Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Өйткені бүгінгі таңда адамның білімдігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі- еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатын маңызды сипаттың бірі. Мұндай маңызды зор сипаты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Өйткені бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту ғана емес, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында атап көрсетілген осы сатыдағы білім,білік, дағдылар жүйесін, негізгі құзыреттіліктер мен әлеуметтендірудің нәтижелерін қалыптастыратын білім беру сатысы (6).

Содержание работы

КІРІСПЕ

І. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

. Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі, құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері
1.2. Электрондық оқу-ойын бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері
1.4. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдірудегі электронды оқу-ойын бағдарламаларын қолданудың ықпалы

ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ОЙЫН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау
2.2. «Мәреге жетуге асық» электрондық оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру.
2.3. Түзету жұмысынан кейін бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау деңгейінің нәтижелеріне талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 284.50 Кб (Скачать файл)

     Бүгінгі күні мемлекетіміздің  өркениетке жету жолындағы өмір  талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, меңгерген білімді ұзақ мерзімді есте сақтауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.

Баланың мүмкіндіктерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

  

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты: 
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру; 
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.

Сабақ мақсаты: 
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру; 
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі 
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру; 
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.

Сабақтағы іс-әрекет түрі 
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.


Яғни, мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен еңбекқорлығы, жаңашылдығы баланы ерте жастан тәрбиелеуге, сапалы білім қалыптастыруға ықпалы өте зор. Бала есінде біркелкі, бірсарынды білім беру үрдісінің өнімдерінен гөрі, өзгеше, қызығушылық оятатын өнімдер көбірек қалады және оқу материалын меңгеруге ерекше әсер етеді.  Біз ұсынып отырған электронды оқу-ойындық бағдарлама - осындай нәтижеге бастар көздің бірі.

 

 

 


 



Информация о работе Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру