Астық массасын белсенді желдету режимдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді.Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейіне, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері,сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді.

Файлы: 1 файл

Ауанова Айганым.docx

— 1.41 Мб (Скачать файл)

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Ауыл шаруашылық және астық өңдеу  машиналары» кафедрасы

 

 

«Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау»      пәні бойынша

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырып Астық массасын белсенді желдету режимдері

___________________________________________________________________

 

 

Орындаған: студент ______Ауанова  Айғаным____________________________________

____  курс ___212___ топ

 

 

Тексерген жетекші __________________________________________________

 

Курстық жұмыстың қорғалуға жіберілген күні ___________________________

             

                           Баға____________________ Күні___________

                           Комиссия мүшелері: ____________________________________

                                                               ____________________________________

                                                               ____________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

 

                                                                                                     Бекітемін 

                                                                              Кафедра меңгерушісі ____т.ғ.д.,профессор                    

 

                                                                                             Адуов М.А

                                                                                     

                                                                                                  «_____»   _______ 2012ж.

 

 

 

 

                «Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау»     

                        

                                  дисциплинасы бойынша курстық  жұмысына 

                                     

                                                   Тапсырма №__________

 

 

Студент______________________________________________Топ  ______

                                                    (Ф.И.О)

 

050728 – «Өңдеу өндірісінің технологиясы»  мамандығы

 

 

Курстық жұмыс тақырыбы____________________________________________

 

 

___________________________________________________________________

 

 

___________________________________________________________________


 

 

 

 

 

 

 

Берілгені: __________________________________________________________ __________________________________________________________________


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілгені

Дайындау мерзімі

Көлемі

бет

1

Кіріспе

   

2

1. Астықты белсенді желдету

1.1.Желдетудің түрлері мен әдістері

1.2 Желдету  қондырғылары

 

 

 

3

2. Астық кептіру

2.1.   Кептіру туралы жалпы түсініктер

2.2.   Астық кептіру  тәсілдері мен тәртібі

2.3    Астық кептіргіштер

       

 

 

 

 

 

4

Қорытынды

   

5

Қолданылған әдебиеттер

   



 

            

 

 

Тапсырма берілген күн_________Курстық  жұмысты қорғау күні____________

Курстық жұмыс жетекшісі             _______________________________________

                                                                                 

 

 

 

(Аты-жөні, жетекшінің қолы)

Тапсырманы орындауға алған    _______________________________________

                                                 (Аты жөні, студенттің қолы)

                                                                

                                                       Кіріспе

Астық қорының  толық  сақталуы дәннің күйіне көп  тәуелді.Астық дайындаушы мекемелерге  алуан түрлі дақылдардың астық  топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейіне, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін.Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері,сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді.Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады.

        Астықты сақтап және сапасын  арттыруда дайындау мекемелерінің  ролі өте зор. Соңғы кездері  АҚК-дың материалдардық-техниканың  базасы дами түсуде.

Техникалық  базаның үздіксіз жақсаруы астық  қоймаларының негізгі көрсеткіші –  комплексті және жалпы комплексті жүк  айналымы көлемін жедел қарқынымен арттырды.

Астықтың  сапасын жақсарту үшін қажетті өңдеуден, яғни келесі аталғандардан (кептіру, тазарту, салқындату, т.б.) өткізеді.

Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ уақыт сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға  және  жер жүзінің түкпір-түкпіріне  тасымалдауға қолайлы солардың салдарынанда астық,ыстықтанда, суықтанда қорықпайды.

Астық массасын салқындатқанда оның сақтауға тұрақтылығы артады және сыртқы ауаның дымқылдығы мен температурасының белгілі бір қатынасы астық сапасына теріс әсер етпейді.

     Республиканың нан өнімдері жүйесінде  үйіндідегі температура -10

Аспағанда салқындатылған астық топтарына жатқызады.Салқындатуды кеңінен қолдану астықтың сақталуын  жақсартуды қамтамасыз ететін қажетті  шара.Салқын ауа райының басталуымен  сақтаудағы астық белгіленген сақтау мерзімінен бастап салқындатылуға тиіс.Астық массасын салқындатудың екі тәсілі белгілі: жайбарақат және белсенді.Белсенді салқындату бұл күрекпен аударыстыру,ұңғылар, астықтазалағыш машиналар, кептіргіштер, конвейерлер арқылы өткізу және белсенді желдету.Астық конвейерлерден, астықтазалағыш машиналар және кептіргіштерден өткенде де салқындайды.Соңғылардың отын көздерінен ағытып тастайды және желдеткіштер салқындатқыш, кептіргіш камераларға тек атмосфералық салқын ауаны ғана айдайды.Астықтың қозғалыс жолы ұзарған сайын салқындатудың тиімділігі артады,осындай жағдай астық массасы мен ауаның температурасындағы айырмашылық ұлғайғанда байқалады.Салқындатудың бұл тәсілін астықты қоймаларда, элеваторларда сақтағанда және қоймаларға барынша мол салқын ауа енгізілуді қамтамасыз еткенде қолданады.

      Белсенді желдетуді астықты салқындатудағы  барынша жетілдірілген және экономикалық  тиімді тәсілдердің бірі деп  есептейді.

Ауамен түйіскенде астық оның сол кездегі нақты  салыстырмалы ылғалдылығына сәйкес келетін тепе теңдік ылғалдылыққа ұмтылады.Астықтың ылғалдылығы желдетілгенде жоғарыламаса белсенді желдету орынды болып табылады.Қызған астық үйіндісін желдеткенде  астықтың ылғалдылығы аздап жоғарылауы мүмкін.

       Егер астықтың ылғалдылығы үрленіп  отырған ауаның ылғалдылығы мен  температурасына сәйкес келетін  тепе теңдік көрсеткішінен төмен  болса, онда астық ылғалдылығы  көтеріледі, желдету тиімсіз болып  қалады.Ал астықтың нақты ылғалдылығы  тепе теңдік ылғалдылығынан  жоғары  болса, онда астық кептіріледі  және мұндай жағдайда белсенді  желдету орынды деп есептеледі.

      Белсенді желдету астықты салқындату,тоңазыту  немесе кептіру мақсатымен жүргізіледі.Бұл  жұмыс профилактикалық шара түрінде  қолданылады және ол дұрыс  та, сонымен қатар астықты желдету  құралы ретінде мынадай мәселелерді  шешуге бағытталған:

   Сыртқы  ауаның нақта салыстырмалы ылғалдылығы  мен температурасында белсенді  желдетудің орындылығы;

   Астық  массасын қандай қарқынмен желдетудің  қажеттігі;

   Белсенді  желдетудің әсерінен астықтың  температурасы қандай жылдамдықпен  төмендейтіндігі;

   Астық  массасын қажетті температураға  дейін салқындатуға қанша уақыт  керектігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Желдетудің  түрлері мен әдістері

Астықты желдетуді  қызмет мүддесіне қарап бірнеше  түрге бөледі:

  • eкпінді
  • активті 

   желдетудің  сақтандыру

    профилактикалық   деген түрін астық үйіндісін  салқындату, мұздатып тоңазытуға, кептіруге,  өзіндік қызуды жоюға қолданып, ал себу  алдында тұқымдықты  жылытып температурасын көтеруге  пайдаланады.Салқындату барысында дәннің  температурасы 10-0 қа дейін төмендетіледі.Ал астықты тоңазыту үшін желдету кезінде дәннің температурасы тан төмен болады.Бұл кезде барлық микрооргганизмдер мен зиянкестердің тіршілігі, өсіп өніп көбеюі мүлдем тоқтайды.Сондықтан, тоңазыту үшін  желдетуді зарарланған дәнді өңдеуге қолдану тиімді.

      Желдетуді көбінесе дәнді кептіргіш   пайдаланып кептірудің мүмкіншілігі  жоқ кезде, не тіпті кейбір дәнді дақылдарды кептіруге болмайтын жағдайда қолданылады.

       Жылы ауаны  ұтымды пайдаланып, астық үйіндісін кептіру үшін  желдетуді жаз және ерте күз  айларында пайдаланады.Кейде ауаны  қосымша қыздырып, оның температурасын 35-60, салыстырмалы ылғалдылығын  қа жеткізеді.Желдетудің тұқымдық дәнді өңдеуге маңызы орасан зор.Көбінесе мұндай дәндердің ұзақ сақталынуы үшін салқындатып, кейде тоңазытып қояды.Кейін, қыстан шыққан соң оны себер алдында көктемнің жылы ауасымен не арнайы қыздырылған ауаны пайдаланып өңдейді.

      Екпінді желдету дән аралық  кеңістіктің ауасын алмастыруға, тазартып, оны оттекпен байытып, тұқымдық дәннің  тіршілікке икемділігін, төзімділігін арттырады.Бірақ, тұқымдық дәнді салқындату, әсіресе, тоңазыту барысында сақтық керек, себебі дәннің ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, суық ауа оның егістік сапасые төмендетіп жіберуі мүмкін.Сондықтан, салқындатуды не тоңазытуды жүргізу алдында, дәндердің толық пісіп жетілгендігіне , ылғалдылығының төмен,құғақ күйінде екендігіне көз жеткізген жөн.

      Желдетуді газданған, газбен арнайы  өңделген тұқымдықтар үшін де  көктемнің жылы күндері өткізеді.Мұндай  желдетудің ұзақтығын 

газдың дәнаралық  кеңістігінен толық ығысып шығуына  байланысты болады да оны фумиганттың  қалығының мөлшерін бақылау арқылы анықтайды.Сонымен, астықты ауамен екпінді желдетіп өңдеу астық үйіндісін еш қозғалысқа ұшыратпай, онда оның температурасы мен ылғалдылығын төмендетуді қамтамасыз ететін технологиялық процес.Оның үдемелілігі, қарқыны , пайдасы дәннің күйімен қасиеттеріне, оның ауамен өзара қатынасына байланысты.

     Астықты желдетуді ұйымдастыру  кезінде оның ылғалдылығын, тығыздығын, қуыстылығын, сусымалылығын және  өзіндік іріктелуін , аэродинамикалық кедергісін, ылғал сіңіргіштігін, физикалық қасиеттерімен тағы да  басқа технологиялық ерекшеліктерін еске ала отыру керек.

     Желдетуді бастау алдында дәл  сол кездегі ауа райының жағдайымен  астықтың  нақты күйі сәйкес  келіп, сол ауамен өңдеу мүмкін  және тиімді болатындығына көз жеткізу керек.Желдетуді егер дәнді салқындатуға болатын ғана жағдайда қолданады.Желдетуді қолданудың мүмкін болатындығын арнаулы номмограммалар не кестелер пайдалану анықтайды.

      Осындайлардың әрі қарапайым,  әрі іс жүзінде қолдануға ыңғайлы  бір ол Мәскеудегі бұрынғы  бүкілодақтық, қазіргі бүкіл Ресейлік  астық ғылыми зерттеу институты  жасап шығарған номмограмма болып  табылады.Негізі желдету мүмкіндігін әрбір 6 сағат, ал егер ауа райы қолайсыз, тұрақсыздау болса әрбір 3 сағатта тексеріп отырған жөн.Желдетудің тиімділігі  дәннің температурасы мен ылғалдылығының төмендеуімен, сақтауға төзімділігінің артуы мен, әр түрлі микроорганизмдер мен зең саңырауқұлақтардың өсіп өрбуіне жол бермеуімен анықталады. Бұл тиімділік астық жиымына,  уйіндісіне жіберілген ауаның көлем шамасына, оның температурасы мен ылғалдылығына, дәннің күйі мен қасиетіне байланысты. Осы аталған көрсеткіштердің жиынтығын желдету тәртібі режимі дейді.

        Желдету қондырғылары.

Желдетуді іске асыру ушін әр түрлі қондырғылар қолданылады. Оларды тұрақты, жартылай тұрақты жылжымалы деген топтарға бөледі. Дәнді салқындату, мұздату және тоңазыту үшін тоңазытқыш қондырғылар қолданылады.

Астық қабылдау кәсіпорындарында желдету қондырғыларының  кең таралған тұрақты түрлері  мыналар:

СВУ-I  СВУ-IM,СВУ-2,СВУ-63, СВУ -3 және УСВУ- 62, жылжымалары-ЦНИИПЗП,  ПВУ –I, ТВУ-I т.б.

Бұл қондырғылар  қоймада орналасқан астықты желдетуге  арналған. Төменде кейбір қондырғылардың құрылысы мен ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз.

Информация о работе Астық массасын белсенді желдету режимдері