Қаржылық есеп беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:48, курс лекций

Описание работы

Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Файлы: 1 файл

упр.учет.docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)

Көрсеткіштер

Қызм көрсетуші бөлімш

өндірістік бөлімш

барлығы

Көмекші

Мат.техн ж

Машина

жабдықтау

1.таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ

600

116

400

200

1 316 000

Қызмет көрсету: көмекші  цех

Жоспар еңб сағ

% қатынас

мат\қ техн жабд

% қатынас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

200

10

1600 

 

 

 

 

 

20 

2400 

 

 

 

 

 

30

1600

80

4000 

 

 

 

 

 

50

200

10

8000 

 

 

 

 

 

10

2000

100


Көмекші цех: 2400\6400 (2400+4000)=0,375= 37.5% (жинақтау цехына кетеді).

Қызмет көрсетуші бөлімшенің үстеме шығындарын тарату әдісі

Көрсеткіштер

Қызм көрсетуші бөлімш

өндірістік бөлімш

барлығы

Көмекші

Мат.техн ж

Машина

жабдықтау

1.таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ

600

116

400

200

1 316 000

2. көмекші цехтің үст шығ тарату

% қатынас

3. мат-техн жабд бөлімш\ң  үст шығ

4.жалпы жосп шығын

(600) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

 

 

 

 

 

 

 

116 

 

 

 

0

2400(225) 

 

 

 

37,5

103 111 

 

 

 

88,9

4000(375) 

 

 

 

62,5

12889 

 

 

 

11,1

 

 

 

 

 

100 

 

 

 

 

 

1 316 000


% қатынас (мат-техн жабдықтау)  1600\1800(1600+200)=88.9

3-дәріс. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

  1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
  2. Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі
  3. Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау
  4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау

1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі

Процестік әдіс бірнеше өңдеу сатысынан өтетін біртүрлі өнім өндіретін кәсіпорындарда қолданылады. Мысалы, химия өнеркәсібі, шыны, ірімшік, ұн, және жарма өнімдері. Әр бір бөлімше немесе процесс бойынша белгілі бір кезеңдегі шығындар жинақталынады. Шығындардың үлес салмағын анықтау үшін жалпы шығындар өнім санына бөлінеді. Өнімдер бірнеше үрдістерден немесе бөлімшелерден өтеді. Әр бір процесте шығындар өнім құнына апарылады. Өндірістік процесс соңында барлық шығындар жинақталып, бір дана өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жинақталынады.

Егер бір дана өнімге кеткен шығынды есептеу кезінде аяқталмаған өндіріс болмауы келесі процеске берілетін өнімнің құнын анықтауда қиындық тудырмайды. Тәжирибеде әр бір процестің басына және соңына аяқталмаған өндіріс қалып отырады. Сондықтан 1 дана өнімге кеткен шығынды есептеуге эквивалентті бірлік қолданылады. Эквивалентті бірлікті есептеудің негізіг мәні барлық өнімді аяқталды деп есептесек, қанша өнім өндіріледі. Егер барлық өндіріс аяқталған бірліктерге әкелсе, онда өндірілетін өнімнің бірліктер саны есептелінеді.

Өндірістік шығындарды аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және сатылған өнімнің өзіндік құнына апару кезінде орташа құн және ФИФО әдістері қолданылады.

Орташа құн әдісі. Бұл әдіс кезінде кезең бойы шығарылған шығындармен кезең басындағы аяқталмаған өндірістің сомасының орташасы анықталынады. Эквивалентті өндірісті есептеу кезінде кезең бойы аяқталған бірлік сомалары мен аяқталмаған өндірістегі эквивалентті бірліктер жинақталынады. Соңында жалпы шығындар (кезең басындағы аяқталмаған өндіріс шығындары мен ағымдағы шығындар). Эквиваленттік бірлікке бөлу арқылы бір дана өнімді өндіруге кететін шығынды анықтаймыз.

ФИФО әдісі бойынша кезең соңындағы қорлар кезең бойы шығарылған өндіріс шығындар бойынша бағаланады. Эквиваленттік өндірісті есептеу барысында 3 элемент анықталынады:

  1. Кезең басындағы аяқталмаған өндірістегі өңдеуді толық өткен бірліктер
  2. Ағымдағы кезеңде өңдеуге жіберілген және аяқталмаған бірліктер
  3. Кезең соңындағы бөлшектеп аяқталған бірліктер

2. Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі

Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.

Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.

Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:

  • бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа  тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;
  • күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
  • ұзақ технологиялық циклды өндірісте;
  • едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;
  • жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;
  • әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
  • барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының салыстырмалы үлкен үлес салмағында;
  • жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;
  • өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.

Тапсырыстық тәсілде бірен-саран бұйымға немесе бұйымның, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің санаулы санына өндірістік тапсырыс калькуляциялаудың объектісі болып табылады.

Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.

Өндіріс шығындарын жинақтап қорыту жөніндегі барлық алғашқы құжаттамада (лимитно-заборлық картасы, шикізат пен материалдарды босатуға арналған талаптар, маршрут парақтары, нарядтар және басқа құжаттар) тапсырыстардың нөмірі (шифрі) көрсетіледі. Құжаттаманы өндегенде шығындарды цех-орындаушылар, жеке тапсырыстар мен калькуляция баптары бойынша топтастырады. Сонымен қатар, әдетте өзіндік құнды калькуляциялаудың жартылай өнімдік нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цех бойынша өз шығындары цехтан-цехқа жартылай өнімдерді беру шоттарында көрсетілмейді.

Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын-ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Бұл кемшілікті жою мақсатымен өндірістің ұзақ циклды ірі бұйымдар (кеме жасау, ауыр машина жасау) дайындағанда, тапсырыстарды олардың (агрегатгар, конструкциялық элементтер), біткен конструкция болып танылатын тетіктеріне жеке ашу ұсынылады. Ұзақ сериялық өндірісте тапсырысқа ағымдағы айда шығару жоспарланған бұйым саны кіреді. Есепте тек нақты бұйымды (тапсырысты) ғана немесе бірнеше бұйымды (тапсырысты) дайындау үшін қолданылатын барлық тетіктер мен бөлшектерді бөліп жазу керек. Бөлшек пен тетіктердің бірінші түрі бойынша шығын есебі тапсырыстық тәсілмен ұйымдастырылады; екіншісі бойынша -нормативті тәсілмен, өйткені бұл бұйымдар сериялық немесе жаппай өндіріс тәртібімен шығарылады. Осылайша, жеке ретпен дайындалатын бұйымдардың жалпы құны тапсырыс бойынша (дара, қайталанбайтын тетіктер мен бөлшектер) ескерілген шығындардан және өзіндік құны нормаға сай тәсіл бойынша жаппай сериялық өндіріс тәртібімен саналатын жалпы тетіктер мен бөлшектер құнынан құралады. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің кызметкерлері жеке және ұсақ сериялы өндіріс жағдайында өндіріс шығыны есебінің нормаға сай тәсілінің элементтерін мүмкін болған жердің бәрінде қолдануға тырысуы тиіс. Тапсырыстар бойынша шығындарды топтастырады және әрбір тапсырыстың өзіндік құнын өндірістің есеп карточкаларында есептейді.

Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны, өндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке өндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша шығыстарда, не болмаса қосалқы өндіріс шығыстары бойынша), тапсырыстардың сәйкес баптары (бөлу базасы белгілеген негізде) бойынша ескеріледі.

Өнімнің немесе жұмыстың калькуляциялық бірлігінің нақты өзіндік құнын шығын сомасын дайындалған өнім немесе орындалған жұмыс санына шығын бөлу жолымен есептейді.

Өнім бірлігінің өзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігі санына бөлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің принципиальды ерекшелігі - шығын көлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.

Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өндірісте жеке есепті ұйымдастыру үшін, әдетте, шығындар есебі шотында әрбір тапсырыс бойынша жеке аралық шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар саны көп болса, аналитикалық есепті бөлу алғашқы құжаттарға код беру жолымен жетеді. Тапсырыстар коды шикізат пен материалдарды беруге арналған материалдық талаптарда, еңбекақы негізінде, кесімді түрде есептеу жөніндегі есептесу ведомосінде қойылады. Содан кейін орындауға байланысты шығын көлемі жазбаларды тапсырыстың бірден кодымен бірге іріктеу жолымен белгіленеді. Жеке тапсырыстар тұрғысында аналитикалық есеп ұқсас түрде (аралық шоттар немесе кодтеу тәсілімен) және дайын өнім есебі шоттары мен өткізу (сату) есебі шоттарында құрылуға тиіс. Осылайша, тапсырыстық тәсілдегі есептік процесті қисынды біткен соңы әрбір нақты тапсырысты өткізудің қаржылық қорытындысы туралы акпаратты алу болып табылады.

Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық.

Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.

Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:

  • бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;
  • екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
  • осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.

Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.

Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:

  • шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері);
  • шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;
  • бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;
  • жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін көлемі шығындарды бөлудің есептелген (мөлшерлеме) шамасын осы объектінін бөлу базасының шамасына көбейту жолымен анықталады.

3. Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау

«Директ-костинг» әдісі бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде тек қана айнымалы шығындар ескеріледі, ал тұрақты шығындар кезең шығындарына жатқызылады. «Директ-костинг» бойынша калькуляциялау мәліметтері ішкі пайдаланушылар үшін дайындалатын пайда мен зиян туралы есеп дайындау үшін қажет.

Информация о работе Қаржылық есеп беру