MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 21:41, курсовая работа

Описание работы

ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді

Содержание работы

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..
1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................
1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi.....................................................................................................
1.2 MS access-ті үйренуде компьютердi пайдаланудың алғышарттары...............................................
1.3 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану......................................................................
1.4 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы......................................................................
2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................
2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi................................................................
2.2 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану....................................
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау.........................................................................................................
3 Экономикалық бөлім...................................................................
3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….
Түйін..............................................................................................................
ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................

Файлы: 1 файл

Дип.-Microsoft-Access-ті-Visual-Basic-те-үйрену-үшін-электрондық-анықтама-құру.doc

— 1.43 Мб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..

1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДІ    ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.................................................

1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi.....................................................................................................

1.2 MS access-ті үйренуде компьютердi пайдаланудың алғышарттары...............................................

1.3 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану......................................................................

1.4 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы......................................................................

2 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................

2.1 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi................................................................

2.2 MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану....................................

2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға  нұсқау.........................................................................................................

3 Экономикалық бөлім...................................................................          

3.1  Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................

3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................

4 БИЗНЕС-ЖОСПАР  БӨЛІМІ...................................................................

 ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….

Түйін..............................................................................................................

 ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................

6

 

 

8

 

8

 

16

 

22

 

24

 

36

 

36

 

47

 

49

54

 

54

56

58 

63

65

66

77




КIРIСПЕ

 

    ХХ ғасырдың  ортасында информацияны  өңдеуді  автоматтандыру ісінің қажеттілігі   (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық  техника мен технологияның қарқынды дамуына  себепші болды. 

    Информациялық  қоғамға көшу перспективалары  әлеуметтік, құқықтық және техникалық  сипаттағы көптеген мәселелерге  қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді

    Қазіргі кезде  арнайы мектептер, гимназиялар,  жоғары оқу  орындары жеке пәндерді  тереңдетіп оқытумен қатар оқу  процесін жаңаша оқытуға негізделе  бастаған .

    Дәстүрлі оқу  теориясы мен іс-тәжірибесінің  қазіргі кездегі білім саласы информатикаландыру технологиясын пайдалану қажеттілігін тудырады. Студенттің қабілетін дамыта  алатын  оқу  процесін, әсіресе  өз  бетінше  орындалатын  жұмысты  ұйымдастыру,  ақыл-ой  іс-әрекетінің  қалыптасуына  ықпал  етуі  керек. 

    Осы  студенттердің  білім  деңгейлерін  ары  қарай  дамыту  барысында  жаңаша  оқыту  тәсілдерін  қолданған  дұрыс. Жаңаша  оқыту  барысында  олардың  білім  деңгейлерін  тексеру,  яғни  тест  жүйесін  пайдаланған  дұрыс.  Студенттердің  білім  деңгейін  жоғарылату  оқу  процесін  жаңаша  құруды  талап  етіп отырғандықтан бұл  дипломдық  жұмыстың тақырыбын “Microsoft Access-ті Visual Basic-те үйрену үшін электрондық анықтама құру деп таңдап алуға ұйытқы болып отыр.


    Дипломдың жұмыстың мақсаты-студенттің Access берілгендер қорымен   жұмыс істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру әдістемесін тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы қағидаларына сай жетілдіру.

    Дипломдық  жұмыстың нысаны. Информатика пәндерін оқытуда студенттің Access берілгендер қорымен жұмыс істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру технологиясы.

    Дипломдық жұмыстың іс-тәжірибелік құндылығы Access берілгендер қорымен жұмыс істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру техналогиясын колледждер мен мектептерде пайдалануға болатындығында.          Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:

  • Visual Basic программалау ортасында интерфейс құру                               жолдары анықталды ;
  • Access  объектілерін құру жолдары анықталады ;
  • VB-те Access  берілдендер қорының анықтамалығы құрылды ;

     Дипломдық  жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, экономикалық бөлімнен, қортындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 MS access-ті үйренуде КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 MS access-ті үйренудің теориялық негiздерi

 

    Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.

    Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.

    Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.

    Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық  оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.

    Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.

    Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.

     Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында берілгендер қорының негiздерiн оқытатын БҚБЖ деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.

    Қазiргi кезде MS Access-ті үйрену үшін жоғары оқу орындарында 180 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:

  • курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
  • болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне  қойылатын талаптар;
  • стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
  • бiлiм бағалау.

«MS Access» курсын оқытудың мақсаттары:

  • графика, математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
  • графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
  • графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.

Курсты оқытудың мiндеттерi:

    • берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
    • ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
    • web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;

Кәсiби қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.

  • Жоғары оқу орындарындағы “MS Access” курсының мазмұны түрлi программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген.
  •   “MS Access” курсы бiр жағынан курстың информатика пәнiмен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
  • “MS Access” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
  • “MS Access” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.

    Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “MS Access” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.

    Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.

    Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.

    Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды анықтамалар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен  тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы –мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.

     Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз –жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.

    Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы.  Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.

    Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада  берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi  тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта  тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.

    Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте  оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын  және нәтижелiк емтиханға дайындалуға  көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу  әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн  есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.

    Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық  түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды  әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.

    “Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес –дейдi Өскемен қаласындағы  N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi  И.Плотникова – ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi.  Оның гипермәтiнi нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.

    Алматы қаласының М.Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры Т.Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген  алгаритм оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды.Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi.”

    Өскемендегi “ШЫҒЫС” аймақтық зерттеу орталығының директоры Г.Протасованың пiкiрiнде былай айтылған: “Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде құрастыру оның мазмұнын бiрiңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Оқушылардың танымдық ерекшелiктерiмен жас  өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу электронды оқулықтардың кәдiмгi оқу құралдарынан, оның iшiндегi соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екенiне күмән жоқ”.

Информация о работе MS access-ті үйренуде компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi