Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций

Описание работы

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Файлы: 1 файл

упр.учет.docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)

Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан халықаралық практикада «директ-костинг» шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.

Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындаларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.

Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе «директ-костинг» (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен «директ-костинг» өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, айысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.

«Директ-костинг» жүйесінің негізінде салынған басты принцип - өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.

Бұл жүйе әрқилы елдерде әр түрлі аталады. Германия мен Австрияда «бірен-саран шығын есебі» немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда – «маржиналды шығындар есебі»; Францияда – «маржиналды есеп» термині қолданылады.

«Директ-костинг» жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар: өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға (тікелей) және тұрақты шығындарға бөлінеді; өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау; кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

«Директ-костинг» жүйесі жағдайында операцияларды бухгалтерлік шоттарда көрсету тәртібі мынадай. Тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 8110 «Негізгі өндіріс» және 8310 «Көмекші өндіріс» шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын-ала 8410 «Үстеме шығындар» шотында жинақталады. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында жүреді.

4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

  • шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;
  • өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

  • сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;
  • жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.
  • шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;
  • тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;
  • қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

4-дәріс. “Шығындар – көлем - пайда” талдауы

  1. Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда
  2. Қауіпсіздік (кромка) маржасы
  3. Операциялық тұтқа
  4. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы кезіндегі жол берулер.

“Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы мына факторлар арасындағы байланысты анықтайды:

  1. Тауар бағасы
  2. Өндіріс көлемі
  3. Өнімнің бір данасына айнымалы шығындарды
  4. Жалпы тұрақты шығындар
  5. Сату құрамы

1. Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда

Маржиналдық табыс табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма ретігде анықталады.Ол жалпы және бір дана үшін өлшенеді.

Маржиналды табыс коэффициенті маржиналдық табысты табысқа бөлгенге тең болады.

Маржиналдық табыс коэффициенті = Маржиналды табыс/ табыс

Мысал

Компанияны сатудан түскен табыс 300 000 ш.б..Айнымалы шығындар 120 000 ш.б.. 
Маржиналды табысты табу керек. 
Қажет: Маржиналды табыс коэффициентін анықтау.

Шешуі:

Маржиналды табыс коэффициенті = 300 000- 120 000/300 000= 60 % 
Зиянсыздық нүктесі компанияның табыс шығынға немесе табыстан айнымалы және тұрақты шығындарды азайту нөлге тең болған жұмыс деңгейін айтады. 
Шығынсыздық нүктесі ақшалай және бірліктермен де өлшенеді. 
Ақшалай өлшемдегі шығынсыздық нүктесі тұрақты шығындарды маржиналды табыс коэффициентіне бөлгенге тең болады. 
Ақшалай өлшемдегі шығынсыздық нүктесі =  Тұрақты шығындар/ Маржиналды табыс коэффициенті.

Мысал

Сату бағасы 0,50 ш.б. 
Айнымалы шығындар 40 % сату бағасынан 
Тұрақты шығындар 12 000 ш.б.

Қажет:

Ақшалай өлшемдегі  шығынсыздық нүктесі.

Шешуі:

Ақшалай өлшемдегі шығынсыздық нүктесі = 12 000 ш.б./ (100% - 40% ) = 20 000 ш.б. 
Келесі формула мақсатты пайда  алуға бағытталған ақшалай өлшемдегі табысты анықтауға мүмкіндік береді.

Табыс = Тұрақты шығындар + мақсатты пайда/Маржиналды табыс коэффициенті

Мысал

Сату бағасы 0,50 ш.б. 
Айнымалы шығындар 40 % сату бағасынан 
Тұрақты шығындар 12 000 ш.б. 
Компания 6 000 ш.б. сомадағы пайданы жоспарлап отыр.

Қажет: Мақсатты пайдаға жетудегі ақшалай өлшемдегі табысты анықтау.

Шешуі:

Ақшалай өлшемдегі шығынсыздық нүктесі = 12 000ш.б. + 6 000ш.б./(100% - 40%)=30 000 ш.б. 
Бірлік өлшемдегі шығынсыздық нүктесі тұрақты шығындардың бірлік маржиналдық табысқа қатынасымен анықталады. 
Бірлік өлшемдегі шығынсыздық нүктесі = Тұрақты шығындар/Бірлік маржиналдық табыс

Мысал

Сату бағасы 0,50 ш.б. 
Айнымалы шығындар 40% сату бағасынан 
Тұрақты шығындар 12 000 ш.б.

Қажет: Бірлік өлшемдегі шығынсыздық нүктесін анықтау

Шешуі:

Бірлік шығынсыздық нүктесі=12 000 ш.б./0,50ш.б. ˣ (100%-40%)= 40 000 б. 
Келесі формула мақсатты пайда алуға керекті бірлікке келетін табысты анықтау үшін қолданылады. 
Табыс=Тұрақты шығындар +Мақсатты пайда / Бірлік маржиналдық табыс

Мысал

Сату бағасы 0,50 ш.б. 
Айнымалы шығындар 40% сату бағасынан 
Тұрақты шығындар 12 000ш.б. 
Компания 6 000 ш.б. сомадағы пайданы жоспарлап отыр.

Қажет: Мақсатты пайдаға жету үшін бірлік үшін табысты анықтау.

Шешуі: Ақшалай өлшемдегі шығынсыздық нүктесі= 12 000 ш.б.+6 000 ш.б./0,50 ш.б. ˣ(100%-40%)= 60 000  бірлік.

2. Қауіпсіздік (кромка) маржасы

Қауіпсіздік маржасы (кромка) шығынсыздық нүктесіне жеткен табыстан сәл асатын табыспен анықталады.

Компания шығын шеге бастағанға дейін, табыс құлдырай алатын сома деңгейін көрсетеді.Қауіпсіздік маржасы  (кромка) ақшалай өлшеммен және пайыздық қатынаспен көрсетіледі.

Ақшалай түрдегі қауіпсіздік маржасы =Жалпы табыс-шығынсыздық нүктесіне жететін табыс.

Пайыздық қауіпсіздік маржасы % =Ақшалай түрдегі қауіпсіздік маржасы/Жалпы табыс

Мысал

Төменде А компаниясы бойынша ақпарат келтірілген

 

Ш.б.-пен

%-бен

Табыс

200 000

100

 Айнымалы шығындар

150 000

75

Маржиналды табыс

50 000

25

 Тұрақты шығындар

40 000

 

Пайда

10 000

 

Қажет: Ақшалай түрдегі және пайыздық қатынастағы маржаны анықтау.

Шешуі:    

  1. Шығынсыздық нүктесі ш.б. = 40 000 ш.б./0,25=160 000 ш.б.        
  2. Қауіпсіздік маржасы ш.б. = 200 000 ш.б. - 160 000ш.б.  =40 000 ш.б.
  3. Қауіпсіздік маржасы   %-н    = 40 000 ш.б./200 000=20%

3. Операциялық тұтқа

Операциялық тұтқа компанияда қолдануға  мүмкін болатын деңгейге дейінгі тұрақты шығынды көрсетеді. Ол салыстырмалы түрде айнымалы шығындарға қарағанда тұрақты шығыны көп көп компанияларда жоғары деңгейде. Операциялық тұтқасы жоғары компанияларда пайда табыстың өзгеруіне өте сезімтал:табыстың мардымсыз өзгеру деңгейі пайданың жоғары пайыздық өзгеруіне әкеледі. Пайданың табысқа қарағандағы салыстырмалы өзгеруі операциялық тұтқа дәрежесімен өлшенеді.

Операциялық тұтқа табыстың пайыздық өзгеруі пайданың табыстық өзгеруіне қалай әсер ететіндігін өлшейді.

Операциялық тұтқа дәрежесі = Маржиналды табыс/пайда

4. “Шығын-өнім көлемі-пайда” талдауы кезіндегі жол берулер

  • Релевантты аймақтың шегіне байланысты табыстар мен шығыстардың тізбекті өзгерісі.
  • Шығындар нақты түрде тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
  • Шығындар шығынсыздық нүктесін есептеуге әсер етпейді,яғни өндірілген өнім көлемі сатылған өнімнің көлеміне тең болады.
  • Ақша бірлігі инфляцияға ұшырамайды.

5-дәріс. Бюджетті құру және бюджеттік бақылау

  1. Бюджет түсінігі
  2. Бюджеттің функциялары
  3. Мекеме бюджетін қалыптастыру әдісі
  4. Бюджеттік кезең.

1. Бюджет  түсінігі

Бюджеттендіру - бүді кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудын жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.

Бюджет - кәсіпорынныц қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.

Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:

  1. Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.
  2. Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудын объективті негізін қалайды.
  3. Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.
  4. Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін  қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.
  5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.  

Информация о работе Қаржылық есеп беру