Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Өйткені бүгінгі таңда адамның білімдігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі- еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатын маңызды сипаттың бірі. Мұндай маңызды зор сипаты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Өйткені бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту ғана емес, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында атап көрсетілген осы сатыдағы білім,білік, дағдылар жүйесін, негізгі құзыреттіліктер мен әлеуметтендірудің нәтижелерін қалыптастыратын білім беру сатысы (6).

Содержание работы

КІРІСПЕ

І. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

. Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі, құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері
1.2. Электрондық оқу-ойын бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері
1.4. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдірудегі электронды оқу-ойын бағдарламаларын қолданудың ықпалы

ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ОЙЫН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау
2.2. «Мәреге жетуге асық» электрондық оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру.
2.3. Түзету жұмысынан кейін бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау деңгейінің нәтижелеріне талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 284.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Тақырып: Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

 І. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

. Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі,    құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері

1.2. Электрондық оқу-ойын бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық талаптары мен әдістемесі

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекшеліктері

1.4. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдірудегі электронды оқу-ойын бағдарламаларын қолданудың ықпалы

 

ІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ОЙЫН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде анықтау

2.2. «Мәреге жетуге асық» электрондық оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру.

2.3.  Түзету жұмысынан кейін бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау деңгейінің нәтижелеріне талдау.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

    Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі  кез келген мемлекет дамуының басты дәлелі болып отырғаны сөзсіз.

   Өйткені бүгінгі таңда  адамның білімдігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі- еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алатын маңызды сипаттың бірі. Мұндай маңызды зор сипаты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының  бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Өйткені бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту ғана емес, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартында атап көрсетілген осы сатыдағы білім,білік, дағдылар жүйесін, негізгі құзыреттіліктер мен әлеуметтендірудің  нәтижелерін қалыптастыратын білім беру сатысы (6).

     Осыған орай Қазақстан  Республикасында бастауыш білім  беру жүйесінде білім сапасын  арттыру мақсатында оны инновациялық технологиялармен байытуға, оқытудың интенсивтік сипатын арттыратын құралдар мен әдіс-тәсілдерді анықтауға, күтілетін нәтижелерге бағдарлап оқыту жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге назар аударылуда.

      Соған сәйкес бүгінгі  таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

    Жаңа ақпараттық технологияның  басты тиімділігі- бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп,  оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының  нәтижесін көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

    Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда компьютерлік технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып – білуіне әсер етуде. Сондықтан бастауыш мектептің оқушысы қазіргі  заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарда оқуды аңсайды. Бала компьютерде тек ойын ойнауды ғана емес, қызықты суреттер салуды, жұмыс жасауды сөздік (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қорын молайтуды, электронды оқулықпен жұмыс жасауды, яғни машықтық жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Олай болса бастауыш  мектепте компьютерлік сауаттылық  элементтерін қалыптастыру керек.  Бастауыш мектептің оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы А.В.Горячев, А.Л.Семенов, С.А.Бешенков, Ж.Қараев, А.Байдабеков, К.З.Халықов, А.Есжанов, Г.Нұрғалиева т.б. ғалымдар құнды пікірлер айтып, бастауыш мектепте оның түрлерін қолдануға болатынын көрсетуде, жазуда.

    Сондықтан елімізді білім беру жүйесі  бойынша білімді меңгерту, бекіту, тексеру мақсатында компьютерлік технологияларды енгізу елеулі мәселелердің бірі болып есептеледі.

      Бастауыш мектепте  көбірек қолдануға болатын интерактивтілік      М.Мұқашеваның педагогикалық тұрғыдан  берген анықтамасында: бұл дидактикалық құралдардың (орта, мазмұн, оқу құралдары, іс-әрекет) әрбір субъектінің өз нәтижесі үшін  рольдік жауапкершілікте болуын қамтамасыз ететін және қарым- қатынас кезінде субъектілер арасында «Полидиалог» өзара әрекет, өзара түзетулер, қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті,-» делінген (19).

        Ақпараттық  технология өзінің  ортасымен  және бөліктермен (компоненттерімен) сипатталады:

техникалық орта (негізгі міндеттерді орындауға арналған техника түрі);

бағдарламалық орта (оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын жүзеге асыруға арналған бағдарламалық құралдар жиынтығы);

тақырыптық (пәндік) орта (ғылымның, техниканың, білімнің нақтылы тақырыптарының мазмұны);

әдістемелік  орта (нұсқаулар, пайдалану, реті, тиімділік дәрежесі және т.б.)

   Ақпараттық- коммуникациялық  технологиялар деп оқып үйренетін  объект туралы жаңа мәліметтерді  алу үшін ақпаратты жинауы, оларды  өңдеу мен берудің тәсілдерін  және құралдарын айтады, ал кейде  ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы деп түсіндіріледі.

    Орта білім беру жүйесін  ақпараттандырудың негізгі -ақпараттық-коммуникациялық  технологияның мүмкіндіктерін мектеп  пәндеріне қолдану арқылы оларды  оқытудағы мазмұнын өзгерту болып  табылады. Ал оны жүзеге асырушы ядро – пән мұғалімі. Олай болса, ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндігін кез келген педагог жан-жақты игетуі қажет. Сондықтан олардың кәсіби қызметіне үлкен міндеттеме жүктеледі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен барлық пәндерге компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану үрдістерін меңгерген маман болу керек, яғни мектепті ақпараттандыру жағдайында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа ақпараттық технологияларды жете меңгерген кәсіби  шеберлігі қалыптасқан педагог қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог  бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің  әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің кәсіби шеберлігі анықталады.

    Басқаша айтқанда, білім  беруді ақпараттандыру процесі  мұғалімнің дайындық деңгейі  мен мамандық сапасына үлкен  талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі  дамуына, өзіндік білім алуына  және шығармашылық түрде өздігінен  қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оны оқыту құралы ретінде пайдалану  бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда сабақтастық жүйесін қолданған тиімді. Мұндай жағдайда кез келген педагог маманның өзін-өзі дамуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады.

      Заман ағымы, уақыт  талабы жаңаша шешім қабылдауды, оны зерттеудің жаңа баспалдағына  көтерілуді  талап етеді. Демек, білім  берудің мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту және жастарды бүгінгі күн талабына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу. Оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

   Мультимедиа ұғымы, құралдары мен интерактивтілік қызметі.

  Бүгінгі таңда ғылым мен  техниканың  дамуына, білім мазмұнының  халықаралық стандарт деңгейіне  теңестірілуіне қарышты қадам  жасалып отырғандықтан, ақпараттар  ағымының  әлемдік деңгейде таралуына  мүмкіндік мол болып отыр. Өйткені  компьютерлік техника дамып, ақпараттардың әр алуан дәрежеде өсуде. Осындай жаңа құралдардың қатарына мультимедиа құралдары жатады. Бұл құралдар- дыбысты,  фотоны, бейне кескінді жазу мен жаңғыртуға арналған құрылғылар.

   Бүгінгі мультимедиа ұғымына, мультимедиа технологиясына анықтама беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізуші  ғалымдар қатары көбеюде.

     Оқытудың сапасын  арттырып, түпкі нәтижеге қол  жеткізуге әкелетін бұл технология  турасында төмендегідей тұжырым  бар.

    «Мультимедиа –графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешені»(1).

   «Барлық мультимедиа (ағылшын  сөзі multimedia- латын сөзінен алынған: multum- көп және medium-орта, құралдар)-зерттелетін объектілерді, құбылыстар мен оқиғаларды бейнелеу тәсілдердің бай жинағы»(3).

  «Мультимедиа құралдары-бұл  әр түрлі орталарды қолданылып, (дыбысты, видео графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен  араласуына мүмкіндік беретін  ақпаратты және программалы құралдар  комплексі. Мультимедиа пайдаланушыға  фантастикалық әлемде болуға (виртуалды шындық),осы әлеммен интерактивті  араласуына (пайдаланушы қатысады, мысалы ойындар ойнайды, т.б.) мүмкіндік береді»(4).

 

    «Оқытуға арналған программалық  құралдарды атқаратын қызметінің  ауқымы кең. Мысалы, оның түрлері:

Бақылайтын және тест жүргізетін программа

Компьютерлік ойындар

Ақпараттық жүйелер

Оқыту орталары

Электрондық оқулықтар

Мультимедиалық программалар»(5).

Электрондық мультимедиа оның ресурстары мен құралдары жөнінде соңғы уақытта өнімді еңбек етіп жүрген ғалымның бірі-физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Есжанов. Ол өзінің «Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары» тақырыбындағы зерттеу жұмысын төменгі бағыттарда жүргізіп отыр. (3).

Мультимедиа ұғымының көпмәнділігі және мультимедианы оның барлық мәндеріне педагогикалық қолдану ерекшеліктері;

Мультимедиа технологиясы негізінде әзірленген өнімдер және оларды оқыту процесінде пайдалану;

Мультимедиалық компьютерлік бағдарлама, компьютерлік бағдарлама, компьютерлік ақпараттық жасақтама, ақпараттың ерекше жинағының түрлері;

Білім беруде мультимедианы қолданудың айрықша ерекшеліктері;

Мультимедиа ресурстарының жүйесі және мультимедианы пайдаланып оқытуды қолданылатын әдістер;

Мультимедиа ресурстарының сапасын анықтау амалдары.

    Мультимедиа өнімдері  арқылы компьютерлік ақпараттың сан алуан түрін: компьютерлік мәліметтерді, теле және бейне ақпараттығы сөз бен әуенді қолданады. Ақпаратты тіркеу мен жаңғыртуда компьютермен басқарылатын теледидардың, бейнемагнитафонның, HiFi- аудиожүйенің, жинақы дискілер (CD) ойнатқышының әр алуан түрлі техникалық құралдарын пайдалануға болады.

       Мультимедиа құралдары  өзінің табиғаты бойынша интерактивті, яғни мультимедиа өнімдерінің  көрермені мен тыңдаушысы ешқашан  енжар болып қалмайды. Мультимедиа  оқытудың сапасын арттырады және  үйренушінің назарын аударуға мүмкіндік туғызады. Егер де бұрындары сабақтарда ақ- қара түсті фильм пайдалану армандаудың шегі болса, қазіргі заманғы техникалық құралдар компьютерлік анимация немес тіпті ойын түріндегі айтарлықтай оқиғалы оқу құралдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманда техникалық құралдар компьютерлік имитация түріндегі ойын-сауықтарды және физикалық бақылауға мүмкін емес құбылыстарды, мысалы, жердің ішкі қабаттарында, машина ішіндегі механизмдерде, ғарышта болып жатқан құбылыстарды көрсетуге арналған оқу құралдарын әзәрлеуге мүмкіндік беріп отыр.

 

1.1.  Электрондық оқу бағдарламаларын әзірлеу: жасақтау қажеттілігі,    құралдары, мазмұндық бөліктері мен тиімділігінің психологиялық ерекшеліктері

      Қазіргі заман - ғылыми  және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.  
    Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста.  
    Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқутәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.  
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Информация о работе Электрондық ойын бағдарламалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын жетілдіру