Турин мұнай-газды ауданы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 15:13, лекция

Описание работы

Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды. Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады.

Файлы: 1 файл

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған.docx

— 19.81 Кб (Скачать файл)

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин /1768/, П. И. Рычков /1772/, П. С. Паллас /1773/, С. Г. Гмелин /1785/, Г. Гельмерсен /1836/, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.

Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі – Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» – деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады». Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі–Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтынжұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат – Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Ұабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдыңішінде ол 17 есеге, яғни 272,746тоннаға жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.

Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қаражанбас», «Кенбай», «Доссор», «Құлссары», «Қаламқас» тәрізді 130-дан артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%) және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды аудандарға жатады.

2)Турин мұнай-газды ауданы.

Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды конденсатты құрайды.  Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы  кен орны «Құмкөл» ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны өндіріске өндірілуімен сипатталады.

3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.

Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — «Өзен», «Жетібай» және «Теңге».  Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе мөлгердің 45%-ы),  басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.

4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.

Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты қыртысы есептелген.  Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары – Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды.    Геологиялық-геофизикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл ауданда бірде-бір мұнай кен орны анықталмаған, бұл берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық құрылымымен түсіндіріледі.

Теңіз кен орны. Атырау облысының Ембі ауданында орналақан. 1974 ж құрылым анықталып дайындалды. Барлау жұмыстары 1976 ж. Ал кен орынының ашылуы 1979 ж болды. Жыл өткесін қолданбалы бұрғылау жұмысы жүргізіле бастады. Кен орны әлемдегі ірі кен орындарының бірі ретінде саналады. «Тенгизшевройл» мәліметтеріне сай Теңізден өндірілетін қор 0,75 – 1,125 млрд т мұнай мөлшерімен бағаланды. Мұнайдың геологиялық қорының болжанған көлемі 3,133 млрд т (25 млрд баррел) бағаланады. Теңіз кен орынының ауданы 565 км2. жоғарғы мұнайлы коллектор 4000 –4700 м тереңдікте, төменгі  — 4700 –5400 м тереңдікте орналасқан. Мұнайдың негізгі көзі палеозойдың тұз асты шөгінділері, карбонатты қабаттар саналады. Қабаттардағы мұнай тығыздығы 46 градус.

Қарашығанақ кен орны. Батыс Қаазқстан облысының Бөрлуі ауданында орналасқан. Кен орны 1979 ж ашылды. Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша кен орнында 1 млрд 200 млн т-дан аса мұнай және газконденсат, сонымен қоса  1трлн 50 млрд м3 газ шоғырланған. 40 жыл ішінде ол жерден жалпы 292 млн т сұйық көмірсутек және 856 млдр м3 газ өндірілетінін болжады. Ресейлік эксперттері 820т мұнай және конденсатты, 1,3 млрд м3 газды бағалады.

Өзен кен орны.  Өзен кен орны Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінен шығысқа қарай50 км жерде орналасқан, 1965 ж қолданысқа түсти. 32 жыл ішінде кен орынынан 260 млн т аса мұнай өндірілді. Өндірудің максимальды деңгейіне  1975 ж жетті, ол кезде жылына 16 млн т мұнай өндірілген болатын. 1976-1980 жж аралығында өндіру көлемі қарқынды түрде төмендеді – 9 млн т-ға дейін. Жалпы Өзен кен орынының геологиялық қоры 1 млрд т, ал өндірілетін шамамен 480 млн т құрайды. Қазіргі уақытта өндіру деңгейі оның сарқылуы салдарынан төмендеді. Қалған мұнай қоры қиын өндірілетін категорияға жатады.

Жаңажол кен орны. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында орналасқан. Мұнайдың 96 млн т, шамамен 100 млрд м3 газдың қоры бар ірі кен орындарының бірі саналады.

Жетыбай кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Құрылым 1952-1956 жж. аралығындағы аудандық геолого-геофизикалық жұмыстар кезінде  анықталды. Алғашқы бұрғылау 1959 ж басталды. Кен орны 1961 ж ашылды. Мұнай қоры — 70 млн т, газ шамамен — 170 млрд м3, ал конденсат шамамен 0,3 млн т. өндірілетін мұнай ауыр өндірілетіндер қатары саналады, себебі құрамында парафин мөлшері көп (шамамен 25%).

«Қаражанбас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан.құрылым сейсмо зерттеу және құрылымдық бұрғылаумен анықталды. Бұрғылау жұмытары 1974 ж басталды және осы жылы ашылды.

«Қаламқас» кен орны. Маңғыстау облысында орналасқан. Қүрылым сейсмо зерттеу жұмыстарымен 1974 ж анықталды. 1976 ж кен орны ашылды. Мұнай қоры — 100 млн т, газ  — 20 млрд м3 аса.

«Құмкөл» кен орны. Қарағанды облысының Жезді ауданында орналасқан. Көмірсутекті шикізат кен орнының қоры мұнай бойынша 80 млн т, газ бойынша 1,7 млрд м3 құрайды. Кен орны «Харрикейн Құмкөл мұнай» компаниясымен өндіріледі. Кен өндіру 180 эксплуатациаланған ұңғымаларда іске асырылады.

 


Информация о работе Турин мұнай-газды ауданы