Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций

Описание работы

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Файлы: 1 файл

упр.учет.docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)

Өзіндік кұнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

  • кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);
  • тікелей және жанама;
  • негізгілер мен қосымшалар;
  • өнімнің  өзіндік   құнына   кіретін   және  өндірістен   тыс (кезең шығыстары);

Бір элементті және кешенді.

Кіретін (входящие) шығындар алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.

Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жиындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға боладу. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).

4. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу

Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:

  • өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
  • бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
  • қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);
  • жүктелген  шығындар (немесе кәсіпорынның  пайдалана алмаған пайдасы);
  • жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;
  • өсетін және шекті шығындар мен кірістер.

Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу

Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:

  • реттелетін және реттелмейтін;
  • тиімді және тиімді емес;
  • мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;
  • бақыланатын және бақыланбайтын.

Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндер болып жіктеледі.

Реттелетіндер - сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді.

Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде.

Материалдық шығындар есебі

Негізгі материалдар шығындары тікелей шығындардың бірінші элементі болып табылады (көмекші материалдар жанама шығындар құрамында ескеріледі).

Материалдардың нақты өзіндік құны оларды сатып алуға кеткен шығындарымен анықталады, ал осы шығындардың қатарына: жабдықтаушылардың босатқан ресурстарын несие ретінде пайдаланғны үшін төленетін пайыздары, комиссиондық сыйақылар, жабдықтау ісін ұйымдастырып жүргізгені үшін төленетін төлемдер, тауарлы биржалар қызметтерінің құны, кеден баждары, бсқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын жеткізу және тасымалдау шығындары жатады.

Негізінен калькуляциялаудың мәнін жан-жақты зерттеу үшін, бірінші кезекте, ондағы қолданатын бағалау әдісімен де танысқан жөн. Бірінші болып орташа деңгейінде алынған (немесе орташа өлшенген) әдісі, ФИФО, сосын ЛИФО сипаттаудан бастаймыз.

Материалдарды пайдалану  есебін ұйымдастыруды бастапқы құжаттарды толтыру және оларды көмегімен өндіріске босатылған материалдарды бақылау сияқты жайлардың үлкен мәні бар. Ең көп таралған болып, лимиттік карталары саналады, сол бойынша өндіріске босатылған материалдарға бақылау жасалынады. Ол құжатта мыналар ескеріледі: операция түрі, қойманың нөмірі, бостылған материалдар, алушы цехтар, шығындар шифры, номенлатуралық нөмірі, босатылған материладрдың аттары, өлшем бірліктері және бір айға жасалға материалдардың шығысының лимиті, ал ол айлық өндірістік жоспарымен және қолданыстағы шығындар нормасымен сәйкес есетелінеді. Материладрды алмастыру үшін толтыратын, оларды бекітілген лимиттен артық босатқан кезде оларды арнайы түрде көрсететін құжаттарымен рәсімделеді, өйткені ол бекітілген нормадан ауытқудың фактісін тіркеуге бейімделген.

Материалдарды босату лимиті де, және рәсімдеу тәсілі де, сонымен бірге рәсімдеудің реквизиттері де згеруі мүмкін: егер ШС лимитті анықтау мақсатында ескінің орнына жаадан толтырылған лимит карталарын жазса, ол басқа субъектілер үшін осы картаға сәйкес жазбаша түрінде тіркелген лимиттің өзгергені туралы жарлық береді.

Еңбекақы шығындары есебі

Тікелей шығындардың екінші элементі: негізгі өндірістік жұмысшыларына, есептелген еңбек ақылары болып табылады.

Мерзімді төлем ақысы бойынша төленетін жұмысшылардың еңбек ақыларын есептеу үшін, табель мәліметтерін қолданады.

Жұмысшыларды мерзімнен тыс жұмыстарға тарту кәсіпорынның басшысы бекіткен тізімдеріне сәйкес рәсімделеді.

Еңбек ақының кесімді нысаны бойынша, жұмысшының істеп шығарған өнім санына қарай әр түрлі есеп жүйесі пайдаланады, соның ішінде, өнімді шығарудың операциялық есебі бойынша жүргізілген есебі тура келеді. Олжұмысшының өндірген өнімін бақылаушы немесе мастердің өзі тексереді де, содан соң орындалған әрбір операцияны тіркейді, есетейді және кіріске алады.

Ұсақ сериялық және дербес өндіріс жағдайында өндіру есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттары болып істелген жұмысқа жабылған наряды саналады. Онда: тапсырма, оның орындалуы, жұмыс разряды, істелген жұмыстың уақыты, әрбір операция бойынша еңбек ақысының сомасы және т.б. көрсеткіштері бойынша көрсетіледі.

Жұмысшылардың айлық немесе екі апталық ндіуін тіркеуге арналған, жинақтаушы немесебір жолғы да наряды қолданылуы мүмкін.

Сериялық өндірісте жұмысшылардың өндіру есебі үшін алғашқы құжат ретінде маршрут қағаздары пайдаланады. Оларда белгіленген технологиялық процеске сәйкес өндіріске немесе өңдеуге жіберілгенді өнім түрлерін немесе партиясын тіркейді. Бөлшектердің дәлме-дәл өңделу мен сақталуына бақылау жасау үшін, әрбір операция орындалғаннан кейін ТББ-мі жұмысты қабалдап алады.

Жұмысшының шығарға өнімін анықтау үшін, ауысым басындағы блшек қалдығына (1) ауысым барысында дайындалған бөлшек санын (2) қосады да (1+2), дәл осы қосындыдан ауысым соңында өңделмеген немесе жинақталмаған бөлшек санын шегереді. Осылайшы есептелген әрбір жұмысшының өндірген өнімі ең соңында рапортпен немесе өндіру есебінің ведомостарымен рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы шығарылады.

Осы түрде орындалған және рәсімделген есеп айырысулар бухгалтерлік есепте мынадай жазумен көрсетіледі:

“Негізгі өндіріс” шоты дебеттеледі де, “Еңбек ақы бойынш персоналмен есеп айырысу”шоты кредиттеледі.

Дәл осы мезгілде есептелегн еңбек ақыдан бекітілген норматив бойынша: әлеуметтік, зейнетақы және басқа да қорлары бойынша аударылымдар жасалынады.

Өндірістік үстеме шығындар есебі. Оларды бөліп тарату.

Нақты бір өнімге тікелей апаруға болмайтын, бірақ өндіріспен тікелей байланысты әр түрлі шығындар жиынтығы.

Өндірістік үстеме шғындардың өнімге апарылу себептері:

  1. өндірістік үстеме шығындардың өнімге толық таратылмауы баға қалыптастыруда қателер туындауы мүмкін
  2. қаржылық есептің стандарты бойынша өнімнің өзіндік құнына оған кеткен шығындар толығымен қосылуы қажет.

Өндірістік үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына тарату үшін 1 – ші тарату базасы анықталады. Көп жағдайда өнім үшін бір ғана тарату базасы анықталады. Тарату базасы ретінде негізгі жұмысшылардың жұмыс істеу уақыты немесе жабдықтаушының жұмыс істеу уақыты алынады.

Үстеме шығындарды тарату ставкасы = үстеме шығындар \  тарату базасы

Өндірістік үстеме шығындардың таратудың заводтық және цехтік ставкасы.

Үстеме шығындарды таратудың заводтық ставкасы кәсіпорын бойынша жалпы қолданылады. Мысалы, белгілі кезеңдегі үстеме шығындар сомасы 100 000тг, тарату базасы жұмысшының жұмыс істеу уақыты 50 000сағ. Заводтық өндірістік үстеме шығындар ставкасы 100 000тг \ 50 000сағ= 2тг\еңб сағ.

Өндірістік үстеме шығындар барлық өнімге бірдей таратылады. Кәсіпорын өнім өндіру үшін А өнімі 18сағ, В өнімі 15 сағ жұмсалды. Сонда А өніміне таратылған үстеме шығындар 36тг, яғни 18сағ x 2тг\еңб сағ= 36тг. Ал В өніміне 15сағ x 2тг\еңб сағ= 30 тг.

Цехтық үстеме шығындарды тарату ставкасын анықтау кезінде, яғни кәсіпорын бірнеше бөлімшеден тұратын болса, әрбір өнімге бөлек тарату ставкасы анықталады.

Мысалы:

 

А бөлімі

В бөлімі

С бөлімі

Барлығы

Өнд. үст шығ,тг

10 000

60 000

30 000

100 000

Еңбек сағат

25 000

15 000

10 000

50 000

Тарату ставкасы

0,4

4

3

2


Өнім өндіру үшін:

А бөлімі 10 сағ x  0,4тг\еңб сағ= 4 тг 
В бөлімі 5 сағ x 4 тг\еңб сағ = 20 тг 
С бөлімі 3сағ x 3 тг\еңб сағ = 9тг

Өндістік үстеме шығындар 33 – ке тең. (4тг+20тг+9тг).

Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасы.

Өндірістік үстеме шығндарды тарату кезінде нақты мәліметтерге сүйеніп, ставканы анықтау төмендегідей мәселелерге алып келеді:

  • нақты үстеме шығындарды пайдалану үшін есепті кезеңнің соңын күту қажет
  • өндірістік үстеме шығындар айдан – айға өзгеруі мүмкін, яғни бұл үстеме шығындардың тарату ставкасының әр түрлілігін білдіреді.

Сондықтан үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланамыз. Жоспарлы ставканы пайдалану төмендегідей қадамдардан тұрады:

  • болжанған үстеме шығындардың көлемін анықтау
  • үстеме шығындар тарату базасын таңдау
  • болжанған үстеме шығындарды тарату базасына бөлу арқылы жоспарланған тарату ставкасын пайдаланамыз
  • анықталған ставканы пайдалана отырып, үстеме шығындарды әрбір өнім түріне таратамыз.

Тәжірибе жүзінде жоспарлы ставканы пайдаланып, таратылған үстеме шығындар мен нақты үстеме шығындар арасында айырмашылық болады, яғни артық немесе кем таратылған үстеме шығындар болады. Бұл ауытқулар төмендегідей 3 шотты пайдалана отырып түзетіледі:

  • сатылған өнімнің өзіндік құны
  • аяқталмаған өндіріс шоты, сатылған өнімнің өзіндік құны және дайын шоттары арасында пропорционалды болуы мүмкін.

Мысалы, компания үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланады. Ол 3тг\маш.сағ (жобамен олар жоспарлы 300 000тг\100 000 маш.сағ).

Нақты өнім өндіру үшін, 110 000маш\сағ уақыт жұмсалыныпты. Нақты үстеме шығындар 320 000тг. Таратылған үстеме шығындар = 110 000маш.сағ x 3тг\маш.сағ= 330 000тг, яғни өндірілген өнімнің өзіндік құнынан қосылып кеткен.

Үстеме шығындарды таратудың  тікелей әдісі.

Өнім өндіріске тікелей байланысты,өндірістік бөлімшелерден басқа, ұйымда қызмет көрсетуші бөлімшелер болады. Бұл бөлімшелер өндірістік бөлімшелерге және бір – біріне қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын таратудың кең тараған түрі – тікелей әдіс. Бұл әдіс бойынша қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындары өндірістік бөлімшелерге тікелей апарылады. Мысалы, бөлімшелер: өндірістік  - бұл машина цехы.

Информация о работе Қаржылық есеп беру