Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.

Файлы: 1 файл

техника қауіпсіздігі.doc

— 219.50 Кб (Скачать файл)

      49. 48-тармақта көрсетілген  жұмысты орындау барысында қадағалауды  жүзеге асыратын адамды қосып  санағанда жұмыс істейтіндердің  саны үш адамнан аспауы керек.

      Жедел-жөндеу персоналы  немесе кезекші жұмыскердің ішіндегі  жауаптының 1000 В-тан жоғары электр  қондырғыларында жұмыс істеуі  үшін ол адамда IV топ, ал 1000 В-қа  дейінгі электр қондырғыларында  ІІІ тобы болуы қажет. Қалған  бригада мүшелерінде ІІІ топ болуы керек. Тұтынушыларды қоректендіретін қосылымдардағы жұмыстарға соңғы аталған топтағы жұмыскерлерді тартуға болады.

      Жұмыс алдында  жұмыс орнын дайындауда АТҚ-ды  арқанмен немесе баумен қоршаудан  басқа барлық техникалық шараларды  орындау керек.

      48-тармақта аталған  үш жұмыскердің қатысуымен 1 сағаттан  астам уақытта жұмыс тек қана  наряд бойынша орындалады.

      50. Бригаданың саны  мен оның құрамы электр қауіпсіздігі  бойынша наряд беруші жұмыс  көлемін, қауіпсіздік шартын, жұмыс  өндіруші немесе жұмыс жетекшісі тарапынан бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып анықтайды.

      Наряд бойынша  жұмыс істеуде бригаданың ең  аз саны – жұмыс өндірушіні (бақылаушыны) қосқанда екі жұмыскер.

      Нұсқау бойынша  жұмыс істеуде мыналарға жұмыстарды өз еркімен істеуге болады:

      1) монтаждау, екінші  реттік тізбекті, өлшеу аспаптарын, релелі қорғау қондырғыларын,  автоматиканы, телемеханика мен  байланысты пайдалану мен жөндеу  және жетектер мен коммутациялық  аппараттардың агрегаттық шкафтардағы жұмыстарды қосқанда кернеуде ме жоқ па оған қатыссыз осы тізбектер мен құрылғылар 1000 Вольттан жоғары тоқ жүргізетін бөліктері жоқ немесе толық қоршалған немесе қоршау талап етілмейтін биіктікте орналасқан үй-жайларға орналастырылған болса IV тобы бар жұмыс өндіруші;

      2) жұмыс жүргізуге  құқылы, ІІІ топтағы жұмыскер  халықты электр тоғымен зақымдауға  қатысты қауіпсіздігі жоғары  емес бөлмелерде орналасқан 1000 В-қа  дейінгі электр қондырғыларындағы  жұмыстарды;

      3) электр станциясы  мен қосалқы станцияларындағы электр қондырғыларында ІІІ топтағы жұмыскерге:

      АТҚ аумағын жабдықтау,  шөптерді шабу, жолдарды қардан  тазалау;

      2,5 м аспайтын биіктіктегі  ТҚ камерасынан тыс орналасқан  телефон мен радио байланыс  құрылғыларына қызмет көрсету  мен жөндеу;

      ТҚ камераларынан  тыс қоршаулар мен жабдықтардың  сыртындағы жазуларды қалпына  келтіру;

      трансформаторлардың,  генераторлардың және басқа да  жабдықтардың құрғақтығын қадағалау;

      май тазалайтын  және майды кептіру мен тазалау  барысындағы қосымша аппаратураларға қызмет көрсету;

      компрессорларда,  трансформаторлардың май сорғыларында, желдеткіштердің механикалық бөлімдері  мен электр қозғалтқыштарындағы  жұмыстар;

      ауа тазалау сүзгілерін  тексеру және олардың сорбенттерін  ауыстыру; 2,5 метрге дейінгі биіктіктегі камералардан тыс орналасқан жарықтандыру аппаратураларына қызмет көрсету мен жөндеу;

      4) ІІ топтағы жұмыскерге:

      2,5 метр аспайтын  биіктіктегі ТҚ тыс орналасқан  шамдалыларды тазалау мен шамдарын  ауыстыру;

      релелі және  қалқаларды басқару бөлмелері мен тоқ өткізгіш бөліктері қоршалған 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы бөлмелерді тазалау;

      жақсы ауа-райында  және тез өте алатын жерлерде  ӘЖ қарау;

      ӘЖ тіректерінде  тұрақты белгілерді қалпына келтіру;

      бұрыш өлшейтін құрылғылар арқылы ӘЖ габариттерін өлшеу;

      ӘЖ тіректерінің  айналасындағы аумақты өрт болудан  тазалау;

      ӘЖ тіректеріндегі  құрсауларды майлау.

      51. Бригада құрамын  наряд (нұсқау) беруші ғана өзгерте  алады.

      Бригада құрамының өзгертілуі туралы нұсқау телефон, радио немесе нарядтағы өзі қол қойғаннан кейін өзгеріс туралы нұсқау бергеннің аты-жөнін жазатын жұмыс жетекшісіне (өндірушісіне) қолма-қол тапсырылады.

      Жұмыстардың жетекшісіне  (өндірушісіне) бригада құрамына  енгізілген жұмыскерлерді нұсқаулықпен таныстыру қажет.

      52. Рұқсат беретін  тұлғаның рұқсатынсыз жұмыс орнына  жіберуге тыйым салынады.

      53. Жұмысқа жіберілетін  тұлғаға рұқсат беру телефон,  радио немесе кезекші жұмыскер  арқылы берілуі мүмкін.

      Алдын ала жұмысқа жіберуге рұқсат берілмейді.

      54. ӘЖ, ТП – 10/0,4 кВ, қосалқы станцияларында апаттық  өшірілу барысында және байланыстың  жоқтығына байланысты жұмысқа  жіберуге рұқсатты зақымданған  жерді жөндеуге жіберілетін бригаданың  ішіндегі сол жабдыққа наряд бере алатын тұлға бере алады. Осындай рұқсат қоректендіретін орталықтан ӘЖ жерге тұйықтау және өшіруден кейін бригадамен жүрген наряд беруге құқығы бар тұлғаның «Жеке нұсқаулар» бағанына тегі жазылады.

      55. Бригаданы жұмысқа  жіберуге тек бір наряд, нұсқау бойынша рұқсат етіледі.

      56. Жіберуші жіберу  алдында жұмыс орнының дайындығы  бойынша техникалық шаралардың  толық орындалғанына сенімді  болуы керек. Ол жеке қараумен, жедел журналдардағы жазбалар, кезекшінің, тұтынушылардың жедел жөндеу  персоналының хабарламасы бойынша көзі жетуі тиіс.

      57. Жұмыс өндіруші (бақылаушы) мен жетекшісі жұмысқа  жіберу алдында жіберушіден жұмыс  орнын өздері тексеріп алады.

      58. Наряд және нұсқау бойынша  жұмысқа жіберу тікелей жұмыс  орнына өткізіледі.

     Жұмыс орнының дайындығын тексеру керек болмаған жағдайда ғана жұмысқа наряд бойынша жіберіледі, ал ӘЖ, БӘЖ, КЖ – талап етілмейді.

      59. Бригаданы жұмысқа жіберу барысында  жіберуші:

      1) бригаданың құрамын нарядқа  немесе нұсқауға сәйкес жеке  куәліктері бойынша тексеру;

      2) нұсқаунама жүргізіп, бригаданы  нарядтың мазмұнымен таныстыруы, жұмыс орнының шекарасын көрсетуі, жұмыс орнына жақын орналасқан  жөндеу үстіндегі жабдықтар мен  тоқ өткізгіш бөліктеріне жақындамауларын  және басқа да қауіпті өндірістік факторларды көрсетуі;

      3) бригаданың жұмыс орындарында  жерге тұйықтаудың көрінбей қалған  кезде кернеудің жоқтығына көздерін  жеткізуі керек, ал 35 кВ электр  қондырғыларында тоқ өткізгіш  бөліктерінде қолмен жанасу арқылы  тексеріледі.

      60. Жұмыс өндіруші жұмысқа жіберу барысында бригаданы технология жұмыстарына байланысты бригаданың қорғау құралдарын, құрал-саймандарды, механизмдер мен машиналарды пайдалану арқылы қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаунамадан өткізуі керек.

      61. Жұмысқа жіберу нарядтың екі данасында және нарядтар мен нұсқаулар (осы Қағидалардағы 3-қосымша) бойынша жұмыстарды есепке алу журналында толтырылады. Жұмыс жетекшісі (өндіруші) жіберушінің міндетін қоса атқару кезінде жұмысқа жіберу нарядтың бір данасында толтырылады.

      Жұмысқа нұсқау  бойынша жіберу жедел немесе  нарядтар мен нұсқаулар жөніндегі  жұмыстарды есепке алу журналына  жазылады.

      62. Жұмысқа жібергеннен  кейін бригаданың электр қауіпсіздік  талаптарын сақтауын қадағалау  жұмысы (жұмыс жетекшісі тағайындалмаған кезде) өндіруші мен жетекшісіне, ал технология жұмыстарына байланысты, бригаданың қорғау құралдарын, құрал-саймандарды, механизмдер мен машиналарды пайдалану қауіпсіздіктері – жұмыс өндірушіге жүктеледі.

      63. Жұмыс жетекшісі  мен жұмыс өндіруші (бақылаушы) ұдайы жұмыс орындарына қатысып тұрады. Жоғары аталғандардың біреуі жұмыс орнынан уақытша кетуі керек болған жағдайда жұмыс орнынан бригаданы шығарып (ТҚ шығарып, ӘЖ тірегінен жұмыскерді түсіруі қажет) жібереді.

      64. Жұмыс жетекшісінің, өндірушінің рұқсатымен жұмыс орындарынан уақытша бригаданың бір немесе бірнеше мүшесінің кетуіне болады.

      65. Бригаданы басқа  жұмыс орындарына ауыстыруды  жіберуші ғана немесе оның  рұқсатымен жұмыс өндіруші мен  жетекші ғана жүзеге асырады.  Ауыстыру (осы Қағидалардың 2-қосымшасы) 3-кестеде ресімделеді.

      Нұсқау бойынша  жұмыс істеу барысында басқа  жұмыс орнына ауыстыру ресімдеу  талап етіледі.

      66. Жұмыс күндерінде  жұмыстағы үзілістер кезінде  бригада жұмыс орындарынан кетеді. Бұл уақытта наряд жұмыс жетекшісінде, жұмыс өндірушіге (бақылаушыға) қалады. Бригада мүшелері үзілістен кейін жұмыс орындарына жұмыс жетекшісіз, жұмыс өндірушісіз (бақылаушысыз) қайтып келулеріне құқылары жоқ. Осындай үзілістен кейін жіберуді рұқсатсыз және нарядқа ресімдемей-ақ жұмыс жетекшісі, өндірушісі (бақылаушысы) орындайды.

      67. Жұмыс уақыты  аяқталған соң бригада мүшелері  жұмыс орындарынан кетулері тиіс. Қауіпсіздіктің техникалық шараларының  күйі өзгертілмейді.

      Сонымен бірге,  егер де жедел тапсырыста көрсетілген  апаттық дайындық уақыты жұмыс орындау уақытымен сәйкес келсе наряд жұмыс жетекшісінде, жұмыс өндірушіде (бақылаушыда) қалады. Келесі күндерге жіберуді нарядқа жазбай және рұқсат алмай-ақ жұмыс жетекшісі, өндіруші (бақылаушы) орындайды.

      Егер де апаттық  дайындық уақыты жұмыс орындау уақытынан аз болса, жұмыс жетекшісі, жұмыс өндіруші (бақылаушы) нарядтың өзіндегі данасына жұмыстың аяқталған уақытын көрсетіп, нарядты жіберушіге тапсырады. Кейінгі күндерге дайындалған жұмыс орындарына қайтадан жіберуді рұқсат алмай-ақ, нарядта ғана көрсетіп жіберуші жүзеге асырады.

      68. Жұмыс уақыты  толық аяқталған соң жұмыс  жетекшісі, жұмыс өндіруші (бақылаушы)  бригада жұмыс орындарынан шығарады, бригада жасаған жерге тұйықтауды, қоршауларды, плакаттарды, туларды  алып, нарядта жұмыс уақытының толық аяқталғанын көрсетеді.

      69. Жұмыстың толық  аяқталғанын ресімдеген соң жұмыс  жетекшісі, өндірушісі (бақылаушы)  нарядты жіберушіге тапсырады.

      70. Жіберуші нұсқау  бойынша жұмыстың аяқталуы туралы  хабарлама немесе наряд алғаннан кейін, осы ауысымда жұмысқа жіберуге рұқсат етілген жұмыскердің жұмыс орнын толық тексеріп, оған электр қондырғыларын тұйықтауды хабарлайды.

      71. Кернеуді алуды  талап ететін жұмыс орындарын  жұмысқа дайындау үшін көрсетілген  тәртіпте мынадай іс-шаралар орындалады:

      1) қажетті ажырату  жүргізіліп және коммутациялық  аппаратураларды өз еркімен немесе  қате қосылып кету себептеріне  шаралар қолданылуы;

      2) коммутациялық  аппаратуралардың жетектерінің  қолмен немесе қашықтан басқару  кілттеріне тыйым салу плакаттарын ілуі;

      3) тоқ өткізгіш  бөліктерде кернеудің жоқтығы  тексеріліп, адамдарды тоқ ұрудан  қорғау үшін олардың жерге  тұйықтау;

      4) жерге тұйықтау  жасалғаны (жерге тұйықтау пышақтарының  қосылып тұруы, тасымалды жерге  тұйықтау орнатылған);

      5) тоқ өткізгіш  бөліктерінің кернеу қатысында  қалған немесе қажетті жағдайларда  жұмыс орнының қоршалуы және  қоршаулардағы қауіпсіздік плакаттарының  ілініп тұруы. Жергілікті шарттарға  байланысты тоқ өткізгіш бөліктер  жерге тұйықтауға дейін де және кейін де қоршалуға тиіс.

      72. Кернеу алу талап  етілетін тоқ өткізгіш бөліктердегі  жұмыстар үшін мыналар ажыратылуы  тиіс:

      1) жұмыс жүргізілетін  тоқ өткізгіш бөліктер;

      2) осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде  көрсетілген ара қашықтықта жүк көтеретін машиналар, механизмдер және адамдар жақындауы мүмкін қоршалмаған тоқ өткізгіш бөліктер.

      Ажыратылған ӘЖ жұмыс істеу  барысында, егер де осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінің үшінші  бағанында көрсетілген ара қашықтықты  сақтамай осы ӘЖ басқа элементтердің жақындау мүмкіндігі болған кезде соңғысы ажыратылады және ілулі тұрған және жөнделіп жатқан ӘЖ-де ажыратылады.

      73. 1000 В-тан жоғары  электр қондырғыларының жұмыс  орнына коммутациялық аппараттан  кернеу берілген кезде барлық жақтарында сымдар мен шиналардың ажыратылуынан, айырғыштардың ажыратуынан, сақтандырғыштардың алынып кетуінен, сонымен қатар аппараттардағы серіппе арқылы автоматты түрде тұйықталатын ажыратқыштарды есептемегенде, жүктеме ажыратқыштарының алынып кетуінен немесе үзіліп кетуінен пайда болған көрінетін үзіктердің болмауына рұқсат етіледі. Аралас ажыратқыштар тізбегіндегі байланыстың кепілдендірілген ажыратылған жағдайының сенімді механикалық көрсеткіші болған кезде, көрінетін ажыратудың болуы ажыратқыштарды итеру блоктарындағы КРУ-да элегазбен толтырылған КРУ-да рұқсат етіледі.

      Жұмыс учаскелеріндегі  кернеу трансформаторлары мен күштік трансформаторлар ажыратылады және кері трансформациялауға жол бермеу үшін 1000 В-қа дейінгі кернеу тараптарынан да электр қондырғылары ажыратылады.

      74. Ажыратқыштарды  және қолмен басқаратын жүктеме  ажыратқыштарын өшіргеннен кейін жұмыс орындарын дайындау барысында олардың өшіріліп тұрғанына шунттаушы мойнақтың жоқтығына көз жеткізеді.

      75. 1000 В-тан жоғары  электр қондырғыларында жұмыс  орындарына кернеу беретін коммутациялық  аппаратураларының өздігінен немесе  қате қосылып кетуіне жол бермеу үшін, мынадай шаралар қолданылады:

      1) ажыратқыштардың,  бөлушілердің жүктеме ажыратқыштардың  қол жетектері өшірілген уақытта  механикалық құлыппен жабылуы  керек, ал бір полюсті ажыратқыштардың  аяқтарына диэлектр қалпақтары  кигізіледі;

      2) жедел штангалармен  басқарылатын ажыратқыштардың стационарлық  қоршаулары механикалық құлыппен  бекітіледі;

      3) аралас ажыратқыштардың  жетектері ажыратылған күйде  механикалық құлыпқа жабылуы  тиіс;

      4) жүк немесе серіппелі  жетектерде тұйықталатын жүк және тұйықталатын серіппелер жұмыстан тыс жағдайға келтірілуі керек.

Информация о работе Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары