Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...............................................................6
1.2. Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері..................17
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны.................................................25

2. «ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТАЛДАУ
2.1 «Әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің қызметіне сипаттама..............30
2.2. Мекеме қызметін қаржылық талдау...............................................................35
2.3. Мекемедегі қаржылық тәуекел.......................................................................51

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
3.1. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесі.............................................................61
3.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.....................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Файлы: 1 файл

Риски по финансам каз.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

—  сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелдік сәйкес болады;

— сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелдік сәйкес болады. Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесіне суйенуге қаншалықты ұмтылса, аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұкият дайыңдауы керек.

Айқыңдамау (кателерді) тәуекелдігі — бұл жиынтығында дәл емес немесе дүрыс емес моліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мон бойынша жан-жақгы тексеру кезіиде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір-бірін толықтыратындықган, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нотижесінде алатьщ кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудитор "мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан-жақгы тексе-рулер жүргізбейді" деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы анық. Сонымен бірге мән бойынша жан-жақгы тестер орындалып, талдамалы рәсімдер жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдердің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40% тәуекелге, оларды жан - жақты тестер табуы 20% тәуекелге, ешбір рөсімнің байқамай қалуы олардың туьшдысыиа тең болады. Қаржы-лық есептерде дәл емес немесе дүрыс емес мәліметтерді аудитор байқамай қалуы үшін, мән бойыніпа жан-жақты тсксерулер, не талдамалық рәсімдер олар таппауы керек.

Бөлінбейтін немесе бақылау  тәуекелдіктері айқындамау тоуекелдігінен аудитордың оларды тек бағалап, бірақ  бақылай ал-майтындығымен ерекшеленеді. Аудитордың бөлінбейтін және бақы-лау  тәуекелдіхтерін бағалауы оларды жақсы  түсінуге көмектеседі, бірақ оларды азайтпайды және өзгертпейді. Айқындамау тоуекелдігі ауди-тор мөпі бойынша жекелеген тексерулердің сипатын, уақыты мен масштабын өзгерту арқылы бақылап алады.

Аудиторлық қызмет көрсету  нарығында клиент конкурстық негізде  аудиторлық фирманы таңдай алады. Егер оньгң көрсететін қызметініц жалпы қүны басқа аудиторлық фирмаларға карағанда едәуір жоғары болса, клиент өз ниетін өзгертіп, басқа фирманы таіщай алады. Со-нымен бірге заңцы аудиторлық тәуекелдік деңгейін нақгы дәлелденген деңгейден орнатудан бас тартуда көмектеседі. [9, 169б]

Бәсеке, құқықгық міңдеттемелер, баска шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда аудиторлық тәуекелдікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрлі аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелдіктің абсолютті бірдей деңгейін орната алмайтындығын мойындау керек. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.

Аудиторлық тәуекелдік компонентгерін детальдандыру айқындамау тәуекелдігінің құрамдас бөлігін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Мәні бойынша тексеру  деңгейі — елеулі кателер тексеру  рәсімін орындау процессінде  елеулі кателер анықталмай қалу қаупі.

Талдау тәуекелдігі — талдау рәсімі елеулі бүрмалауларды анықтамайды деген қауіп;

Тандау арқылы зерттеу  тәуекелдігі - тексеруді жүргізу  операцияларының іріктемесі елеулі қателерді көрсетпеуі мүмкін деген  кауіп.

Аудиторлық тәуекелдігін төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зертгеуге арналған элементтері канша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мсн елеулі элементтерді толық тексеруге акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше.

Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті — аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен дең-гейге жеткізілетіндей  немесе керісінше, сенімділік деңгейі  аудиторға кдржылық есептеме нақгылығы  бойынша пікір білдіру үтгіін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелдікті шектеу.

Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелдік арасьшдағы өзара байланыс

Маңыздылық пен аудиторлық төуекелдік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар, Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудитор-өлық тәуекелдік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелдік өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін: жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арқьлы бұның орнын: толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қорьгтынды әділ болғаньна қарамастан аудитордың клиентпен арақатынасы сөзсіз болуы мүмкіндігінде больп отыр. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелддігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:

-  сезгіштік;

-  сандық.

Сезгіштік әдіс аудиторлар тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде каржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелдікті жоғары, орташа, төмен деі анықтауда болады.

—  төмен тәуекелдік — ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетгі сәйкес процедураларды жоспарлай отырьш, оған толық сенбеген жағдайда болады;

—  орташа тәуекелдік — ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан-жақгы рәсімді жоспарлайды;

—  жоғары тәуекелдік — клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.

Сандық әдіс аудиторлық тәуекелдік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі:

АТ=БТхБТх АТ

Мұндағы АТ — аудиторлық тәуекелдік;

БТ - бөлінбейтін тәуекелдік;

БТ - бақылау тәуекелдігі;

АТ — айқындамау тәуекелдігі.

Мысалы,  аудитор  бөлінбейтін  тәуекелдікті  80%, бақылау тәуекелдігін 50%, айқындамау тәсілін 10% деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелдіктің 4%-дық шамасын ала алады.

Айқындамау тәуекелдігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелдік моделінен осы тәуекелдікті анықтау дұрыс болады:

        

   АТ     =      АТ / БТхБТ

 

Аудитор аудиторлық тәуекелдікті 5%5 бөлінбес тәуекелдікті 80%, бақылау тәуекелдігін 50% деңгейлерінде қойды делік. Сонымен айқьндамау тәуекелдің 12,5%-ды құрайды.

Аудиторлық дәлелдемелердің  қажетті саны айқыңдамау тәуекелдігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелдігі төмен болған сайын, тексеру барысында аудиторлық дәлелдердің көп санын алу кажет. [10, 147б]

Аудиторлық тәуекелдік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелдік компонентгері мен аудиторлық тәуекелдік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелдік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субъектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелдік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнын терең түсінуді талап етеді.

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

 

Кәсіпкерлік тәуекелдің мәнін қарастыру кәсіпкерлік кызметте тәуекел орындайтын функцияларды анықтаумен байланысты.

Экономикалық  әдебиетте  - тәуекелдің келесі функциялары көрсетіледі:

  • Инновациялық;
  • Реттеуші;
  • Корғаушы;
  • Аналитикалык.

Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды. Көптеген шетел фирмалары, компаниялары тәуекелге байланысты инновациялық экономикалық қызмет негізінде бәсекеге қабілетті болып табысқа жетеді. Тәуекелді шешім, шаруашылықтың тәуекелді түрі кәсіпкерді де, тұтынушы да, коғам да ұтатын өндірістің тиімділігіне әкеледі.

Реттеуші функция қарама - қайшы сипатта болады және екі түрлі нысанда шығады: конструкциялық және бүлдіргіш. Кәсіпкер тәуекелі, әдетте дәсгүрлі емес тәсілдермен біршама нәтиже алуға бағытталған. Ол болашақта жаңа енгізілімге бөгет жасайтын (консерватизм) ескішілдікті, (догматизм) қасаң қағидашылықты, мүкістікті, психологиялык бөгеттерді жеңуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік тәуекелдің реттеуші функциясьның конструкциялық нысаны осыдан көрінеді. Тәуекелдің реттеуші функцияның конструкциялық нысаныныи мәні тәуекелге бару қабілеті - кәсіпкердің табысты кызметінің жолдарының бірі.

Тәуекелдің қорғаныш функциясы - егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістігінен көрінеді. Бастамашыл тапқыр шаруашылық иелеріне әлеуметтік қорғау, құкықтык, саяси және экономикалық кепілдеме қажет. [11, 123б]

Кәсіпкер тәуекелге бел байлау үшін мүмкін болатын қателік оның бейнесін де, оның ісіне де кір келтіре алмайтынына сенімді болуы қажет.

Кәсіпкерлік тәуекелдің аналитикалық функциясы шешімдердің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуін талдау кажетгілігінде тәуекелдің болуын білумен байланысты. Осыған байланысты кәсіпкер шешім қабылдау процесінде барлық мүмкін баламалаларды талдап, ең рентабельді және ең тәуекелі азын тандайды.

Кәсіпкерлік функцияларын қарастыра отырып, тағы да тәуекелде болатын жоғалтулардың біршама әлеуетіне карамастан, ол мүмкін пайданың кезі екенін айта кеткен жөн. Сондықтан кәсіпкердің негізгі міндеті тәуекелден мүлде бас тарту емес. Тәуекелге бара отырып кәсіпкер қандай шектерге дейін әрекет ете алатын обьективті белгілер кешкендегі тәуекелге байланысты шешімдер таңдау.

Бұдан басқа кәсіпкерлік тәуекел әлеуметтік функция орындайды. Ұдайы өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығына әсер ете отырып, әлеуметтік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін шынайы материалдық негіз жасайды. Кәсіпорындардын, фирмалардың және олардың бірлесуінің тұрақты жұмысында халықтың еңбекпен қамтылуы тұрақтанады.

Шаруашылық тәуекел тек кәсіпкерлерде ғана емес, менеджерлерде де мамандардың, барлық қызметкерлердің кәсіпкерлік кабілетін дамытады.

Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел  деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.

Тәуекелдің мәні мен  түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі  мақсатына  – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді. [12, 96б]

Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді  болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі  «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.

Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).

Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын  нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

                                           σ²==(x-x²)/n,

мұндағы σ² - дисперсия;

                x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;

                x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

                n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін  вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

                                      v=σ/x·100,

мұндағы v – вариация коэффициенті;

                σ – орташа квадраттық ауытқу;

                x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады. [13, 223б]

Информация о работе Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері