Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке бас қасиеттері дамып, психикалық сапалары қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы - олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге- психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І тарау Кіші мектеп жасындағы оқушыларда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық негіздері
Қарым - қатынас туралы түсінік және оның түрлері...........................5
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері...............................................................................................11

ІІ тарау Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қарым-қатынас жағдайын анықтау және оны дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу ...........................................................................................................16
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даралық ерекшеліктері мен қарым-қатынасын дамытудағы психолологиялық жұмыстың мазмұны..................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................…...26

Файлы: 1 файл

Ғыл.ж кіші мектеп жасындағы тұлғааралық қат.doc

— 274.50 Кб (Скачать файл)

        С.Л.Рубинштейн  бойынша  сыртқы  әсерлер  жеке  тұлғаның  ішкі  құрлымында  өзгеріске  ұшырап,  оның  өзіне айтарлықтай  әсер  етеді. Осылайша, ұжымның  топтық  даралығы  іс-әрекеттің  ұсынылған түрлерінің  өзара күрделі әрекеттестігіне  тәуелді келеді.Ұжымдағы өзараәрекеттестікте психологиялық ахуалдың рөлі ерекше.  

       Жағымды психологиялық ахуалмен  сипаталатын ұжым ғана  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ете  алады. Психологиялық ахуал ұжым  мүшелерінің  адамгершілігімен  анықталатын  жеке  және  іс жағдайындағы  өзара  қатынастар  эмоцианалды  дәрежеде  көрініс беретін,  ұжымның психологиялық көңіл-күйі./42/

       Ұжымның  психологиялық ахуалы   қарым-қатынас  үрдісінде  қалыптасады,  оның  негізінде бүтіндей  топтың қажеттіліктері  жүзеге  асады, адамдар арасындағы және  топтағы  дау-дамайлар пайда болып өз шешімін табады.

       Адамдар арасындағы  өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді жағдайлары  айқын сипатқа  ие  болады: бәсекелестік немесе құпия  бақталастық, ұжымшылдық немесе топтық кепілділік,  дөрекі қысым  немесе  саналы  тәртіп. Адамдар өзара әрекеттестігінің барлық жағдайлары өзара әсерлесетін  төрт негізгі  тәсілі арқылы  жүзеге асады, атап айтқанда, үгіттеу, жұқтыру, еліктеу  және сендіру  әрекеттері  арқылы.

       Үгіттеу – қандай да  пікірдің немесе ой қортындысының логикалық негізін келтіру, жеке  тұлғаның  эмоцианалды әрі рационалды қыры арқылы оның  өзіне немесе  бүтіндей  топқа әсер ету. Түсіністік пен  күйзелістің бірлігіне  жетуді  мақсат етуді  көздеген екі  немесе  бірнеше  адамдардың ашық немесе жасырын  айтысын яғни талқысын үгіттеу  процесі деп атауға  болады, демек  үгіттеу   монолог  бола  алмайды, бұл міндетті  түрде  диалог  түріндегі пікірталас.  Басқа  сөзбен айтқанда  үгіттеу  тәрбиенің  ең күрделі  түрі. Тыңдаушылардың  санасына  жол табатын  ерекше  қисынды  әңгіменің  ырғағын таба  білген жөн.  Үгіттеу -- үгіттеушінің  хабарындағы  мазмұнды  ақпараттың  болуымен бірге  қабылдаушының  саналы  қатысын болжайды.

     Еліктеу -- индивиттің қандайда  бір мінез-құлық көріністерін,  мәнерлерін, әрекеттерін, қылықтарын қайталау.

     Иланушылық (сендіру) адам психикасына тән қасиеттердің  бірі. Әдетте, сенгіштік қасиет балаларда   басымырақ  келеді.   Сендіру  қарым-қатынастағы  адамдардың өзара әсер ету  процестерінің  бірі ретінде  ырықты немесе  ырықсыз,  тікелей  немесе   жанама   болуы  мүмкін, педагогикалық тұрғыда  сендіру  амалы дұрыс  пайдаланылатын  болса,  ал өте  күшті   тәрбие  құралына  айналар еді.

        Адамзат  өміріндегі  өзара   қатынастардың   шеңберінде  өзара  әсер етудің   барлық әдісі   қолданылғанымен   сендіру   жетекші  орында.  Әлеуметтік  психолог В.Б.Ольшанский  адамдардың   бір-бірінің  іс-әрекетіне өзара  әсер етудің   төмендегідей   түрлерін келтіреді:

  1. Өзара жеңілдік, яғни   сол серіктердің   қатысы  екеуінің   де   іс-әрекеттің  тиімділігін   арттырады.
  2. Өзара қиналу, яғни  өзара қатысу  әрқайсысының  іс-әрекетінде  қателердің  пайда  болуына  ықпал етеді.
  3. Бір жақты  жеңілдеу – бір серігінің  қатысы  басқасының іс-әрекетін   жеңілдетеді. (мысалы,  ересек пен бала ).
  4. Біржақты  қиналу – біреуінің   қатысы  екіншісінің   жұмысына  кері   әсерін тигізеді.
  5. Тәуелділік — екеуінің  қатысы,  ешқайсысының   іс-әрекетіне  әсер етпейді.

      Іс-әрекетке   әсер ету   түрлерінің   көптеп кездесуі  психологиялық   сыйысушылық  деген құбылыстың  айғағы  бола алады. Психологиялық  сыйысушылық  дегеніміз  өзара  әрекеттесуші   адамдардың   ең  аз  дәрежедегі шығынындағы   іс-әрекетінің   жоғары дәрежедегі  нәтижеге жеткізуі.

      Әрбір тұлға  белсенділігінің   дәрежесі   ұжымның  тұлғаға   тигізер әсерінің   дәрежесі  сияқты, оның  сол ұжымдағы   эмоцианалды   саулығы мен   анықталады.

      Әрбір тұлғаның   дамуына   ықпал  ететін және  бүтіндей   ұжымның  еңбекқорлығын  қамтамасыз ететін психологиялық  ахуалды  ұйымдастыруда  топ мүшелерінің  өзара қатынастарын  реттеуден  бастау  керек.

      Балалардың  өзіндік басқаруына  сүйене  отырып,  ортақ іс-әрекеттің   негізінде,  ұжымның қалыпты  психологиялық  ахуалын қамтамасыз ете  отыра,  оны  топтастыруға  болады. “Өзіндік реттеушісі жоқ ”, “ ұжымдық іс-әрекет”  тәрбиелеуші  фактор бола  алмайды. Балалардың   өзіндік  басқаруын  ескермей   ұйымдастырылған  іс-әрекет  өтеу актісі болып  қана қала  береді.

  Қазіргі   заманға   лайықты  психология  ғылымның  аумағында  еңбек,  таным  және   ойын, іс-әрекеттің   әлеуметтік негізгі  түрлері  ретінде  қарастырылады.  Еңбектің, танымның және  ойынның үйлесімі  балалар  ұжымы  тәрбиесінің  тиімділігін  арттырады.

       Оқушы  үшін   өзі мүшелік  еткен топ әлеуметтік  тәжірибенің мәнді  бастауы  ретінде  көрінеді. Ол жанұя, мектеп сыныбы, спорт үйірмесі болуы  мүмкін. Әрине, бұл топтардың  мәні  бірдей  болғанымен,  тұлғаның  ұжымға сіңу дәрежесі, ұжымның  өзгеше  ерекшеліктері  және  оның  басқа да сипаттамалары  да маңызды.

 

Бірінші  тарау  тұжырымы

 

       Қарым-қатынас  адамдардың  өзара  әрекеттестік  және  өзара   қатынас  жасаудың ерекше   формасы  болып табылады.

       Қарым-қатынас  ұғымын  қазіргі  кезде   философия,  психология, әлеуметтану,  психолингивистика сияқты  іргелі  ғылымдар  жан-жақты  зерттейді.

       Бұл тарауда біз қарым-қатынастың  мазмұнды  жағына,  іс-әрекет  жүйесіндегі орнына,  әр жастағы балалардың  психикалық  дамуының  қарым-қатынас байланысын талдауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен  мотивтерін  анықтауға   баса  назар аудардық.

       А.Н. Леонтьев іс-әрекеттің   қай  түрі  болмасын  қарым-қатынаспен  қабаттас  болады  деп  түсіндіреді.  Ол іс-әрекетті  қарым-қатынастың  қажетті  шарты  ретінде  қарастырады.

       Б.Г.Ананьев, А.Бодалев концепциялары  қарым-қатынасты “субъект-субъект”  жазықтығында   қарастыруды   негіздейді.

     Қарым-қатынасты  зерттеуде  ең  алдымен оның  құрлымдық  компоненттерін  анықтау   қажет (В.В.Давыдов). Г.М.Андреева  қарым-қатынастың   бір-бірімен  байланысты  үш жағын  қарастырады:  коммуникативтілік, интерактивтілік  және  перцептивтілік.

     Өз  зертттеуімізде  біз балалардың  қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп  қарастыратын А.Н.Леонтьев пен М.И.Лисинанның  концепцияларына сүйендік.

      Балалардың  қарым-қатынасын  зерттеуге  арналған  әдістемелер  негізінен  байқауға,  әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербальды тестік  әдістерге,  сандық, сапалық  жағынан бақылауға,  эксперттік  бағалауға негізделген.

     Біз қазіргі  балалар  қарым-қатынасын  анықтауға  арналған  әдістемелерді  қолданса  ғана   олардың  коммуникативті  іс-әрекетін  диагностикалық  дәлдікке ие болады  деп  ойлаймыз.

      Әрине,  қарым-қатынас  компоненттерін  зерттеуге  арналған әдіс-тәсілдерді  толық қолдану  уақытпен де  байланысты. Ал, екішнші  жағынан әрбір бала белгілі  бір әлеуметтік  ортаның  ықпалында  болады. Сол ортаның   құндылықтарын  бала  өзінің  жеке  басына “сіңіреді”.

      Баланың  басқа балалармен қарым-қатынас құруы арқылы  өз-өзін  тануы,  бағалау   мүмкіндіктері болады (И.И.Чесноков, Т.В.Драгунова, Д.Б.Эльконин, И.Непомнящая т.б.) .   Адамның қатынастары танымды, еріктік, эмоционалды компонентердің  қатысуымен  сипатталады.

        Баланың  әлеуметтік   ортада  бағдарлануы  мен мінез-құлқының  адамгершілік  үгілерін  меңгеруінің   негізінде,  оның  жеке  басының   қасиеттері   қалыптаса  бастайды. Осы  тұста қарым-қатынастың   алар орны  ерекше.

        Адам  өзін үнемі  бүтіннің  бөлігі  ретінде  сезінеді. Адамның   жеке қалғанымен,  басқа  адамдардың   тобында  болуының   арасынада  үлкен айырмашылық  бар.   Мұнда   адамның  өзі де   өзгеріске  түседі, яғни  оның  қоршаған  әлемге  қатысты  әсерлері,  оның  ойлары,  сезімдері,  тіптен бет-әлпетіне   дейін өзгереді; екіншіден,  тікелей қарым-қатынас  жағдайында ғана көрініс  беретін түбегейлі  жаңа  психикалық  құбылыстар орын ала бастайды.

      Арнайы  зерттеу  жұмыстары   көрсеткендей,  іскер және  жеке   қатынастар үйлесімінің  дәрежесі  қандайда да  бір топтағы   ұжымның  қалыптасуының  маңызды  көрсеткіші  болып табылады.

     Балалар ұжымында қағаз жүзінде  тіркелген,  алайда   жеке  тұлғаның   дамуына  ықпал  ететін, әрі  бүтіндей  ұжымның   өмірін анықтайтын,  өзара түсіністіктің  негізінде  топтар  пайда  болып отырады. Дәл  осындай топтың   бала  үшін  маңызы  зор  болуы  ықтимал,  өйткені дәл осы  жерде  оның   мінез-құлқы бағаланатындықтан,  оның   мәні  басқа  топтарға  қарағанда  жоғарырақ болады,яғни референтті топ. Оқушы  үшін  өзі  мүшелік   еткен топ,  әлеуметтік  тәжірибенің  мәнді  бастауы  ретінде  көрінеді. Ол жанұя,  мактеп сыныбы,  спорт  үйірмесі болуы  мүмкін.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  Кіші мектеп жасындағы  оқушылардың  қарым-қатынас жағдайын анықтау және оны дамыту жолдары

 

2.1 Бастауыш сынып жас шамасындағы балалардың  даралық, тұлғалық қасиеттерін және қарым-қатынасын зерттеу.

 

  

         Адам  өз өмірінің барысында   оларды  өзінің  даралық қасиеттеріне  байланысты  қайта  өңдеп,  өткен  тәжірибесіне, ішкі  ниеті мен  сенімдеріне  сүйене  отырып,  ассоциативті байланыстардың  негізінде  (мысалы суретті  жеке  басының  ерекшеліктеріне  сәйкес талқыланды). Проективті әдістемелер жанама  түрінде  адамның  эмоциялық ерекшеліктері мен невротикалық реакцияларын зерттеуге жағдай жасай отырып, оның  даралықтарын көрсетеді.

      Балалар жеке  басының  ерекшеліктерін  зерттеу  мақсатында, танымдық қабілеттерді  зерттеуге  арналған, алғаш Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның бейнесі” атты тесті қолданылды. Кейінірек  К.Маховер  осы  тестің көмегімен адам тұлғасының ерекшеліктерін бағалауға  жағдай жасайтын белгілердің жүйесін   құрастырады. Тестің аз ғана уақыт мөлшерін алуы, мектептегі  дәстүрлі  сабақтардан өзгешелігі  балаларды  тексерудің  тиімді  жолын ұсынады. “Адамның  бейнесі” әдістемесінің  негізінде алынған  мәліметтердің  сенімділігі  күмән келтіргенімен,  баланың  қай салада  психологиялық кемшіліктерінің  кездесетіндігі  жайлы  дәл жорамалды  құрастыруға  жағдай  жасайды. Зерттеу Орал қаласындағы  45 мектептің 3 «а»сынып оқушыларымен жүргізілді.

          Суреттерді талқылаудың негізінде  төмендегідей мәліметтерге қол  жеткіздік: суреттердің көпшілігіндегі  түзетулер жеке штрихтардан тұратын  сызықтар. Мазасыздықтың  айғағы  жиі  адамдармен қарым-қатынаста болудың  қанағаттандырылмаған қажеттілігінің, қарым-қатынастың  жеткіліксіз  тәжірибесінің,  адамдармен араласа алмау мен  қарым-қатынас  құралдарын пайдалана  алмаудың  көрсеткіштері кездеседі.

 Төменде  кейбір  суреттер  талқысының нәтижелері  келтірілген.

Садыкова  Гүлбақыт. Жеке штрихтардан  тұратын  сызықтар мен үзік  сызықтар  мазасызданудың  белгісі. Қарындаш сызығының кей жерлерде басыңқы  түсуі эмоцианалды лабильділіктің айғағы. Экстравертті позадағы ұзын саусақтардың  салынуы қарым-қатынаста өтелмеген қажеттіліктің көрсеткіші.

Рахметкулов Рамазан. Түзетулерімен үзік сызықтарда  мазасызданудың нақты  дәлелі. Суреттің  безендірілуі, қосалқы детальдардың  бейнесі (сөмке, әртүрлі түстер) өзін-өзі  көрсету ұмтылысы қарындаш  сызығының  бірде басыңқы бірде әлсірей түсуі эмоцианалды лабильділіктің  белгісі, бала көңіл-күйінің  еш себепсіз жиі ауытқып  тұруы. Кең жайылған қолдар экстраверттіліктің белгісі, бірақ олардың  қысқалығы және білектердің салынбауы  қарым-қатынас тәжірибесінің  жетіспеуінің  немесе үстіртін қарым-қатынастың  көрсеткіші.    

  Қанат Гүлназ. Көптеген түзетулер, үзік  сызықтар мазасызданудың  белгісі. Адам  бейнесіндегі  үрей агрессивтілікті айғақтайды. Үлкен көздер күманданғыштық пен қоғамдық ойға тәуелділіктің  белгісі. Ұзын әрі қуатты қолдар сыртқы әлем жағдайларына қатысты бағдардың  белгісі. Білексіз салынған қысқа саусақтар  үстіртін қарым-қатынас пен тәжірбесінің жетіспеуінің  белгісі.

Сисенов Әубәкір.Мазасызданудың  көрсеткіштері  кездеседі. Әшекейлер мен ұқыптылықпен салынған еріндер өзін-өзі  көрсету  ұмтылысының айғағы.

   Аяқсыз  сурет тұрақсыздықтың  белгісі.

Бабайкулова Румия.Қыз ұл баланың  суретін салған.  Өз  жынысымен еш ұқсастығы жоқ. Суреттің тігінен алғанда қағаздың ¼  бөлігін алуы -  сарыуайымшылықтың белгісі. Жұмулы көздер баланың өзінің  ішіне жан дүниесіне бағдарланудың   айғағы. Адам қолдарының артқа тығылуы ешкіммен араласқысы келмеудің дәлелі.

          Психикалық  күйлердің  мәліметтері  төмендегі  кестеде  келтірілген.

“Адамның  бейнесі” атты  проективті  әдістеме бойынша  анықталған  психикалық күйлер.

 

1 – кесте  “Адамның бейнесі” әдістемесі бойынша анықталған психикалық     күйлер

 

Психикалық  күйлер

Нақты  психикалық күйлері кездескен  балардың  саны

Балалардың  пайыз есебіндегі  саны %

1. Мазасыздану

10

55

2. Қарым-қатынастағы  шиеленушілік

4

20

3. Адамдармен  араласа алмаушылық 

3

15

4.Агрессивтіліктің  белгілері

1

5

Информация о работе Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу