Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Өйткені бүгінгі таңда адамның білімдігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі- еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатын маңызды сипаттың бірі. Мұндай маңызды зор сипаты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Өйткені бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту ғана емес, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында атап көрсетілген осы сатыдағы білім,білік, дағдылар жүйесін, негізгі құзыреттіліктер мен әлеуметтендірудің нәтижелерін қалыптастыратын білім беру сатысы (6).

Содержание работы

КІРІСПЕ

І. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

. Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі, құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері
1.2. Электрондық оқу-ойын бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері
1.4. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдірудегі электронды оқу-ойын бағдарламаларын қолданудың ықпалы

ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ОЙЫН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау
2.2. «Мәреге жетуге асық» электрондық оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру.
2.3. Түзету жұмысынан кейін бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау деңгейінің нәтижелеріне талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 284.50 Кб (Скачать файл)

Электрондық сөздік – анықтаманы (глоссарий) дайындау.

Әрбір тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлік слайдтар жиынтығынан құралған мәтіндік мазмұнын дайындау.

Тест  материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша З деңгейде- жабық, ашық және типтік емес түрінде дайындалады).

Көрнекі материалдарды электрондық түрде дайындау.

Өзіндік және практикалық сабақтарды жүргізетін материалдарды дайындау.

Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиалық лабораториялардың маманы (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 





 

 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулықпен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеудің кезеңдері

 Электрондық оқулықпен жұмыс  істеу З кезеңнен тұрады:

Тексерусіз оқыту

Материалды меңгеру дәрежесін анықтау үшін оқушының әр тараудың соңында бірнеше сұраққа жауап беретін тексеру арқылы оқыту;

Тест жүйесіне қорытынды бақылау арқылы бағалау.

 Электронды оқулықты қолданудағы  мүмкіндіктер:

мүмкіндік ақпаратты заман талабына сай мультимедиалық әдіспен таратуға, анимациялық әдіспен бағдарламаға қосуға мүмкіндік бар.

Мүмкіндік білімді тексерудің интерактивті құралдарын, соның ішінде өзін-өзі тексеру мүмкіндігі бар.

Мүмкіндік қазіргі оқу құралдарымен қиындық жағдайда электрондық тәсілді дискетаға түсіріп, үйдегі компьютерде қолдануға болады.

 

   Мультимедиа ресурстарын  әзірлейтін және пайдаланатын  педагогтарға қойылатын талаптар.

 

   Жалпы орта білім беру жүйесінде педагогтардың оқулық, оқу бағдарламаларымен жұмыс лайықты дайындықтарын қалыптастырмайынша, қазіргі заманғы технологиялар мен әр алуан типті ақпаратқа негізделген оқытудың мамандандырылған құралдарын пайдалану тиісті нәтижені бере алмайды. Қазіргі заманғы мұғалім мультимедиа ресурстарын пайдалануда  төменгі машықтарды меңгерген жағдайда мектеп оқушыларын нәтижелі оқушыларын нәтижелі оқытуды жүзеге асыратын болады:

Жалпы педагогикалық машықтар;

Мультимедиа құралдары мен телекоммуникациялық құралдарды қолдану машықтары;

 Жалпы орта білім беру  жүйесіндегі жұмыс жасайтын педагогтар  телекоммуникациялық жүйелердегі оқулық, мультимедиа ресурстарын қайдан және қалай табуды, оқыту мен сабақ берудің әр түрлі аспектілерінде осындай желілерді пайдалануды, мультимедиа  технологиялары арқылы оқу пәндерінің мазмұнын қалай ұсынуды және оқушыларын оқытуда мультимедиа құралдарын қалай қолдануды білуі тиіс.

Мультимедиа құралдарының  білім беру әлеуетін тиімді меңгертуде оқытушылардың лайықты дайындығы мына қағидаларға сүйенуі тиістігін ұйғарады:

 Білім беретін мультимедиа  ресурстарымен жұмыс істеуге  үйрету педагогикалық білім беру мазмұнының бір бөлігі болып саналады;

Оқытудың мультимедиа құралдары мен технологияларды пайдалану өзіндік мақсатқа айналмауы тиіс;

 Мультимедиа құралдарын пайдалану  проблемаларды  шешуде адамның  ойлау мүмкіндігін кеңейтеді;

Мультимедиа құралдарымен жұмыс істеуге үйрету- ойлау қабілетін қалыптастыру әдісі болып саналады.

   Жаңа орта білім беру  жүйесіне қазіргі заманғы мультимедиалық  технологияларды енгізген сайын  мектептің мәдениеті  мен оқыту  процесіндегі мұғалімнің рөлі  өзгеріске ұшырауда. Білім өз бетімен алуға екпін беруге байланысты педагогтың үйренушілік іс-әрекетінің кеңес беру мен түзету бағыттылығы күшейеді.  Қазіргі заманғы мультимедиа технологиялармен оқушыларға ұсынылатын ғылыми және аралас оқу пәндері саласындағы оқытушылардың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің тұлғалық, жалпы мәдениеттілік, қарым-қатынастық сапасына қойылатын талаптар да айтарлықтай артуда.

     Мектеп мұғалімдерінің  көпшілігі компьютерлік техниканы  меңгеру мен оқыту процесінде мультимедиа ресурстарын пайдалануда әлі де айтарлықтай педагогикалық бөгетке тап болуда, өйткені мультимедиа құралдары мен ресурстарының педагогикалық мүмкіндіктеріне күдікпен қарайды. Кейде мұндай бағалауды білім беруді ақпараттандыру процестерінің үстіртін таныстығымен түсіндіруге болады.

     Тіпті үстіртін талдау, мультимедианы оқу процесіне  енгізу және оны білім алушыға  компьютерлік құралдардың көмегімен  ұсыну педагогқа таныс мазмұнды  жай ғана қосарлай салу ретінде  қабылдайтынын көрсетеді. Мұндай көзқараста мектеп оқушыларының көрнекі- бейнелік ойлау қабілетін белсенді етудің ғаламат мүмкіндіктері пайдаланылмай қалатыны ақиқат.

    Білім беруді практикалық  ақпараттандыру және оқыту процесінде  білім беретін мультимедиа ресурстарын  жаппай қолдану жолында бірінші кезекте тұрған проблемалардың бірі педагог кадрларын дайындау болып саналады. Мультимедиа ресурстарын оқытуда пайдалануға қазіргі заманғы мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру процесінде шешуші оң нәтиже беретін бірінші кезекте тұрған бірінші мәселе. Мәселен, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың көп деңгейлі жүйесін құру қажет.

     Білім беруді ақпараттандыру  және оқыту процесінде білім  беретін мультиедиа ресурстарын  жаппай қолдану жолында бірінші  кезекте тұрған проблемалардың  бірі педагог  кадрларын дайындау  болып саналады. Мультимедиа ресурстарын  оқытуда пайдалануға қазіргі заманғы  мұғалімдердің дайындығын қалыптастыру  процесінде шешуі оң нәтиже беретін бірінші кезекте  тұрған бірінші мәселе.  Мәселен, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың көп деңгейлі  жүйесін құру қажет.

     Білім беруді  ақпараттандыру  көзқарасы тұрғысынан, барлық педагогтарды  негізгі екі санатқа бөлу орынды: дайын мультимедиа ресурстарды пайдаланушы – оқытушылар және педагогикалық мақсаттағы мультимедиа құралдарын дайындаушы –оқытушылар. Дайындықты қалыптастыру барысында педагогтардың  бірінші санаты ақырғы пайдаланушының деңгейіне дейінгі  дайындыққа межелеген болуы тиіс. Оқытушы компьютермен жұмыс істеудің  элементарлық машығын меңгеруі, әмбебап мақсаттағы ең кең тараған бағдарламалар дестесі туралы алғашқы түсінікті алуы, мәтіндік редакторлармен және  электрондық кестелермен жұмыс істеуді үйренуі, оның пән саласы үшін белгілі дайын мультимедиа ресурстарымен, сондай-ақ әріптестерімен  және оқушылармен  телекоммуникациялық өзара әрекеттесетін  жүйелермен, мультимедиа ақпараттың әлемдік көздерімен қатынас құра алатын құралдармен жұмыс істеуді меңгеруі тиіс және компьютерлік  ойын түрлері, оны құрастыру жөнінде ғылыми-теориялық, әдістемелік білімі болуы керек.

      Компьютерлік –электрондық  оқу бағдарламаларын сабақтың  білімділік көзі мен мақсаттарына  қарай үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, тексеруші электрондық оқу бағдарламасының негізгі мақсаты алған білімді жаттықтыру, білік, дағдыны қалыптастыруды көздейді. Бақылаушы оқу бағдарламалары әр оқушының білімділік деңгейін анықтауға құралады. Мұнда Ж.Қараевтың «Үш өлшемдік жүйе» технологиясын басшылыққа алуға болады. Ал, тексеруші оқу бағдарламасы оқушы білімін тексеріп, нақты бағалауға құрылады. Өтілген тақырып не тарау бойынша тест, сын жұмыстары (диктант), экспресс сұрақттар т.б. түрінде құруға болады.

 

 

Компьютерлік дидактикалық ойындардың түрлері: 

Үйрету.

 Мақсаты: жаңа танымдық білімді игеру.

Құру шарты:

Ереже, емлелерді оқу, танысу;

Жаттығу орындау;

Жаңа білімді бақылау тапсырмаларын орындау.

Дисплейден шығатын сөздер:

Сіз қате жібердіңіз, ережені қайтадан оқыңыз.

Дұрыс таңдадыңыз!

Қатеңізді жөндеңіз!

 

Жаттықтыру

Мақсаты: алған білімді білік, дағдыға айналдыру.

Құру шарты:

Жаттығу орындау;

Білім бақылау, бағалау;

тапсырманы орындау.

Дұрыс орындамаған жағдайда дисплейден шығатын сөздер:

Ойланып көрші.

Қайтадан көр!

Біліміңді толықтыр!

 

Дамытушы

Мақсаты: оқушының ізденістік, шығармашылық даму мүмкіндігін ашу.

Құру шарты:

Мүмкіндік, шығармашылық деңгейін анықтауға арналған ойындар, тапсырмалар орындау.

Жүлделерді анықтау:

Сіз жеңіске жеттіңіз!

Сіз жақсы жаңалық аштыңыз!

Жарайсың! Жеңіске бір қадам қалдыңыз!

 

Тексеруші

Мақсаты: Оқушының блімін бақылау,бағалау.

Құру шарты:

Типтік бағдарламаға сәйкес болу;

Тесттік не әртүрлі формада болу керек;

Нақты, түсінікті құру керек.

Дисплейден шығатын сөздер:

Сіз үздік орындадыңыз!

Сіз жақсы орындадыңыз!

Әлі де оқыңыз!

   Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама  беріп отыр. Н.Макарова «ЖАТ-қысқаша коспьютер негізіндегі технология» десе, М.И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: «Жат- адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерін басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы».

   Қазіргі уақытта ақпаратты  оқушыға компьютер арқылы әзірлеу  мен тарату үрдісіне ерекше  мән беріліп отыр.  Кез келген  сабақта электронды оқу бағдарламаларын  пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, есте сақтауын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

   Электрондық оқулықпен оқытудың  негізгі мақсаты: оқыту үдерісін  үздіксіз және толық деңгейде  бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

    Дәстүрлі оқыту меңгерудің  4 деңгейінің (репродуктивті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы  екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде  материалдар жеткілікті дәрежеде  меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгерудің эвристикалық және шығармашылық деңгейде жатқызуға болады.

    Кез келген пән оқытушысын  компьютерлік кабинетке тартып  отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар сабақ барысын қызығушылықпен бақылап, мәселелер талқыланып отырады.  Бұл кезде оқытушы –оқушы арасында арақашықтық деген болмайды.

  Енді электронды оқулықты  пайдаланудың тиімді және тиімсіз  жақтарына тоқталайық:

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Уақыт үнемділігі, оқу материалының  жүйелі түрде берілуі;

Оқушы негізгі пәнді оқи отырып, информатика негіздерінен білім алады;

Бағдарламаны меңгеруге арналған тапсырмалардың қамтылуы;

Көрнекі құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;

Оқушының  ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Көрнекі –бейнелік материалдар балалардың пәнге деген ынтасын, қызығушылықтарын оятады;

Тілдік қатынастың жазбаша түрінің дамытылуы;

Бағдарлама бойынша материалдарды есте берік сақтай отырып, алға жылжуға көмектеседі;

Өз бетінше мәселені шешуін қалыптастырып, өзіне сенімділігін оятады.

Психологиялық- педагогикалық талаптардың жоқтығы;

Көрнекі материалдарда бірыңғай таңдау;

Оқушылардың «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы;

Пәнаралық байланыстың  аздығы;

Оқушылардың  денсаулық жағдайының ескерілмеуі;

Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.


 

 Жоғарыда айтылған тиімсіз  жақтарды болдармау үшін төмендегідей  ұсыныс жасауға болады:

Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңінде ғана пайдалану;

Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.

Себебі электронды оқыту – оқу пәннің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік  технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді:

Кері байланысты іс жүзінде тезарада қамтамасыз етеді;

Кейбір оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқу бағдарламаларын дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.

   Осыған байланысты электронды  оқулықтарды, оқу-ойын бағдарламаларын  дайындауда мынадай шарттарды  ескерген жөн:

Белгілі пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға ұатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдалаушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары тілмен оңға солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;

-Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан  аспауы тиіс. Себебеі материлды  баспаға шығару қажет болса, ол  А4 көлемді параққа дұрыс түсетәндей  болуы керек;

-Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу  пайланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге

-қатысты процестерді анимациялап  көрсету тіпті кинофильмдер мен  диафильмдер үзінділерін MPEG.AVI типті  файлдар ретінде сақтап, оларды  гипермәтінде формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.

    Электронды оқулықтың  құрлымы. Кез келген оқулық екі  негізгі бөлімге бөлінеді: мазмұнды  және процессті. Сонымен қатар, тағыда  екі бөлім қосылады: басқарушы және диагностикалық.. Оқулықтың мазмұнды бөлімі келесі компоненттерді қосады: танымдық, демонстарциялық. Процесттік бөлім келесі компонеттерден тұрады: модельдеуші, бақылаушы, бекітуші. Танымдық компоненет оқушыға білім беруге бағытталған. Бұл, мәтіндік ақпарат болып табылады. Демонстрациялық компонент бұл — бақылау тапсырмалары, яғни танымдық компонентті толыққанды ашушы бөлім. Бақылау — бекітуші компонент оқушының материалдық қадам көрсетеді. Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың программалық қабықшасы. Диагностикалық бөлім нақты программының статистикалық ақпаратын сақтайды. Электронды басылымның мазмұнының құрылымына қойылатын талаптар.

Информация о работе Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру