Еңбек психологиясы, дау-дамай
Реферат, 06 Мая 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
. Дау – дамай - өзінің шешілуін талап ететін және оны жеңуге бағытталған белсенділікті келіп шығаратын адам үшін маңызды психологиялық мәселе ретінде қабылданатын қарама - қайшылық.
Дау – дамай - жақтардың (тараптардың) өзара әрекет процесінде келіп шығатын маңызды қайшылықтардың шешілуінің ең өткір тәсілі.
Содержание работы
1. Дау-дамай туралы түсінік және оның объектілері.......................................................................
2. Дау-дамайдың жіктелуі...........................................
3. Дау-дамайды ретке келтіру принциптері мен себептері.........................................................................
4. Дау-дамайдың динамикасы.....................................
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың сипаттары...
6. Наразы типтің жанжалкеш.......................................
7. Даудың дамуына бейімделген типтік мінез-құлық реакциялары ....................................................................
8. Өндірістік дауды басқару, дауда өзін-өзі ұстаудың негізге стильдері........................................................
9. Дауды шешудің негізгі әдістері................................
Файлы: 1 файл
Дау-дамай.docx
— 29.96 Кб (Скачать файл)
6. Наразы типтің жанжалкеш тұлғасы мынадай мінез – құлық ерекшеліктерімен сипатталады:
- үнемі зейін орталығында болуды қалайды;
- бақаларға болған қарым – қатынасы олардың өзіне қалай қарайтыны бойынша анықталады;
- жанжалға тез барады;
- рационалды мінез – құлық өте аз білінеді, эмоциялы - қызбалық - өте жоғары;
- өзінің іс - әрекетін нашар жоспарлайды;
- ауыр, жүйелі жұмыстан қашады;
- даудан қорықпайды және өзін мұнда сенімді сезінеді;
- ол жиі жанжалдың көзі болып табылады, бірақ өзін олай санамайды.
Ригидті типтегі жанжалкеш тип:
- күдікті;
- өзін - өзі аса жоғары бағалайды;
- әрдайым өзінің жеке маңыздылығын құптауды талап етеді;
- бірбеткей және иілмейді, нақты жағдайларды есепке алмайды;
- біреудің көзқарасын зорға қабылдайды;
- өте ренжігіш.
Басқаруға көнбейтін жанжалкеш тип:
- қызба өзін нашар бақылайды;
- болжап болмайтын мінез-құлық иесі;
- жиі шамданады, өзін агрессивті ұстайды;
- өз маңыздылығын құптауды үнемі талап етеді;
- өзінің сәтсіздіктерінде басқаларды кінәлағанды жақсы көреді;
- өз іс-әрекетін жоспарлай алмайды;
- бұрынғы тәжірибелеріндегі қателіктерден сабақ алмайды.
Өте дәл типтің даугенді тұлғасы:
- өз жұмысына асқан дәлдік иен қарайды;
- өзіне жоғары талаптап қояды;
- айналасындағыларға да өте талап қойғыш;
- өте жоғары мазасыздануға ие;
- ұсақ-түйектерге сезімтал, өте мән бергіш;
- өзінің асқан дәлдігі мен күдіктілігінен зардап шегеді (ұйқысыздық, бас аурулары жиі мазалайды).
«Даусыз» типтің даукеш тұлғасы:
- бағалауда және пікірлеуді тұрақсыз;
- оңай иландырушылық қасиетке ие;
- мінез-құлқы тиянақсыз;
- берілген жағдайда бір сәттік табысқа бағдар жасайды;
- лидерлердің пікіріне тәуелді;
- ымыраға артықтау талпынады.
Тұлғаның мақсатты даукеш типі:
- дауды өзінің мақсаттарына жетудің басты құралы ретінде қарайды;
- дауды жиі өршітеді;
- өзара қарым-қатынастарда қулық жасауға бейім;
- дауда рациоаналды әрекетт жасайды, қарсыластарын бағалайды;
- дауда мінез-құлық техникасын меңгерген;
7. Даудың дамуына бейімделген типтік мінез-құлық реакциялары:
- серіктесін бөліп жіберу;
- жеке жаратпаушылық қасиетін саналы және санадан тыс көрсету;
- ұсақ ілінісулер;
- серіктесін кемсіту, серіктесін тұлға ретінде кемсіте бағалау;
- серіктеске жаман пиғылмен айтылған күдік;
- сұхбаттасының дұрыстығын немесе өзінің қателерін мойындауды қаламау;
- үнемі өзінің көзқарасын қыстырмалау және серіктесіне қысым жасау.
8. Дауда өзін-өзі ұстаудың негізге стильдері:
- конфронтация (қарсы тұру) - басқа тараптың мүдделеріне залал келтіре отырып өз мүдделеріне жетуге ұмтылу;
- көндігі - басқа тараптың мүдделері үшін өз мүдделерін құрбан ету;
- қашу -- өз мақсаттарына жету үрдісі мен бірлестікке ұмтылыстың болмауы;
- бақталастық -- қарсы тарапқа міндетті түрде залал келтіру бағытқа алынбаған, өзара жарысты әрекет;
- мәмле -- өзара бір-біріне жол беру;
- қызметтестік -- екі тараптың да мүдделерін толық қанықтыратын шешімдер қабылдау.
9. Дауды шешудің негізгі әдістері:
- жұмысқа қойылатын талаптарды түсіндіру;
- үйлестірілген және ықпалдастық механизмдер;
- бірнеше жұмысшылардың әрекетінің бірігуін талап ететін жалпы ұйымдық кешенді мақсаттар;
- сыйақылардың жүйелік құрылымы – осы арқылы салдардың алдын алу мақсатындағы адамдардың мінез-құлқына әсер ету.
Дауды басқарудың негізгі стратегиялары:
- даудың алдын алу стратегясы:
даудың нақты предметін жою;
төреші ретінде тәуелсіз мүдделі емес адамды тарту және шешіміне бағынуға дайын болу;
дауласушы тараптың біреуі екіншісінің пайдасы үшін даудың предметінен бас тартқызуға қол жеткізу;
- дауды басу стратегиясы қажет болған жағдайлар:
мақсатты түрде дауласушылар санын азайту;
бір-бірімен дауласушы адамдардың өзара қарым-қатынасын ретке келтіруші жөн-жосықтар, нормалар және ережелер жүйесін істеп шығу;
даулы өзара қарым-қатынастың келіп шығуына тосқауыл болатын жағдайлар жасау;
- кейінге қалдыру стратегиясы. Мақсаты:
дауласушылардың біреуінің екіншісіне деген қатынасын өзгерту.
Қажет:
дауласушылардың біреуінің орны мен ролін басқасының ой-қиялында азайту немесе арттыру;
дауласушының даулы жағдай туралы ойын өзгерту.
Дауды шешудің негізгі принциптері:
- түсіністік принципі -- нақты мәселені сезіну, даудағы күштердің өзара қатынасын, даудың предметін сезіну; даукеш тұлғалардың білімі, даудың шығу жағдайындағы жақсы бағыт-бағдар.
- Алдын ала болжау принципі -- топтардың және әріптестрдің арасындағы дауды болжау және оған өз уақытында дайындық жасау.