Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 07:06, реферат
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым 
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы 
3.Коммуникация және оның функциялары 
мен түрлерi 
 
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында 
өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына 
сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, 
топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу 
арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. 
Қарым-қатынас психологиясы мынандай 
құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн 
қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру 
және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, 
бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. 
Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, 
олардың пайда болуының негiзгi қайнар 
көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас 
аймағы болып табылады. 
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, 
материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге 
көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз 
өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас 
тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, 
жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар 
арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы 
қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк 
әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа 
түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. 
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, 
идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi 
бар қоғам. 
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, 
олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл 
кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз 
өтедi. 
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып 
табылады оның негiзiнде өркениет дамуының 
кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың 
басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша 
қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан 
кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз 
адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс 
iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге 
тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа 
түсемiз. 
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны 
байқаймыз: 
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп 
оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. 
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен 
қабылдаймыз. 
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен 
өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. 
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға 
елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. 
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы 
адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. 
Қарым-қатынас стратегиясы 
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. 
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста 
әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi 
және басқалардың позициясын тыңдауға 
әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас 
ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын 
жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге 
талпынбауы. 
2-шi Монологты стратегия. 
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, 
үлкен-кiшi). 
Қарым-қатынастың түрлерi: 
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде 
бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, 
яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың 
тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге 
талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). 
Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, 
эмоцияларын қарым-қатынас барысында 
көрсетпейдi. 
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда 
сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк 
рөлi маңызды болып табылады. 
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының 
iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, 
жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге 
оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды 
орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы 
– мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға 
болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, 
мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан 
белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол 
үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне 
байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 
 
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.  
 
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын 
және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз 
ету мақсатында адамдар арасындағы хабар 
алмасу. 
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара 
әрекеттесудi ұйымдастыру. 
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара 
әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып 
сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне 
мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi 
серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және 
өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер 
сипатын өзгерту. 
 
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: 
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық 
беру. 
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр 
алмасу және т.б. 
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 
4 элемент керек. 
1. хабар берушi  
2. мәлiмет 
3. арнайы ақпарат беру құралы 
4. ақпарат алушы  
 
Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады. 
1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар 
жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық 
бiлу керек. 
2. Ойдың символға мәлiметкен айналуы