Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Өнімділік спротшының жаттыққандағы дәрежесіне байланысты. Шамасы бірдей жұмыс атқарғанда, жаттыққан спроршының энергия шығыны аз болады. өнімділіктің жоғары болуы үш фактормен: біріншіден, жұмыс істеуші еттерді қоректік заттармен оттегімен қамтамасыз ететін жүрек-қантамырмен тыныс жүйелерінің қызметі жақсарумен; екіншіден, еттер аралық үйлесімдік қалыптасу арқасында “қажетсіз” топтардың белсенділігі тоқтатылып, қимыл кординациясын жақсарумен; үшіншіден, жаттыққан еттердің күшінің артуымен байланысты.

Өнімділік жаттыға алатын еттерде ғана көтеріледі. Мысалы, жалпы жаттығулар еттер жұмысының өнімділігін арттырмайды. Жаттығулардағы еттер өнімділігнің жоғарлауы арнайы процес.

Бақылау сұрақтары:

1 Қимыл бірлігі дегеніміз  не?

2 Бұлшық ет жиырылуының  қандай түрлерін білесіз?

3 Бұлшық ет жұмысының  түлерін атаңыз.

 

2.1.5 Анализаторлар жүйесі және олардың жас ерекшеліктері

Мақсаты: Анализаторлардың физиологиясы туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

1 Анализаторлар түсінігі. Оларға ортақ қасиеттер.

2 Көру анализаторы

3 Есту анализаторы

4 Тепе-теңдік анализаторы

5 Қимыл анализаторы

 

1)Адам мен жануар организмі сыртқы орта ерекшеліктері жөнінде, дене бөлімдерінің, ішкі мүшелерінің, еттерінің, терісінің жағдайлары туралы ақпарат алып отыруының негізінде тіршілік етеді. Осы ақпараттарды қабылдаушы физиологиялық аппараттарды сезім мүшелері деп атаған.

Өткен ғасырда, сыртқы және ішкі тітіркенулердің механизмдері ашылмаған кезде, зерттеушілердің  назары негізінен сенсорлық аппараттың шеткі бөліміне, яғни қабылдағыштарға (рецепторларға) аударылған.(Мысалы, көздің сәуле сындырғыш, құлақтың дыбыс өткізгіш аппараттарына және т.б.). Айтылған құрылымдар күрделі физиологиялық аппараттардың бөлігі екені анық.Олардың құрамына сыртқы және ішкі ортадан тітіркенулерді қабылдайтын құрылымдар ғана кірмейді, сонымен қатар жүйке жүйесінің бөлімдерінде көру, есту және тағы басқа сезімдерді тудыратын қыртыс аймақтарында орналасқан нейрондар комплекстері де кіреді. Сондықтан, И.П.Павлов ішкі және сыртқы ортадан тітіркенулерді қабылдайтын құралдардың барлық тізбегін еске алу қажеттігін айта келе, сезім мүшелерін анализатор (анализаторлар) деп атауды ұсынған. Бұл атаулардың өзі де олардың атқаратын қызыметінің бір бөлігін ғана айғақтайды, өйткені ішкі және сыртқы тітіркенулерді қабылдайтын аппараттарда талдау мен қатар күрделі түзілу процестері жүреді. Сонымен осы замандағы физиологиялық әдебиеттерде «сенсорлық жүйелер» деген термин кеңінен қолданылады, өйткені бұл термин қабылдаушы құралдар жұмысының мазмұнына дәлірек келеді. Бірақ физиологтар мен медицина, биологияғылымдары салсындағы мамандар, психологтар «сезім мүшелері және анализатор» деген терминдерге «сенсорлық жүйелер» терминінің мазмұнын береді. Сондықтан әдебиетте осы үш термин синонимдер ретінде қолданылады.

Сенсорлық жүйелердің құрылымы мен қызыметі өте күрделі. Қабылдағышта туындаған қозу орталық жүйке жүйесіне бірнеше жолдармен беріледі. Біріншіден, арнайы жолмен. Оған кіретіндері: 1) қабылдағыш; 2)бірінші сезімтал нейрон (орталық жүйке жүйесінен тыс жерде жұлын және ми жүйелері түйіндерінде орналасады); 3) екінші нейрон (жұлында, сопақша және ортаңғы мида); 4) үшінші нейрон (көру төмпешіктерінде); 5)төртінші нейрон (жарты шар тәрізді ми қыртысының дәл сол анализатортың проекциялық аймағында). Осымен қатар, ортанғы мидағы, жұлындағы және сопақша мидағы жолдары мишық, ретикуляр формациясы және т.б. бөлімдеріне қарай ауысады. Ретикуляр формациясынан қозу ми қыртысының басқа бөлімдеріне арнайы емес жолдармен барады.

Қорыта айтқанда, қандай да болмасын қабылдағышта туындаған  қозу бірінші нейрон талшығымен таралып, әрі қарай жүйке жүйесінің түрлі бөлімдеріндегі басқа нейрондарға ауысып, жоғарғы орталықтарға, соның ішінде ми қыртысына көптеген жолдар арқылы келеді. Биотоктарды тіркеу көрсеткендей, белгілі бір қабылдағышты тітіркендіргенде қозу ең алдымен сол сезімді беретін проекциялық аймақта тіркеледі (бірінші жауып), ал бірнеше милисекөнттен кейін ми қыртысының басқа да аймақтарында байқалады. Сондықтан, әртүрлі қабылдағыштардың тітіркенулердің (тіпті бір анализатор аумағында) айыру жарты шар тәрізді ми қыртысындағы қозған және тежелген нүктелердің күрделі мозайкасымен байланысты.

Тітіркендіргіштерді талдау анализатортың барлық бөлімдерінде жүреді. Тұнғыш талдау қабылдағыштарда іске асады. Олар ортаның нақты тітіркендіргіштерге әсерленеді: көдің торлы қабығы- сәулеге, ішкі құлақ рецепторлары- дыбыс толқындарына және т.б. Мұнан кейінгі күрделі талдау жұлында, ал ең күрделі талдау жарты шар тәрізді ми қыртысының түрлі проекциялық аймақтарында, сенсорлық жүйенің қыртыстық ұштарында жүреді.

Адам организмінің ақпараттануында сенсорлық жүйелер, әсіресе, қимыл функцияларын өте нәзік реттеу процестерінде маңызды рөл атқарады. Ұлпалар мен мүшелердің гуморальдық жолмен алатын ақпараттардың маңызы шамалы. Анализаторлар арқылы орталық жүйке жүйесіне келіп түсетін сигналдарын организм бірде жаңа әрекеттерді туғызу үшін, бірде дәл осы сәтте жүріп жатқан әрекеттерді түзетіп, нақтылау үшін пайдаланады.

Мүшелер қызымет атқарғанда туындайтын және жоғарғы орталықтарға берілетін сигналдар, кибернетика терминімен айтқанда – «кері байланыс» делінеді. Сенсорлық жүйелер арқылы іске асатын кері байланыс, жасалып жатқан қимылмен вегетативтік функциялар жөнінде хабардар ете отырып, олардың әрі қарай нақтылауына, өңделуіне пайдаланылады. Дәл осы әрекетте қажетті кері байланысты жасанды түрде істен шығарса, қимылды орындау қиынға соғады.

Сенсорлық жүйелер арқылы орталық жүйке жүйесіне келіп  түсетін қажетті деген ақпараттар, көптеген жағдайларда, жетімсіз болады. Мұндай жетімсіздіктер түрлі құралдармен  жеткізіледі. Мысалы, микроскоп жай  көзге көрінбейтін мыңдаған есе ұсақ заттарды көруге көмектеседі, тензометр- өте аз мөлшердегі қысымды өлшейді, киноға түсіру өте аз уақыт аралығындағы қимылдар тізбегінің ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі.

Арайы құралдарды пайдалану  арқылы қимыл параметрлері жөніндегі қосымша ақпараттар спорттық әдістерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

Сенсорлық жүйенің жіктелуі. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай, барлық сенсорлық жүйелерді шартты түрде бірнеше топқа бөледі: 1) механикалық (тән қабылдағыштары, ауырсынуды сезушілік, қимыл қозғалыс, кіреберіс (вестибуляр), тамырлардағы қысым сезгіш анализаторлары); 2) химиялық (тату, иіс сезу, ас қорыту және басқа мүшелердегі химиялық заттарды сезу анализаторлары; 3) көру анализаторы(жарық, сәуле); 4) есту таладағышы (дыбыс); 5) температуралық анализатор.

Тітіркенулердің шыққан ортасын ескергенде сенсорлық жүйелер  екі топқа бөлінеді: 1) сыртқы және 2) ішкі (организм ішкі ортасының тітіркенулерін қабылдайтын).

Көру, есту, иіс, тату, тері сезім анализаторлары сыртқыға, ал ішкіге химиялық (қан мен ұлпаның химиялық құрамының өзгеруін сезгіш), баростезиялық (қан тамырлардағы қысымның қысымының өзгеруін сезгіш ) жүйелер жатады. Температураны, ауырсынуды сезушілік, вестибуляр және қимыл – қозғалыс сен сорлық жүйлері ішкі де сыртқы да орта тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады.

Қабылдағыштардың маңызыды ерекшеліктеріне адекватты тітіркенулерге деген жоғары сезімталдығы жатады. Адекватты тітіркенулердің минимальды энергиясы қабылдағыштарда қозу туғыза алады. Мысалы, көру сенсорлық  жүйесінде энергия мөлшері 2.5×10-10 эрг/сек болғанда қозу туындайды. 1 мл суды 10С дейін жылыту үшін, осы энергияаны 60000жыл жинау керек екен. Есту жүйесінде тітіркену табалдырығы мұнан да төмен- 1.6×10-11 эрг/сек. Кейбір химиялық заттар иіс сенсорлық жүйесіне әсер еткенде, өте аз концентрациясымен танылады. Мысалы, ацетон – 0.4×10-8 г/мл, камфора – 1.6×10-11 г/мл.

Кейбір қабылдағыштардың адекватты тітіркендіргіштерге  сезімталдығы олардығы ерекше жарғақшаларымен  түсіндірледі.

Тітіркендіргіштер әсер еткенде қабылдағыштардың сыртқы қабатындағы жарғақшасының өткізгіштігі жоғарлап, үйексіздену туғызады. Осыда пайда болған потенциал белгілі бір дәрежеге жеткенде жүйке талшықтарының ұшына әсер етіп оны үйексіздендіреді және орталық жүйке жүйесіне қозуды сол талшықтармен береді. Басқа бір қабылдағыштарда жүйке талшықтары тармақтарына әсер етуші медиаторлар шығады.

Тіркенулер табалдырығының дәрежесі тұрақты емес, өйткені, жүйкенің әртүрлі бөліміндегі сенсорлық  клеткалары мен қабылдағыштарыдың  қозғыштығы біресе жоғарлап, біресе төмендеп тұрады. Себебі,жүйкенің барлық деңгейінде жатқан аференттік нейрондар қозғыштығын жоғары орталықтар реттеп тұрады. Мысалы, ұйқыдан немесе жұмыстан шаршағаннаған кейін жүйке тежелу үстінде болған соң, тітіркендірулер табалдырығы көтеріледі. Керісінше, сенсорлық жүйке орталықтарының қозғыштығы жоғары болса, тітіркенулер табалдырығы төмендейді. Осымен қатар қабылдағыштың өз қозғыштығы қатты өзгеруі мүмкін (мысала, көру жүйесінде – он мыңдаған есеге дейін өзгере алады).

Қозуды туындататын (ең төмен) энергиямен сипатталатиын (абсалюттік табалдырықпен қатар) сенсорлық жүйелер физиологиясында, соның ішінде спорт физиологиясында, ажырату табалдырығы деген ұғым қолданылады. Мұндай табалдырыққа әртүрлі интенсивтігі бар тітіркендіргіштер айырмашылығы (қысымның, созылудың, сәуле жарығының, боялар түсінің, заттар көлемінің, дыбыстардың жоғары-төмендігінің, буындар бұрышының, қимыл жылдамдығының және т.б.) немесе тітіркендіргіштердің әсер етуші уақыты жатады.

Анализаторлардың ерекше бір қасиетіне – бейімделу жатады. Күшті тітіркендіргіштер әсер еткенде анализаторлардың қозғыштығы төмендейді (яғни, тітірену табалдырығы көтеріледі), әлсіз тітіркендіргіштер әсер еткенде қозғыштығы жоғарлайды (яғни, тітіркену табалдырығы төмендейді).

Бейімделу барысында  тітіркену табалдырығының өзгеруі күшті де, әлсіз де тітіркендіргіштер әсерінен байқалады. Мысалы, өте жарық сәулемен көзді тітіркендіргенде, сезімталдығы төмендеген жағыдайда, жарыққа бейімделу дейді. Бұл тітіркену табалдырығының көтеруімен сипатталады. Қараңғыға бейімделуде тітіркену табалдырығы төмендейді. Бұл жағдай әлсіз сәуле әсер еткенде байқалады. Қараңғыға бейімделу (жарықтан қараңғыға көшкенде) он шақты минутқа созылса, жарыққа бейімделу (қараңғыдан жарыққа көшкенде) – он шақты сөкентке созылады.

 Кейбір жағдайларда, бейімделу нәтежесінде, тітіркенулер толығымен қабылданбай қояды. Мысалы, кіріп келген кезде жақсы сезілген иістер бөлмеде ұзақ уақыт болғаннан кейін сезілмей қояды. Бейімделу белгілі дәрежеде маманданады. Мысалы, өте жоғары дыбысқа бейімделгенде, төменгі дыбысқа деген сезімталдық сақталады. Барлық анализаторлар бейімделуінің физиологиялық маңызы, орталық жүйке жүйесіне түсетін тітіркенулер әсерлерімен заттардың көрінуі, көру анализаторлары қабылдағыштарының сезімталдығы артуының арқасында мүмкін болады. Керісінше, өте жарықта көру қабылдағыштарының сезімталдығы күрт төмендейді. Бұл орталық жүйке жүйесінің көрінетін заттардың айырмашылығының байқау қасиетін төмендетеді, дәлірек айтқанда, орталық жүйкені артық информациядан сақтайды.

Сенсорлық жүйенің жүйке клеткаларында туындаған қозу, сол анализатортың басқа жүйке клеткаларына тарала алады. Таралу (иррадиация) барлық анализаторларға тән. Мысалы, көру жүйесінде бұл жағдай күннің формасы мен көлемін бақылағанда білінеді. Егерде өте қатты қарайтылған шыны арқылы күге қараса, ол айқын дөңгелек болып көрінеді. Егерде шыныны жарықтандыра берсе күн формасы өзгеріп, үлкейгендей болады. Иррациация, қара тұста ақ квадратты қараса жақсы

Иррациацияға кері процесс индукция. Индукцияның анализаторлар қызыметіндегі маңызы мынада: қозу сол сәтте көрші немесе олармен байланысты жүйке клеткаларында тежелуді туғызуында. Мұның сәттік (одновременное) индукция дейді.


Анализаторлар жеке-жеке қызымет істемейді. Олар тынымсыз әрекеттеседі. Әрекеттесулердің мысалдары ретінде таралуды, индукцияны,жалпылауды (генерализацияны), дифференциацияны (ажыратуларды) айтуға болады.

 Организм тұңғыш  тітіркенулерді жалпылаған түрде  түсінеді. Мысалы, арнайы машықтанбаған  адам арқасына тигізген циркуль  аяқтарының арасы 60-100 мм болса  ара қашықтығын айыра алмайды. Бұл қозудың таралуымен түсіндіріледі. Машықтану барысында таралу азайғанда және сәттік индукция процестері күшейгенде, циркуль аяқтарының ара  қашықтығы қысқарады да,ажырату жақсарады. Тию, температура, ауырсыну,көру және басқа да сенсорлық жүйелерде тітіркенулер орынын ажырату мүмкіндіктері сол жүйелердің функциональдық элементтердің әрекеттесуімен қамтамасыз етіледі. Анализаторлар функциональдық элементтердің әрекетесуі негізінде, заттардың түр-түсін, көлемін, кеңістікте тұру қалпын ажырату мүмкіндігі туады.

Сезім мүшелері жұмыс  істеген кезде сенсорлық жүйелер  өзара әрекеттеседі. Мысалы, сыртқы факторлар әсерлері бір емес, бірнеше анализаторлармен қабылданады. Мысалы,ауыз қуысындағы ас тату, тию, иіс, температура қабылдағыш сенсорлық жүйелерді тітіркендіреді.

2) Көру сенсорлық жүйесі. Сыртқы ортадағы әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды түйсінуде, көру сенсорлық жүйесінің маңызы өте зор.

Көз құрылысы туралы жалпы  мағұлмат. Көз алмасы шар тәрізді. Қабырғасы үш қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы және ішкі. Сыртқы қабығы алдыңғы жағында мүйізгек, ары ақ қабақ болып жалғасады. Тамырлы қабығы кірпікті және шатырашты денеге ауысады. Ішкі торлы қабықта көру анализатортың сезімтал ұштары – таяқшалар мен құтышалар орналасқан.

Көздің жарық өткізгіш орталары мөлдір келеді. Олар мүйгізек қабықтан, алдыңғы камера сұйықтығынан, көз бұршағынан және шыеы тәрізді денеден тұрады.

Алдыңғы камера мен көз  бұршағының арасында шатыраш қабық  орналасқан. Көздің түсі осыған байланысты. Шатыраш қабық ортасында көздің қарашығы бар. Сол арқылы сәуле көз бұршағына түседі. Көз бұршағы жан-жағынан кірпікті денеге жабысқан байламалармен байланған. Кірпікті дененің көбісін еттер құрайды. Олар жиырылғанда кірпікті (цинн) байламдар тартылады.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді