Құбырлар орнату мұнай мен газды экспорттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 13:46, дипломная работа

Описание работы

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік жетістік әр уақытта пайдаланатын энергияның өсуімен және жаңа тиімдірек энергия қорларын қосу менен анықталынады. Қазіргі адамдардың өмірін энергиясыз, жарықсыз, жылусыз, радиосыз, теледидарсыз қазіргі тұрмысқа керекті техникасыз және жол көлігінсіз ойға алу қиын. Мұнай және газ – теңдесі жоқ құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдерді жай тұрмысқа да және мемлекеттік қорғауға да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауылшаруашылығында, үй қызметінде, энергетика және т.б. қолданылады.

Файлы: 1 файл

Құбырлар-орнату-мұнай-мен-газды-экспорттау.doc

— 1.07 Мб (Скачать файл)

Кен орындардан түсетін  мұнайдағы тұздар мөлшерін кеміту, тиімді деэмульгаторларды және жетік электрдегидраторларды қолдану зауыт ЭТТК мұнайды терең тұзсыздандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 1982ж. МӨЗ 40% астам мұнай 3,0мг/л және одан да төмен дәрежеге дейін тұзсыздандырылды.

 

    1. Технологиялық процестің жобалануы және дәлме-дәл жазбасы

 

Шикізат мұнайы резервуарлардан 1 насостың қабылдауына келіп түседі. 1 насосқа 2 сыйымдылықтан 3 насос көмегімен  деэмульгаторлардың 2%-тік ерітіндісі беріледі. Жалуалмастырғыштарда тұздар тұрып қалмауы үшін 4 сыйымдылықтан 5 насос арқылы 1 насосына су беріледі. Мұнайдың 1-ші ағыны 6,7,8. Жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Мұнайдың 2-ші ағыны 9,10,11. Жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Мұнайдың 3-ші ағыны 12,13,14 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді.

8,11,14 жылуалмастырғыштарынан  соң үш ағын қосылады. Содан  соң мұнай төрт параллельді  ағынмен 17 электрдегидраторлардың 1-ші сатысына келіп түседі. 17 электрдегидраторлардың  алдында мұнай құбырына, шикізат  жылуалмастырғыштарын коррозиядан  қорғау үшін 6 сыйымдылықтан 15 насос көмегімен сода – сілтінің 2%-тік ерітіндісі беріледі. Сондай-ақ 27,30 жылуалмастырғыштарына кейінде беріледі. Ыстық су электрдегидраторлардың 1-ші сатысынан 20 сыйымдылыққа келіп түседі. Электрлі тұзсыздандырудың 2-ші сатысынан соң дренажды су рециркулят ретінде 21 сыйымдылық, 26 насоста жиналып электрдегидраторларға дейінгі мұнай ағымына беріледі. 17 электродегидратордың алдында мұнай ағымына 4 сыйымдылықтан 5 насос арқылы судың бір бөлігі беріледі. Мұнай мен су араласып болғаннан соң мұнай эмульсиясы 17 электродегидратордың 1-ші сатысына келіп түседі. Жартылай тұзсыздандырылған және сусыздандырылған мұнай 17 электродегидраторлардың 1-ші сатысынан 18 электродегидратордың алдында мұнай ағымына 4 сыйымдылықтан таза су мен қайтымды су қоспасы беріледі. Рецикл ретінде таза суға 21 сыйымдылықтан дренажды су беріледі. 17 электродегидратордан шыққан мұнай 20 сыйымдылықтан тұндырылады.

Тұндырылған мұнай 20 сыйымдылықтан, 19 сыйымдылықтан шикізат насостарының қабылдау желісіне, 23 мұздатқыштарында 323К-де салқындатылып бағытталады. 20 сыйымдылықтан шыққан тұз ерітіндісі үздіксіз 24 ауамен салқындату мұздатқыштарында 323-333К-де дейін салқындатылып қондырғыдан шығарылып отырады.

Тұзды ерітіндінің бір  бөлігі 17 электрлі дегидратор алдында  мұнай ағындарына рецикл ретінде беріледі. ЭЛТҚ блогынан келген сусызданған және тұзсызданған мұнай үш параллельді ағынмен қыздырылады. 1-ші ағын 26,25,27 жылуалмастырғыштарының құбыр аралық кеңістігінен өтіп 502К-ге дейін қыздырылады. 2-ші ағын 28,29,30 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтіп 502К-ге дейін қыздырылады. 3-ші ағын 31,32 жылуалмастырғыштардың құбыр аралық кеңістігінен өтеді. Одан соң 30 жылуалмастырғышқа түседі. Ары қарай үш ағын бір колектрге бірігіп, екі ағын болып 33 колоннаның 8 тарепкасына түседі. Бұдан басқа мұнайдың бір бөлігі ЭЛТҚ-дан соң бірден ІІ-сатыда «салқын» қорек ретінде 33 колоннаның 18 тарелкасына беріледі. 33 колоннаның  жоғарғы жағынан 423К

 

 

температурада бензин булары (БҚ – 1400С фракциясы), су булары және газдар шығып, 34 ауамен салқындату мұздатқыш – конденсаторға келіп, ол жерде салқындатылып, сұйытылады және одан әрі қарай 35 мұздатқыш – конденсаторға жіберіледі, 33 колоннаның жоғарғы тарелкалары коррозияға ұшырамау үшін және 34 мұздатқыш – конденсаторды қорғау үшін колоннаға 38 сыйымдылықтан 39 насоспен коррозияға ингибиторының 2%-тік ерітіндісі сұйытылым желісімен беріледі. Құрамында күкірт аз мұнайды өңдеген кезде коррозияға ингибиторы қолданылмайды. 33 колоннаның шлемді желісіне 40 сыйымдылықтан 41 насос арқылы аммиактың сулы 1%-тік ерітіндісі беріледі. Су, бензин, сұйытылмаған газдар 323К температурамен 36 рефлюк еті сыйымдылыққа беріледі. 36 сыйымдылықтан шыққан бензин 33 колоннаға 37 насос арқылы сұйытылып ретінде беріледі. 36 сыйымдылығынан шыққан артық бензин деңгей реттегіш клапан арқылы 48 колоннадан шыққан бензинмен араласуға беріледі. 36 сыйымдылықтан шыққан сұйытылмаған газда К-48 колоннадан шыққан бензинмен араласуға жіберіледі. Бензин қоспасы мен көмірсутекті газ 42 сумен салқындату мұздатқышында салқындатып 43 сыйымдылыққа бензинмен араласуға келіп түседі. 36 сыйымдылықтан шыққан су канализацияға жіберіледі. ЭЛТҚ-АҚ қондырғысындағы майлы газ фракциялау қондырғысынан шығарылады. 36 сыйымдылықтан мұнай газ 16 сыйымдылығына, яғни ГФҚ-на беріледі. Егер ГФҚ-сы жұмыс істемейтін болса, онда майлы газ жалынға және отынды сетьке шығарылады. 33 колоннаның төменгі жағында отынның режимін бір қалыпты ұстап тұру келесі түрде іске асырылады. Бензинсіздендірілген мұнайдың бір бөлігі 33 колоннаның төменгі жағынан 44 насос арқылы жиналып 45 пешке ыстық ағынды секциясына қыздыру үшін бағытталады.

«Ыстық ағым» пеште 613К-ге дейін қыздырғаннан соң трамсферлі ағынмен 45 пештен шығып 33 колоннаның 1-ші тарелкасының астына беріледі. Бензинсіздендірілген мұнайдың негізгі көп бөлігі 33 колоннасынан шығып 46 насос арқылы 47 пешке беріледі. 633 К температураға дейін қыздырылған бензинсіздендірілген мұнай екі ағынмен П-47 пештен 48 колоннаның 8 тарелкасына келіп түседі. 48 колоннаның жоғарғы жағынан газ, бензин буы және су булары шығып, ауамен салқындату мұздатқыш-конденсаторына 49,50 келіп түседі, 48 колоннаның жоғарғы тарелкалары және 49,50 мұздатқыш-конденсаторларын коррозиядан қорғау үшін, 38 сыйымдылықтан 39 насос арқылы 49 колоннаның шлемді желісіне коррозия ингибиторының 2%-тік ерітіндісі беріледі. 48 колоннасының шлемді желісіне тағы да 40 сыйымдылығына 41 насос арқылы аммиакты судың 1%-тік ерітіндісі беріледі. 48 колоннаның төменгі жағынан мазуттан жеңіл фракцияларды булау үшін және ректификациялық колоннадағы фракциялардың жақсы булануы үшін қыздырылған су буы беріледі. Конденсат (сұйытылым) 323К температурасымен 51 сыйымдылыққа түседі. 51 сыйымдылықтан шыққан су канализацияға жіберіледі. 51 сыйымдылықтан БҚ-1400С фракциясы 51 насосқа жіберілді. Бензин фракцияларының бір бөлігі 48 колоннаға сұйытылым ретінде беріледі.

 

 

Бензиннің қалған бөлігі 51 сыйымдылықтан БҚ – 1000С фракциясы және БҚ – 1400С фракцияларымен араласу үшін 43 сыйымдылығына жіберіледі. 48 колоннадағы артық жылуды циркуляциялық сұйытылыммен реттеліп отырады. 1-ші циркуляциялық сұйытылым 418К температурамен 48 колоннаның 37 тарелкасынан 53 насосқа жиналып, екі ағынмен 6,9 жылуалмастырғыштарына айдалады. Одан әрі параллельді екі ағынмен 38 тарелкаға оралады. ІІ циркуляциялық сұйытылым 48 колоннаның 23 тарелкасынан 54 насосында жиналып екі ағынмен 7,10,13 жылуалмастырғыштарына келіп түседі, одан әрі екі ағын 48 колоннаның 24,25-ші тарелкаларына бағытталады.ІІІ циркуляциялық сұйытылым 573К температурамен 48 колоннаның 12 тарелкасынан 55 насосқа жиналып, екі параллельді ағынмен 26,29 жылуалмастырғыштарын арқылы айдалып, 473К-ге дейін салқындатылып бір ағынмен 48 колоннаның 13 тарелкасына келіп түседі.

1400С-1800С фракциясы 56 булау колоннасының төменгі жағынан жеңіл фракцияларды  булау үшін қыздырылған су буы беріледі, 56/1 колоннасының жоғарғы жағынан буланған жеңіл фракциялар шығып, 48 колоннаның 42 тарелкасының астына келіп түседі. 56/1 колоннаның төменгі жағынан 393К температурамен 140-1800С фракцияға шығып 57 насос 58 ауамен салқындату мұздатқышы арқылы айдалып салқындатылады. Салқындаған 1400-1800С фракциясы және 82-1400С фракциясы 180-2300С фракциясымен араласуға бағытталады.

180-2300С фракциясы 26 тарелка арқылы 48 булау колоннасының 10-шы тарелкасына ағады. 56/2 колонна төменгі бөлігімен жеңіл фракцияларды булау үшін қыздырылған су буы беріледі. Буланған жеңіл фракциялар 56 колоннаның жоғарғы жағынан шығып, 48 колоннаның 29-шы тарелкасының астына келіп түседі. 56 колоннаның төменгі жағынан 423К-де 180-2300С фракциясы 59 насоста жиналып 60 жылуалмастырғыш арқылы 61 ауамен салқындату мұздатқышына айдалады, онда 180-2300С фракциясы 323К-ге дейін салқындатылады. Салқындатылған 180-2300С фракциясы 140-1800С фракциясы және 230-2500С фракциясымен араласуға, ары қарай гидротазалау қондырғысына бағытталады. 230-2500С фракциясы 14,16 тарелкалардан булау колоннасының төменгі бөлігінің 56/3 10-шы тарелкасына ағады. Жеңіл фракцияларды булау үшін К-56/3 төменгі жағынан қыздырылған су буы беріледі. Су буы және буланған жеңіл фракциялар К-56/3 жоғарғы жағынан 48 колоннаның 18 тарелкасына келіп түседі. К-56/3 колоннаның төменгі жағынан 523К температурамен 230-2500С фракциясы 62 насосымен алынып, 468К температураға дейін салқындатылып ЭЛТҚ-дан соң мұнайды қыздыратын жылуалмастырғыш аппараты 8,12 арқылы айдалып 63 ауамен салқындату мұздатқышына келіп түсіп 323К-ге дейін суытылады. 48 колоннаның төменгі жағынан мазут шығып 64 насос арқылы 633К температурамен екі ағынмен қыздыратын жылуалмастырғышымен айдалады.

Бірінші ағын 27 жылуалмастырғыш арқылы айдалады. Екінші ағын 30 жылуалмастырғыш  арқылы айдалады. Одан әрі мазут  екі ағынмен тұзсыздандырылған  мұнайды қыздыратын жылуалмастырғыш аппараттары

 

 

32,28,31 мұнай шикізаты қыздыратын  жылуалмастырғыш аппараттары 11,14 арқылы айдалады. Одан әрі қарай  басқа да ағындар қосылады, мазут  14 жылуалмастырғыш арқылы 65 ауамен  салқындату мұздатқышына келіп  салқындатылады. 363К температурада қондырғыдан шығып кетеді. 43 сыйымдылықтан БҚ – 1400С фракциясы 66 насосқа жиналып, тұрақты бензинмен және 180-2300С фракциясы 67,60 жылуалмастырғыштар арқылы 68 тұрақтандыру колоннасының 25-ші тарелкасына 423К температурамен беріледі. 68 тұрақтандыру колоннасының жоғарғы жағынан тұрақсыздандыру басының булары шығып 69 мұздатқыш – конденсатор және 70 сумен салқындату мұздатқышында 323К-ге дейін салқындатылып 71 рефлюксті сыйымдылыққа келіп түседі.

Бұлардың жарты бөлігі 44 табақшаға оралады. 71 сыйымдылықтан тұрақсыздандыру басының бұларының бір бөлігі 72 насос арқылы К-68 колоннаның жоғарғы жағына сұйытылым ретінде беріледі, ал қалған бөлігі 73 мұздатқышта салқындатылып Газды фракциялау қондырғысына жіберіледі.

Колоннаның төменгі  бөлігінің температурасын «Ыстық ағынның» есебімен ұстап тұрады. Бензиннің біраз бөлігі 74 насос арқылы Пеш-76 қыздырылып, колоннаның 1-ші тарелкасына қайта оралады. Тұрақтанған бензин 62-1400С фракциясы колоннаның төменгі жағынан шығып 67 жылуалмастырғышта жылуын тұрақсыз бензинге беріп, одан соң 75 ауа мұздатқышына беріліп, одан 313К-мен қондырғыдан шығады.

 

Кесте 2       1. 5 Технологиялық режим нормасы

 Процестің аталуы, режимнің көрсеткіш апараттар

Өлшем бірлігі

Технологиялық параметрлердің мүмкіндік  шегі

Электрмен тұзсыздандыру

   

Насоспен шикізат беру Н-101

м/ч

447÷875

Шикізатқа берілетін су

м3

10 дейін

70 дейін

Деэмульгатордың шикізатқа түсуі  Мұнай еріткіш. Деэмульгатордың  шикізатқа берілуі

г/т

шикізат

1,2 дейін

1÷4

Сілтілі ерітіндінің шикізатқа  берілуі

-

0,9 дейін

ЭЛТҚ-АҚ дей шикізатты қыздыру

110-140

ЭЛТҚ-АҚ-ның алдынан өлшейтін қысым

Кг/с

см2

14 жоғары емес

Тұссызданғаннан кейінгі қысым

-

14 жоғары емес

3 ағын бойынша шығын

м3

630 жоғары емес

Тұссыздануға берілетін су

-

60 дейін

Тұссызданғаннан кейін шикізатты  қыздыру

0С

210-250

Температуралар

П101

П101-1

 

0С

0С

 

370 дейін

370 дейін


1.6 Процесті  аналитикалық бақылау

 

Шикі зат пен өнім сапасын бақылау. Қондырғыларда жүргізілетін лабораториялық байқаудың нәтижесінде технологиялық процесті дұрыс жүргізуге қажетті мәліметтер алынады. Лабораторияда қондырғыға айдауға түсетін мұнай сапасын және қондырғыдан шығатын өнімдер сапасын зерттейді. Мұнайды анализдегенде оның тығыздығын, ондағы тұздар, судың мөлдір фракциялар мөлшерін анықтайды. Бензин фракцияларын анализдеуде оның октан санын, ондағы активті күкірт қосылыстарының барлығын немесе жоқтығын (мыс пластинкасына әсеріне қарап) анықтайды. Сонымен қабат бензинді фракцияға бөледі. Орта дистилляттар – керосин және дизел фракциялары үшін – фракциялық құрамын, тұтқырлығын, тұтану, қатаю немесе лайлану температурасын анықтайды.

Лабораторияда орындалатын  анықтауларға көп уақыт кетеді, анықтау  нәтижесі пробаны алғаннан кейін 1,5-2,0 сағ.кейін қондырғыға түседі, яғни қондырғы операторы осы өткен уақытта шығарылған өнімнің сапасын өзгерте алмайды. Одан бөлек лабораториялық анықтаумен көп адам шұғылданады. Сондықтан техникалық прогрестің және алғашқы айдау қондырғылары жетілдірудің негізгі бағыты автоматизациялау дәрежесін өсіру, өнімдердің сапасын автоматикалық бақылауға көшіру болып саналады.

Соңғы кездердегі жасалған ағымдағы сапаны анықтайтын анализаторлар  шикі зат пен өнімнің алынған  пробаларын орталық лабораторияға  жібермей-ақ, қондырғының өзінде талдап, бірден нәтижесін алуға мүмкіндік береді. Келешекте сапа жөніндегі анализаторларды технологиялық режим реттеушісімен байланыстырып, технологиялық процесті толық автоматизациялауға болады. Фракциялық құрамды, тұтану температурасын, өнім тығыздығын анықтайтын сапа анализаторлары көптеген алғашқы айдау қондырғыларында жұмыс істей бастайды.

 

 

    1.  Технологиялық процесті аналитикалық бақылау

Кесте 3.

 

    Процесстің  аталуы сынама алу орны

Бақыланатын өнім

Бақыланатын көрсеткіш 

Сынау әдісі

Бақылау жиілігі

Шикі мұнай жылуалмастырғышы

Қондырғы шикізаты шикі мұнай

Тығыздығы

Кг/м3

Судың құрамы Тұздың құрамы

МЕСТ 3900-85

 

МЕСТ 2477-65

МЕСТ 21534-76

Күніне бір рет

-

-

1-ші сатылы ЭД-дан  кейін

Тұздандырылған шикізат

Судың құрамы Тұздың құрамы

МЕСТ 2477-65

МЕСТ 21534-76

-

-

Е-101 кейін

К-101 жоғарғы пагон

Түсі

Фракция құрамы

Визуальды

МЕСТ 2177-82

Керек кезде күніне бір  рет 

Е-102 кейін

К-102 жоғарғы пагон

Түсі

Фракция құрамы

Визуальды

МЕСТ 2177-82

Керек кезде күніне бір  рет 

Х-111 кейінгі жылуалмастырғыш

К-103/1 шығаратын фр (фр 140-1800С)

Тығыздығы фракция құрамы

МЕСТ 3900-85

МЕСТ 2177-82

Керек кезде күніне бір  рет

Х-125 кейінгі жылуалмастырғыш

К-103/3 шығарылатын фракция

Күкірттің құрамы қату температурасы

МЕСТ 3900-85

МЕСТ 2177-82

МЕСТ 20287-91

Керек кезде күніне бір  рет. Керек кезде

Араластыру бөлігіне кейінгі жылуалмастырғыш

Тікелей айдаудың дизель отыны

Фракция құрамы жарықтың күкірт құрамы тығыздығы қату

МЕСТ 2177-82

 

МЕСТ 6385-75

МЕСТ 19121-73

 

МЕСТ 3900-85

 

МЕСТ 20287-74

Ауысы мын бір рет

-

Декара да бір рет

Күніне бір рет

Керек кезде

Х-119, Х-123А кейінгі мазут  жылуалмастырғыш-да

3500С (мазут жоғарғы  фракция)

Тығыздық Жарықтық  3600С фракция шығуы тұтқырлығы

МЕСТ 3900-85

МЕСТ 4333-87

МЕСТ 10120-71

 

МЕСТ 6258-85

Аптасына бір рет

-

Күніне бір рет

Керекті кезде

С-400 тұрақсыз бас жылуалмастырғышы

Тұрақсыз басы

К/с құрамы

Н2& құрамы

МЕСТ 10679-76

МЕСТ 22985-90

Ауысымына бір рет

Х-106, Х-106А кейінгі жылуалмастырғыш

К-104 тұрақты бензині

Тығыздық Фракция құрамы Күкірт құрамы

түсі

МЕСТ 3900-85

МЕСТ 2177-82

МЕСТ 19121-73

Визуалды

-

-

 

-

-

Информация о работе Құбырлар орнату мұнай мен газды экспорттау