коэффициен-

ті

(меншік капитал+ұзақ  мерзімді міндеттемелер)/ шаруашылық  қаражаттар барлығы

>0,8

0,61

0,64

+0,03

+4,92


 

Мекеменің мүліктік жағдайын бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.

Орталықтың өтімділігін талдау меншікті айналым капиталы көлемінің 6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.

Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.

Экспресс-талдау негізінде Мекеменің тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді.

Орталықтағы қаржылық тәуекелдер ең алдымен мемлекеттік сатып алулар кезінде туындайды. Осы дипломдық жұмысымда мен сатып алудың жүргізілу үдерісін қарастырамын, және әлеуетті тәуекел жағдайларын талдаймын.

Әлеуметтік бейімделу  орталығы мемлекеттік мекеменің  бюджет деңгейі жергілікті болып  табылады, әрі ол өзінің пайда табуды көздемейтін қызметін атқаруына қажетті сатып алуларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес ашық конкурс әдісімен жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу  үдерісіне аудиторлық тексеріс арқылы бақылау жүзеге асырылады. Аудиторлық тексеріс Орталықта негізінен Қазақстан Республикасының Қаржылық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес, Астана қаласының қаржылық бақылау инспекциясының бақылау шаралары жоспары негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу  тендерді жариялау жолымен бекітілген 3 жылдық бюджет негізінде жүргізіледі. Тауардың, жұмыстың түріне қарай тендер мезгіл жағынан әр түрлі тәртіпте, қаржылық жыл басталғаннан кейін, жыл сайын немесе  тоқсан сайын жарияланады. Қаржылық жыл 15 қаңтардан басталады. Бірақ қаржылық жыл басталғаннан бері, мемлекеттік сатып алу жүргізілгенге дейін қажетті материалдарсыз қалып қалу қаупіне ұшырамау үшін Орталық кем дегенде қаңтар айының соңына дейін материалдардың/тауарлардың қажетті көлемін бұрын қалған ақша есебінен қоймада сақтап қалады. Бұл шара келесі айды Орталық қызметін қалыпты жағдайда атқару үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, мемлекеттік  сатып алулар бекітілген бюджетте көзделген  сомалар шегінде ғана жүргізілгендіктен, бөлінген ақша қаражатын толық мерзімге, яғни келесі сатып алуға дейін ұстай білу қажет. Дағдарыс кезеңі басталғаннан бері, тағам өнімдері бағаларының ауытқу деңгейінің өте жоғары екендігіне көзіміз жетті. Сол себепті, тағамдық өнімдерді Орталықтың басқармасы тоқсан сайын сатып алады.

Ал табиғи монополия субъектілері болып табылатын коммуналдық, телекоммуникациялық  қызметтерді көрсетуші, соның ішінде АстанаЭнергоСбыт, Горкоммунхоз, Қазақстелеком, Астана Су Арнасы сияқты ұйымдардың қызметін Орталық баланстың коммуналдық шығындары бабына сәйкес, белгіленген тарифтер шегінде, ай сайын ұсынылған шот-фактуралар негізінде, төлейді.

Кеңсе тауарлары сияқты жыл бойын қажет етілетін тауарлар бүкіл жылға бірден сатып алынады, негізінен кеңсе тауарлары сияқты ұсақ түйектер үшін тенндердің сомасы аса жоғары болмайды, яғни 100 000 теңге көлемінен аспайды.

Мемлекеттік сатып алу  туралы туралы хабарлама баға ұсынысын сұраймен, Астана қаласының әкімі  веб-сайтына төмендегі түрде орналастырылады:

2009 жылы 19 наурызда жарияланған  хабарлама:

«19/03/2009 
Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы:  Астана қаласының белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы Мемлекеттік Мекемесі, 010000, Астана қаласы, Чехоев көшесі, 14а, мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етудегі контактерді сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарлайды.    
Қызмет көрсетудің талап етілген мерзімі шартты жасалған кезден бастап. 
Бөлінген  қаржы 40 000 (қырық мың теңге) 
Қызмет көрсету  үшін төлем ақы  төлеу факті  бойынша  айдың 25-на дейін жүргізілетін болады. 
Әлеуметтік жеткізушілер баға ұсыныстарын жапсырылған конверттерге салып, Астана қаласының  белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына,  (пошта арқылы) жергілікті уақытпен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша ұсынады: Астана қ. Чехоев көшесі, 14а, бас есепші- кабинетіне. 
Баға ұсыныстарымен конверттерді тапсырудың соңғы мерзімі 2009 жылдың  
26- наурыз  күні жергілікті уақытпен сағат 15.00-ге дейін. 
Аталған қызметтерді көрсетуге байланысты әлеуметтік жеткізуші баға ұсыныстарына барлық шығыстарды енгізуі қажет. 
Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ( 1 қосымша),  
Контактерді сатып алу бойынша қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою мерзімі қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде жүргізіледі.»

Веб-сайтқа жоғарыда көрсетілген  түрде хабарлама орнылыстырылғаннан кейін, Орталық мекен-жайына түскен конверттерді белгіленген мерзімде әлеуетті жеткізушілердің/жабдықтаушылардығ/орындаушылардың/қызмет көрсетушілердің қатысуымен ашуды Мемлекеттік сатып алудың уәкілеттенген өкілі, көбінесе ол міндетті бас бухгалтер жүзеге асырады. Ұсынылған конверттердегі бағалық ұсыныста келесі ақпарат қамтылуы тиіс:

1. Әлеуетті жеткізушінің атауы, деректемелері

2. Бағалық ұсынысқа  сәйкес тауарлардың аталымы

3. Әр тауарға қызқаша  сипаттама, өлшем бірлігі, саны, бағасы және жалпы сомасы

4. Жеткізу уақыты

5. Жеткізу орны

6. Басқарушының қолы, мөрі

Қажетті ақпарат келесі түрде ұсынылуы мүмкін (Мысал):

 «1) Сатып алынатын қызметтердің/жұмыстардың сипаты

 

 

 

 

Кесте 9 – Сатып алынатын қызметтердің/жұмыстардың сипаты (Мысал)

Қызметтердің/жұмыстардың  атаулары

Қызметтердің/жұмыстардың  толық сипаты және талап етілетін техникалық және сапалық мінездемелері

Өлшем бірлігі

Саны (көлемі)

1.

Жанар-жағар май

ЖЖМ түрі - Аи-92, алдын  ала төлем - 100%, жеткізу орны – Астана қ., жеткізу мерзімі – 30.04.2009ж.

5 000 л.

66.98т.


 

2) Қызметтерді көрсету орны:

Орындаушы Тапсырыс берушіге қызметтерді көрсетіп, келесі мекен-жай  бойынша тапсыруға міндетті: Астана қ., Чехоев көшесі, 14а.

3) Қызметтерді көрсету мерзімдері:

Басталуы – шартқа қол қою мерзімінен, аяқталуы –  шартқа қол қойғаннан бастап  ___ күннен кейін.

4) Тендерлік сұраным құнына қызметтердің құнынан басқа, осы тендер  бойынша сатып алынатын қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындардың құны, және әлеуетті жабдықтаушының қажетті материалдарды тасымалдау, кедендік бажды, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдерді, алымдарды төлеу шығындары, және басқа шығындар кіруі керек.

5) Тендерлік құжаттамада мазмұндалған қызметтердің альтернативтік сипаттамалары, шарт жағдайлары және басқа талаптары жіберілмейді.

 

Директоры                                                                                  _____________»

 

Конверттерді ашу хаттама  ретінде тіркеледі. Конвертті ашқаннан кейін, ашылған конверттердегі бағалар туралы ақпарат салыстыру үшін ыңғайлы түрде жасалған кесте түрінде көрсетіледі. Аса төмен баға, сапа жағынан жеткізушінің бірі таңдалып, Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының шешімі жарияланады.

Осы орайда, Орталыққа  негізгі қызметтерді жеткізушілер тізімін қарастырайық.

 

Кесте 10 – Орталықтың негізгі жеткізушілері

п/п

Жеткізушінің  аталымы

КБК

Специфика

1

«Интерфарма» АҚ

710

132

2

«Казторгтехника» ЖШС

859

146

3

«Медтехсервис» МК

859

146

4

«Жас Темир» ЖШС

859

146

5

«Эталон-НС» ЖШС

859

146

6

«Эталон-НС» ЖШС

851

149


 

№10 Кестенің жалғасы

7

«Столичная дезинфекция» ЖШС

859

146

8

Астана Горкомхоз ЖШС

859

146

9

АстанаэноргосбытЖШС

710

144

9

Астанаэноргосбыт ЖШС

710

145

10

ГЦТ Астанателеком

852

142

11

ГКП на ПХВ Астанасуарнасы

710

141

12

Тепломер  ЖК Ларцев

859

149


 

Жеңген жеткізушілермен  мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады, шартта Шартты орындау тәртібі, тауарлардың сапасы, жинақтылығы туралы мәселелер көрсетіледі. Жеткізу шарты Астана қаласының қазынашылық департаментінде тексеріледі. Шарт негізінде жеткізілген тауарлар үшін Жеткізуші төлеуге арналған шотты ұсынады. Тауар Орталықтың қоймасына жеткізіледі, осы орайды тауарлардың сапасы жағынан қабылдаушы тарапта наразылықтар туындаған жағдайда, бухгалтер мен экономистің және қойма меңгерушісінің қатысуымен Тауардың сипаттамаға сәйкес келмейтіндігі туралы Акт жасалынады. Жасалған Акт негізінде Жеткізуші тауарды сапасы жағынан Тапсырыс берушіні қанағаттандыратын тауарға ауыстыруы тиіс. Сапасыз тауарды жеткізгені туралы Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы Қаржы Министрлігі  Астана қаласының қаржылық бақылау комитетіне хабардар етуге тиісті. Комитет Жеткізушінің мәліметтерін Алақол/ықылассыз жеткізуші тізіміне  енгізеді, бұл осы Жеткізушіні Қазақстан Республикасында келесі ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларда қатысу құқығынан айырады.

Егер Жеткізуші тауарды сапалы тауарға ауыстырудан бас тартса, барлық ілеспелі құжаттармен бірге ісі Астана қаласының экономикалық сотына қарауға жібереді. Бірақ бұл өте ұзақ мерзімді алады, бұл жағынан қардылық тәуекел өте жоғары, өйткені істің нәтижесі белгілі болмағанына дейін қолда бар қаражатты басқа жеткізушіге де төлеуге болмайды.

Ал бір баптағы уақытша  бос қаражатты басқа мақсатқа жұмсау үшін (мысалы, қазір қажетті  жанар жағар май материалдарын) міндетті түрде Бағдарлама әкімшісі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Астана қаласының Әкімдігі қаржы департаментінің  жазбаша түрде ресімделген рұқсаты қажет. Осы орайда, келесі жағдайлар үшін де: тамақ өнімдерінің жетіспеушілігі, құбырда болған апаттың салдарынан жедел түрде жаңа құбырларды орнату, өрт сөндіру органдарының ұйғарымдарын жүзеге асыру төмендегі тәртіпті қажет етеді.

Бюджеттің атқарылуы  барысында бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бекітілген жылдық соманың  шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының сметаларына және тізімдемесіне ағымдағы өзгерістерді енгізу, Ережеде анықталған тәртіппен жүргізіледі.  
      23. Мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің бөлушісіне жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімді ұсынады. Жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімге ұсынылып отырған өзгерістер бойынша негіздемелер қоса берілуі тиіс.

Бюджеттік тағайындауларды  екі звенолы бөлу сызбасы кезінде  бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шығыстардың жеке сметасына өзгерістер енгізген кезде бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық сметаның шегінде осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады. Егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына өтініш жасамастан, мемлекеттік мекемелердің жеке сметаларына дербес тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл ретте бюджеттік бағдарламаның әкімшісі: кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығын; кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді. Мұндай мүмкіндік болмаған кезде, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімдердің негізінде бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінімді жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына ұсынады.  
          24. Бюджеттік тағайындауларды бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде ІІ деңгейдің бөлушісі осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша ІІ деңгейдің жиынтық сметасы шегінде бағынысты мемлекеттік мекемелер арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады. Егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда ІІ деңгейдің бөлушісі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне өтініш жасамастан, осы Ереженің 30-тармағына сәйкес жеке сметаларға дербес тиісті өзгерістер енгізеді. Бұл ретте ІІ деңгейдің бөлушісі:  
кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығын;  
кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді. Мұндай мүмкіндік болмаған кезде, ІІ деңгейдің бөлушісі жеке сметаны өзгертуге арналған өтінімдердің негізінде ІІ деңгейдің жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінімді жасайды және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі сол сияқты бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың жиынтық сметасы шегінде ІІ деңгейдің бөлушілері арасында жоспарлы тағайындаулардың ауысу мүмкіндігін қарастырады, егер мұндай мүмкіндік бар болса, онда тиісті өзгерістер енгізеді, егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда ІІ деңгейдің жиынтық сметасына өзгерістер енгізу туралы анықтаманың негізінде шығыстардың жиынтық сметасына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне немесе жергілікті қаржы органына ұсынады.  
      25. Шығыстардың жиынтық сметасын өзгертуге арналған өтінім енгізілетін өзгерістердің сипаттамасын, негіздемесін, кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің жоқтығына растаманы, кемітілетін ерекшеліктер бойынша тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын қамтуы тиіс және оған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және қаржы қызметі басшысы қол қояды. 26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшесі немесе жергілікті қаржы органы белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімін қарайды және бұл ретте: енгізілетін өзгерістер бойынша негіздеме мен есептемелерді; республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының немесе ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы тиісті мәслихат шешімдерінің сақталуын; айлар бойынша кірістер мен шығыстар балансының сақталуын; кемітілетін ерекшеліктер бойынша не өздеріне өзгерістердің қатысы жоқ басқа ерекшеліктер бойынша кредиторлық берешектің болмауын; кемітілетін ерекшеліктер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер алдында тіркелген міндеттемелердің бар-жоғын және олардың сомасын тексереді. Осы тексерулердің негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшесі немесе жергілікті қаржы органы республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының тізімдемесін өзгерту туралы анықтаманы және қорытындыны ресімдейді.  
         27. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне шығыстардың жиынтық және жеке сметаларына (ІІ деңгейдің шығыстарының жиынтық сметасына) өзгерістер енгізу үшін шығыстардың тізімдемесін өзгерту туралы бекітілген анықтаманың көшірмесі жіберіледі.

Информация о работе Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері