Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 20:44, реферат

Описание работы

Соныменен, қаржы тәуекелдігінің объективтілігі біршама факторлардың барлығымен байлынысты, олардың болуы түпкі нәтижесінде фирманың іс-әрекетіне байланысты емес.
Басқа жағынан қара,анда, қаржы тәуекелдігінің субъективті негізі бар, өйткені олар әр уақытта адамдар арқылы іске асырылады. Шындығында, тек қана кәсіпкер тәуелкелдік жағдайды бағалап, көптеген мүмкінді істің нәтижесін қалыптастырып, олардың ішінен қажеттісін адамның мінезіне, оның ақылы-ойына, психологиялық ерекшелігіне, білім деңгейіне және оның істеп жүрген жұмысындағы тәжірибесіне байланысты.

Содержание работы

І. Кіріспе
1.1 Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлері.
1.2 Қаржы тәуекелін басқару саясаты.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Банктік тәуеклдердің пайда болу көздері мен жіктелуі.
2.2 Банктік несиелік тәуекелді бағалау және басқару.
2.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару.docx

— 46.89 Кб (Скачать файл)

 

 

 

               І. Кіріспе

    1. Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлері.
    2. Қаржы тәуекелін басқару саясаты.

 

       ІІ. Негізгі бөлім

    1. Банктік тәуеклдердің пайда болу көздері мен жіктелуі.

             2.2 Банктік несиелік  тәуекелді бағалау және басқару.

             2.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің қаржы менеджментіндегі тәуекелін болашақта жетілдіру жолдары.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.1 Қаржы менеджментіндегі қаржылық тәуекел түрлері

 

Кәсіпорындардың қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері  көптеген тәуекелдікпен тығыз байланыста, оның ықпал ету деңгейі нарықтық экономикаға байланысты біршама  артады. Кәсіпорынның қаржы әрекетіне  ілеспелі тәуеклдікті, тәуекелдіктің  ерекше  тобына бөледі. Қаржы тәуекелдігі  кәсіпорындардың жалпы “портфель  тәуеклдігінде” маңызды роль атқарады. Қаржы тәуекелдігінің дамуы кәсіпорындардың  қаржы нәтижесіне ғана әсер етіп қоймай, оның жалпы өндірістік- шаруашылық әрекетінің нәтижесіне әсер етуі экономикалық жағдайлардың  және қаржы нарық  коъюнктурасының тез қарқынмен  өзгеруіне кәсіпорындардың қаржы  қатынасы жүйесіне кеңеюіне, республика кәсіпорындарына жаңа қаржы технологиясының  және инструменттерінің, басқадай факторлардың пайда болуымен байланысты.

        Соныменен, қаржы тәуекелдігінің  объективтілігі біршама факторлардың  барлығымен байлынысты, олардың  болуы түпкі нәтижесінде фирманың  іс-әрекетіне байланысты емес.

        Басқа жағынан қара,анда, қаржы  тәуекелдігінің субъективті негізі  бар, өйткені олар әр уақытта  адамдар арқылы іске асырылады.  Шындығында, тек қана кәсіпкер  тәуелкелдік жағдайды бағалап,  көптеген мүмкінді істің нәтижесін  қалыптастырып, олардың ішінен  қажеттісін адамның мінезіне, оның  ақылы-ойына, психологиялық ерекшелігіне, білім деңгейіне және оның  істеп жүрген жұмысындағы тәжірибесіне  байланысты.

       Қаржы тәуекелдігі – бұл, бір  жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік  ресурстан айырылуы мүмкіндігі  немесе ресуртарды ұтымды пайдаланудан  алынатын табысты толық алмау,  басқа жағынан, тәуекелдіктің  арқасында қосымша пайда табу  мүмкіндігі. Соныменен, қаржы тәуекелдігі  алып-сатарлық тәуекелдік тобына  жатады, өйткені іс әрекетіне  байланысты шығынға ұшырауы немесе  ұтысқа шығуы мүмкін.

     Қаржы тәуекелдігі қаржы ағымдарының   қозғалымымен байланысты пайда  болады және негізінен қаржы  ресурстары нарқында байқалады.  Бұл тәуекелдіктер көп түрлілігімен  сипатталады және оларды тиімді  басқару үшін олардың әртүрлі  белгілеріне байланыстыжіктеген  жөн болады.

     Сақтандырылатын тәуекел – бұл  болатын мүмкінді оқиға немесе  оқиғалар жиынтығында байланысты  сақтандыру жасау. Сақтандыру  қызметінің түрлерін жіктеу қаржы  тәуекелдігін сақтандыруды анықтайды,  онда сақтандырушының міндеті,  оның сақтандыруға төленетін  төлем мөлшері қаралады.

     Сақтандыру келесі оқиғаларға  сәйкес жасалынады:

  • өндірістің тоқтап қалуы немесе өндіріс көлемінің айтылған жағдайларға байланысты кемуі;
  • банкрот болуы;
  • алдын ала болжанбаған шығындар;
  • контрагенттің келісім шарттағы қаралған міндеттерін рындамауы.

Бірақта қаржы тәуекелінің бір тобы болады, олларды компания сақтандыруға кіріспейді, бірақ сол сақтандырылмаған тәуекел  фирманың әлуетті қосымша пайдасының көзі болып есептеледі.

     Кәсіпкерлік фирманың негізгі  мақсаты тәуекелдікке ұқыпты  болып, банкроттыққа ұрынатын  шектен аспай жұмыс істеуі. Осыған  байланысты қаржы тәуекелдігі  қаржы шығыны деңгейі бойынша  төмендегіше жіктеледі: мүмкінді  тәуекел, сыни тәуекел, апатты  тәуекел.

    Мүмкінді қаржы тәуекел фирманың  қаржы әрекетінен немесе белгілі  бір қаржы жобасын іске асыруда  жартылай немесе толық пайдадан  айырылу. Бұл жағдайда пайдадан  айырылу мөлшері күткен пайдадан  кем.

    Соныменен, бұл қаржы мәмілесі, белгілі тәуекелдіктің болуына  қарамай, өзінің экономикалық  тұрғыдан пайдалылығын сақтайды.

   Келесі тәуекелдеңгейі өте қауіпті  – сыни тәуекел. Бұл қаржы  тәуекелдігінің түрі белгілі  қаржы мәмілесін орындауға шыққан  шығын мөлшерінің артықтығымен  байланысты. Сонымен сыни тәуекелдіктің  біріеші деңгейі кәсіпкерлік  фирманың шығарған материалдық  шығындарын қайтарғаннын кейінгі  нолдік табыс алу қаупімен  байланысты. Сонымен сыни тәуекелдіктің  екінші деңгейі толық шығын  мөлшеріндедегі шығынмен байланысты, яғни жоспарланған түсімнен айырылу  мүмкіндігіне байланысты кәсіпкерлік  фирмаға шығындарды басқадай  көздер есебінен жабуға тура  келеді.

   Апатты тәуекел – оның қаржы  шығыны кәсіпкерлік фирманың  жартылай немесе толық мүлкінен  айырылу жағдайын сипаттайды. Апатты  тәуекел, әлбетте, фирманы банкроттыққа  ұшыратады, өйткені бұл жағдайда  фирма қаржы әрекетінің  белгілі  түріне салынған қаржысына ғана  емес, фирманың тұтас мүлкінен  айырылуына әкеп соқтырады. Көп  жағдайда бұл жай, кәсіпкерлік  фирманның болашақ пайдасынын  есебінен сырттан қарыз алуына  мәжбүр етеді, бірақта апатты  қаржы тәуекелдік пайда болса,  фирма алған несиені өз қаражаты  есебінен қайтаруына тура келеді.

   Пайда болу саласына: қарай қаржы  тәуекелдігін сыртқы және ішкі  тәуекелдікке бөлуге болдады.  Сыртқы тәуекелдіктің пайда болу  көзі кәсіпкерлік фирмаға сыртқы  ортанының әсерінен, яғни бұл  тәуекелдіктің фирманың жұмысына  байланыстығы жоқ. Кәсіпкерлік  фирма сыртқы қаржы тәуекелдігіне  әсер ете алмайды, ол оны  алдын ала болжап, өз әрекетінде  оны есепке алуы тиіс. Бұл тәуекел  түрі қаржы операциясы түрлеріменайналысатындарға  тән. Сыртқы қаржы тәуекелдігі  экономикалық кезеңнің жекелеген  сатысының өзгерген кезінде қаржы  нарқы конъюнктурасыны өзгеруінде, фирмалар жұмысының қаржы саласы  бойынша заңның өзгеруі нәтижесінде,  мемлекеттегі саяси тәртіптің  тұрақсыздығы және т.б. жағдайларға  байланысты пайда болады, бірақта  фирма өз жұмыс процесінде  оларға ешқандай ықпал ете  алмайды. Қаржы тәуекелдігінің  бұл тобына инфляциялық, валюталық,  пайыздық және басқада тәуекелдікті  жатқызуға болады.

    Ішкіқаржы тәуекелдігі – бұл  тәуекелдік, кәсіпкерлік фирманың  нақтылы іс-әрекетіне байланысты, яғни олардың көзі фирманың  өзі болып саналады. Бұл тәуекелдікке  себепші болушылар:

    Фирмадағы біліктілігі нашар  қаржы менеджері;

     Фирмалардың активтерінің тиімсіз  құрылымы;

    Фирма басшылардың шамадан тыс  қаржылық операцияға тәуекелдігі;

    Шаруашылық етуші серіктерді  дұрыс бағалмау;

    Фирманың қаржы жағдайының тұрақсыздығы  және т.б.

Ішкі  қаржы тәуекелдіктің теріс жағдайларын  кәсіпкерлік фирмалар көп жағдайда қаржы тәуекелдігін тиімді басқару  есебінен дұрыстай алады, яғни фирмалардың  қаржы тәуекелдігінің жалпы деңгейін төмендету, ішкі тәуекелдікті төмендету  есебінен жетеді.

    Болжау мүмкіншілігіне байланысты  қаржы тәуекелдігі келесі 2 топқа  бөлінеді: болжамдалатын және болжамданбайтын.

    Болжамдалатын қары тәуекел –  бұл тәуекелдің болуы экономиканың  даму кезеңіне қаржы нарқының  конъюнктурасы сатысының ауысуы, болжамды бәсекелестіктің дамуы  және т.б.байланысты. Бірақта атап  кететін жай қаржы тәуекелінің  болжамдалуы салыстырмалы сипатта  болады.

   Қаржы тәуекелін жіктеудің келесі  белгісі бойынша яғни әсер  ету мерзімнің ұзақтығына сәйкес 2 топқа тәуекелдікке бөледі: тұрақты  қаржы тәуекел және уақытша  қаржы тәуекел. Тұрақты қаржы  тәуекел – қаржы операциясын  орындаудың барлық кезеңіне тән  және тұрақты факторлардың әсерімен  байланысты. Сонымен, тұрақты тәуекелге  белгілі географиялық аймақта  фирманың жұмысына немесе экономиканың  белгілі бір саласына тоқтаусыз  қауіп төндіретын тәуекелдіктер  қатысы. Қаржы тәуекелдігінің бұл  тобына валюталық және пайыздық  тәуекелдікті жатқызады. Уақытша  қаржы тәуекел – уақытша сипатта  болады, фирма тәуекелдің бұл  түрімен қаржы операциясының  жекелеген кезеңін орындауда  кездеседі.Уақытша қаржы тәуекелін  өз кезегінде 2 топқа бөлуге  болады: қысқа мерзімді және ұзақ  мерзімді тәуекелдіктер. Қысқа  мерзімді тәуекелдікке, белгілі  бір уақыт бөлігінде пайды  болатын тәуекелдік жатады, мысалы  несиелік және инвестициялық  тәуекелдіктер.

   Пайда болу объектісіне қарай  қаржы тәуекелін 3 топқа бөлуге  болады: кәсіпкерлік фирмамен орындалатын  жекелеген қаржы операциясының  тәуекелі; фирманың әртүрлі қаржы  жұмысының тәуекелі; жалпы фирма  жұмысының қаржы тәуекелі.

   Жекелеген қаржы операциясының  тәуекелі кәсіпкерлік фирманың  белгілі ір қаржы операциясын  орындауда кездесетің барлық  кешенді қаржы тәуекелдігін сипаттйды.

  Қаржы  әрекеттіндегі тәуекелдің әртүрлі  түріне – белгілі бір қаржы  жұмысын орындауда кездесетін  барлық қаржы тәуекелі жатады, мысалы, фирманың инвестициялық  тәуекелімен сипатталады.

  Фирма  жұмысының жалпы қаржы әуекелі  өзіне әртүрлі кешенді қаржы  тәуекелдіктерді қосады олар  кәсіпкерлік фирманың қаржы әрекетін  орындауда пайда болады.

   Бұл тәуекелдік фирмалардың ұйымдық-заңдылық  түріне, оның капиталы және активтерінің  құрылымына және басқадай факторларға  байланысты. Мысалы: фирманың қаржы  тұрақтығының кему тәуекелдігінің  пайда болуының бірден-бір себебі, капитал құрылымының жетілдірілмеуіне  байланысты нәтижесінде фирманың  ақша ағымдарының кірісі және  шығысыының баланстанбауына әкеп  соқтырады.

   Одан ары жіктеу мүмкіншілігіне  қарай қаржы тәуекелдігін қарапайым  және күрделі түріне жіктейді. Қарапайым қаржы тәуекелі –  жекелеген түрттармағына бөлуге  болмайтын тәуекел, мысалы инфляциялық  тәуекел, оны ары қарай жіктеуге  болмайды.

Күрделі қаржы тәуекел – бұл тәуекел  өзіне оның кешенді әртүрлі түрі тармағын қосады. Қаржы тәуекеліне бұл түріне инвестициялық тәуекелді  жатқызуға болады өз ретінде ол ары  қарай көптеген түр тармағына  жіктеледі.

  Қаржы  тәуекелін белгісі бойынша жіктеуден  басқа түрлері бойынша төмендегіше  жіктеледі:

Қаржы тәуекелінің түрлері:

Инфляциялық тәуекел 

Салықтық тәуекел

Несиелік тәуекел

Депозиттік тәуекел

Валюталық тәуекел

Инвестициялық тәуекел

Пайыздық тәуекел

Бизнес тәуекел


 

                         Қаржы тәуекелінің түрлері

 

          1.2 Қаржы тәуекелін басқару саясаты

    Нарықтық экономика жағдайында  қаржы жұмысын орындау арнай  талдау әдісінсіз және тәуекелді  басқарусыз мүмкін емес. Қаржы  тәуекелін басқару жұмысы кәсіпкерлік  кәсіпорындардың қаржысын тұрақтандыруды  қамтамасыз етуде маңызды роль  атқаруда.

   Соңғы 30-40 жылдарда Батыс мемлекеттерде  тәуекелді басқару ұғым және  пән жүйесі ретінде дамыған,  мақсаты кәсіпкерлік фирмалардың  жұмыс процесінде пайда болған  жағымсыз жағдайлардың немесе  жағымсыз қаржы зардабынан қорғауды  ұйымдастыруға көмек ету.

   Фирманың қарды тәуекелдігін  басқару қаржы менеджментінің  айырықшалықты саласына жатады, ол шет елдерде соңғы жылдары  ерекше салаға «тәуекел менеджментке»  бөлінді.

    Қаржы тәуекелін басқару фирмаларға  экономикалық негізделген ұсыныстар  және шаралар жасауды және  іске асыруды қарайды, олар  негізінен қаржы мәселесін немесе  қаржы операцияларын жасағанда  бастапқы тәуекелдік деғгейін  азайтуға бағытталады.

   Соныменен, тәуекелді басқару  – фирмалардың қаржы саласында  талдау жасау, сақтандыру ісі,  кәсіпкерлік фирмалардың шаруашылық  жұмысын талдау туралы білімді  талап ететін қаржы менеджменттің  айрықша саласы.

Информация о работе Қаржы менеджментіндегі қаржы тәуекелінің түрлері