Еңбекақы төлеу шығындарың есебі
Курсовая работа, 23 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Курстық жұмыста өндірістік шығындар есебі соның ішіндегі еңбекақы шығындары есебі қарастырылған. Жалпы айтқанда өндірістік шығындар дегеніміз- өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына еңгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес.
Содержание работы
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастыру........5
1.1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні..............................................5
1.2 Өндірістегі шығындарды топтастыру.............................................................8
2 Еңбекақы төлеу шығындарың есебі..................................................................13
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының есебі және мақсаты.......................................13
2.2«Рауан» ЖШС-і негізінде еңбекақы төлеу шығынын есептеу тәсілдері...20
Қортынды...............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
Файлы: 1 файл
енбекакы шыгындары.docx
— 76.87 Кб (Скачать файл)
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастыру........5
1.1 Өндірістегі шығындардың
экономикалық мәні..............................................5
1.2 Өндірістегі шығындарды
топтастыру.............................................................8
2 Еңбекақы төлеу шығындарың
есебі..................................................................13
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының
есебі және мақсаты.......................................13
2.2«Рауан» ЖШС-і негізінде
еңбекақы төлеу шығынын есептеу
тәсілдері...20
Қортынды...............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
Кіріспе
Курстық жұмыста
өндірістік шығындар есебі соның
ішіндегі еңбекақы шығындары
есебі қарастырылған. Жалпы айтқанда
өндірістік шығындар дегеніміз-
өнімдерді, тауарларды (атқарылған
жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға
кеткен нақтылы және қоғамдық
еңбек шығындарының жиынтығы
деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен
байланысты шығындар өзінің құрамы
жағынан да, экономикалық мазмұны
жағынан да, өнім өндірісіндегі
рөлі мен өнімнің өзіндік құнына
еңгізілу тәсілі бойынша да
біртекті емес. Әр түрлі өндіріс
саласы бойынша өнімді өндіру
үдерісінде шығындар пайда болады,
бұйымды жасау сипатына, жасалған
қызметке, технология мен еңбекті
ұйымдастыруына байланысты әр
түрлі экономикалық маңызы бар
шығындардан тұрады.
Курстық жұмыстың
аты: Еңбекақы шығындарының есебі.
Еңбекті өтеуге шығатын тікелей
шығындар қатарына тура, бірден
және үнемді түрде дайын бұйымның
белгілі бір түріне жатқызуға
болатын, жұмыс күшін төлейтін
барлық шығыстар: бұйым дайындаумен
тікелей шұғылданатын жұмысшылардың
еңбекақысы кіреді. Еңбек өтеу
шығындарын тікелей және жанама
деп бөлу едәуір дәрежеде нақты
жағдайға байланысты. Егер ұйымда
бір өнім шығарылса, онда тек
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы
ғана емес, басқару қызметкерлерінің
де еңбекақысы да тікелей шығындар
ретінде жіктеледі.
Оқу, демалыс, жұмыс
тоқтап қалған кездері қосымша
еңбекақы, мерзімнен тыс жұмысқа
төлеу сияқты шығындарға байланысты
айтыстар туады. Әдетте бұл шығындарға
жанамалар ретінде жіктеледі.Бұл
қызметкерлерге қосымша төлемдер
аударымдармен бірге еңбекке
шығатын тікелей шығындар болып
саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қызметтің түрлері бойынша жұмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жүмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу; жалақы қорының пайдалануьш бақылау т. б.. сияқты есептеулер мен бақылауларды көрсету.
Курстық жұмыстың
құрылымы 2 бөлімнен тұрады. Курстық
жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы
өндірістегі шығындар жіне олардың
топтастырылуы қарастырылған. Шығын – белгілі бір мақсатта
пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен
көрсетілген шамасы; бірлестіктердің
кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге
(жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге),
айналысқа жіберу.
Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік салықтарға аударымдар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар.
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орнына
байланысты — өндіріс, цехтар,
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша — өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты — экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі- еңбекақы төлеу шығындарың есебі деп аталады. Онда еңбекақы төлеу шығындарын есептеу тәсілдері мен мысал келтірілді.
Негізгі еңбекақы
төлемі орындалған жұмыстан және
оны есептеулерден тұрады. Еңбек
шығындарын басқару- еңбекақы шығындарының
болашағын жоспарлау басқару
есебінің негізгі мақсаты болып
табылады. Берілген жоспарлауда
тексерістің барысында есептік
ақпаратпен жұмысшының игерушілігінің
нормалауларын салыстырылуы тиіс.
Өндірілген өнімнің көлеміне
байланысты жұмысшылардың санын
ескеру қажет.
Еңбек шығындары бұл
– өнімнің өзіндік құнының
маңызды көрсеткіші, алайда оған
жұмыскерлердің оқуының
Еңбек ақы–күрделілігімен
мөлшері және сомасына қарай
адам қызметіне төленетін
Сонымен жалақы - өндірісте
өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалған
шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан
еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу)
мекеменің (субъектінің) бухгалтерлік
есепке алу системасында ең маңызды орын
алады. Еңбек пен жалақыны есепке алудың
басты мақсаты еңбек шығындарымен оған
төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау
болып табылады.
1. 1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастырылуы.
1.1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні.
Шығын – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламамен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Өндірістік шығындар дегеніміз- өнімдерді, тауарларды(атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына еңгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес. Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорындарында өзіндік құн бірдей емес.
Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін, жоспарлаудың әр түрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың қатынасын анықтау үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады. Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі. Саралаудың мәні- өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады.
Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік салықтарға аударымдар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар.
Экономикалық мазмұнына қарай шығындар былайша топтастырылады:
материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
еңбекақыға жұмсалатын шығын
әлеуметтік мұқтаждарға аударым
тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады.
Бұл орайда өнімнің
өзіндік құнына кіретін шығын
мен есепті кезеңнің шығыны
айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына
негізгі материалдарға жұмсалған
шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған
шығын және өндірістік үстеме
шығын енгізіледі. Негізгі материалдар
– нақты өнім түрін өндіруге
тікелей жұмсалған материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);
ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;