Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

  1. афференттік (сезімтал, қозуды орталық нерв жүйесіне қарай(ОНЖ) өткізеді);
  2. эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне қарай өткізед);
  3. қондырма (қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нейрондарды тудыратын  эффектілері бойынша да жіктеуге болады. Мысалы: қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы т.б. Пішіндеріне қарай нейрондарды  – пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, тригулярлық, бұта тәрізді т.б. деп те атайды.

Нерв талшықтарының  яғни нерв жасушала өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу импульстерін өткізу (тарату) болып  есептеледі. Біртекті нерв жасушаларынан  шығатын нерв талшықтары шоғырланып ортақ нерв жүйесі шеңберінде өткізгіш жолдар деп аталады.

Нерв талшықтарының  морфологиялық белгісіне қарай  балдырлы немесе миелинді және балдырсыз (миелинсіз) деп екі топқа айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар  сезім органдары мен қаңқа  еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік  цилиндрді  бірнеше  қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар  бір-бірімен кіргісіп тығыз майлы қорап - миелин қабығы түзіледі. Ол талшықтың бойында әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье үзілістері деп атайды, олардың диаметрі 1 мкм шамасында.

Балдырсыз талшықтарда миелин қабығы болмайды, олар тек Шванн жасушалаларымен (невриллемамен) ғана қапталған. Нерв талшықтарындағы құрылымдық элементтердің де әрқайсысының өзіне тиісті қызметі бар.

Невтерден қозу өтудің заңдары. Нерв арқылы қозу өтуге (таралуға) тән  бірнеше ерекшеліктер бар.

1. Нерв талшығы морфологиялық  функциональдық зақымданбаған, сау  болуы керек. Мұны талшықтың  анатомиялық және физиологиялық  үзіліссіздік заңы деп атайды. Егер талшықты кесіп қиса немесе  оның бір бөліміне жоғарғы  не төменгі температурамен, я улы заттармен (мыс.тетродотоксинмен), анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.

2. Екі бағытта өткізу, яғни нерв талшығы қозуды екі  бағытта да өткізе алады. Бұл  заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде   Бабухин дәлелдеген.

3. Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв талшықтары болады. Бірақ, әр нерв қозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген  нерв көкірек қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды жабдықтайды.

4. Нерв талшығының  салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер  нерв-еи препаратын ұзақ уақыт  ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883 жылды Введенский байқаған.

Синапс  құрылымында  негізгі үш бөлімді айырады:1-пресинапстық звеноны немесе  пресинапсты (көп  жағдайда ол  аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2- постсинапстық звеноны немесе пастсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3- пресинапс пен постсинапс  арасындағы болар - болмас (10-50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін байланыс түзетін аймағы көп жағдайда пресинапстық мембрана немесе мембрана деп те атайды.

Аксон талшылықтарының  жасуша денесінде  түзетін синапстарын  қандай жасуша бөлімімен байланысуына қарай: аксоматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әр трлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірмен байланыстыратың сомато-соматикалық және жасуша денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.

Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік  және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң – электрлік синапстар, ең азы – аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңлаудың диаметрі айқындайды. Химиялық синапстарда оның шамасы 10-20 нм –дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де , субсинапстық мембранаға оның небәрі 0,0001 бөлігі өтеді. Ал бұл мембраналоық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерісін өрбіте алмайды. Сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі химиялық заттардың (медиаторлардың) қатысуымен жүзеге асады. Медиаторлар  пресинапстың артындағы кеңейген аксон терминаль бөлігінің ішінде болатын диаметрі 30-50 нм шамасындай көпіршіктерде орналасады. Нерв талшығының бойымен келген импульстің әсерінен пресинапс мембранасындағыкальций каналдарының өткізгіштігі жоғарлайды да, ішке қарай өтетін кальций иондарының ағыны күшейіп, көпіршікткр маңындағы олардың концентрациясы артады. Бұл концентрация тиісті шамаға жеткенде көпіршіктер  пресинапстық мембранаға қарай жақындап, тіпті онымекнсіңісіп кетеді. Осы кезде олар жарылып, ішіндегі медиатор кванттары босайды (әр көпіршікте 1 квант, әр квантта бірнеше мың молекула болады). Химиялық зат – медиатор синапстық саңылауға түсіп, субсинапстық мембранадағы арнайы билок-липоидты молекулалардан туратын  сезгіш рецепторлық туындымен өзара әрекеттеседі. Субсинапстық мембрананың ион өткізгіштігі өзгереді. Егер медиатор қозу тудырушы болса мембанада деполяризация жүреді. Қоздырушы постсинапстық потенциал пайда болады. Медиатор кванттарының мөлшері жеткілікті болған жағдайда қоздырушы постсинапстық потенциал таралатын әрекет потенциалына айналады.

Химиялық сиапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар: 1. Олар арқылы қозу кешігіп  өтеді (сиапстық кешігу), мысалы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда мұндай кешігу болмайды. 2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйткені тиісті сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта  да өте алады. 3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғатына, қызметіне қарай, постсинапстық (субсинапстық) мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте алады, өйткені пресинапстардан нерв импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны түрінде жетеді.

Адам мен жоғары сатылы сүтқоректілердің орталық нерв жүйесінде  қоздырушы және тежеуші медиаторлар  ролін атқаратын мына заттарды атауға болады: ацетилхолин, катехлораминдер (адреналин, норадреналин, дофамин), серотонин, нейтральды амин қышқылдары (глутамин, аспарагин), қышқыл амин қышқылдары (глицин, гамма-амин май қышқылы - ГАМҚ), полипептидтер (энкефалин,соматостатин), т.б. заттар.

4) Рецепторлар тітіркенуіне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің қайтаратын жауап реакциясын  рефлекс деп атайды. Рефлекторлық реакцияны кез келген сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерісі туындатады.  Рефлекс жасалуында қозу өтетін жол рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің кешені. Рефлекторлық доғаның негізгі бес звеносын ажыратады: рецептор; афференттік нервтік жол; рн-ефлекторлық орталық; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе жұмыс органы. Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Рецептор – тітіркену энергиясын нерв импульс энергиясына айналдыратын сезімтал құрлым. Оларды негізгі 3 топқа бөледі: 1. эксерорецепторлар – тітіркендіруді сыртқы ортадан қабылдайды; 2. интеро- нмесе висцерорецепторлар - тітіркендіруді организмнің ішкі ортасынан  қабылдайды; 3. проприорецепторлар – дененің кеңістіктегі қалпының өзгерісін қабылдайды.

5) Организм функцияларының үйлесімділігі (координациясы). Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық нерв жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық нерв жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.

6) ОНЖ-ның бөлімдеріне: жұлын мен ми жатады.

Жұлын омыртқа жотасының  каналында орналасқан. Жұлын сұр  және ақ заттан турады. Жұлыннан аралас 31 жұп жұлын нервтері тарайды. Сұр затта шығыңқы жерлер: алдыңғы, артқы және бүйір мүйіздері болады. Алдыңғы мүйізден шығатын нерв талшықтары алдыңғы түбірлерді, ал артқы мүйіздерге келетін талшықтар артқы түбірлерді қалыптастырады. XIX ғасырдың басында Белл мен Мажанди импульстер миға жұлынның артқы түбірлері арқылы түсетінін, ал одан алдыңғы түбірлер арқылы шығатындығын анықтады. Алдыңғы түбірлердің құрамына көбінесе қозғағыш нейрондардың аксондары кіреді (қаңқа еттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Алдыңғы мүйіздің төмен бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және тыныс органдарына баратын майда жасушалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына жасушаларры сұр заттың орталық бөлімінің сыртқы шетінде жататын эффетенттік аксондар кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып омыртқалық түйін деп аталатын біраз жуандаған эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді.

Жұлын негізгі 2 қызметті атқарады: 1. өткізгіштік 2. рефлекторлық. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның көпшілік бөлігін ақ зат жиынтығы алып жатқаны көрінеді. Олар өткізгіш жолдарды құрайды: импульсті миға қарай өткізетін жоғары кететін және импульсті кері бағытта алып жүретін төмен кететін жолдар.

Жоғары кететін жолдар: 1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах шоғыры кетеді. Олар арқылы  терідегі, еттердегі. Сіңірлердегі рецепторлардан миға импульстер өтеді. 2. Артқы мишық жолы (Флексиг  шоғыры). Ол жұлынның артқы мұйізінің  негізінде жатқан жасушалардан басталып, қозуды жұлын түйінінде жатқан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы (Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексиг пен Говерстің шоғырына импульстер ет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың дорзальдық мүйізінен шығып көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлын-таламикалық жолдар. Бұлар арқылы температура, ауырсыну, сипап-сезу сияқты тітіркенуден пайда болған импульстер өтеді.

Төмен кететін жолдарға: а) пирамидалық; б) руброжұлын (Моноков  шоғыры); в) вестибулярлық шоғыр т.б жатады. Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғағыш аудандарынан шығып ми аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді. Сопақша мидың төменгі бөлімінде бұл жолдардың көпшілік талшықтары қиылысып, қарама-қарсы жаққа өтеді. Пирамидалық жолдар мидан жұлынның қозғалыс орталықтарына қозу толқынын жеткізіп отырады: бұдан ипмульстер еттерге барады. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады – бұл, шамасы, қолдың ерекше қимыл қызметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық жол арқылы қозу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін жоғалтуына әкеледі. Ал жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы аз-ақ бұзылады. Маймылда қозғалу алғашқы бұзылғанмен, кейін жарым-жартылай қайта қалпына келеді.

Руброжұлын ортаңғы  мидың қызыл ядроларынан басталады. Ми көпірінде олар бір-бірімен түйісіп, екі жаққа өтеді. Олар ет тонусын  реттеуге қатысады.

Сопақша мидың Дейтерс  ядросынан вестибулярлық шоғыр кетеді. Оның талшықтары түйіспей сопақша ми және жұлын арқылы өтеді. Олар дененің тепе-теңдігін сақтауға қатысады.

Әр түрлі тәжірибелік  зерттеулер жұлында көптеген рефлекстердің  орталықтарының бар екендігін көрсетті. Мысалға, аяқтарды тартып алу, ию, жазу тағы сол сияқты қарапайым қозғалыстардың орталықтары орналасқан. Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, т.с.с. рефлекстер де, дене бұлшық еттерінің тонусын сақтауға мүмкіндік беретін рефлекстер де жұлындағы орталықтардың  қатысуына байланысты. Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады.

Орталық нерв жүйесінің  негізгі бөлігі – ми. Ол им сауытында  орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 г құрайды.  Мидан 12 жұп нервтер  тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ,  X – кезеген,  XI – қосымша, XII – тіласты нервтері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми жұлынмен тікелей  байланысқан және екі түрлі қызмет: өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады.  Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады. Сопақша мида  тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) және көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.

Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді