Координатты автоматты телефон станциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:44, контрольная работа

Описание работы

Ішкі байланыстың орнауы кезінде МГИИГИ МГИВГИ маркеріне қарай бағыт таңдайды да, сигнал жібереді. МГИВГИ сигналды қабылдап, сигнал келген желіні іздейді де, оған қосылады. Сосын МГИВГИ регистрдан абонеттік нөмірдің үшінші санын сұрайды, алынған ақпарат арқылы А және В буындарының арасынан бос аралық желіні, бос КСК іздейді. Бос аралық желі болса, электромагниттерді қосады да, бастапқы қалпына келеді. КСК сигналды МАИСДға жібереді.

Файлы: 1 файл

Сабақ №13 КАТС ишки.docx

— 12.69 Кб (Скачать файл)

Сабақ № 13

КАТС құрылымдық сұлбасы (ішкі байланыстың орнауы)

 

Ішкі байланыстың орнауы кезінде МГИИГИ МГИВГИ маркеріне қарай бағыт таңдайды да, сигнал жібереді. МГИВГИ сигналды қабылдап, сигнал келген желіні іздейді де, оған қосылады. Сосын МГИВГИ регистрдан абонеттік нөмірдің үшінші санын сұрайды, алынған ақпарат арқылы А және В буындарының арасынан бос аралық желіні, бос КСК іздейді. Бос аралық желі болса, электромагниттерді қосады да, бастапқы қалпына келеді. КСК сигналды МАИСДға жібереді. МАИСД сигнал келген желіні іздейді де, оған қосылады және АРБдан абоненттік нөмірдің соңғы 3 санын сұрайды. Алынған санның біріншісінің (төртінші сан) көмегімен, сигналды МАИАВға жіберіді. МАИАВ сигнал келген желіні іздейді де, оған қосылады және МАИСД маркерінен соңғы екі санды (қалған) қабылдайды. Алынған ақпарат көмегімен А және В буындарының аралық желісін сынайды да, АВС буындарының электромагниттерін қосады. Сосын МАИАВ маркері керекті абонент желісін іздеп табады да, оның жағдайын қарайды:

 

Егер абонент  желісі бос болса, МАИАВ сигналды МАИСД маркеріне жібереді, ол С буынының электромагниттерін қосып, регистрге абонент бос деген F 0 F4 сигналын жібереді. Регистр маркерлергі босатылуға команда береді де, өзіде босайды. Телефон байланысы орнады, демек шақырушы абонент, шақырылатын абонетке қосылды. Шақырылатын абонентке КСКдан жиілігі 25 Гц «қоңырау», ал параллель шақырушы абонентке жиілігі 450 Гц «қоңырауды бақылау» зуммері жіберіледі. Егер шақырылатын абонент жауап берсе, оның микрофоны және СД буындарының электромагниттері КСКдан қоректенеді, ал шақырушы абоненттің микрофоны мен АВ буындарының электромагниттері ШСКдан қоректенеді.

Абоненттер сөйлесіп болған соң, тұтқаны орнына қояды.

Егер тұтқаны бірінші  шақырылатын абонент қойса, барлық сөйлесу жолы жойылады да, шақырушы абонентке абоненттік комплектінен «бос емес» зуммері жіберіледі.

Ал егер тұтқаны бірінші  шақырушы абонент қойса, барлық сөйлесу  жолы шақырылатын абонент тұтқаны  қойғанша жұмыс жасап тұрады. Шақырылатын  абонентке «бос емес» зуммері  КСКдан жіберіледі.

 

Егер абонент  желісі бос емес болса, МАИАВ МАИСДға сигнал жібіреді. Ол регистрге абонент бос емес деген F 1 F4 сигналын жібереді. Регистр барлық құрылғыларға бастапқы қалпына келуге команда береді. Орнаған телефон байланысы жойылады да, шақырушы абонентке абоненттік комплектен «бос емес» зуммері жіберіледі. Маркерлер мен регистр босатылады.


Информация о работе Координатты автоматты телефон станциясы