Еңбек психологиясы, дау-дамай
Реферат, 06 Мая 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
. Дау – дамай - өзінің шешілуін талап ететін және оны жеңуге бағытталған белсенділікті келіп шығаратын адам үшін маңызды психологиялық мәселе ретінде қабылданатын қарама - қайшылық.
Дау – дамай - жақтардың (тараптардың) өзара әрекет процесінде келіп шығатын маңызды қайшылықтардың шешілуінің ең өткір тәсілі.
Содержание работы
1. Дау-дамай туралы түсінік және оның объектілері.......................................................................
2. Дау-дамайдың жіктелуі...........................................
3. Дау-дамайды ретке келтіру принциптері мен себептері.........................................................................
4. Дау-дамайдың динамикасы.....................................
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың сипаттары...
6. Наразы типтің жанжалкеш.......................................
7. Даудың дамуына бейімделген типтік мінез-құлық реакциялары ....................................................................
8. Өндірістік дауды басқару, дауда өзін-өзі ұстаудың негізге стильдері........................................................
9. Дауды шешудің негізгі әдістері................................
Файлы: 1 файл
Дау-дамай.docx
— 29.96 Кб (Скачать файл)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еңбек психологиясы, дау-дамай
Орындаған: Ағыбай Шолпан
Алматы 2014 ж.
Мазмұны:
1. Дау-дамай туралы түсінік
және оның объектілері..............
2. Дау-дамайдың жіктелуі......................
3. Дау-дамайды ретке келтіру
принциптері мен себептері.....................
4. Дау-дамайдың динамикасы....................
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың
сипаттары...
6. Наразы типтің жанжалкеш.....................
7. Даудың дамуына бейімделген
типтік мінез-құлық реакциялары
..............................
8. Өндірістік
дауды басқару, дауда өзін-өзі
ұстаудың негізге стильдері.....................
9. Дауды шешудің
негізгі әдістері..............
1. Дау – дамай - өзінің шешілуін талап ететін және оны жеңуге бағытталған белсенділікті келіп шығаратын адам үшін маңызды психологиялық мәселе ретінде қабылданатын қарама - қайшылық.
Дау – дамай - жақтардың (тараптардың) өзара әрекет процесінде келіп шығатын маңызды қайшылықтардың шешілуінің ең өткір тәсілі.
Дау – дамайдың негізгі функциялары:
- белгілі бір психологиялық жүйенің (адамның, топтың, ұйымның, қоғамның), әлеуметтік субъекттің тіршілік әрекетіндегі проблемалар мен қайшылықтардың айқындалуы;
- берілген әлеуметтік субъекттің (психологиялық жүйенің) қайшылықтары мен оның дамуының шешу жолдарын анықтау.
Дау – дамайдың басқа функциялары:
- белгі беруші функция - дау – дамайды қоғамның белгілі бір жағдайының көрсеткіші ретінде сипаттайды;
- ақпаратты функция - жүйедегі сәтсіздіктің себептерінің көрінуі және айқындалуы;
- дифференциялаушы функция - әлеуметтік күштердің дауындағы әрекетке қатысушыларды қайта топтау мен қайта бағыттауды көрсететін әлеуметтік дифференциация процесі;
- динамикалық функция - әлеуметтік прогреске мүмкіндік туғызу; мұнда дау жиналған қайшылықтардың дамуының бастапқы нүктесі және оның шешу тәсілдері ретінде қаралады.
Дау – дамайдың объекті үш түрге бөлінеді:
- бөліктерге бөліне алмайтын объектілер;
- дау – дамайдың қатысушыларының арасында түрлі пропорцияларға бөліне алатын объектілер;
- дау – дамайдың екі қатысушысы да бірге иелік ете алатын объектілер - «алдамшы дау – дамай» жағдайы;
Дау – дамай мынадай белгілермен сипатталады:
- қайшылықтардың болуы;
- қайшылықты жеңуге бағытталған белсенділік;
- қайшылықты шешуді талап ететін маңызды мәселе ретінде түйсіну.
Дау – дамайдың негізгі элементтері:
- инцидент (ақпаратты) - өзара әрекеттесуші субъекттердің ең болмаса біреуіне өз мүддесінің басқа қатысушылардың мүддесінен айырмашылығын көрсетуге көмектесетін жағдаят;
- инцидент (әрекеттік) - бағыт-бағдар құндылықтары мен мүдделерінің әр түрлілігі үшін қарсы тұрушы әрекеттерді жариялау үшін сылтау;
- дау - дамай жағдаяты - нақты бір уақыт кезеңінде даудың дамуы;
- дау - дамайдың субъекті - индивид немесе индивид тобы болып табылатындаулы өзара әрекетке қатысушылар;
- дау - дамайдың предметі - даулы өзара әрекеттер тудыратын айырмашылықтары бар, нақты мүдделер мен бағыт – бағдар құндылықтары.
Дау – дамайдың жағдаяттарын анықтайтын шарттар:
- техникалық шарттар: топтағы лидерлер саны, топтардың ұйымдастырылуы мен бірігуі дәрежесі және т. Б,;
- саяси шарттар: тәуелділік пен билік қарым-қатынастары арқылы анықталады;
- әлеуметтік шарттар: топ ішіндегі коммуникация жүйесі, өзара түсіністік деңгейі;
- психологиялық шарттар: дауласушы жақтардың тұлғалық ерекшеліктері.
2. Дау – дамайлар жіктеледі:
- қатысушылар саны бойынша - жаппай және жұп;
- ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзаққа созылған;
- көлемі бойынша - кең көлемді қамтитын, дауға кім қатыса алса, соның бәрі тартылады (барлық тұрғындар, ұйымның барлық жұмысшылар), және парциалды, дауға небәрі бірнеше субъект ғана қатысады (ұйымның екіжұмысшысының арасындағы дау);
- даулар мәртебесінің ара қатынасы бойынша - вертикальді және горизонтальді;
- танылу сипаты бойынша - іскерлік (көңіл көбірек кофликт предметінебөлінеді) және эмоциялық, бұл жағдайда даудың предметі қарсы тараптың жазғырулары, реніштері, шамданушылықтарына «батады»;
- қарсы әрекет өріс алатын іс-әрекет немесе қарым –қатынас сферасы бойынша - өндірістік (іскелік, қызметтік), тұрмыстық, отбасылық, саяси, әскери, қылмыстық даулар;
- жеңу үшін қажетті шарттары боынша - оңай шешілетін даулардан шешілмейтін дауларға;
- салдарлары бойынша - асқынулармен және асқынуларсыз.
3. Дау – дамайдың себептерінің түрлері:
- әлеуметтік психологиялық себептер: топтағы, ұйымдағы кейбірадамдардың өзінің тұрмыс жағдайына қанағаттанбаушылығы;
- моральдік – этикалық себептер: берілген топтар мен ұйымдардың құндылықтары мен қоғамдық нормаларын мойындамау;
- ұйымдық сипаттағы себптер: қол астындағылар мен басшылардың өзара қарым – қатынасы мәселелері;ақпаратты факторлар бойынша даулардың себептері:
бір объект жайындағы толық емес дәйектер;
ақпаратты орынсыз жария ету;
еріксіз (немесе саналы) қате ақпарат;
- құрылымдық факторлар бойынша даулардың себептері:
билік заңдылығы мәселелерінің екіұштылығы;
субординация мәселелерінің екіұштылығы;
меншік мәселеріндегі түсініксіздіктер;
- дау – дамай факторларының құндылықтары:
топтардың мінез – құлық нормаларының бұзылуы;
кәсіби құндылықтардың бұзылуы;
- қарым – қатынас факторлары:
арадағы бар қарым – қатынасқа қанағаттанбаушылық;
өзара қарым – қатынастар мақсатының сәкессіздіктері;
- мінез – құлық факторлары біреудің мінез – құлқы біреудің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, біреулер үшін ыңғайсыздық тудырады.
М.Х.Мескон, М.Альберт және Ф.Хедоурндар өндірістік, ұйымдық даулардың негізгі себептерін көрсетеді:
- ұйымдағы ресурстардың (қаржы) бөлінуі мәселелері:
- мақсаттардағы айырмашылықтар: ұйымның ішінде мамандандыру қанша көп болса, өзара түсініспеушілік те сонша көп болады, демек әрбір құрылымдық бөлімшелердің өз мүдделері болады;
- құндылықтарды түсіну айырмашылықтары;
- өмірлік тәжірибе мен мінез – құлық мәнеріндегі айырмашылық;
- қызметтес тараптардың өзара түсініспеушіліктеріне алып келетін қанағаттанарлықсыз коммуникация.
Дауды реттеу мәнісі - тоғысқан мүдделерді көру және қанағаттандыру немесе оларды ажырату.
Реттеу мақсатындағы дауды талдау үшін құрылымды элементтер болып табылады:
- жанжалдасушы тараптар құрамы және басқа қатысушылар ( жанашырлар, шағыстырушылар, жарастырушылар, кеңес берушілер, кінәсіз құрбандар және т.б.);
- келіспеушілік аймағы - даудың предметі, дәйек немесе наразылық тудырушы мәселе;
- әр бір қатысушыға жазбаша түрде жағдай жөнінде мәлімдеме жасалады;
- мотивтер (саналы, санасыз, рационалды, иррационалды);
- дауласушы тараптар әрекеті - бір мезгілде орындалмайтын мотивтер мен мақсаттардың нәтижесі, наразылықтардың болуы.
Реттеу процесінің басталуы үшін бір қатар принциптер мен шарттарды сабақтау қажет. Бұларға жатады:
- реттеуге тараптардың өз еріктерімен қатысу принципі. Реттеу процесін қосуға немесе қолдауға мүмкіндік береді;
- құпиялық принципі - ізгі қатысушылардың (ниеті түзу) дауды реттеу барсында және даудың жайылып кетпеуін қалайтын шарттары ретінде;
- тараптардың белсенділік принципі - дауласушылардың шынайы мүдделеріне жетуге және сындарлы реттеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- делдалдың (медиатордың) бейтараптық және әділдік принциптері - реттеуге қол жеткізудің маңызды шарттары.
Дауды табысты реттеу ережелері:
- дау жағдайының бар екендігін мойындау, оппоненттің (қарсы сөйлесеуші) дәйек және құдылық ретінде бар екендігін мойындау. Бірақ бұл олар тарапынан ұсынылған талаптардың мүлдем әділдігін мойындауды білдірмейді;
- әр бір тараптардың қарсылық және келіспеушілік пен айырмашылық дәйектерін қабылдау;
- сәйкес келмейтін мүдделердің мазмұны жайында анық бір көрініс болуы керек (мүдделердің екіұшты, араласқан мәні дауды реттеуге жинақталуға (бір тотамға келуге) мүмкіндік бермейді);
- белгіленген жалпы мінез – құлық нормалары мен ережелерін қабылдауға тараптарды дайындау. Бұл нормаларды сақтау келіссөз барысында да, кейінгі жағдайларда да олардың арасындағы қарым – қатынасты қолду немесе сақтауды қамтамасыз етеді.
Конфликтолог даудағы келіссөз процесіне және делдалдыққа кіріспес бұрын мыналарды білуі қажет:
- дауға тікелей кім қатысады (жеклеген адамдар, ұйымдар) және кім қандай жақтарды қолдайды;
- дау - жанжал негізінде не жатыр, қарсы сөйлеушілерді не бөліп жатыр, олардың қандай талаптары бар және қарсы күрестің себептері қандай;
- дау (оның тарихы) қайсы кезеңде тұр, реттеуге шара қолданылды ма, жоқ, әлде оған әрекет жасалынды ма (егерде әрекет болған болса, оның орындалмауының себептері және қандай жақсы нәтижелер бар);
- нақты жағдайдағы мүдделер, мәселелер, ұстанымдар мен ұсыныстар арасында қандай айырмашылық бар.
4. Дау – жанжал динамикасында мынадай дәуірлер мен кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
- объективті проблемалық жағдайлардың келіп шығуы:
өзара әрекет субъектінің объективті проблемалық жағдайды сезінуі;
бұл жағдайды жанжалсыз тәсілмен шешуге тараптардың әрекеті;
даудың алдындағы жағдайдың келіп шығуы;
- инцидент - тараптардың алғашқы қақтығысы, мәселені өз пайдасына күшпен шешуге әрекет;
- даудың ушығуы (эскалация) - қарсы сөйлеушілердің күресінің бірден қарқындылануы;
- қарсы әрекетті баланстандыру - тараптар өзара әрекетті жалғастырады, бірақ күрестің қарқыны төмендейді;
- даудың аяқталуы - даулы қарсы әрекеттен мәселенің шешімін қарастыруға және дауды бітіруге өту.
5. Дау – дамай тудырушы тұлғалардың сипаттары:
- өзінің психикалық сипаттары бойынша өз серіктесінен қатты айырмашылықтары болады;
- қарым – қатынастың психикалық мәдениетінің, жалпы мәдениеттің жеткіліксіздігі бойынша;
- сол адамның дау – дамайлық жағдайының жалпы деңгейі.
Ф.М.Бородкин мен Н.М.Коряк дауды тудырушы (даукеш, жанжалкеш) тұлғалардың мынадай негізгі типтерін көрсетеді:
- наразы типтің жанжалкеш тұлғасы;
- ригидті типтің жанжалкеш тұлғасы;
- басқарылмайтын тип;
- өте дәл тип;
- мақсатты тип;
- «конфликтсіз» типтің даукеш тұлғасы.