Corel Draw графиктік редакторы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 14:43, курсовая работа

Описание работы

Видеоадаптердің негізгі бөліктері: видеожады мен дисплейлік процессор. Шығарылатын бейне видеожадыда қалыптасады, ал дисплейлік процессор жаңағы қалыптасқан бейнені оқиды да, монитолр жұмысын басқарады. Видеожадыға екі процессор кіре алады:
орталық процессор;
дисплейлік процессор;
Орталық процессор видеоақпаратты жазады, ал дисплейлік процессор оны оқиды да мониторға береді. Видеожадыда әрбір нүктенің түсін анықтайтын кодтардың тізбегі болады. Видеоадаптер екі түрлі режимде жұмыс істей алады:
текстік;
графиктік.

Содержание работы

Кіріспе………………………………………………………………............
3
І
Графиктік редакторлар

1.1
Графиктік редакторлардың түрлері және олардың
сипаттамалары....................................................................

8
1.2
Векторлық редакторлар.....................................................................
15
1.3
Растрлық редакторлар........................................................................
19
II
Corel Draw графиктік редакторын мектепте оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету

2.1
Corel Draw графикалық редактордың негізгі принциптері мен ерекшеліктері..........................................

24
2.2
Corel Draw графикалық редакторымен алғашқы
жұмысты бастау..................................................................................

28
2.3
Corel Draw программасының құралдар тақтасы, қасиеттері, интерактивті құралдармен бірлесе пайдалануы..............................

33
2.4
Corel Draw графиктік редакторында график және
текстпен жұмыс істеу.........................................................

45
Қорытынды………………………………………………………………...
58
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................
61
Қосымшалар......................................

Файлы: 1 файл

Арнур inform_4.doc

— 5.14 Мб (Скачать файл)

Векторлық  кескіндер  векторлы  графикалық  редакторда  құрылады. Олардың  ең  танымалы әсіресе Windows-та жұмыс істейтіндер арасында  Corel Draw  болып табылады. Жұмыскезінде   сегменттер  мен аймақтар, бекітілген  белгілер, бағыттаушы  нүктелер және т.с.   әр түрлі математикалық сипаттаулар қолданылады.

Сызықтардан  тұратын  суреттерді, мысалы, карталар, ол сияқты  бірнеше  объектілерден  тұратын  суреттерді (үй мшиналар, көпірлер  және т.б.) векторлы  графикалық редактордың  көмегімен  құраған жөн.

Векторлық  кескіндер Corel Draw, Adobe illustrator, FreeHand  және т.б кәсіптік  қосымшалардың құралдарымен  құрылады  және редакцияланады.Мысалы,  векторлық  кескіндерді  жеңіл масштабтауға, яғни  бір немесе  бірнеше  бағыттарда  қысу  немесе  созу  жолдарымен  оның  өлшемін  өзгертуге болады. Ал векторлық  кескіндермен  жұмыс  істегенде,  растрлықтағыдай оларды  жай ғана  өзгертуге болмайтындығы оның кемшілігі саналады. Сізге кескінді  құрастыратын  объектілерді  ерекшелеуге және өшіруге, қысқартуға немесе  оларды қайтадан  салуға  тура келеді.

 

 

1.3 РАСТРЛЫҚ  КЕСКІН

 

Растрлық  бейнелер  дегеніміз-түрлі түсті  нүктелердің  (пиксельдердің)  жиынтығы. Олардың  саны  бейненің өлшемі  мен  шешімі  арқылы  анықталады,  ал файлдың  өлшемі   бұған қоса   пайдаланылған  палитраға (ақ-қара  немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, True color –түсті  дәл беру –немесе 32 биттік)  тәуелді болоды.  Растрлық  дегеніміз-сканердің көмегі арқылы   алынған,  сондай-ақ, графикалық  файлдардың  неғұрлым кең тараған файлдары – bmp,

dib,gif, jpeg,pcx, rle, tiff.

Сурет-1. Растрлық бейне

 

Растрлық  бейнелердің   айтарлықтай   кемшілігі  бар, айталық,  ол шығару  құрылғысының,  мысалы, дисплейдің  шешуші  қабілетін   өзгерткенде,   бұрмаланып кетеді.

Растрлық мәліметтер – бұл жекелеген пиксельдердің  түсін анықтайтын сандық мәндер жиынтығы. Пиксель дегеніміз – түзу торда орналасқан бейне жасайтын түсі бар нүктелер. Техникалық растр болып жекелеген шығару құрылғыларында бейне берілген кезде пиксельдердің түсін анықтайтын сандық мәліметтер массиві. Растрлық мәліметтерде пиксельдің түсіне сәйкес келетін сандық мәліметті бейнелеу үшін пикселдік мән ұғымы қолданылады.

Растрлық  графиканы біріншіден, бұл өнерге бағытталған, мозайка, витражи, кесте (вышивка)  сияқты.   Екіншіден, бұл бейнелеу “шақпақпен”-стендіні картоннан дайындаған кескіннің ауысу тәсілінің  қолайлысы.

  • Видеопиксель-экарандағы кескіннің  ең кіші элменті
  • Пиксель- расторлық кескіннің  бөлек  элементі.
  • Нүкте- принтермен құрылған ең  кіші элемент.

Дисплей  экраны  бөліктерге фиксиролық сан  видеопикселдерге  бөлінген. Яғни  графикалық  тор  фиксирлық сан  жолдан және бағаннан тұрады. Графикалық  тордың   формасы  мына түрде N*M, мұндағы N- видеопиксель  саны  горизанталь бойынша, M –вертикаль бойынша. Қазіргі дербес компьютерлердің дисплейлер  мысалы: 640*480*800*600, 1024*768,1240*1024 және т.б. пискелді монитор   деп аталады.

 

  Сурет-2.

Растрлық бейненің  сканерден өткізген фотобейнесі

 

Растрлық  қойылымдар  бейнелеу   кезінде (Мысалы  пиктограммалар, бағдарламадағы түймелер және т.б.) өлшемі   өзгермейтін  шағын   объектілер  үшін   ұсынылады.  Бұл  үшін  қарапайым  графикалық  редакторды  пайдаланса болады, ал  ең   тиімді   жолы-бағдалмалау  жүйесіне   кірістірілген   құралдарды  қолдану. Мысалы, программистер Borland C++  тілінде бұл мақсат  үшін  Resource Workshop  бағдарламасын пайдаланғанды дұрыс көреді.

Үлкен  өлшемді  растрлық   бейнелер (фотосуреттер,  т.б.) құжаттар  мен  презентацияларды  фон   ретінде,   сонымен  бірге иллюстрация түрінде  пайдаланылады. Оларды  дайындауда   бастапқы  материал болып   сканерден   алынған  немесе  кітапханадан  компакт-дискімен   келген  бейнелер   қызмет  етеді. Бұл бейнелерді  өзгертусіз  пайдалануға  болады,  бірақ көп  жағдайда  олар біршама  жаңартуды  қажет етеді:

  • бейненің (RGB True Color –нүктесіне 24 биттік, 256түсті, 16 түсті, сұр түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert) өзгерту;
  • фрагменттерді қиып алу (Cut, Copy) және кірістіру (Paste), бірнеше фрагменттерді құрастыруға жол ашады;
  • шешімді өзгерту (Resolution) және өлшемді өзгерту (Resample) бейненің өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады;
  • палитраны түзету (Tone Abjustment) түс гаммасының өзгеруіне, бейненің талап етілген түріне (реңкіне) қол жеткізуді қамтамассыз етеді;
  • айқындық  пен  қанықтылықты  өзгерту   қажетті айқындығын, қанықтылығын, сонымен бірге   бірнеше  құрастырылған фрагменттердің   үйлесімділігін алу  үшін  қолданылады.  Әр түрлі сүзгілер (Average, Blur6 Sharepen, Emphasize Edges, Mosaic, Emboss)  бейненің   түстік   ерекшелігін өзертіп, фон, заставка, иллюстрацияны қабылдаудың тиісті   әсеріне қол жеткізуге   мүмкіндік береді.

Растрлық  кескіндер компакт-дискілердің   көмегімен таралады. Растрлық   кескіндердің   дискілері  әдетте  құжаттарды  безендіруде пайдалы  әртүрлі  кескіндердің   жиынынан  тұрады, мысалы: карикатуралар, жануарлардың  кескіндері, пейзаждар немесе спорттық  оқиғалардың  суреттері.

Фотосуреттер  де  растрлық  кескіндер  сияқты сақталады. Егер сіздің   машинаңызға  сканер   қосылған  болса,  онда  сіз   кез келген  фотосуретті  жеңіл  ғана  сканерлей  аласыз  және оларды  растрлық  кескіндер    түрінде  дискіде   сақтай аласыз. Сканер суретті  суретке  түсіреді  және  оны  цифрланған нүктелердің  жиыны  түрінде   ұсынады. Бұдан   кейін растрлық  кескінге   өңделінген  фотосуретті кірістіруге  болады.

Суреттте  сканерленген  растрлық  кескінге   өңделінген  фотосурет  ұсынылған.

Әдетте,  түрлі-түсті суретке қарағанда  ақ қара  түсті  фотосуреттер  өте  жоғары  кеңейтілумен  сканерленеді.

Растрлық  кескіндердің  артықшылықтары  да  кемшіліктері  бар.

Артықшылығы мынада: растрлық   кескінді   түзетуге, яғни   растрлық  кескіннің  кез келген  бөлігін  өзгертуге  болады:  нүктелерді  қосуға  немесе  таңдаулы  түрде  өшіруге, сонымен  қатар  кескіннің  әрбір  нүктесіне  ақ, қара  немесе  кез  келген  басқа  түсті  меншіктеуге   болады.

Масштабтық  жолмен  растрлық  кескіннің  өлшемін  өзгерткен  кезде   кескіннің  сапасының  жоғалатыны  кемшілігі болып табылады.  Мысалы,  кескіннің   келбетін  үлкейткен кезде өрескел болады,  ал  кішірейткен кезде   кескіннің   сапасы  кенет төмендейді.

Растрлық  кескіннің  тағы  бір кемшілігі -   файлдардың орасан  зор өлшемдері (неғұрлым  кеңейтілуі жоғары  және  түстері көп болған сайын, олар соғұрлым  көп)

Бірақ  кемшіліктеріне  қарамастан,  қазіргі  техникада  растр  аса  биік  сапалы  кескіндерді   алуға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  суреттер  көркемдік графикада кеңінен қолданылады.

 

 

ІІ  – тарау Corel Draw графиктік редакторын мектепте оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету

 

2.1 Corel Draw графикалық редактордың негізгі принциптері мен ерекшеліктері

 

Corel Draw редакторының негізгі түсінігі - объект болып табылады. Суреттің элементтері: түзу, шеңбер, тік бұрыш, қисық тұйық қисық, көпбұрыш т.с.с. элементтері деп аталады. Бірнеше   объектінің комбинациясымен жаңа, сондай-ақ, одан әрі топты бір объект ретінде редактрлеуді топтық объектіні құруға болады.

Графика – шынайы немесе елестетілген объектінің дәстүрлі әдістермен сурет салу немесе көркем образдарды басып шығару әдістермен алыңған  визуальды елестету нәтижесі болып  табылады. Ал, компьютерлік графика – информатиканың арнайы саласы, ол программалық-аппараттық есептеу комплекстерінің көмегімен бейнелерді жасау және өңдеу әдістері мен жабдықтарын оқып – үйренумен айналысады.

Компьютерлік графикада  жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік  берілуіне бөлінеді. Компьютерлік графиктік  процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару. Яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға берілген мәліметтер кейіннен қалпына келіп, мәліметтерді графиктік беру үшін қолданылуы мүмкін.

Компьютерлік графика  адам монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыдағы көшірмесі ретінде  қабылдай алатындай бейнені берудің барлық түрлері мен формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз қазіргі кезде материалды әлемді елестету мүмкін емес. Мысалға, медицина компьютерлік томографияны қолданады;   ғылыми зерттеулер  – зат құрылысын,  векторлық өрістерді тағы басқа мәліметтерді визуальдау;  мата мен киімді модельдеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстары да компьютерлік графиканы пайдаланады.

Машиналық графиканың қолданылу  салалары:

·        компьютерлік модельдеу;

·        автоматты жобалау жүйелері;

·        компьютерлік ойындар;

·        оқытушы программалар;

·        жарнама және дизайн;

·        мультимедиа презентациялар;

·        Internet.

 Компьютерлік графика тек қана құрал, бірақ оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биолгия, статистика, программалау және басқа көптеген фундаментальды және қолданбалы ғылымдардың алдыңғы қатарлы жетістіктеріне негізделген. Компьютерлік графика информатиканың неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады.

Бейне (изображение) деп  – шынайы объектінің қандай да бір  механикалық электрондық фотографиялық  процесс көмегімен адам бекітіп  қойған визуальды бейнесі саналады. Компьютерлік графикада бейне болып  шығару құрылғысы қабылданатын объект саналады.

Интеррактивті компьютерлік графика дегеніміз – компьютерлік жүйені графика жасап, сонымен бір  уақытта қолданушымен диалог жүргізе  алу қабілеті.

Система автоматизированного  проектирование – Автоматтандырылған жобалау жүйесі (САПР - АЖЖ). САПР – машина жасау электроника сияқты өмірдің барлық аймағында қолданылады.

Гео ақпараттық жүйе (геоинформационные  система - ГИС) – компьютерлік графиканың бір түрі. Олар («жер» - «гео») объектілерді олардың жер бетіндегі орнына байланысты енгізіп, редактрлеуді орындайды.

Графиктік формат дегеніміз  – бұл графиктік бейнені сипаттайтын  мәліметтерді жазу тәсілі. Олар файлда графиктік мәліметтерді тиімді және логикалық ұйымдастыру үшін жасалған. Әрбір қолданбалы программа қандай да бір графиктік мәліметтерді жасайды және сақтайды.

Қазіргі уақытта көптеген программалар аралас форматты, ал бұл  растрлық, векторлық, текстік мәліметтерді бір-біріне кіргізуге мүмкіндік  береді.

Графиктік файлдар дегеніміз  – ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтрдің кез келген типі сақталатын файлдар. Мұндай файлдарды ұйымдастыру тәсілі – графиктік формат деп аталады. Файлға жазылғаннан кейін бейне бейне болудан қалады. Ол мәліметке айналады.

Электрондық кестелер және текстік файлдар форматы графиктік  мәліметтрді сақтауға қолданылуы мүмкін, бірақ графиктік болып табылмайды.

Компьютерлік графикада  графиктік объектілердің орнын  көрсету үшін математикалық координаталар  қолданылады. Бірақ бейнелеу құрылғысы  физикалық объект болғандықтан физикалық  және логикалық пикселдер арасында айырмашылық болады.

Физикалық пиксель дегеніміз  – бұл шығару құрылғыларында бейнеленетін шынай нүктелер. Яғни, бұл бейненің ең кішкентай элементі. Физикалық  пиксельдер қандай да бір ауданды  алып жататындықтан екі көршілес пиксельдердің арасына шектеу қойылады.

Логикалық пиксельдер дегеніміз  – бұл орыны болатын, бірақ  физикалық кеңістік алмайтын математикалық  координаталар. Сондықтан, логикалық  пиксельдердің мәнінің физикалық  пиксельдерге бейнеленуінде физикалық  пиксельдердің шынайы орналасуы  мен өлшемі есепке алынуы керек.

Кез келген объектіні алып, оның сыртқы пішініне бірнеше қатар баға беруге болады. Мысалы қарастырайық. Объектіні  қарастырғанда оның нүктелері тура және қисық сызықты - сегментті болып  келеді.

Координаттық нүктелері және сегменттердің  параметрлері объектінің ішкі облысын бояуға немесе  ою жасауға болады. Объект сегменті контур жасайды. Оның өзіндік түсі бар. Контурдың қалындығын өзгертүге болады.

Жалпы объектінің принциптері құру және редактрлеу келесідей орындалады. Алдымен, объект пішінін жуықтап құрап, одан соң, жаңа нүктені және сегменттердің қисықтарын жөндеу арқылы орнына қою, алып тастау пішінінді дұрыстайды. Қисық сегмент дегеніміз -траекторияның сүйір болу жиыны. Кез келген қисық сегмент түзу бойынша алынады. Және керісінше. Одан соң керекті объектінің пішіні құрылғаннан кейін құюшыға (заливкаға) және контурға түсі жеке алынады.

Редакторда құрылған кез келген сурет бір немесе бірнеше объектілерден  тұрады. Сондықтан, олар жартылай және толығымен бір-бірімен жауып тұрады.

Ерекшеліктері: Графиктік редактор Corel Draw,  Corel Corporatіon канадалық фирманың көмегімен әлемге таным болып, көптеген қуатты оқытылу жүйесімен саяси маркетингке (нарыққа) жұмыс жасау мүмкіндігін тұғызған. Corel Draw құралы басқа редакторлардың аналогтарымен байланысты емес. Сондықтан, ол ең қолайлы продукт (жеміс).

Жалпы Corel Draw интерфейстің программалық терезесінде стандартты элементер бар; бастапқы жолы бар басқыш (кнопка), меню жолы, қалыпты жағдайдағы жол (строка состояния), панель құралы т.б. панельдер бар.

Corel Draw интерфейстің кейбір ерекшеліктері. Біріншіден, интерфейстің конфигурациясы (орналасуы) басқа графиктік пакеттермен аналогиялық түрде бірігіп жұмыс істей алады. Мысалы. Екіншіден, сегізінші амалдан бастап Dokers (Стыкуемые палитры) басқаруы ерекше элементтің типі пайда болады. Ондай палитра тышқанның көмегімен бірінші полядан, екінші поляға барғанда <<жабыстырылады>>. Терезенің басындағы палитра жауып бұрап қояды.

Сонымен, интерактивті Property Bar (Панель құралы) құралымен қамтылады. Соның элементтері динамикалық басқару таңдалған объект типімен ауыстырылады. Дәл айтқанда, тексті таңдағанда, панель құрамында тексті басқару элементтері пайда болады. мысалға түзуді алсақ, оның басқару элементтері т.с.с.

Информация о работе Corel Draw графиктік редакторы