Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Өйткені бүгінгі таңда адамның білімдігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі- еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатын маңызды сипаттың бірі. Мұндай маңызды зор сипаты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Өйткені бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту ғана емес, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында атап көрсетілген осы сатыдағы білім,білік, дағдылар жүйесін, негізгі құзыреттіліктер мен әлеуметтендірудің нәтижелерін қалыптастыратын білім беру сатысы (6).

Содержание работы

КІРІСПЕ

І. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

. Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі, құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері
1.2. Электрондық оқу-ойын бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері
1.4. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдірудегі электронды оқу-ойын бағдарламаларын қолданудың ықпалы

ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ОЙЫН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау
2.2. «Мәреге жетуге асық» электрондық оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру.
2.3. Түзету жұмысынан кейін бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау деңгейінің нәтижелеріне талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 284.50 Кб (Скачать файл)

      Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды  (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады.

Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.

Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар! Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар – бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы..

Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады. Оқытудың педагогикалық маңыздылығы бар интерактивті орта пайда болады.

Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді.

Үштік бағамен оқығысы келетін балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты: ауырып бірнеше сабақты жіберіп алуы; жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді.

Электронды оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Бұл дұрыс емес пе?!

Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп. Ал біздің электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі. Бірақ бір маңыздылығы, мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс болуы тиіс, ол бұл оқулық арқылы балалардың алға жылжуын көре отырып және қазір көптеген мектептерде интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттер бар болғандықтан, өз сабағының қойылымына электронды оқулықтың көріністерін қосуы керек. 

Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге де көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Өйткені біздің электронды бағдарламалар – бұл көбінесе дайын сабақ конспектісі. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Оқушылар үшін электронды оқулық, оқу бағдарламалары-мектепте оқыған жылдардың барлығынды да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға  көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып –үйрену ісін жеке дара  жүргізуі болып саналады.

  Мұғалім үшін электронды  оқулық, оқу бағдарламасы – күнбе-күн  дамытылып отыратын ашық түріндегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Оқыту процесін ақпараттандыру және біртұтас әлемдік ақпараттық кеңістікке ену бағыттарын жүзеге асыру үшін, қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу мен оның құралы ретінде мультимедиалық электрондық оқу құралдарын жасау қажеттілігі күн сайын артуда.

Электрондық оқулық дегеніміз не? Оның жай оқулықтан айырмашылығы неде? Бұл турасында зерттеуші -  ғалым Г.О. Тұңғышбаева былай деп жазады: «Электрондық оқулық – анықтамалық деген не? Бұл ақпараттың толық тиімді, жетімді, көрнекі түрде ұсынылған әдісі болып табылады және кәдімгі оқулықтардан ақпаратты көшіруге, көбейтуге, таратуға мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни электронды оқулықтардың негізі дыбыстық фрагменттерден, мультифликация және видеофрагменттерден тұратындықтан, оларды дайындау оңай болмаса да, оқулықта тіл жетпейті кезеңдер оңай түсіндіріледі.»

Электрондық оқулықтар, оқу бағдарламалары қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады.

   Қазіргі кезде РБАО негізінен  білім жүйесінің барлық сатылары  үшін электрондық оқулықтар жасаумен  шұғылданып келеді. Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасалып, бір-бірімен тығыз байланыстағы төрт бірліктен  тұрады, мотивациялы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелік бақылау компоненттері.

Электронды оқулық пен оқу бағдарламаларының  мотивациялы-мақсаттық компоненті модулдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз – жергілікті (локальды), жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекеттерін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.

Электронды оқулықтың оқу бағдарламасының мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін- терминдерден, әр түрлі концепциялардан, кестелерден, графиктерден және даиграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбірін ағылшын  тіліндегі дыбыстар арқылы арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне  материалдарымен толықтырылады.

Электронды оқулықтың оқу бағдарламасының операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.

Электронды оқулықтың оқу бағдарламасының нәтижелік –бақылау компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.

Электрондық оқулықтың оқу бағдарламасының нәтижелік – бақылау компоненті  тест алу жолымен жүргізіледі. Тесттердің екі түрін жасауға болады: бір дұрыс жауабы бар немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады, әрбір тесттен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады. Тест түрлерін жас шамасы мен тақырыптарға сай дайындаймыз.

 

Оқушылар үшін электронды оқулық пен бағдарламалары-мектепте оқыған жылдардың  барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып-үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

   Мұғалім үшін электронды  оқулық пен оқу бағдарламасы-күнбе- күн дамытылып отыратын  ашық  түріндегі әдістемелік жүйе, оны  әрбір оқытушы өз педагогикалық  тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, оры қарай жетілдіре алады.

 Электронды оқулық, оқу бағдарламасы  дегеніміз-мультимедиалық оқулық, яғни  мультимедиа технологиясы бойынша  жасалатын оқулық.

Электрондық оқулықты, оқу бағдарламаларын құрастырғанда ескеретін жағдайлар:

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпаратынан гөрі графикалық ақпараты көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды. Зерттеуші педагог-ғалымдардың пікірінше, мектеп-оқушылардың ақпараттарды қабылдау эталоны төмендегідей пайызбен көрсетілген:

 

Оқу           есту          көру            есту және көру         есту, көру және талқылау

 

 




 

 

 

 

 

 

Бұдан білім беруді ақпараттандыру жағдайында мультимедиалық электрондық оқулықтарды, оқу бағдарламаларын барлық пәндер бойынша жасақтауға болатыны дәлелденіп отыр.

Электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жасаудың жолдары жөнінде педагогика ғылымының кандидаты ББЖ КБАРИ-ның информатика кабинетінің меңгерушісі С.Т. Мұхамбетжанова айналысып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 Ғалымның пікірінше, электрондық  оқулықтың сыртқы құрылымы мен  ішкі тақырыптық мазмұнын құрудың  өзіндік әдістемелік жүйесі бар(29).

Әрбір құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейік:

Сыртқы беті түрлі-түсті бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемі безендірілуі қажет. Ол үшін графиктік қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендірілуі қажет.

Титулдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғары білім мекемелері (мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі), авторлық құқық, оқулықтың лицензиядан өткен белгісі, баспаға таратылған күні, оқулық авторының мекемелері  тураы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негізгі құрылымдық элементтерінің қатарына енеді. Оқулық мазмұнының негізгі құрылымдық бөліктерін шағын түрде үйренушінің оқуына жеңіл болатындай етіп көрсету қажет.

 Электрондық оқулықты жасақтаушылар  алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек, электрондық оқулықтың типі қаай таңдалады, оны құрудың негізгі мақсаты қандай, оқулықтың бөлімдерін үйренушіні ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады, оқулықтың сценарийін қалай жазуға болады, оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады, электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады, және т.б.

 1.2. Электрондық оқу-ойындық бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі

 Бастауыш  сыныптың жетекші  пәндерінің ішінде қазақ тілі  пәнінің орны ерекше екені  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру жөніндегі  Үкіметіміздің қаулыларын іске асыруға мақсатталған әр түрлі шаралары мен бұйрық, шешімдерінен көрініс табуда.

Оқытудың жаңа педагогикалық, жаңа ақпараттық технологияларын қазақ тілі сабағында кеңінен қолдану, қазақ тілінің «үштұғырлық» мәдени жобасын іске асыру ғана емес, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі статусын көтеру мақсатын да бірінші орынға қояды. Бұл турасында жақында өткен «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде де атап өтілген. Онда : «Бүгінгі жас қазақстандықтар жоғары білімді маман болуы үшін қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгеруі керек. Сонда ғана ол адамн белсенділігінің нәтижесі жоғары болады»,- деген Н.Ә. Назарбаевтың қанатты ойы жастарға үлкен ой салды (10).

Ақпараттық қоғам- ақпаратты құзыретті оқушы (тұлға) дайындауды көздейді. Ақпаратты құзыреттілік- жаңа ақпараттық технология сауаттылығымен келеді. Ендеше жастарды тәрбиелеуші, оған білім, мәдениет нәрін егуші  маман ақпаратты құзыретті болуы шарт. Жаңа ақпаратық технология компоненттерімен таныс болып, оны пайдаланушы ғана емес, құрастырушы, дайындаушы деңгейіне көтеріліп, техникалық, әдістемелік тұрғыдан толық түсінігі болуы қажет, яғни техникалық орта, пәндік орта, әдістемелік орта туралы білім,білікті  меңгеруі керек.

Бастауыш сыныптарда жетекші пәндерді оқытуда электрондық оқу бағдарламаларын қолданудың ерекшеліктерін, тиімділігін зерттеушілер педагогикалық басылымдарға мақалалар жазып, өз тәжірибелерімен бөлісуде. Мысалы, мұндай зерттеушілер қатарына Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми ізденушісі Ш.М. Бағиеваны (17), Ш.Сағындықов (12), ҚМПИ оқытушысы А. Айтбенованы (4), Қызылорда облысы, Қазалы ауданының №249 орта мекттебінің мұғалімі М. Байболатқызын (14) жатқызуға болады. Осы зерттеуші ғалымдар мен өз тәжірибесінде қолданушы мұғалімдердің тәжірибесін сараптай келе, электрондық оқулық пен оқу бағдарламаларын құрастыруға қойылатын талаптарды төмендегіше топтастыруға болады:

Жан-жақтылығы

Ізгіліктік. Онда кез келген орындаушы өзіне қажетті білімді ала алады.

Бейімділігі. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшін бірмәнді болуы керек. Бірақ оқу материалы әр түрлі формада берілуі мүмкін.

Модульдік. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлі оқулықтар негізінде құрылымын жасақтау.

Экономикалық тиімділігі. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетін пайданы да қарастыру қажет.

Тұтынушыға бағдарлау.

 

Электронды оқулық пен оқу бағдарламаларын құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

 

Оқу пәнінің немесе тарау, тақырыптық, мазмұндық көлемін нақтылау.

Оқу элементтерін үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру деңгейіне сай анықтау.

Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу.

Оқу материалының мазмұнының негізгі элементтері (тарау, тақырып, сабақтар) аралығындағы  мағыналық байланыстар жүйесін анықтау.

Информация о работе Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру