Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций

Описание работы

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Файлы: 1 файл

упр.учет.docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)

Өндіріс жоспарының деректері негізінде материалдарды пайдалану бюджеті жасалады.

3-қадам. Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатып алуды  жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да материал қорының деңгейін ескеру керек.

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу үшін мыналарды білу қажет:

  • есептік кезеңнің басындағы материал қорлары;
  • өндіріс бюджетін орындау үшін материалдарға қажеттілік.

Ендігі жерде өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бізге қаншалықты материал қажет екенін білгеннен кейін, біз жоспарлы кезеңде сатып алатын материалдардың көлемін анықтауымызға болады.

4-қадам. Материалдарды сатып алу бюджеті тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпаратты қамтиды.

Материалдарды пайдалану  бюджеті материалдарды сатып  алу бюджетін жасау барысында  жөнелтуші пункті рөлінде болады. Шикізат өндірістің жоспарланған деңгейіне көтеруге және бюджеттік кезеңнің соңына шикізат қорының қалаулы деңгейін калыптастыруға жеткілікті санмен сатып алынуы керек. Бұл бюджетті жасау барысында бастапқы қорлардың деңгейіне (яғни, ағымдық кезеңнің соңындағы қорларға) түзету енгізуді ұмытпау керек.

Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына кажетті шикізат пен материалдардың саны мен сатып алудың мерзімі анықталады.

Сатып алудың құны  сатып  алу бағасына сатып алынған материалдар санының туындысы ретінде анықталады.

Сатып алудың келемі мен жоспарлы кезеңде өндірудің тікелей  материалдық  шығынды тапқаннан  кейін тікелей  еңбек шығынын есептеу қажет.

5-кадам. Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығыны бюджеті негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығынын көрсетеді.

Еңбек шығыны өндірілген өнімнің тұрпаты мен санына, оның еңбек сыйымдылығына, еңбекақы жүйесіне байланысты болады. Бұл деректер өнім немесе қызмет бірлігінің санын бірлік сағаттағы еңбек шығынының мөлшеріне көбейтумен, ал ақша түрінде - қажетті жұмыс уақытың әр еңбекақының әр түрлі сағаттық мөлшерлемелеріне көбейту арқылы алынатын жоспарланған өндіріс көлемін орындауға қажет сағаттағы қажетті жұмыс уақытын анықтайтын еңбек шығынының бюджетін жасауда пайдаланылады.

Адам-сағаттардыд саны бір бұйымның еңбек сыйымдылығына бұйым сандарының туындысы ретінде есептеледі.

Тікелей еңбек шығынын (сомасын) құндық бағалау бір сағаттың төлем мөлшерлемесіндегі адам-сағат сандарының туындысы ретінде болады.

6-қадам. Жанама өндірістік шығындарға өндірістік бағдарламаларды орындалуына қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар кіреді.

Үстеме шығындар туралы (ол өндірістік, коммерциялық немесе басқа болсын мейлі, маңызы жоқ) айтқанда, ең алдымен мынаны - "үстеме" термині өзіне шығындардың әр қилысын біріктіретін жалпы ұғым екенін білуіміз керек. Үстеме шығын шамасына ықпал ететін факторлардың осы себебі бойынша ол көптеген жағдайда өндірістің тікелей шығындарын анықтаушыдан гөрі әлдеқайда үлкен ауқымды болады. Егер, мысалы, күрделі қаржы жұмсау бюджеті жаңа завод сатып алуды қарастыратын болса, онда осы активтерге қатысты амортизациялық аударым өндірістің үстеме шығыны деп аталады.

Үстеме шығын бюджетінің мүмкіндік шамасына қарай өзгермелі және тұрақты шығындарды шектеу керек.

7-кадам. Бұйым өндірісінің өзіндік құны. Қайта санау коэффициенті, шығарылатын өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарынын нормалары туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің шығынын есептеуге ақпарат бере алады.

Бір бұйымнын өзіндік құны оны өндіруге қажетті материал шығынынын, негізгі өндіріс қызметкерінің еңбекакы шығынының және бір өнім есебіндегі жанама өндірістік шығынның сомасы ретінде анықталады.

Материал шығыны бір бұйым өндіруге қажетті санды сағаттық төлем мөлшерлемесіне көбейту арқылы табылады.

8-кадам. Жоспарлы кезеңнің соңындағы қойма қалдықтарының бюджеті. Кәсіпорынның жоспарлау қызметінің сатысында есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құнын есептеу керек.

Жоспарлы кезең соңында материалдардың қоры бір килограмда сатып алу құнына келетін нормативтік корлардың (кг) туындысы ретінде анықталады.

Дайын бұйымдар қорының құны жоспарлы кезең соңындағы заттай түрдегі дайын бұйым қорларының мөлшерін бір бұйымды өндірудің өзіндік құнына көбейту жолымен есептеледі.

Бюджетті қалыптастырудың маңызды кезеңіне өткізілген өнімдердің өзіндік кұнын анықтау жатады.

9-қадам. Өткізілген өнімдердің өзіндік құн бюджеті. Өткізілген өнімдердің бюджетін жасау негізінде мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны = Кезең басындағы дайын өнімдердің коры + Жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құндары - Кезең соңындағы дайын өнімдердің қоры.

Өз кезегінде жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құндары былайша есептеледі.

Жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердін өзіндік құны = Жоспарланатын кезеңдегі материалдардың шығыны + Жоспарланатын кезеңнің енбек шығыны + Жоспарланаты кезеңнің үстеме шығыны

5-дәріс. Бюджетті құру және бюджеттік бақылау

  1. Бюджет түсінігі
  2. Бюджеттің функциялары
  3. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
  4. Бюджеттік кезең.

1. Бюджет  түсінігі

Бюджеттендіру - бүді кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудын жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Бюджет - кәсіпорынныц қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

  1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.
  2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудын объективті негізін қалайды.
  3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.
  4. Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін  қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.
  5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.  

2. Бюджеттің функциялары

Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.

Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:

  • ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
  • әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.
  • Тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
  • өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
  • ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
  • жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
  • менеджерлерді оқыту құралы;
  • ақпарат және басқару.

Жоспарлау. Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.

Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық (подробные планы) жоспарлар жасауы керек. Бюджетті жасау келесі кезендердегі қызметгердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесуі мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.

Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердін, негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.

Үйлестіру. Әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.

Барлық орындаушылар бұл жоспарлардың мазмұнын түсінбесе, басшылықтың жоспары іске аспайды. Жоспар нақты тармақтарды қамтиды: қанша тауар мен қызметті өндіру қажет; кандай әдісті, қандай адамдарды және кандай жабдықты пайдалану керек; канша материал мен шикізатты сатып алу керек; қандай сату бағасын белгілеу керек; болашақта қандай саясатты ұстану керек және қандай шектеулерді қолдану керек және т.б. Мұндай ақпаратгың үлгісіне жарнамаға, техникалық қызметке, әкімшілік шығындарына жұмсалуы мүмкін ең көп шамадағы сомасы еңбекақы мөлшерлемесі және жұмыс уакытының саны; өнім шығарудьщ қажетті деңгейі жатады.

Сметаның көмегімен кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметі бір арнаға түсуі мүмкін. Сметаны жасау басшыларды өз бөлімшелерінІң басқа бөлімшелермен қарым-қатынасын зерделеуге, дау-жанжалды қарастырып, оны шешуге мәжбүрлейді.

Ынталандыру. Бюджетті жасау  процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.

Егер менеджер өз бөлімшесінің бюджетін әзірлеуге белсенді қатысса, бюджеттің ынталандырушы рөлі зор болады. Басқарудың барлық деңгейі бөлімшелер немесе функциялар бойынша бюджетті, сондай-ақ алдағы кезеңнің негізгі, жалпы бюджетін әзірлеуге тікелей қатысатын тәжірибе орындаушылардың қатысумен жоспарлау деп аталады.

Бақылау. Бюджет - оны (бюджетті) қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет - ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.

Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелердің арасындағы ауытқуды талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:

  • бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
  • бюджетті әзірлеу процесінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
  • бастапкы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.

Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі (мысалы, үнемделген материалдардың, еңбекақы қорының сомасынан болады).

Басшылардың жұмысы әдетте олардың сметаны орындаудағы жетістіктерімен бағаланады. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметкерлеріне негізгі сметада белгіленген мақсатка жетудегі қабілеттеріне қарай сыйақы тағайындалады.

Оқыту. Бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым-қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Бұл, әсіресе, жауапты орталықтардың басшылығына тағайындалған тұлғаларға маңызды. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процестің үйретуші жағын бағалай білуі керек.

Информация о работе Қаржылық есеп беру