Шпаргалка по "Анатомии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:23, шпаргалка

Описание работы

Ответы на экзаменационные вопросы по анатомии

Файлы: 1 файл

морф билет толық1.doc

— 242.00 Кб (Скачать файл)

74.Сперматозоид,еннің  құрылысы,сперматогенез. Снерматозоидтың (епермийдің) күрылысы. Еркек жануарлардың жыныс жасушалары— сперматозоидтар үрықтану процесіне қатысып, үрыққа аталық түқым қуалаушылық қасиеттерді береді. Олардың пішіні қозғалуға бейімделген, үзынша талшық пішіндес болып келеді. Іэір мезгілде бөлінген шәуеттегі сперматозоидтардың саны жануарлар түрлеріне байланысты ондаған мил- лионнан миллиардтқа дейін саналды. Олардың мөлшері түрлі жануарларда әр түрлі болғанымен,жалпы күрылысы бір-біріне үқсас. Барлық басқа торшалар сияқты сперматозоид та сыр- тынан плазмолеммамен қап- талган. Ол үш: бас, мойын және қүйрық бөлімдерден қүралған. Сперматозоидтың басын плазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядро қүрайды. Басының алдыңғы жиегінің 2/3 бөлігінде, пішіні иілген жалпақ қапшыққа үқсас цитоплазмалық оймақ пен оның ортасындағы тығыз денешік — акросома орналасады. Бүлар Гольдж кешенінің туындысы. Сперматозоид мойны — центросома органелласынын туындысы. Ол центросоманың алдыңғы және артқы центриольдерінен, олардың аралығындағы центродесмоздан құралған. Сперматозоид құйрығы үш бөлікке бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық), негізгі және соңғы бөліктер. Қүйрықтың негізін біліктік жіп (аксонема) қүрайды. Ол дистальды центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады. Біліктік жіптің қүрылысы кірпікшелер аксонемасына үқсас, яғни ол тубулин және динеин белоктарынан қүралған.Сперматогенез аталық жасушалардың дамуы.Ол енде,ұрықтың иректі өзекшелерінде өтеді.Оның дамуы кезіңде алғашқы жыныс жасушаларыен ұрық иректі өзекшелер салымында пайда болып,бірнеше рет бөлініп,бстапқы ұрық-сперматогонийлерге ауысады.Кейінгілер ұрықтың иректі өзекшелер қабырғасының құрамына кіретін зат алмасуы төмендеген,еркек малдарда өмір бойы жүретін,бағаналық жасушалар.Бұл дамудың түрі малдардың күйіне,сыртқы ортаға өте байланысты болады.

75.Лейкоциттер,олардың  жіктелуі,құрылысы,қызметі. жануарлар организмінде қорғаныс (бөгде денелер мен бактерияларды фагоцитоз арқылы жою, олардың уларын бейтараптандыру, торшалық және гуморальдық имму- нитеттерді қалыптастыру) қызметін атқаратын және әр түрлі жарақаттан кейінгі қалпына келу (регенерация) процесін реттеуге қатысатын қанның ақ торшалары. Қандағы лейкоциттердің саны эритроциттерге қарағанда әлдеқайда аз, 1 мкл қанда мыңдап саналады.Қандағы лейкоциттер санының көбею процесін лейкоцитоз дейді. Қалыпты жағдайда лейкоцитоз жас төлдерде болады. Ол ас қорыту процесінің белсенді жүруі кезінде де байқалады. Лейкоцитоз көп жағдайда патологиялық процестер кезінде және жануарлар организмдерінің әр түрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы күресуі кезінде де өрбиді. Лейкоциттер қан жасау мүшелерінен қанға өткеннен кейін, қанайналымында бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болып, өздерінің тиісті қызметтерін белсенді атқару үшін, қан арнасынан қоршаған үлпаға (неғізінен борпылдақ дәнекер үлпасына, одан соң басқа үлпаларға да) өтеді. Лейкоциттер — қозғалмалы қан торшалары. Олар плазмолемма астындағы актин микрофиламенттері кешенінің арқасында қозғалысқа келетін жалғанаяқтарының  көмегімен, капиллярлар эндотелиоциттерінің аралығындағы саңылауға сәйкес пішінін озгерте отырып қозғалып, негіздік жарғақ арқылы қоршаған борпылдақ дәнекер үлпасына өтеді. Лейкоциттердің ядролары болады, органеллалары өте жақсы жетілген. Олардың цитоплазмасындағы дәншелердің (гранулалардың) болу- болмауына байланысты лейкоциттер: гранулоциттер (дәншелі) және агранулоциттер (дәншесіз) болып екі тогіқа бөлінеді. Гранулоциттердің ядролары сегменттерге (бөлімдерге) бөлініп түрады. Сондықтан, оларды сегментті ядролы лейкоциттер деп те атайды.

76.Есту ж/е тепе-теңдік  сақтау ағзаларының гистологиялық  құрылысы.Оралма ағза.Эктодермадан пайда болатын артқы ми денгейіндегі есту плакодалары ішіне кіріп,эпидермистен бөлінетін есту көпіршіктеріне ауысады.Ұрық даму жолында ол ішкі құлаққа өтеді.Есту көпіршігінен шытырман дамиды.Ол алдында алмұрт пішінді болып,үстіңгі,төменгі қабырғалары бос өсінді құра бастайды.Үстіңгі өсін-ішкі сарысу жолы өскіні болса,ішкі өскін-құрыш жолы өскіні болып,ұзарып,оралма түзеді.Кейін құрыш жолы құрышқа айналады.Ішкі сарысу жолымен бірге көпіршіктің жоғарға бетінде үш жарты шеңбер жолы қалыптаса бастайды.Пайда бола бастаған сайша көпіршікті сопақша ж/е дөңгелек қапшықтарға бөлінеді.Есту көпіршігі эктодермадан тұратын жарғақты шытырманға айналады.Шытырманның сыртын мезенхима жасушаларының массасы қоршап жатады.Тепе тендік сақтау ағзасы дөңгелек,сопақша көпіршіктердегі,жарты шеңбер жолы кеңістеріндегі арнайы қабылдағыш аймақтарды қосады.Есту ағзасы ұлу жолының ұзына бойында орналасады.Оралма ағза қабылдағыш сезгіш-эпителийлі,әртүрлі тірек жасушалардан құралған.Сезгіш эпителийлі жасушалар орталыққа,әрі шетке бағытталған жүйке ұштарымен байланысып,екі түрге бөлінеді:ішкі түтікті жасушалар-ірі,алмұрт тәрізді,бір қатарда орналасады,оның ішкі бақайшақтың жасушалары толық қоршап жатады.Сыртқы түтікті жасушалардың-пішіні призма тәрізді ж/е сыртқы бақайшақ жасушалардың тостақан тәрізді ойыстарында жатады.

77Овуляция дегеніміз  не?сары тін неден дамиды,оның  маңызы неде.Аналық жыныс жасушасының аналық безден дене қуысына шығу процесі овуляция деп аталады.

79.Ағза дегенім не?оны  не түзеді.Ағза-құрылысы мен пішіні қалыптасқан.тіршілік қызметтері арнайы бейімделген организмнің бір бөлігі.Ол бірнеше ұлпалардан,ұлпа емес заттардан түзіледі.Оның құрамында ұлпалар қалай болса солай емес,ағзаның атқаратын қызметіне,жасушаларды қоректендіруге,ағзалар мен ұлпаларды жүйелендіруге сай,күрделі заңдылықпен орналасады.Әрбір ағза өзіне тән тітіркенгіштікті ғана қабылдайды.

80.Рефлекторлық доға дегеніміз не?оның құрамына қандай нейрондар кіреді. Рефлекторлық доға жануарлар организміндегі жүйке жүйесінің негізгі қызметтері — рефлекстерді іс жүзіне асырады. Сыртқы орта және дененің ішкі ортасы тітіркендіргіштерінің әсерлеріне орга- низмнің жауан беру реакциясын рефлекс— дейді. Рефлекстерді іс жүзіне асыратын рефлекторлық доғаларды сезімтал, байланыстырғыш және қозғалтқыш нейроциттер тізбегі қүрайды. Сезім мүшелеріндегі рецепторларда пайда болған жүйке толқыны рефлекторлық доға арқылы тек бір бағытта ғана өтеді. Жүйке толқыны сезім мүше- леріндегі сезімтал нейроциттер рецепторларынан, оның орталыққа тепкіш дендриттерімен жүлын ганглийлеріндегі денелеріне, одан әрі сезімтал нейроциттердің аксондарымен синапс арқылы жүлын- ның сүр затындағы байланыстырғыш (ассоциативті) нейроциттердің дендриттеріне өтеді. Одан соң, жүйке толқыны ассоциативті нейроциттердің денелерінен олардың аксондары арқылы қозғалт- қыш нейроциттер дендриттеріне, денелеріне, одан әрі олардың аксонарымен синапс арқылы орындаушы мүшелерге өтіп, соңғы мүшелерде аяқгалады. Байланыстырғыш нейроциттердің дендриттері, денелері, аксондары, қозғалтқыш нейроциттердің дендриттері мен денелеріорталық жүйке жүйесі мүшелерінде орналасады. Ал қозғалтқыш нейроциттердің аксондары орталықжүйке жүйесі мүшелерінен (ми, жүлын) шығып, орындаушы мүшелерғе бағыггалады да, бүлшық ет талшықтары, бірыңғай салалы ет миоциттері, без гландулоциттері плазмолеммаларымен синапс түзіп, қозғалтқыш жүйке үшымен аяқталады. Рефлекторлық доға арқылы рефлекстің іс жүзіне асуына көптеген нейроциттер қатысады. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, бір нейроциттің дендриті 4 мыңнан астам басқа нейроциттермен, ал аксоны 27 мың басқа нейроциттермен синапстық байланысқа түседі екен. Демек, жүйке үлпасынан түзілген жүйке жүйесі мүшелерінің қызметтері, оларды қүрайтын нейроциттердің өте күрделі байланыстары арқылы іс жүзіне асады.

81.Гструляцияның түрлері.Омыртқалылардың  ұрық жапырақшалары қалай түзіледі. Гаструляция - бластула торшаларының одан әрі көбеюімен, осуімен, жетіліп бағытгы орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықгар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс. Эмбриогенездің гаструляция кезеңі алғашқы кездеріңде бластуланың бір қабат торшаларынан түратын бластодермадан екі кабат үрық жапырақшаларынан қүралған үрық -гаструла дамиды. Оның сырқы үрықжапырақшасы -эктодерма, ішкі үрықжапырақшасы - энтодерма Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма дамып жетіледі. Гаструляцияның торт түрі ажыратылады:1.Инвагинация -қынаптану. Қандауыршаның (ланцетник) шар тәрізді іші куыс бластуласының бір қабат бластомерлерден күралган бластодерма түбінің қабырғасы, ішіндегі қуысы бластоцельге карай, бластодерма төбесіне қарама-қарсы бағытта майыса еніп, пішіні қынапқа үқсас қапшық тәрізді екі қабат гаструлаға айналады. Оның сыртқы қабатын эктодерма, ішкі қабатын энтодерма, энтодерманың ішінде пайда болған куысын біріншілік ішек куысы немесе гастроцель- деп атайды. Ал гастроцельдің сыртқы ортамен қатысатын тесігін біріншілік ауыз немесе бластопор- дейді.2.Эпиболия - қаптап өсу. Бластуланың төбесін қүрайтын үсақ бластомерлер жедел болініп, түбіндегі ірі бластомерлерді сыртынан қоршай өсіп қаптап, үрық екі қабат гаструлаға айналады. Эпиболия таза күйінде сирек қылтанды күрттарға тән.3.Иммиграция - ішке кошу. Бластодерма түбінің бластомерлері көбейіп, бластоцельге, яғни бластула куысының ішіне кдрай өсіп, сыртқы эктодерманың астындағы ппкі үрық жапырақшасы -энтодерманы түзеді. Иммиграция таза күйінде ішекқуысты жәндіктерге тән.4. Деламинация -торшалар қабаггарына жарылу. Бауырымен жорғалаушылар, қүс дискобластуласының үрық табақшасы және сүтқоректі жануарлар үрық түйінінің бластомерлері, тангенциальды беліну арқылы көпкдбатты үрыққа айналады да, өз кезегінде екі қабат тақгашаға жарылып, сыртқы эктодерманы және ішкі энтодерманы түзеді.

82.Білікті ағзалардың  қалыптасуы.Екі ұрық жапырақшасы түзілісімен,оның ізінше н/еекуінің арасында үшінші ұрық жапырақша-мезодерма құралады.Қалыпты ұрық дамуында,ол қай сыныпқа,түрге жатса да,ұрық жапырақшалары өзара іс-қимыл жасап,белгілі бағыттанақтыланып:әр ұрық жапырақшасынан белгілі ұқсас ұлпалар,ағзалар бастамалары пайда болады.Ұлпа дамуын-гистогенез,ағзалар дамуын-органогенез деп атайды.Хордаларда алдымен білікті ағзалар:жүйке түтігі,желі ж/е ішек түтігі пайда болады.

83.Бүйректің гистологиялық  құрылысы.Жануарларда бүйректің анатомиялық құрылысы,пішіні әртүрлі болады.Көптеген сүтқоректілердің бүйректері бөліктенген.Олар дербес бөліктерден н/е әртүрлі деңгейде қосылған бөліктерден тұруы мүмкін.Бүйректің сырты тығыз дәнекер ұлпа қабықшасымен жабылған,одан өте жұқа қабаттар ағза ішіне тамырлар бағытымен өтеді.Б-ң үлпершегін эпителий түзеді,оның құрамы қан жүйесімен тікелей байланыста ғана өз қызметін атқара алады.Б.шеткі-қыртысты ж/еішкі-милық заттардан тұрады.Қыртысты затқа тән құрылым-б-ң денешіктері.Милық заттың құрамына тік өзекшелер кіреді.

84.Амитоз қалай жүретінің сипатта. Амитоз (грек. а — жоқ) — цитоплазма мен ядрода морфологиялық озгерістер болмайтын торша болінуінің түрі. Амитоз кезінде торша ядросында хромосомалар көрінбейді. Алдымен ядрошықтың пішіні мен саны озгеріп, ядрошықтардың санына сәйкес ядро бірнешеге болінеді. Одан соң, ядро санына байланысты торша да бірнешеге болінеді. Жануарлар организмінде амитоздың үш түрі кездеседі. Олар: генеративті, реактивті, дегенеративті амитоздар.Генеративті амитоз — үлпалардың қалыпты жағдайында кездесе беретін торша болінуінің түрі. Торшалар амитозды болінуден кейін, қайтадан митоз арқылы бөлініп кобеюге қабілетті.Реактивті амитоз — кездейсоқ факторлардың әсеріне байланысты торшалардың жауап ретінде боліну түрі. Амитоздың бұл түрі, көбінесе, әр түрлі жарақаттанудан кейін байқалады.

Дегенеративті амитоз — торшалардың тіршілігі тоқтап, олардың ыдырауы алдында байқалатын амитоздың түрі.

85.Жұмыртқалық.Оның овогенезге,дене  қуысына шығуына,бітеуөзек,сары  тіні құрылуына байланысыты,гистологиялық  құрылысы.Жұмыртқалықтың дамуы жұмыртқалықта өтеді.Қалыптасу кезеңі болмайды.Жаңа туған төлдің безінде тек 1ші ж/е2ші овоциттер байқалады,одан келешекте қанша ұрық болатының анықтауға болады.Шағын өсу кезеңінде жұмыртқаға тән құрылым,ал ұлғая өсуінде-сарыуызы жиналады.Мұнда түзілген жойылған денешік қорек ретінде пайдаланалы.

86.Жұлындық түйіндердің құрылысын түіндіріп,олардың дербес жүйке түйіндерінен айырмашылықтарын көрсет.Жұлындық түйіндер жүйке орталығы болмайды,түрі ұршық тәрізді,сыртын тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қаптама жауып тұрады.Шет жағында жалған бір өсінділі нейрондар денесінің тығыз топтары жатады,олрталық бөлігінде бұл нейрондарың өсінділері,олардың арасында тамырларды әкелетін эндоневрийдің жұқа қабаты орналасады.Аталған ірі,ұсақ нейрондар сфералық денесімен ж/е жақсы байқалатын ядрошығы бар ақшыл ядросымен сипатталады.Ал дербес жүйке түйіндер омыртқа бойында,омыртқа алдында,ағзалар қабырғасында-жүрек,ауатамырлар,ас қорыту жолы,қуық,басқаларда ж/е олардың бетіне жақын орналасуы мүмкін.Бұл түйіндерге орталық жүйке жүйесінде жататын жасуша-р-ң өсінділері бар түйін алды талшықтар келеді.Олар жақсы тармақталып,дербес түйіндерде көптеген түйіспе ұштарын құрады.

89.Ұйқы безі.Оның экзокринді  ж/е эндокринді бөліктерінің гистологиялық  құрылысы.аралас без,экзо ж/е эндокринді бөліктерден тұрады.Экзокрин бөлігі ас қорыту ферменттері бар ұйқыбез сөлін,эндокринді бөлігі-гормондар өндіреді.Без сыртын қабық жабады,одан перделер ағза ішіне өтіп,бөлімшелерге бөледі.Онда тамыр,жүйкуе,оның түйіні,шығару өзектер сақталады.Бөлімше ішіндегі сторома ретикулин талшықтары торынан тұрады,онда үсақ тамырлар ж/е жүйке талшықтары орналасады.Экзокринді бөлік-без бөлімше көлемінің негізгі бөлігін құрады,күрделі көпіршікті-түтікшелі сір безі,соңғы бөлім,шығарушы өзектер жүйесінен тұрады.Эндокринді бөлік-бездегі ұйқы безі н/е Лангерганс аралшығы жинағы болып саналады,эндокринді жасушалар без бойында,ацинустар арасында домалақ тығыз түсті топ құрып жатады.Олар өте көп жасушалардан тұрады,араларында ретикулин,жүйке талшықтары ж/е фенестрлі қан тамырлары орналасады.Инсулоциттер гистологиялық бояғыштарды нашар қабылдайды,сондықтан аралшықтар прераттарда ақшыл боялуымен эндокринді бөліктің қарқынды боялған түсінен ерекше байқалады.

90.Жарық микроскоптың  құрылысы қандай.Жарық микроскоп зерзатты 1500 2500 есе үлкейтіп,оның бейнесін кері көрсетеді.Оның таға тәрізді тіреуінде механикалық,жарық қабылдайтын ж/е оптикалық бөлімдері болады.Микроскоптың мойны ұстаушысында тіреуге бекітілген.Мойында жоғарыда окуляр,төменгіде обьектив орналасқан.Револьерде бірнеше ұя болады.Оларға әртүрлі есе үлкейтетін обьективтер орналсады.Заттық үстел төртбұрышты,дөңгелек болады.Үстелдегі тесікке бір беті бекілетін препарат қысқышы болады,ол қос табақшадан тұрады.Үстелдің астында жарық қабылдайтын айна,жарық жинақтаушы ж/е диафрагма орналасады.

91.Кеңірдек,ауатамыршалары  кілегейлі қабығының гистологиялық құрылысы.Кеңірдек-тыныс алу түтігі,түтікше ағза ж/е қабырғасы үш:кілегейлі,талшықты-шеміршекті,адвентиция қабықтарынан тұрады.Кілегейлі қабық бір қабатты көп ретті призма тәрізді ауасүзгіш эпителийімен жабылған,құрамына,құрылысы,атқаратын қызметі әртүрлі мына:төбелік бетінде кірпікшелері бар призма ж/е бокал тәрізді,энтерохромафинді ж/е негіздік жасушалар кіреді.Ауатамырлар құрылысына ж/е тыныс алудағы телімділігіне байланысты ірі,өкпеден тыс бөліктік ауатамырлар-өкпенің бөлшектік-қаттамалы,өкпенің үлпершегіндегі ортаңғы ж/е кіші ауатамырлармен ауатамыршаларға бөлінеді.Ауатамыршалар 1-2,одан да көп ауасүзгіш ауатаымршаларға жалғасып,бірнеше өкпе көпіршігі жолдарына ажырайды.Ауатамыр кілегейлі қабығының меншікті қабаты борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.Кейінгі ұзына бойына бағытталған эластин талшықтарына бай болады.

92.Гемохориалды қағанақ  қандай сүтқоректілерде болады?оның  тосқауылын түзетінқұрамбөліктерінбаянда.Бұлқағанақжәндікқоректілер,жарқанаттар,кемірушілер,маймыл ж/е адамдарда түзіледі.Мұндай қағанақ жатыр кілегей қабығы-ң қабаттары бұзылып,хорион-ң бүрлері жатыр қылтамырындағы қанға батып,аналық пен ұрық арасында ең тығыз байланыс қамтамасыз етіледі.Туу кезінде қан мол кетеді,бірақ ол зақымдалған ұлпалар қайтадан қалпына келетіндіктен жылдам тоқтайды.

94.Гетерохроматин,эухроматин  дегеніміз не?Гетерохроматин конденсацияланған тығыз шиыршықты хромосома сегментіне тең болады.Ол негізгі бояғыштармен қарқынды боялады,жарық микроскопта түйіршіктер тәрізіді көрінеді.Эухроматин хромосома сегментіне сәйкес,шиыршығы тарқаған,ДНҚ молекуласындағы бірізділіктің иРНҚ молекуласына жазылуына ашылған.Бұл сегмент тыныштық күйде болмайды,жарық микроскопта көрінбейді.

98.Сарыуыз мөлшеріне  байланысты жұмыртқаклетка қалай  ж/е қандай түрлерге жіктеледі.Сарыуызы жоғы-алецитальды(грек. а-бір нәрсенің білдіретін қосымща,lekithosсарыуыз)азыолиголецитальді(сүтқоректілерде,ланцетниктерде),орташасы-мезолецитальді(бақада),көп мөлшерлісі-полилецитальді(құстарда,рептилий,балықтарда)деп аталады.Егерде сарыуыз жұмыртқаклеткасында біркелкі орналасса,изо-,гомолецитальді,бір полюсьта болса-телолецитальді,дәл ортаңғы-центролецитальді деп аталады.

Информация о работе Шпаргалка по "Анатомии"