MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 21:41, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді

Содержание работы

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..
1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................
1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi.....................................................................................................
1.2 MS access-ті үйренуде компьютердi пайдаланудың алғышарттары...............................................
1.3 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану......................................................................
1.4 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы......................................................................
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi................................................................
2.2 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану....................................
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау.........................................................................................................
3 Экономикалық бөлім...................................................................
3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….
Түйін..............................................................................................................
ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................

Файлы: 1 файл

Дип.-Microsoft-Access-ті-Visual-Basic-те-үйрену-үшін-электрондық-анықтама-құру.doc

— 1.43 Мб (Скачать файл)

New бетіне енгізілген проект типтері:

  • Standert EXE (стандартты ехе файл);
  • VB Application Wizard (қолданбалы VB шебері);
  • Add-In (қосымша қондырма);
  • Internet-те Web беттер құруға мүмкіндік туғызатын Active X файлдары т.б.

Бұрын не жақында кұрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуға болады, (проект- дайындалатын программада қандай форма, модуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады). Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы (IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп те атайды (1-сурет). Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.

 

 

 


1 - сурет. Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)

1-   негізгі мәзір (Menu);

2-   аспаптар панелі (Тооlbar);

3-   проект терезесі (Рroject 1);

4-   форма терезесі  (Ғопm 1);

5-   қасиеттер терезесі (Рroроrtіеs);

6-   элементтер панелі (Тооlbох);

7-   форма конструкторы (Рroject Сопtаіпеr);

[design] - программаны дайындау режимі (ол Рroject 1 та-қырыбында көрінеді),

Ортада Immediate (тез, тікелей орындау) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар Көрініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.

Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows-та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңғы терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жұмыс істеу қиын емес.

Visual Ваsіс - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Онымен жұмыс істеу IDЕ ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Стандартты түймелер:

- Standart.ехе типті проектіні іске қосу (Аdd Standart ЕХЕ Рroject);

-  Форма қосу (Аdd Form);

-  Проектіні  ашу (Ореn Рroject);

-  Проектіні сақтау (Savе Рroject);

-  Көшіру (Сору);

-  Кірістіру (Рastе);

-  Проект терезесін  шығару (Рrоjесt Ехрlоrеr);

-  Қасиеттер  терезесін шығару (Рroporties Window);

-  Программаны  іскe қосу (Start);

-  Программа  жұмысын аяқтау (Еnd);

-  Мәзір редакторы (Меnu Editor);

-  Элементтер панелі (Тооlbох), т.б.

 

Проект.  Проект терезесі

Visual Ваsіс - қосымшалар құруға  арналған күрделі программа. Онда  жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар): проект, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.

Проект (Рrоjесt) - дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.

VВ-те проект үшін Рroject тeрезесі карастырылған. Проект терезесі Windows терезесіне шамалас (2 - сурет). Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Проект терезесі

1 - View Code түймесі;

2 - Vіеw Оbject түймесі;

3 - проект терезесіне енгізілген формалар белгішесін ашу жабу түймесі (Тоggle Forders).

View Сode түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Ваsіс редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп қысқаша код терезесі деп атайды.

Форманы экранға шығарудың бір әдісі – View Object түймесін шерту.

Проект терезесінде қосылулы тұрған проект пен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Ваsіс-тің нақты файлдарға меншіктелген атаулары жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелетін атаулар: Project 1, Form 1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады.

 

Қасиеттер.  Қасиеттер терезесі

Қасиет (сипаттама) - айнымалылардың ерекше типі. Ол объект үшін пайдаланылатын түрлі - мүмкіндіктердің сипаттамалары. Яғни, қасиеттер объектінің ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, объектіге атау беру, түсін өзгерту, объект үстіне мәтін жазу, жазылатын мәтіннің шрифті мен өлшемін өзгерту, т.б. Олар объект қасиетін орнату не қасиетке мән беру (меншіктеу) делінеді. Әр объектінің қасиеттер терезесі бар. Терезенің сол жақ бөлігінде барлық қасиет атаулары, оң бөлігінде олардың мәндері жазылып қойылған. Мысалы, форманың касиеттері 3- суретте керсетілген. Ондағы:

Name (атау) - объект атауы. Ол - Visual Ваsіс объектілерінің ең негізгі қасиеттерінің бірі. VВ жұмыс істеуі кезінде объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. VВ-тің формаға автоматты түрде берілген атауын (Form 1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс - әрекеті атауының белгілі болуы үшін атауды мазмұнға сай етіп енгізіп, алдына frm  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - сурет. Форма касиеттері терезесі

(form) қосымшасын (префиксін) тіркеп қойған жөн, мысалы, форма  квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын  болса, "Form 1" мәнінің орнына frmKvtendeu атауын енгізу. Ол үшін қасиет атын (Name) тандап, мәнін (Form 1) екі рет шерту керек. Курсор мән алдына орналастырылып қойылады. Мәнді Dеl клавиші арқылы өшіріп, жаңа мәнді клавиатура арқылы теріп алса болғаны.

Borderstyle (Жиек стилі) қасиеті форманың жиек қасиеттерін орнатады. Мысалы, оның оң жағындағы тілсызық түймесін шертіп, тізімді ашқан соң 2-Sizable мәні орнатылса, форманың өлшемін өзгертуге болады (size - өлшем), 0-None мәні орнатылса, форма өлшемін өзгерту мүмкін емес (none-ешқандай).

Сарtіоп    (Тақырып, бетіне жазу) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтінді орнату қасиеті. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінде тақырып үшін Form 1 сөзі енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру қиын емес. Бұл кезде форма тақырыбы да осы сөзге алмастырылады. (Қасиет мәні енгізілген соң КҚ клавишін басып қойган жөн.)

Font қасиеті екі рет шертілген кезде формада пайдалануға болатын әдеттегідей Шрифт терезесі көрінеді (4- сурет)


 

 

4-сурет. Шрифт терезесі

 

 

 

 

 

Терезеден қажетті шрифті, оның пішіні мен өлшемін тандап, ОК түймесін шерту жеткілікті. (Шрифті Сарtіон қасиетіне мән енгізуден бұрын таңдау керек).

Программалау элементтері.

Берілгендер типтері. Айнымалылар. Стандартты  функциялар

Visual Ваsіс-те пайдаланылатын берілгендер типтері:

Стандартты типтер

Айнымалы мәндері

Integer (бүтін,%)

[-32768; 32767] аралығында

Long (ұзын бүтін, &)

[-2147483648; 2147483647]

Byte (байт)

[0; 255]

Single (нақты,!)

дара дәлдікті нақты (7 символ)

Double (нақты, #)

екі есе дәлдікті нақты (15 символ)

String ($, жол)

символдар саны [0; 65535] аралығында

Variant (вариант)

жан-жақты (сандық, жолдық не логикалық мәндер)

Boolean (логикалық)

True не False

Currency (ашық)

ақшалық символ

Date (дата)

дата


 

     Бұлардан басқа  объектіге сілтеме орнататын  Оbjесt (Объект) атаулы тип те бар, т.с.с.

   Жадта қажетті  орындар бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы  сипатталады  (dimension - статикалық,  static – статикалық, қозғалмайтын).

Сипаттау үлгілері:

Dim  х%          ;                 Dіт х Аs Іпtеgеr

Dim  у, z  #      ;                 Віт у Аs single,z Аs Double

Static  а$         ;                 Static a As String, т.б.

Dіm, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалыларды сипаттау кезінде жазылады. Олардың орнына Ргіvаtе кілттік сөзін жазу да мүмкін.

ОLЕ технологиясы

Элементтер панелінін ОLЕ элементі арқылы формада орнатылған объектіге (ОІ.Е- объектісіне) Windows-та жұмыс істейтін қосымшалар белгішелерін орнатып, оларды формада бірден іске косуға болады (ОLЕ (Оbjесt Lіnkіпg and Еmbеddіпg -  объекгілерді қатарластыру және байланыстыру)). Мұндай технология ОLЕ технологиясы делінеді, VВ-ке оның ОLЕ автоматтандыруы деп аталатын жеке түрі енгізілген. Мысалы, ОLЕ- объектісін Word 97 мәтіндік редакторымен жұмыс істеуге пайдалану тәсілі:

    1. Орталықтан жаңа форма ашу.
    2. Формада ОLЕ- объектісін орнату.  Тышқан түймесі босатылған   кезде   қосымшалар   тізімі   енгізілген   oбъектіні кірістіру сұхбаттық терезесі көрінеді (5 - сурет).

3.   Тізімнен Документ Місrоsоft Word қатарын таңдап, Белгіше түрінде (В виде значка) жалаушасын орнату. Жалаушаның астыңғы қатарында Word белгішесі орнатылып койылады.

4.  Терезенің ОК түймесін шерту. Форма ашылып, оның ОLE объектісі ішінде Word белгішесі көрінеді. Алғашқы рет бірден Word редакторы да іске косылуы мүмкін.

5.   Проектіні сақтау.

6.  Іске қосу комаңдасын беріп, көрінген форманың ОLЕ объектісінде орналасқан Word белгішесін екі рет шерту. Word редакторы іске косылады да. онымен әдеттегідей жұмыс істей беруге болады. Ашылған бетте құжатты толтырған соң оны сақтау үшін Fіlе — Сохранить копию как ... командасын беру керек.

Word  терезесі жабылған кезде экранда форма қайта көрінеді.

    5 - сурет. Объектіні кірістіру терезесі

    FrontPage web-беттер мен web-түйiндер құруға арналған Microsoft Office 2000 құрамына кiретiн программа. FrontPage пайдаланушыға HTML тiлiне қарағанда көптеген жеңiлдiктер бередi. Дегенмен HTML тiлiнде программалай бiлу Электрондыте web-құжаттар құруда, оларды тиiмдi ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. Ортаның программалау режимiнде HTML тiлiндегi құжаттар құруға болады.

    FrontPage ортасын iске қосу Пуск-Программы-Microsoft FrontPage  командасы арқылы орындалады. Орта Windows стилiндегi терезе болғандықтан ондағы негiзгi элементтер де стандартты: яғни ортаның аспаптар панелi мен мәзiрiндегi командаларды пайдаланып бетке мәтiндiк және графикалық информациялар, навигациялар панелi мен гиперсiлтемелер жүйесін пайдаланып, web-қҰжаттар арасында түрлі байланыстар орнатуға болады.  Front Page ортасында сонымен қатар кестелердi, фреймдердi, жұгiртпе жолдарды, түрлі мультимедиялық эффектiлердi, т.с.с. қолдануға болады.

    Ортада Microsoft Office құрамына енетiн MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint сияқты қосымшалардан OLE технологиясының көмегiмен информация тасымалдап енгiзуге болады.

    FrontPage басқа қосымшалардан ерекшелiгi онда құжаттың құрылымдық негiзiн түрлі режимде көрумен қатар, ондағы құжаттың программалық кодын, яғни HTML кодын көруге мүмкіндiк бар. Ол үшін арнайы көру және редакциялау режимдерiн iске қосу жеткiлiктi.

    Сонымен бiрге құрылған web-беттiң iске қосылуын да алдын-ала көруге болады.

    Ортада web-бет құру ең алдымен web-құжатқа енгiзiлетiн мәтiндi теру мен форматтаудан басталады. Мәтiндi теру мен форматтау Word мәтiндiк редакторындағыдай. 

    Орта терезесiнiң төменгi жағында орналасқан Көру және редакциялау режимдерiн пайдаланып, web-құжаттың HTML кодын және оны iске қосып көруге  мүмкіндiк бар.

    FrontPage ортасында Кесте (Tables), Сурет (Picture) аспаптар панелдерiн пайдаланып, web-құжатқа кесте, иллюстрациялар кiрiстiруге болады. Кесте және сурет кiрiстiрумен қатар web-құжатқа анимация, баннер, басқару элементтерi бар форма, т.с.с. объектiлер орнатуға болады. Бұл объектiлердiң барлығы Кiрiстiру (Insert) мәзiрiнiң көмегiмен кiрiстiрiледi.

    Web-құжат iске қосылған кезде кесте iшiндегi файл iздеу анимациясы орындалып тұрады, ал формадағы 1-баннер не 2-баннер таңдалып, Iске қосу түймесi басылса сәйкес баннер орындалады. FrontPage ортасында гиперсiлтемелер жүйесін құру да тиiмдi Ұйымдастырылған. Гиперсiлтеменi мәтiн не графикалық объект ретiнде алуға да болатыны белгiлi. Тек қажет объект таңдалып мәзiрдiң Кiрiстiру (Insert) пунктiнен Гиперсiлтеме (Hyperlink) командасы орындалса болғаны. Гиперсiлтеменiң мәтiнi әдеттегiдей асты сызылған көк түстi етiп көрсетiледi.

    Гиперсiлтемелер арасындағы байланысты Жұмыс режимi панелiнiң Hyperlinks режимi арқылы көруге болады. Мысалы 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi 4-суретте келтiрiлген. Мұнда 1-web құжатының қандай объектiлермен қарапайым байланыстырылғаны (схемадағы 1-web құжатының оң жағындағы объектiлер) және қандай web-құжаттармен гиперсiлтемелер жүйесi арқылы байланысқаны (схемадағы 1-web құжатының сол жағындағы объектiлер) схема түрінде көрсетiлген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет. 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi

 

    Visual Basic ортасында «MS Access» курсының компьютерлiк оқыту жүйесін жасаудың алгоритмi:

  1. Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау;
  2. Курс мазмұнын даярлау;
  3. Тапсырмалар жүйесін даярлау;

Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы:

Информация о работе MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi